А. Құнанбайұлы «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңі

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді жоспар Пән мұғалімі: Алданаева Құралай Тлегенқызы

Пән

әдебиет

Класы:

7-класс

Тақырып

А.Құнанбайұлы «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңі

Мақсаты

Ақын туралы қысқаша мәлімет беру, халқымыздың сазгерлік өнері туралы мағлұмат беру арқылы, ақын өлеңінің құрылымымен таныстыру, өнерге баулу, адамгершілік сезімдерге тәрбиелеу, ақпаратты өз бетінше меңгеруге үйрету, топта бірлесе жұмыс жасай білуге, сыни тұрғыдан ойлауға, критерий бойынша бағалауға дағдыландыру, АКТ бойынша ақпаратты түсініп, өңдей алу, өзін-өзі реттеу, қалай оқу керектігін ұғынуға, білім мен білік дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

Қалай оқу керектігін түсінеді; сыни тұрғыдан ойлай білуге үйренеді; топта пікірлесіп, ортақ шешімге келуге дағдыланады, өзін-өзі бағалай алады; өз жұмысын өзге оқушылардың жазғанымен салыстырып, өзін-өзі реттейді; АКТ-ны қолданып тапсырманы орындай алады, шығармашылыққа бағытталады, өнерді сүйе біледі, сезіне біледі.

Кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

дифференциация

бағалау

ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық тренинг өткізу. Топтарға бөлу(сурет қиындыларын құрастыру арқылы бөлінеді).

Сабақ басында психологиялық тренингке қатысады. Топқа бөлінеді. Топтағы көшбасшылар қасындағы оқушылардың үй жұмыстарын тексереді, маршрут картасы бойынша әр оқушы өздері белгілеп отырады

тренинг өткізу арқылы оқушылардың көңіл-күйлерін анықтау, осы арқылы білім алуға деген құлшынысы артады.

Үй жұмыстарына дайындығын өздері стикерге жазып «бағаларға» жапсырады. Яғни өзін-өзі бағалайды.

Мұғалім бақылайды.

Қызығушылықты ояту

Жұмыс түрлерімен таныстыру. Баланы сабаққа белсенділікпен қатыстыруға тырысу. Оларға өз тарапымнан сәттілік тілеймін.

Сабақ барысында бір-біріне жақсы ниетпен тілектер айтады. Барлығы белсенді қатысады. Өз қабілеттерін көрсетеді, өзгенің іс әрекетін бақылап, өзін бағалап отырады.

Бірін-бірі бағалайды. Мұғалім «Үш шапалақ» әдісімен ынталандырып отырады.

Әр оқушы өздерін тексеріп, өзін-өзі реттеп отырады.

Мағынаны тану

Тақтаға тапсырмаларды беріп, ақынның сазгерлігі туралы мәлімет беру. Оқушыларға ИНСЕРТ әдісін үйрету.

Топқа бөлініп үй тапсырмасын жұпта одан соң топта тексереді. Бірге жұмыс жасауға ұмтылады. Бірін-бірі оқытады, топта талқылайды, сұрақтар қояды, жауап береді. Оқушылар өлеңді құрылысына қарай талдап, қандай тәсіл қолданғанын табады. ИНСЕРТ әдісі арқылы осы тақырып бойынша толтырады.

Жекелеген оқушыларға, топтарға көмек. Ынтымақтастық пен серіктестікті тудырып, басқаның ойымен есептеседі. Өзін-өзі реттейді. Сергіту сәті.

«Үш шапалақ» әдісімен оқушылар бір-бірін бағалайды.

Стикерлер, оқулық, интерактивті тақта

Рефлексия

Сабақ соңында бірнеше сұрақтар беру.

Рефлексия жүргізу.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағалайды.

Қалам, оқулық, түрлі- түсті бояулар, стикер.

Сабақты қорыту, үйге тапсырма

Хронологиялық кестені толтыру. «Даналықты іздесең, Абайды оқы ерінбе» деген тақырыпта эссе жазу. Өлеңді жаттап алу.

Оқушылар тапсырмаларды дәптерлеріне жазып алады.

Бағалау

Оқушылардың өзін-өзі бағалауларымен санасып, жақсы қатысқан оқушыларды «фиерверг шапалақ» әдісімен марапаттау.





© 2010-2022