ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары 2 сынып

Раздел Другое
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Өзін-өзі тану

Сыныбы: 2а сынып

Тақырыбы: Жүрек жылуы

Мақсаты: «Қайырымдылық», «мейірімділік» адамгершілік

құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Мейірімділік, қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейту;

  • Қамқорлық жасауға жетелеу;

  • Мейірімділікке тәрбиелеу

Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, плакаттар, бояу, шар , жүрекшелер,

дәптер ,оқулық, тауық балапандардың суреті.

Шаттақ шеңбері:

Ж. Әділжанқызы

Жан-жағына нұр шашып

Арайлап жарқын таң атса,

Жер бетінде жайқалып,

Көгеріп өссе көк майса,

Жүрегім жыли бастайды.

Оралғанда сапардан

Алдымнан жақын жан шықса,

Кездескенде достарым

Құшағын маған кең ашса,

Жүрегім жыли бастайды.

Әңгімелесу

  • Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?

  • Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?

  • Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма?

Мәтінмен жұмыс

В.Осеева

Жай ғана әжей

  • Сендердің осындай оқиғаға кездесулерің мүмкін бе?

  • Бұл оқиғадан не үйрендің?

  • Абзал мен Айнұрдың ой-пікірлері туралы не айтасыңдар?

Дәйексөз

«Табиғаттағы барлық жылу-күннен

Өмірдегі барлық жылу-адамнан»

М.Пришвин

-Қайырымды іс жасау оған мұқтаж адамның жанына жұбаныш болады. Ал өзің біреуге қайырымдылық жасағанда көңілің көтеріліп, жаның жай тауып, қуанасың, сол адамды қуантасың, қайырымды іс істей алатыныңа жақын-туыстарың, достарың, айналаң қуанады. Әрбір адамның жүрегінде сондай жылуы болса, бір-біріне қайырымдылық жасап жатса, әлемдегі адамдардың барлығы қуанышта, бақытта өмір сүреді.

Тапсырма

Өздерің жақсы көретін адамдарың туралы әңгімелеп беріңдер.

Ойын-жаттығу. «Көмек»

  • Сен досыңмен көлге шомылуға бардың Кенет досыңның «құтқар» деген даусын естідің? Сен не істер едің?

  • Сен жолда келе жатырсың. Шұңқырға түсіп кеткен балапандарды көрдің. Балапан шиқ-шиқ етіп шығудың әрекетін жасайды. Бірақ оған шамасы келмейді. Осы жағдайда сен қандай әрекет етер едің?

  • Әр адамның жүрегі мейірімді де қайырымды болу үшін не істеу керек?

  • Жақсы тілектің адам өмірінде маңызы болатын болса, достарыңа қандай жақсы тілектер айтар едіңіз?

Жағдаяттарды талдау

  1. Сен бір құшақ газет-журнал көтеріп келе жатқан пошташыға кездестің...

  2. Сен аулаға ролик тебуге шықтың, ал досыңның ролигі жоқ...

  3. Анаң ас пісіріп жатыр, ал інің мазасызданып кетті...

Сергіту сәті «Мейірімді жүрек» жүректі жұбату.

Жүректі қуанту

1-2-3-4-5

Күн шығады келекес

Күн сәулесі төгілді

Балалар жүр көңілді.

6-7-8-9-10

Күн қарайды бізге оң

Біз ержеттік еркелеп,

Мектепке келдік еркелеп.

Жаңа ақпарат

Мейірімді адам өзге адамға, туған туысқандарыңа, табиғаиқа деген жанашырлық сезімін, қамқорлығын көрсетуге дайын тұрады.

Ойланайық, пікірлесейік

  • Жақсы көретін жан-жануарларың бар ма?

  • Табиғатқа қамқорлық жасаған кездерің болды ма?

Тыныштық сәті

  • Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезінесіңдер. Біздің жүрегіміз қайырымдылыққа, мейірімділікке, адамгершілік құндылықтарға толы екендігін сезінеміз. Енді көзімізді жаймен ашамыз. Ендеше жүрегіміздің жылуын, бізді мектепке келгенде білім беріп, тәрбиелеп жатқан мұғалімдерімізге арнап көрейік!

  • Ақылшы ұстазым-өлеңін топпен орындайды.

ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары 2 сыныпЖҮРЕК ЖЫЛУЫ өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары 2 сынып

Дәптермен жұмыс

  • Жүрегіңнен шыққан мейірімділік, қайырымдылық, жан ашырлық, жан жылуы кімдерге, нелерге арналатынын суретке қарап бос торкөздерге жазыңдар.

Тренинг.

А4 қағазға үлкен етіп жүрек саламыз, сол жүректің ішіне гүлдің суретін саламыз сол гүлдің ішіне үйдегі адамдардың есімін жазамыз.

Оқып үйренейік

Қайырымдылық

М. Сүндетов

- Апасы неліктен Мұхтарға риза болды?

- Сендердің қайырымды іс-әрекеттер жасаған кездерің болды ма?

Сол жағдайда сендер өздеріңді қалай сезіндіңдер?

Бекіту сәті

  • Менің қайырымды жүрегіме рахмет!

  • Менің мейірімді жүрегіме рахмет!

  • Менің жылы жүрегіме рахмет!

  • Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көргеніне рахмет!

  • Менің жүрегімдегі жақсы көру сезіміне рахмет!

  • Менің жүрегімнің қуана білетініне рахмет!

  • Менің жүрегімнің жанашырлығына рахмет!

  • Менің жан-жануарларды жақсы көретін жүрегіме рахмет!

  • Менің жақсылықты сезіне алатыныма рахмет!

  • Мен әрқашан қайырымды боламын!

  • Мейірімділігім менің-асыл қасиетім!

  • Менің жүрегім әрқашан мейірімге толы!

Жүректен жүрекке

Сөзі: Х.Талғаров

Әні: И.Нүсіпбаев

Дос болайық бәріміз!



© 2010-2022