Ата-аналарға Баланың бас ұстазы-ата-ана тренингі

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Бисен Жаникешев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі











Ата-аналарға Баланың бас ұстазы- ата-ана тренингі



Ата-аналарға арналған тренинг









Өткізген: Кулбаева.Г. С









Бисен, 2014-2015 оқу жылы

«Баланың бас ұстазы-ата-ана!»

Мақсаты: Ата-анамен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты жақсарту. Арнайы педагогикалық қызметтің түрімен түзете-дамыту жұмысының жүргізілу барысын түсіндіру. Түзете-дамыту сыныбы мен арнайы педагогикалық сабаққа деген оң көзқарасты қалыптастыру. Мектепішілік шараларға тарту.

1.Танысу тренингі

Мақсаты: Ата-аналар мен тәрбиешілер баласының есімін атап, мұғалімге өзін таныстырады.

Тренигтың жүру барысы: Жіп арқылы ата-аналар өз баласының атын атап, кімнің ата-анасы екендігін айтып таныстырады. Мысалы:Мен Наурызбектің ата-анасы есімім Жұлдыз

2. Өткен жылғы дефектологиялық қызмет туралы есеп беру, оқушылардың жетістіктерімен алда жүргізілетін жұмыс жоспарымен таныстыру. «Баланың бас ұстазы-ата-ана» қысқаша баяндама

Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі,мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы - бала. Бала - дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы - ата - анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек , отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат-әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан - жақты дамуына ата-ана, мектеп жағдай жасауы керек. Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін-өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет.
Бізде көптеген ата-аналар баланың кемшілігін мектептегі мұғалімдерден көреді. Отбасында мұғалімдер туралы жақсы пікір айтылса, алдымен ата-ананың мектеп, ұстаз туралы жақсы ниеті балаға жақсы әсер етеді. Ондай балалардың оқуға, білімге, мектепке құштарлығы артады. Ұстазды, адамды сыйлауы өзгеше болады. Мектеп, ұстаз туралы басқаша пікірде көңілі толмаған ойлардың жетегінде баласының алдында ғайбаттау сөздер сөйленетін болса, ол баланың мектеп, мұғалімге көзқарасы өзгереді. Оқу-үлгеріміне әсер етеді. Немқұрайлы қарап, үлгерімі нашарлайды. Ата-ана өз баласының ынтасын үйдегі тәрбие арқылы өзі жойып отырғанын білмейді.Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепке келгеннен кейін ол мінез отбасында қалыптасқан тәрбие одан әрі жалғасады. Бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 6 сағаты мектепте, қалғаны тәрбие ордасы, үнемі ата-ана болып қала береді.Баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен ата-ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы, немесе ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем артық емес. Дұрыс өспеген жеміс ағашы, дұрыс жеміс бермесе қуануға бола ма? Бір бөлшегі бұрыс жасалған ұшақты ұшырғаннан не пайда? Ол өзінде, өзгені де мерт етпей ме?

3. «Көңіл-күйді анықтау» тернингі смайликтер арқылы көңіл күйлерін білдіру.

4. «Өмірге өкпе артпайық» қытай балетнен бейнеролик көрсетіп бала-бойындағы кемшілікті кешіктірмей түзетуді түсіндіру. Аяқ-қолсызда үлкен жетістікке жеткен адамдардың жанында өз баласының он екі мүшесі сау екендігіне риза болу. Бар нәрсенің қадірін түсініп, бағалай білуді насихаттау.

5. «Менің қазіргі және болашақтағы отбасым» тренингі.

Мақсаты: Ата-аналардың арман-тілектерін қолдау. Ертеңгі күн бүгіннен де жақсырақ болатынына сендіру. Барыс: Ақпараққа өз болашағы мен бүгінгі күнін кез-келген нәрсемен бейнелеу, әңгімелеп беру.

6. «Мен ғажаппын» ата-аналар өздерін әлемдегі ең жақсы адам екенін айтып жеткізу. Өз-өзін бағалай білу, өз бойындағы артықшылықты мақтанышпен жеткізу, сол қасиеті арқылы бала тәрбиесіне ат салысып отырғандығын мадақпен жеткізу.

7. «Балапанға тілек»

Мақсаты: Баласының ең бастысы денсаулығы мен амандығын тілей отырып, бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті сезінуге шақыру.

8. «Бәрі де өз қолымда» «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көріп, бала тәрбиесі мен оқуына үлкен көңіл бөлу қажеттілігін түсіндіру. Бүгінгі Қожа мен бұрынғы Қожаларды салыстырып әңгімелеу.

9. «Менің қазіргі көңіл күйім» тренинг смайлик

10. «Жүректен-жүрекке»

11. Ата-аналардың ұсыныс пікірін тыңдау.


© 2010-2022