Сабақтың тақырыбы: Ас үйге қощ келдіңіз!

Сыныбы: 5-6 Сабақтың тақырыбы: Ас үйге қощ келдіңіз!                       Мақсаты:оқушылардың кәсіби бағдар мен кәсіби өзін-өзі анықтауға ертерек тәрбиелеу және дайындау.  Жүрісі: 1.      Оқушылар кәсіп, мамандық, лауазым сөздердің мағыналарын ашу. 2.      Статистика бойынша шағын мәлімет 3.      Мамандық таңдауда оқушыларға кеңес 4.      Әр түрлі фигураларды таңдау арқылы тұлғалық сипаты анықталады. 5.      Голланд әдісі 6.      Оқушылардың өз ойларын білу. 7.      «Өз жұлдызыңды тап» жатты...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 5-6

Сабақтың тақырыбы: Ас үйге қощ келдіңіз!

Адам қалай тамақтану керек.

Тамақтану мәдениетін білесің бе?

Сабақтың мақсаты: оқушыларға қалай тамақтану мәдениетін және режимін үйрету, ас үйдің құрал- жабдықтары мен таныстыру.

Жабдығы: дәптер, тақта, бор, интерактивті тақта.

Жоспар :

І. Ұйымдастыру. Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау.

ІІ. Кіріспе.

  1. Ас үйге қош келдіңіз!

  2. Адам қалай тамақтану керек.

  3. Тамақтану мәдениетін білесің бе?

ІІІ. Негізгі бөлім.

  1. «Кім тапқыр?» ойыны . Нұсқау: оқушылар белгілі бір тағамның құрамын айтады. Қалған оқушылар ол қандай тағам екенін табуы керек.

  2. «Ең сүйікті тағамың туралы» шығармашылық жұмысы

ІV. Қорытындылау.

Кері байланыс орнату.

Сабақтың барысы: «Кухня» - көне сөз. Ол орыс тілде тұрақталғанша, көптеген елдерде болған. «Кухня» сөзі латын тілінде «аспаздық өнер» дегенді білдіреді. Ал қазақша «ас үй», ол бірнеше мағынаны білдіреді.

  1. Тамақ пісіру ( кәдімгі ас үй)

  2. Ерекше іріктелген ұлттық тағам (қазақ, қытай дәмі)

  3. Тағамның өзгешелігі, тамақтану (сүт, емдеу тағамдары)

  4. Тағам жасауға арналған арнайы бөлме (ас әзірлеуге қажетті құралдармен жабдықталған ас үй)

Францияның үздік мейрамханаларының тек қана тағамыымен емес, шап-шағын ас үйлерімен де аты шыққан. Әрбір ыдыстың өз орны бар: шыны аяқтар мен тәрелкелер-сөрелерде, кәстрөлдер, табалар, ожаулар қабырғада ілулі тұрады. Француз ас үйінің дайындығы, әрбір үйге, пәтерге, қандай да бір ас үйге лайықты.

Есіңе сақта! Ас үйде ең бастысы белгілі бір тәртіп пен тазалық болуы керек. Егер сен жуылмаған ыдыстарды таудай үйіп, алжапқышың мен орамалды кез келген жерге лақтырып тастасаң, кішігірім ас үйің тап тар болып көрінеді.

Тамақ сапалы және әр түрлі болуы тиіс. Тамақ жақсы сіңу үшін, асқазанды жайлы жағдаймен қамтамасыз ету керек. Сол жағдайдың ең басты үнемі тамақтану.

Атақты орыс ғалымы И. П. Павловтың (1848- 1936) зерттеу бойынша, хайуанның асқазаны тамақ беретін, дағдыланған уақытында асқортқыш сөлін, тамақ берілмесе де, бөліп шығарады. Солай рефлекс жүйесі мен адамның басқа сүт қоректілерінен айырмашылығы жоқ екені белгілі болды.

Үлкендер күніне 3-4 рет, балалар мен жасөспірімдер - төрт бес рет тамқтануы қажет. Қарын ашқанда , қола типті сусын ішіп, чипсы мен кепкен кириешқаларды жеу өте зиян. Бұл асқазан ауруларына әкеп соқтырады. Таңертеңгілік ас, түскі ас және кешкі асты уақытымен ішкен абзал, тамақтанғанда түскі асты тәулік мөлшерінен артық, тойып ішсе, ал кешке үстел басынан азды қанағат тұтып тұрған дұрыс. Күш қуаттың көзі- таңертеңгілік ас. Таңертеңгілік астан құр қалған адам, тез шаршап және түскі үзіліске жетпей бүкіл денесінің әлсізденуін сезеді. Таңертең жеміс-жидек пен сұлы, қарақұмық , тары ботқасын сүтпен не маймен жеген өте пайдалы.

Түскі ас үш тағамнан: бірінші - еттен, көкөністен немесе балықтан жасалған көже; екінші бұқтырылған не қуырылған етпен балық, көкөніс тағамы және үшінші-компот, кисель немесе жемістен тұрады. Тәбетті ашу үшін түскі ас алдында салат, винегрет, бір тілім балық жеген жөн.

Кешкі ас жеңіл болуы тиіс, оның оны жатардан екі-үш сағат бұрын ішкен жөн. Кешкі асқа салаттар, айран, жұмыртқа, бутербродтар, көкөністерден пісірілген

© 2010-2022