Ашық сабақ Дауыссыз дыбыстар

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 5 «Б»

Пәні: Қазақ тілі

сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар, түрлері

Сабақтың мақсаты: білімділік - оқушыларға дыбыстардың жіктелуі, дауыссыз дыбыстар олардың түрлері, жасалу жолдары туралы толық мағлұмат беру; тәрбиелік - оқушыларды сауаттылыққа, көркем жаза білуге, талдау жұмыстарын жүргізуге тәрбиелеу; дамытушылық - ойлау қабілетін, шығармашылығын дамыту

Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау, ойын, талдау

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар,суреттер

Техникалық құралдар: Компьютер, интерактивті тақта

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

3. Оқушылардың ынта-зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Өткен тақырыптарға шолу жасау

  1. Берілген сурет арқылы қазақ тіл, оның салалары туралы қысқаша мәлімет беру

Ашық сабақ Дауыссыз дыбыстар


  1. Анықтау сұрақтары

    1. Фонетика нені зерттейді?

    2. «Әліпби» сөзі қалай жасалған?

    3. Қазақ әліпбиі қандай әліпбилердің негізінде қай жылдары жасалды?

    4. Әріп дегеніміз не?

    5. Қазақ тіліне тән қанша, қандай дыбыстар бар?

    6. Дауысты дыбыстар дегеніміз не?


  1. Дауысты дыбыстардың жіктелуі

Ашық сабақ Дауыссыз дыбыстар

ІІІ. Жаңа тақырып. Дауыссыз дыбыстар, түрлері

Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.

  1. Дауыссыз дыбыстардың түрлеріне сызба арқылы талдау жасау

Ашық сабақ Дауыссыз дыбыстар

  1. 262-жаттығу.

Көп нүктенің орнына тиісті жұп дауыссыздардың тиістісін қой. Әр оқушы дұрыс әріпті таңдап, көрсетіп отырады.


п-б

... айдасыз, са...ар, са...тау, қа...ылда, ла...ылда, са...ақ

т-д

Ба...пақ, қа...ақ, са...ақ, ...ақ, ...абыс, ...алап, ...әрі, ...аналық

к-г

Ә...е, е...ін, кө...тем, кө...ер, ...үл, ...еремет, тө..., тер...еу

қ-ғ

Қа...аз, қа...ты, ба...дарлама, ба...ыр, ...асыр, ...арыш, ...асық, қа...

с-з

А...амат, ба...тыр, сү...бе, сү...істі, ...ағыз, қа...

ш-ж

Ша...пау, қа...ымас, қа...қын, ...апырақ, ...иен, ...аттық, ...алтылда


  1. Оқулықпен, дәптермен жұмыс

  1. 264-жаттығу

Көшіріп жазып (алғашқы абзацын), қатаң дауыссыздарды бір, ұяң дауыссыздарды екі, үнді дауыссыздарды ирек.

сызықпен сызу

  1. 265-жаттығу

Берілген жұмбақтардың шешуі болатын дыбыстарға сипаттама беру


  1. Сергіту сәті

Әзіл жұмбақ

Фонетикалық екі ұғым

Бірі мен бірі сыбайлас,

Бірі - айтылады да естіледі,

Екіншісі - жазылады а көрінеді. (Дыбыс, әріп)

Бір ағашта отыз жеті алма,

Оны алып жемек болсаң,

Он шақтысы тамағыңнан еркін өтіп кетеді

Қалғандары қақтығып барып өтеді. (Дауысты, дауыссыз дыбыстар)

ІV. Қорыту

  1. Бүгінгі сабақты қалай меңгергенін бақылау үшін сызбаны толтыру. Дұрыс жауабына қосу белгісін қою

Дыбыстар

Қатаң

Ұяң

Үнді

П,ч

+

В,г

+

Р,л,м

+

Щ,х,с

+

Ж,з,д

+

У

+

Ц

+

К,қ

+

Й,л

+

Б,ғ

+


V. Үй тапсырмасын беру.

1. Дауыссыз дыбыстар, түрлері

2. 267-жаттығу. Бірыңғай бір дыбыстан басталатын сөйлем немесе өлең жолын құрастырып жазу.

VІ. Бағалау

Сабаққа толық, жақсы араласа білген оқушыларды өз деңгейлерінде бағалау.


© 2010-2022