Өзіңді өзің таны

« Өзіңді өзің таны»Сабақтың тақырыбы: «Адам өз өзін не үшін білу керек»Мақсаты:Оқушыларда өздеріне деген қызығушылықты туғызу.Оқушыларды өзін-өзі тану мен рефликсияға бағыттау.Керекті құралдар: дәптер,қалама,қарындаш,алты түрлі қағаз қиындылары жапсырылғпн-бүйірінде жырығы бар түрлі - түсті қорап. Сабақ барысы.1.Сабақты ұйымдастыру кезеңі. «Көңіл-күй түсі» атты жаттығу.Түрлі түсті қағаз қиындыларын бір-біреуден таңдап алып,оны сол сәттегі көңіл күйге байланыстыра отырып қораптағы саңылауға таста...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

« Өзіңді өзің таны»

Сабақтың тақырыбы: «Адам өз өзін не үшін білу керек»

Мақсаты:Оқушыларда өздеріне деген қызығушылықты туғызу.Оқушыларды өзін-өзі тану мен рефликсияға бағыттау.

Керекті құралдар: дәптер,қалама,қарындаш,алты түрлі қағаз қиындылары жапсырылғпн-бүйірінде жырығы бар түрлі - түсті қорап.

Сабақ барысы.

1.Сабақты ұйымдастыру кезеңі. «Көңіл-күй түсі» атты жаттығу.Түрлі түсті қағаз қиындыларын бір-біреуден таңдап алып,оны сол сәттегі көңіл күйге байланыстыра отырып қораптағы саңылауға тастайды.Сонан соң психолог қорапты ашып,(балаларға түстердің мағынасын ашып айтпай,қиындыларды санамай)балалардың бүгінгі сабаққа қандай күйде келгендігін айтады.Кейін балалардан айтылған қорытындыны нәтиже олардың көңіл күйіне сай келеді ме деп сұралады.

«Мен сенімен сұхбаттасқаныма өте қуаныштымын» атты жаттығу.

Психолог: Сіздер қазір келесі тапсырманы орындауларың керек.Бірінші тұрған адам өзінен кейін тұрған адамға қол созып - «сенімен сұхбаттасқаныма өте қуаныштымын» дейді,ал екінші адам өз кезегінде келесі адамға осы сөзбен қолын созады.Осылайша « тізбектеле» барлығы бір- бірінің қолынан ұстап шеңбер құрады.

Сабақты талдау.

Психолог.Бүгінгі сабақты талдап көрейік.Әркім қоятын бағасын бір қолыңды саусағыңмен,снақ бойынша бір мезгілде көрсету керек.

Не ұнады?

Қандай қиындықтар болды?

Кімді бағалаған қиын?

Өзіндік таңдау «Мен кіммін?Мен қандаймын» атты тақырып бойынша жұмыс.

Психолог: Жазбаша мына сөйлемдерді аяқтаңдар.

Менің ойымша, мен ...

Өзгелер мені ...

Мен келешекте ...

Әрбір сөйлемді аяқтау үшін плакатта берілген сөз тізімдерінен 5-10 анықтама таңдап алыңыз. Психолог балалардың жауабын жеңілдету үшін тақтаға сөздерден жасалған тізімі бар плакатты іледі.

Сөздер тізімі

Сүйкімді, әлсіз, жағымды, есерсоқ, әділ, мақтаншақ, еңбекқор, ақылды, мықты, арам, қу, күлкілі, шыдамды, сенімді, жағымсыз, ойшыл, жақсы, дені сау, сыпайы, ұялшақ, ұяқ, ақымақ, жалғыз, сұлу, тік мінезді, нәзік, күшті, төбелесқой, өтірікші, ақылды, мейірбан.

« Ыстық орындық» атты жаттығу.

Психолог. Қазір сендер жайлы сендердің сыныптастарың не деп ойлайтындарын білесіңдер және өздерің өз ойларыңмен салыстырыңдар.

