Оқушылардың музыкалық қабілетін дамыту

" Оқушылардың музыкалық қабілетін дамыту жолдары көрсетілген. Музыканы қабылдау – музыка сабағында қолданылатын іс-әрекеттердің кез-келген түрінің іргетасы, бастапқы нүктесі ретінде қарастырылады, яғни музыка тыңдау, ән айту, музыкалық білімділігін арттыру, нота сауаты."Музыка - адамзаттың рухани азығы, жан серігі және өзінің көркемдігі,нәзіктігімен адам жанын баурап,олардың жақсы мінез-құлықтарының қалыптасуына септігін тигізеді.Баланың бойында музыкалық қабілет жас кезінен басталады. Мектеп жа...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқушылардың музыкалық қабілетін дамыту

Максутов Ныгмет

Қарағанды қаласы

«№ 66ЖББОМ»КММ

Бүгінгі білім беру, жас ұрпақты тәрбиелеудегі басты мақсат- жеткіншек ұрпаққа мәдени, еңбек, адамгершілік және эстетикалық тәрбие бере отырып, олардың әсемдік сезімін дамыту, көркемдік талғамын тәрбиелеу, өнер шығармаларын сүйіп, туған табиғатын, оның байлығын қастерлеп,бағалай білуге қабілеттерін қалыптастыру.

Музыка - адамзаттың рухани азығы, жан серігі және өзінің көркемдігі,нәзіктігімен адам жанын баурап,олардың жақсы мінез-құлықтарының қалыптасуына септігін тигізеді. Жас өспірімдерді музыка әлемін түсініп қабылдауға, талғампаздығын тәрбиелеуге, эмоциялық сезімталдығына қалыптастыруда білімді, мәдениетті болып өсуіне әсер етуде музыка сабағының алатын орны ерекше.

Баланың бойында музыкалық қабілет жас кезінен басталады. Мектеп жасына жеткен бала психологиялық түйсіну мен музыканы көз алдына елестетуді біршама меңгеріп шығады. Оның бойында музыкаға деген өзіндік ой саналық және сезімдік тұрғыдағы қарым-қатынас қалыптасады. Сонымен бірге әуен-саз,өлшем-ырғақ жүйесін есіту тәжірибесі қалыптасып,есте сақтап қалу қабілеті де жинақталады. Баланы музыка тыңдауға, тыңдай отырып оны сапалы түрде қабылдауға баулу музыкалық тәрбие беру жұмысындағы міндеттердің бірі. Өйткені ол оқушының музыкалық мәдениеттілігін қалыптастырудың алғы шарты болып есептеледі.

Музыканы қабылдау - музыка сабағында қолданылатын іс-әрекеттердің кез-келген түрінің іргетасы, бастапқы нүктесі ретінде қарастырылады, яғни музыка тыңдау, ән айту, музыкалық білімділігін арттыру, нота сауаты. Музыканы дұрыс қабылдай білуге тәрбиелей отырып, бірте-бірте музыканы тыңдай білу мәдениетін қалыптастырған жөн. Музыканы қабылдау тек оны тыңдау барысында емес, сабақтың барлық кезеңінде жүзеге асырылады. Ән үйрену үшін алдымен тыңдау, сонан соң орындау керек, сондықтан орындау барысында интонация тазалығына, мәнерлігіне назар аударған жөн.

Оқушылардың музыкаға деген тиянақты ынтасы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу, ән айту олардың музыкалық қабілетін (есту, ырғақ, есте сақтау) қалыптастырумен қатар, ортақ табысқа қуана білу, эстетикалық талғам-сезімдерін дамытуға тәрбиелейді.

Арнайы зерттеулер мен іс-тәжірибелердің көрсетуі бойынша төменгі сынып оқушыларының музыкаға деген қызығушылығы бар ынтасымен дамып жетіледі. Оқушының эмоциялық әсерін, музыкалық есту қабілетін, лад пен ырғақты сезіну, есте сақтау шығармашылық қабілеттерін дамыту қажет. Ән үйрену кезеңінде оны таза айтуды үйрену үшін алдымен айтылған дыбысты есте сақтай отырып қабылдап, сонан соң дыбысты дұрыс, дәл елестетуді қадағалау қажет. 4,5,6, сынып оқушылырының мінез-құлқы психология, педагогика әдебиетінде қиын, өзгерісті деп қарастырылады.

Дауыс ерекшеліктерін дамытудың әдістері мынадай жағдайларды қамтиды:

1. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай дауыстарының мөлшеріне

үнемі бағыт беріп отыру.

2. Әнді еркін,қиналмай айту,сонымен қатар әншілік өнердің

ережелерін қатаң сақтау.

3. Жәймен,асықпай дем алу және оны біртіндеп шығару.

4. Көмейдің тұрақты қалпы,оның маңызды қасиеті.

5. Дауысты дыбыстарды дұрыс айту, дауыссыз дыбыстарды

қысқа, нақты келтіру.

6. Музыкалық шығармаларды терең түсініп, өз мәнерінде айту.

7. Сабақ барысында үйлесімді сезімге бой алдырушылыққа бағыттау,

ал сабақтың шарықтау бөлімінде бірыңғай немесе жеке көркемдік

нәтиже қажет.

8. Балалардың жеке басының өзгешеліктерін есептей отырып,

музыкалық материалдарды таңдай білу. Жеке қадағалау формалары:

1.Фонитарлық бақылау (тексеру)

2.Ән айтуын жеке тексеру

3.Күйді не әнді тыңдау

4.Әрбір топпен қосымша сабақтар өткізу

Оқушылардың сабақ кезеңінде дамытылған музыкалық қабілеттері сабақтан тыс музыкалық-танымдық «Өнер әлемі» үйірмесінде ұштастырылып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай ән айту дағдылары қалыптастырылады. Көрнекті музыка әдіскері О.А.Апраксина: «Если уроки пения и внеклассные кружковые занятия составляют стержень,вокруг которого обьединяются и другие силы, то результаты получаются исключительно плодотворные»,-деп жазған. Ән айту шеберліктері жетілген өнерлі өрендер түрлі өнер сайыстарына қатысып,жүлделі орындарды иеленді.

Музыка адам өмірінің жан серігі,музыканы сүймейтін адамды кездестіру мүмкін емес, өйткені ол баршаға қажет,оның тілі кім-кімге де түсінікті.

Міне, сондықтан музыка пәні мұғалімдерінің міндеті-шәкірттерін музыка өнерінің сарқылмас қазынасының ең асылдарын ала білуге тәрбиелеу.

Осы негізде айтылған академик А.Жұбановтың «Гимнастика денені қалай түзесе, музыка да адам жанын солай түзейді» деген нақыл сөзі оқушылардың эстетикалық,рухани байлығын кеңейтіп,қанаттандыру керек екенін дәлелдейді.


Әдебиеттер:

1. Музыка әлемінде (Республикалық ғылыми-әдістемелік,педагогикалық журнал) № 6(6) 2004

2. Апраксина О.А. К вопросу о системе музыкального воспитания в школе.Музыкальное воспитание в школе.- 1965.вып.4.с.5.

3.Ұзақбаева С.А. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі. Алматы., 1990


© 2010-2022