Сабақ жоспары Газет-журналдардың пайдасы 10 сынып

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Газет-журналдардың пайдасы. Етістіктің шақтары

Мақсаты: Газет-журналдар туралы білімдерін толықтыру барысында, олардың пайдасы туралы мәтінмен таныстыру. Алған білімдерін практикада, өмірде өз бетімен қолдануға дағдыландыру. Есте сақтау қабілетін дамыту. Шапшаңдыққа, достыққа, ұйымдастырушылыққа, басқаның пікірін тыңдап, өз ойын анық жеткізуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер: Газет-журналдар туралы қызықты да күтпеген фактілер және олардың адам өміріндегі орны туралы түсініктері бар

Керекті жабдықтар: Ф.Ш.Оразбаева, Т.Т.Аяпова, Р.С.Ахметова, Қ.К.Исабекова. Қазақ тілі: Ортадан жоғары деңгей

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру Оқушылар бір-біріне тілек айтып,сәттілік тілейді

Топтық ережелерді естеріңе түсіреді

2.Үй тапсырмасын тексеру

Білу-Сұрақтарға жауап беру

Әлеуметтік желілер туралы не білесің?

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Техниканың дамыған заманында бірер секунд ішінде хат алмасуға болады ма және қалай болады?

Электрондық поштаның басқа жүйелерден айырмашылығы қандай?

Электрондық пошта бізге қашан жетті?

Жаңа сабақ

Бүгінгі сабығымыздың тақырыбы "Баспасөз-өмір айнасы".Осы берілген сөйлемді қалай түсінуге болады?

Сөздікпен жұмыс. Сөздерді оқиды, қайталайды, сөйлем құрастырады

ақпарат көздері-источник информации

мерзімдік басылым-периодическое издание

бұқаралық ақпарат көздері- (СМИ)

мақала-статья

айдар-рубрика

мәлімет-сообщения, сведение

баспахана-издательство

тілшісі-корреспондент

жергілікті-местный

пресса-баспасөз

Бүгінгі сабағымыз не туралы болады? Проблемалық сұраққа өз ойларын жеткізеді

Түсіну- Мәтінмен жұмыс.

-мәтінді мәнерлеп оқу;

-мәтінге сұрақтар қою;

Мерзімдік басылымдар қалай аталады?

Оларға не жатады?

Газет-журналдардан не білеміз?

Газет-журналда не туралы басылады?

Газет-журналдардың саны қанша?

Газет-журналдардың қандай түрі шығады?

Ұнатып оқитын газет-журналдарың бар ма?

Қолдану-Мәтіннен етістіктерді тауып оқу;

Жинақтау-Мәтіннің мазмұны бойынша диалог құрастыру, мәтінді әңгімелеу

1.Отбасың қандай мерзімділік басылымға жазылады?

2.Өзің тұратын өңірде қандай жергілікті басылым шығады? Оқып тұрасың ба?

3.Сенің сүйікті газет-журналдарың қандай?

4.Қандай айдарды ұнатып оқисың?

5.Газет-журнал беттеріне мақала,әңгіме ертегі,өлең,сөзжұмбақ жіберіп көрдің бе?

6.Газет-журналда істейтін адамды кім деп атайды?

Бағалау-Адам өміріндегі газет-журналдардың орны туралы не айтар едің?

Венн диаграмманы толтыру-Газет-журналдардың пайдасы мен зиянын табу

Үйге тапсырма -мәтінге диалог құрастыру

Рефлексия- Сабақ барысында сен қандай жаңалық аштың?








© 2010-2022