Әркім (кезекпен) шеңбер ортасындағы орындыққа отырады,ал қалған ойыншылар сұрақтарға жауап береді: «Ол қандай?»деген сұраққа жауап беру үшін жоғарыда плакатта келтірілген сөздердің ішінен осы баланың мінез құлқына сәйкес келедідегендерін таңдап,атаулары қажет.Кейін қаншалықты «Менің ойымша мен ... » деген сөйлемді аяқтаған кездегі жазған анықтамасына келетіндігін анықтау керек.

Дәл келген анықтамалар саны сагналады.

Медитациялар

  1. Ақ түс.

Ыңғайлы отырамыз,көзімізді жұмамыз.Көз алдымызға аппақ шарды елестетеміз,шар үлкен, шарға жақындаймыз, шардың ішіне енеміз. Айналамыздың бәрі аппақ әлем.Осы әлемде біздер ақ ниетті,адал дос жандарға айналамыз.Көзімізді ашып ақ жүректен достарымызға қарап жымиямыз.

  1. Жасыл әлем.

Ыңғайлы отырамыз, көзімізді жұмамыз. Көз алдарымызға жасыл орманды елестетеміз. Ағаштар самсап тұр. Айналамыздың бәрі жап-жасыл. Аяғымыздың астында әртүрлі қызыл, жасыл, көк, ақ түсті гүлдер толып тұр.Осыдан кейін балаларғ акөздеріңзді ашыңыздар деп,олардан қандай түсті гүлді елестеткенін сұрауға болады. Қызыл - құштарлықтың, сары - көңілдіктің, ақ - адалдықтың, көк - қорқыныштың белгісі.

(бұл медитацияларды әркім өз фантазиясына қарай әртүрлі бағытта өзгертіп қолдануға және әуенмен орындауға болады.)

Лидерлік ойындар.

Тәртібі қиын оқушыларды тәрбиелеуде пайдалануға болады.

1.Насосты ұру.

Оқушыларды топқа бөлеміз.Бір топта 10 - 8 адам. Осы топтан бір лидер шығарамыз. (Қиын оқушы болса тіпті жақсы).Әр команда дөңгеленіп тұрады.Балалар отырады. Лидер ортада тұрып,насосты ұру керек.

2.Комплимент.

Оқушылар шеңберде тұрады.Лидер бір ойыншының қолын алып,комплимент айтады. Барлығы бір-біріне комплимент айтып, қолдарынан ұстау керек.

  1. Мимика ойындары.

Сіріңке немесе ұсақ тастар қолдануға болады.Әр командаға бөліп береміз. Содан кейін командаға тапсырма береміз.Тапсырма бойынша командалар осы нәрселерді пайдаланып,білгілі бір сурет салу керек. (машина,қыз,гүл т.б)Команда мүшелері бір бірімен сөйлеспейді.Тек ыммен,көзбен орындайды.

Газет қиындыларын әр командаларға таратымыз. Қосымша скрипкпа немесе скоч береміз.Балалар сөйлемей,осы қиындылардан белгілі бір нәрсе жасап шығаруы керек.Лидер барлық жағдайда өз тобы мүшелеріне көзбен немесе ыммен түсіндіру керек.

Семинарларға қосымша сергіту жаттығулары.

Караоке

Топтар фонаграмамен өлең айтып жарысады,топ жетекшісі дирижердің рөлін атқарады.Сергіту жаттығуларын орындап болған соң жалпы топтық талқылау жүргізеді.

  • Тапсырманы орындау барысында кім өзін жақсы ұйымдастырушы немесе нашар орындаушы ретінде көрсетті? Т.с.с.

Қорытынды: әрбір адам өзінің табиғи мүмкіндігіне сай қоғамдық іске өз ісін қоса алады.

Сап түзету.

Оқушылар көздерін жұмады,сөйлеуге тиым салынады.Тапсырма бойынша олар бой бойымен сап түзеп бір сызық бойынша тұру керек.Ең бойы аласа оқушы бірінші болып, ал ең бойы ұзын оқушы саптың соңына тұруы керек.

Аралдар.

Еденге 2 - 3 үлкен қағаздар( аралдар) төселеді. Балалар оны айналып жүріп,белгі берілген кезде ( мысалы,алақан соғылған кезде)екі аяқпен «аралдың» үстіне шығып кетуі керек.Үлгермеген немесе аралға аяғы сыймай қалған оқушы ойыннан шығады.Бір арал алынып тасталады. Ойын бір аралда бірнеше адам қалғанша жалғасады.

