Дарынды оқушылармен жұмысының бағдарламасы

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ

Жаңа типті мектептердің міндеті- қабілетті, дарынды балаларды анықтау, оқыту, дамытуға негізделеді.Сондықтан да әлеуметтік дамудың адамға қатынасы оның қажеттіліктерімен, соның ішіндегі оқушының жас ерекшелігімен санасуды және бала дамуының әр кезеңіне тән оқыту мен тәрбиелеу әдістерін іздеуді талап етеді.

Бүгінгі жаңа ғасыр азаматы білімді де білікті, болашақта еліміздің дамуына үлес қоса білетін жан-жақты іскер жеке тұлға болып қалыптасуы тиіс. Әр шәкірттің қабілетіне, мүмкіндігі мен шығармашылық деңгейіне қарай білім беру- уақыт талабы, әр ұстаздың міндеті.

Осы мақсатқа жету үшін тілді оқыту стратегиясын қолдануға болады.

іДарынды оқушылармен жұмысының бағдарламасызденімпаздық табандылық

Дарынды оқушылармен жұмысының бағдарламасы

Дарынды оқушылармен жұмысының бағдарламасы

Дарынды оқушылармен жұмысының бағдарламасы

мұғалімүйрету қажет-үйрену қажет

оқушы

үйреткім келеді-үйренгім келеді

Дарынды оқушылармен жұмысының бағдарламасы

Дарынды оқушылармен жұмысының бағдарламасыүйретемін-үйренемін

пДарынды оқушылармен жұмысының бағдарламасыДарынды оқушылармен жұмысының бағдарламасыәнге деген сүйіспеншілік қызығушылық Дарынды оқушылармен жұмысының бағдарламасы


шығармашылық ,

Дарынды оқушылармен жұмысының бағдарламасыДарынды оқушылармен жұмысының бағдарламасызерттеу жұмыс

Дарынды оқушылармен жұмысының бағдарламасыДарынды оқушылармен жұмысының бағдарламасыбасшылық орындаушы

нәтиже


Сондай-ақ дарынды оқушылармен мақсатты жүрігізілетін үйірмелердің де берері көп.

Дарынды балалармен арнаулы үйірмелерді ұйымдастырудың мақсаты - оқушыларға қазақ тілі пәні бойынша терең білім беріп, олардың осы пәнге деген қызығушылығын арттыру, қазақ тілінің байлығы, көркемдігі, әуездігі, сөйлеу мәдениеті мен этикетін таныту.

Бағдарламаның мазмұндық бағыттары мынадай мақсаттарға бағдарланып құрылды:

*сабақта алған білімін жалғастырып, грамматикадан практикалық түрде алған білімдерін теориялық жүйелеу, сөздік қорын байыту.

*қазақ тілінде сөйлеу білік-дағдыларын қалыптастыру,тілдің қарым-қатынастық қызметін меңгеру.

*тілдің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік құрылымын танып білу.

*танымдық біліктілік, яғни қазақ халқының материалды, рухани және тарихи мәдени байлығын тіл арқылы таныту.

Осы мақсаттарды жүзеге асыруда қойылатын міндеттер:

-қазақ тілінде айтылған, жазылған сөздерді тыңдай білу, ұғыну, түсіну, сөйлеу білу (диалог), ауызша және жазбаша сөйлеу (монолог), дұрыс оқу, дұрыс айту дағдыларын меңгерту;

-сөздік қорын молайтуда аударма және түсіндірме сөздіктерін пайдалана алу;

-дыбыс,сөз,олардың мағыналары, сөздердің сөйлем болып құрылуындағы тұлғалық өзгерістер мен сөзжасамдар, жай сөйлем,емлелік және тыныс белгілік сауаттылық сияқты тіл құрылысын білімдік сипатта біліп, игерту;

-тәрбиелік міндеттерді шешуге ұмтылдыру;

-аударма жасау дағдыларын меңгерту.

Бағдарламадағы оқылатын танымдық тақырыптар.


  1. ОТАНЫМ - ҚАЗАҚСТАН.

1.Қазақстан Республикасының Президенті.

2.Байлығы.

3.Халқы.

4.Қазақстан Республикасының негізгі заңы.

5.Ұлттық валюта - теңге.

6.Қазақстанның қалалары.


  1. ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ СЫР ШЕРТЕДІ.

1.Ежелгі қалалар.

2.Қазақ хандары.

3.Қазақ батырлары.

