Поурочный план Әзілхан ишан мешітінің тарихы

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Әзілхан ишан мешітінің тарихы.

7 сынып

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: «Өз елінің тарихын білмей, өзгені

танымайсың» деген даналық сөзді

ескере отырып, Әзілхан ишанның

өмір жолын, қызметін бүгінгі ұрпаққа

үлгі ету, ұлттық салт - дәстүрді

насихаттау, ұрпақ жадында жаңғырту;

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой - өрісін

дамыту, белсенділігін, ізденім-

паздық қабілеттерін арттыру;

Тәрбиелілік мақсаты: Ұлттық құндылықтар -

дәстүрлеріміздің қазіргі таңдағы

маңыздылығын меңгерте отырып,

оқушыларды рухани құндылықты

қадірлеуге, құрмет тұтуға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жұмыс

Сабақтың әдістері: СТО стратегиялары

Пәнаралық байланыс: тарих, медицина

Көрнекілігі: Суреттер, мұражай экспонаттары т.б.



Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау

«Елімнің есіл ерлері,

Халқымның ардақты ұлдары,

Армандап өткен елдікті...»

Заман өзгеріп, тәуелсіздігіміздің туы желбірегеннен бері өткенімізді түгендеп, өткенімізді жандырып тарих көшінде тек аңызға айналып бара жатқан, өмірдерегі көмескі тартқан атақты, киелі адамдарымызды, ата - бабалар өмірін, қызметін халыққа таныту, бүгінгі жас ұрпаққа үлгі тұту дәстүрі жалғасып келеді.

Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын мына бір сұрақтарға жауап берелік.

І. Қызығушылықты ояту.

1.Өз өлкеміздегі қандай тарихи ескерткіштерді білесіңдер?

  1. Туған жер тарихы бізді қызықтыра ма?

  2. Туған жердегі тарихи ескерткіштердің сырын білеміз бе?

Осы уақытка дейін біздің ауылымызда өмір сүрген қандай әулие бабаларды білесіңдер?

ІІ. Мағынаны тану.

Мұғалім сөзі:

  • Біздің ауылымыздың тарихы өте бай, атақты батыр бабалар, киелі әулиелер дүниеге келген. Бүгінгі сабағымызға өзек болғалы отырған киелі, әруақты адамның бірі - Әзілхан ишан ата.

Өткен сабақта сіздерге Әзілхан ишан ата туралы деректер жинап келуге тапсырма бергенмін. Енді сыныпты үш топқа бөліп, жұмыс жасаймыз.

І топ «Зерттеушілер» ІІ топ «Тілшілер» ІІІ топ «Сарапшылар»

«Зерттеушілер тобы» Әзілхан ишан атаның өмірбаяны туралы жинаған деректерін баяндайды

  1. Әзілхан ишан ата өмірбаяны

  2. Ишан атаның халыққа жасаған қызметі

  3. Әзілхан ишан мешітінің салыну тарихы

  4. Құдық суының шипалы қасиеті, құрамы

«Зерттеушілер» тобының Әзілхан ишан туралы деректері

Поурочный план Әзілхан ишан мешітінің тарихы

Поурочный план Әзілхан ишан мешітінің тарихы



Мешіт күрделі Мешіт төбесінен Мешіт күрделі жөндеуден бұрын табылған кітаптар жөндеуден

© 2010-2022