Хаос

Мұғалімнің бұйрығы бойынша оқушылар бір - біріне қарама-қарсы сап түзейді.Тапсырма бойынша ақ және қоңыр түсті аяқ киім кигендер,құлағында сырғасы барлар,көйлек кигендер бір бірімен ауысып тұруы керек. Бұл жаттығу қиын тапсырма орындаудың алдында қобалжуды басады.

Өзіңді салыстыр.

Балалар шеңбер ішінде тұрады.Жүргізуші ер баланың белгісін айтқанда олар аяқпен жерді тарсылдатып,қыз баланың белгісін айтқанда олар аяқпен жерді тарсылдатып,қыз баланың белгісін айтқанда қолмен шапалақтау керек.

Күйме.

Оқушылар бір -біріне қарама-қарсы шеңбер бойымен тұрады.Шеңбердің ішінде тұрған ойыншылар тақырыпқа баланысты шеңбердің сртында тұрған ойыншыларға сұрақ қойып,жауабын алады.Шеңбер оңға қарай айналады,тоқтаған сәтте осы сұрақ келесі оыйншыға қойылады.Бұл жаттығу бір неше рет қайталанады,келесі сәтте шеңбер ішіндегілерге сырттағы шеңбердегңгі ойыншылар сұрақ қояды.Жаттығу соңында берілген сұрақтың жауабын қанағттандыңдар ма,жоқ па деп сұралады.

Айболит дәрігер.

Сынып екі топқа бөлінеді. Бірінші топ «сырқаттар», екінші топ «дәрігерлер». «Сырқаттар» «дәрігерлерге» барып өз сырқаттары туралы шағым айтады,оның алдын алу туралы ақыл кеңес сұрайды.Өз кезегінде «дәрігерлер» берген кеңестерді сынып болып, дұрыс-бұрыстығын талқылауға болады.

Соқыр мен жолсерік.

Бұл ойынға екі оқушы қатысады.Ойыннң шарты бойынша бір оқушының көзі таңылады,ал екінші оқушы оның артында жүріп жолды нұсқап отыруы крек.Шарт бойынша жолда кездесетін кедергілерге серігін соқтырмай,аман-есен алып шығуы қажет.Сонан соң ойыншы орындары мен ауысады.Ойыннан кейін ойыншылардан.Ойын кезінде өздерін қалай сезінгендері сұралады.

Айна.

Оқушылар жұптасып отырады. Жүргізуші қолымен түрлі қимылдар жасайды, ойыншылар осы қимылды айнытпай қайталайды. Бұл вербальды емес қарым - қатынас дағдыларын дамытады.

Қолмен сөйлесу

Ойыншылардың көздері байланып, бір - бірін білместен қатар отырады. Қолдарымен үндеместен сәлемдеседі, ұрысысады, достасады, қоштасады. Көздерін ашқан кезде алған әсерлерімен бір - бірімен бөліседі.

Оның кім екенін тап.

Ойыншылар жүргізушінің айтқан ассоциациясынан кімді суреттеп тұрғанын табу керек. Мысалы, ол адам төзімді, көлік жүргізетін куәлігі бар,ерте тұрады, т.б.




Психологиялық кеңестер!

Стресс дегеніміз не?

Алғаш рет стрессті ғылыми тұрғыда Канадалық ғалым Ганс Селье сипаттаған.Бұл сөздің ағылшын тілінен аудармасы «Кернеу,қысым» дегенді білдіреді.Ол тәннің қоршаған орта тарапынан жасалған оқыс әсерге жауабын анықтатады.Яғни стресс тосын жағдайда қанға қажетті гармондардың жедел іске қосу,басқа да көптеген физиологиялық процестерді қайта құру арқылы тәнге сыртқы әсерге тойтарыс беруі үшін өзінің ішкі мүмкіндіктерін пайдалануы.