III. АТА МҰРАҢ - АСЫЛ ҚАЗЫНАҢ.

1.Киіз үй тарихынан.

2.Қазақ қол өнері.

3.Қазақтың салт-дәстүрлері.

4.Аңшылық.Жануарлар туралы мақал-мәтелдер.

5.Құсбегі.Атбегі.


  1. СПОРТ ЖӘНЕ БІЗ.

1.Денсаулық - зор байлық. Денсаулық туралы мақал-мәтелдер.

2.Белгілі қазақ спортшылары.

V. ҰЛЫ ҒҰЛАМАЛАР.

1.Әбу Насыр әл Фараби.

2.Қожа Ахмет Иассауи.

3 .Ұлы Абай.

4.Ыбырай Алтынсарин.

5.Ахмет Байтұрсынов.

6.Шоқан Уәлиханов.

Тілдік тақырыптар:

І.Фонетика.

1.Дауысты, дауыссыз дыбыстар.

2.Үндестік заңы (буын үндестігі, дыбыс үндестігі немесе сингармонизм, ассимиляция).

3.Ілгерінді ықпал, кейінді ықпал.

4.Фонетикалық талдау.

ІІ.Морфология.

Сөз құрамы.

1.Түбір және қосымша (жұрнақ, жалғау).

2.Сөзжасам түрлері (қос сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз, тіркескен сөз).

Сөз таптарын қайталау.

1.Зат есім.

2.Сын есім. Сын есімнің шырайлары.

3.Сан есім.

4.Есімдік.

5.Етістік. Етістіктің райлары.

6.Есімше. Көсемше. Етіс.

7.Морфологиялық талдау.


ІІІ.Синтаксис.

Сөйлем.

1.Сөйлем мүшелері.

2.Жай сөйлемнің түрлері.

Құрмалас сөйлем.

3.Салалас құрмалас сөйлем.

4.Сабақтас құрмалас сөйлем.

5.Синтаксистік талдау.

ІҮ.Сөйлеу.

Бір адамның сөйлеуі.

1.Оқыған не тындаған мәтіннің негізгі мазмұнын айтып беру.

2.Өзінше ойын құрастырып айту:

А)сурет бойынша;

Ә)тірек сөздерге (суретке) негізделіп құрылған;

Б)бұрын өткен материал негізінде;

Бір адамның сөйлеуінің дұрыстығы мына көрсеткіштерге сүйеніп анықталады.

1.Жеке сөйлеу мәтіннің мазмұнына сай келуі.

2.Сөйлеудің логикалық байланысы дұрыс болуы.

3.Негізгі мәтіндегі оймен сәйкестігі ескеріледі.

4.Тілдік норманың дұрыс сақталғаны талап етіледі.

Ү.Тыңдау, есту .

1.Мәтіндер оқу процесінің талабына сай, республикаға байланысты тақырыптарға құрылды.

2.Әр мәтінбұрын өткен лексика-грамматикалық минимумға сай болады.

3.Мәтіннің оқылуына интонация оны түсінуге көмектесетіндей түрде болады.

4.Тыңдалған, оқылған мәтінді түсінгенін оның мазмұнын айтқызу арқылы тексеріледі, немесе мәтін бойынша сұрақ қою арқылы анықталады.

ҮІ. Оқу.

Мәтінді оқып, оны түсіну. Мәтінді дауыстап та, іштей де оқиды. Мәтінге қойылатын талаптар:

1.Мәтіннің тақырыбы күнделікті республиканың өміріне, әдебиетіне, мәдениетіне, тарихына, байланысты болады.

2.Мәтін бұрын өткен тілдік материалдар негізіне құрылады, бірақ таныс емес лексика-грамматикалық материал қосылады. Таныс емес грамматикалық материал бағдарламаға сай беріліп отырады. Бұл материал алғаш оқушының көмегімен, кейін сөздік арқылы оқушы өзі анықтайтын болуы керек.

3.Оқылған мәтінді түсінгені мәтіннің мазмұнын айтып беру, қосымша сұрақтарға берген жауабы арқылы анықталады.

ҮІІ.Жазу.

1.Сөздерді ауызша айтып білумен бірге, оның дұрыс жазылуын үйрену керек.

2.Оқыған немесе тыңдаған мәтіннің мазмұнын жазбаша түрде де жеткізген дұрыс.

3.Өткен тақырыптарға немесе сурет бойынша жазбаша түрде әңгіме құрастыра білуі керек.


© 2010-2022