Ғалымның айтуынша,стресстің негізінен алғанда мынадай үштік белгісі бар:

  1. (Бастапқы кезең), «Үрей сатысы» бұл қысымның алдында болатын кезең. Мысалы,бұдан былайғы тағдырыңызды шешетін сынақ алдындағы толғаныс.Бұл кезеңде стресстік салмаққа бейімделу процесі өтіп жатады,егер осы кезде үрейге төтеп бере алмасаңыз өліп кетуіңіз мүмкін.Мұндай жағдайда шығыстың ұлы ғұламасы Әбу Әли Ибн Сина тарапынанда баяндалады. Ол мынандай қызық жайтты сипаттайды.Екі қойдың қасына торға салынған қасқыр қойылады.Сонда жыртқыштың тура қақ маңдайына байланған қой қорқыныштан (стресс) көп ұзамай өліп кетеді.

  2. Стресстітің жүзеге асуы.

Ол тәннің бейімделу мүмкіндіктерінің іске түсуі арқылы орындалады. Қажетті арнағабағытталған қуат қиындықты жеңуге көмектеседі. Сол арқылы алғашқы қорқыныш сезімін жеңесің. Ал егер қысым ұзақ уақыт бой бермесе,тән мүмкіндігі шектеулі болғандықтан оған төтеп бере алмайды. Ұзақ стресс және қиын жағдайдан шығу мүмкіндігінің жоқтығы жүйке стрессіне душар етеді.Организм өзінің бейімделу мүмкіндіктерін тауысады.Гиперстресс немесе дистресс соматикалық адреналдық жүйенің қорларын құртады. Ал қысқа мерзімді стресстер тәннің белсенділігін арттырып ширатады. Мысалы,спортшы жарысқа қатысу,артист сахнаға шығу кезінде толқу сезімін жеңу арқылы табысқа қол жеткізеді.

  1. Постресс - діңкенің құру кезі.Ұзақ уақытқа созылып,жүйкеге үздіксіз қысым жасалуы әбден діңкелетіп денсаулықты бұзады.Стресстен тек жүрек талмасы,қан қысымы,невроз не болмаса жүйке аурулары ғана емес асқазанның ойық жарасы туындайды.




Өмірге қуанышпен қараңыз !!!



1. Оптимист болуға тырысыңыз.

Табысқа жетумен әріптсетеріңізбен жақсы қарым қатынастың ең дұрыс жолы, орнықты көңіл - күй мен кез келген мәселеде оңды шешім ұстану. Оңды эмоциялар - жұқпалы келеді. Көңіл - күйіңіз үнемі көтеріңкі болса, достарыңыз да, жанұяңыз да, оқушыларыңыз да өмірег қуанышпен қарауға берген мүмкіндігіңіз үшін сізге ризашылық сезімге бөлейтіні анық.

2. Қорқыныш сезімін жеңуге тырысыңыз.

Көңілде ұдайы қорқыныш сезімінің (фобиялар) болуы (ол тіпті абстрактілі қорқыныш болсын) - адамның жеке тұлғасын жоятын психологиялық инвлидацияның бірі формасы. Оған өз бетіңізше қол жеткізе алмасаңыз психолог пен психотерапевттің көмегін пайдаланыңыз.

3. Өзіңізбен өзіңіз жеке болуға уақыт табыңыз.

Кез - келген адамға жалғыз өзі қалып, өмір туралы, өзі туралы, пайда болған мәселелерді шешудің жолдары туралы ойлануға, серігуге, демалуға жеке уақыт керек - ақ. Бұл әсіресе мінез құлқы интровертке жататын адамдарға айырықша керек.

  1. Айналадығыларыңыздың сізден тым көп нәрсе талап етуін болдырмаңыз.

Қолыңыңыз тиіп, мүмкіндігіңіз болған кезде өзгелерге көмектесу бір бөлек те,адамды ұдайы басқа жұмыстарға «жегіп қойю» мүлдем бөлек нәрсе. Мұндай жағдай қайтала берсе,адамда біреудің өтінішін орындай алмағандықтан, өзін ұдайы кінәлі санау сезімі пайда болады.Кейде аздап эгоист болған пайдалы.

5. Өзіңізге ұнамайтын нәрсені ұнайтындай кейіп танытпаңыз.

Өзіңіздің сезіміңізді зорықтыру өте үлкен өмірлік энергияны қажет етеді.Көңіл күйіңіз бұзылады. Жеке тұлғалық қасиеттеріңізге нұқсан келтіреді. Батылдау болыңыз.

6. Өз баларыңызға артық қысым жасамаңыз. Жұмыста педегогикалық

профессионализм таныта отырып,көптеген ұстаздар оны үйде де жалғастырып отырғанын бақамай қалады. Нәтижесінде балаларға артық талаптар қойылады. Сондықтан өз балаларыңызға өзімен өзі болуға, өзін-өзі танытуға мүмкіндік беріңіз. Олар тек сіздің талаптарыңыздың мүддесінен шығуға талпынбайтын болсын. Олар өздері қалаған нәрсемен айналысқанда ғана өзіне деген сенімі артады.

  1. «Бұл менің қолымнан келмейді» деген сөзді сирек айтуға тырсыңыз. Егер өзгелер сіздің мүмкіндіктеріңзге сеніп тұрса, өз күшіңізді неге сынап көрмеске? Сізге жаңа нәрсені бастауға өтініш түскен жағдайда, мұндай ұсыныстарды жіберіп алуға тырыспаңыз.

  2. Көпшілік алдында сөйлеуге тартынбаңыз.Үлкен аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік туған жағдайда, одан бас тартудың қажеті жоқ. Көпшіліктің алдында сөйлеу өз ойыңызды қысқа да нұсқа жеткізе білу, үйретумен бірге табысқа жету үшін керекті қасиет,оқушылардың алдында стериотивті сөйлеуден де арылтады.

9. Дене сымбатыңызға көңіл бөліңіз. Дененің сымбатты болуы адамның психологиялық жағдайына әсер етумен қатар,оқушыларға үлгі бола алады.










Естеріңізде болсын !

Егер сіз жоқ дегенде он минут күлсеңіз ағылшын психологтарының айтуы бойынша,сіздің ұйқыңыз тынышталып,санаңыз серігіп,жігеріңіз артады.

Егер өлең айтқанды ұнататын болсаңыз және де өлеңді күнде айтсаңыз онда өміріңіз әлдеқайда ұзарады. Зерттеулер көрсетіліп отырғандай ән салу тек қана кеуде бұлшық еттерін ғана дамытып қоймайды,сонымен қатар жүрек бұлшық еттерін де нығайтады.

Егер сіз сөйлемдермен сөйлеуді ұнатсаңыз және әрбір айтқан сөйлем сипаттамаларыңыз алты секундтан артық болатын болса, онда тыңдармандарыңыз нашар түсінеді.Неміс психологтарының айтуынша мұғалімдер секундтына екі сөзден артық сөз айтпауы керек.Яғни неғұрлым сөйлем қысқа болса,соғұрлым ол балаға түсінікті болады.

Ата - аналарға психологиялық кеңес.

« Үш - ақ нәрсе - адамның қасиетті.

Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек » Абай.

Адам баласы өмір бойы психологиялық кеңеске зәру болмақ.Әсіресе,оның нәрестелік,сәбилік,балалық шақтарында,тіпті ауадай қажеттілік деп айтсақ та болады.Бірақ өмір сүрген бұрынғы қоғамда,адамның психикасын тәрбиелеуге еш уақытта мән берген емес.Соның салдарынан балабақшалар да,мектептерде де,тіпті жоғарғы оқу орнында дамен адамның қызмет істейтін орындарында да,адамның психологиялық тәліміне көңіл аудармады.Мұндай надандықтан адамдарға таптырған азабы аз емес.Осындай қалыс тәрбиенің ауыр кемшіліктерін ескере отырып,азды көпті психологиялық көмектің қасиеттеріне тоқталуымыз жөн көрінеді.

Психологиялық көмектің бағыттары.

Бала атаулының бойындағы біртіндеп қалыптасатын психологиялық ауыр өзгерістер мен невроздың негізгі себепкері,жалпы бала тәрбиесінен хабары шамалы


© 2010-2022