• Преподавателю
  • Другое
  • Армысың, алтын ұя-мектебім! 1 қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиын сценарйиі

Армысың, алтын ұя-мектебім! 1 қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиын сценарйиі

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақсаты: Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну,

білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі

азаматын елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан туы, шарлар, гүлдер, жалаушалар.

АӘД жетекшісі. Сапқа тұрғызу.

1- жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар! Барлықтарыңызды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Бірінші қыркүйек білім күніне арналған «Армысың, алтын ұя - мектебім!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
2-Жүргізуші: Здравствуйте, уважаемые родители и дорогие гости!
Сентябрь наступил, закончилось лето
Пришел праздник знаний, учебы, отметок!
Дети, родители, учителя,
С праздником вас поздравляем, друзья!


АӘД жетекшісі: Мектеп түзел! Тік тұр! Назар аударыңыздар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізілсін! Қазақстан Республикасының мемлекеттік гиміні орындалсын!


  1. жүргізуші:

Арайлы жаздың үш айын мазмұнды да, мәнді

өткізіп, сағынышпен алтын ұя мектебімізге оралып отырған

оқушыларды бүгінгі Білім күнімен құттықтаймыз!
Өмір бойы мектебімді жыр етем,
Бір өзіңде бақыт,бірлік,берекем.
Шәкірттерің өрістесін,өрлесін,
Құтты болсын Білім күнің -мерекең!

(ВИДЕО көрсетіледі)

1-жүргізуші:

Ерекше бүгінгі күн,салтанат сән,
Тербетер әр жүректі бір әсем ән.
Құлпырып шәкірттер тұр мектеп - ұстаз,
Сағынып жыл құсындай қайта оралған.

Мереке зор қуаныш - Білім күні,
Сыңғырла қоңыраудың алғашқы үні.
Қош келдің, құтты болсын қадамдарың,
Балдырған, балғын жандар - өмір гүлі.


2-жүргізуші:

Өмір бойы мектебімді жыр етем,
Бір өзіңде бақыт,бірлік,берекем.
Шәкірттерің өрістесін,өрлесін,
Құтты болсын Білім күнің -мерекең!

Көп жылын осында өткізген.
Ұстаздар - ізгі пәк жандар.
Қуана шәкірт қабылдап,
Білімнің көшін жалғаңдар.
Алғашқы әріпті үйретер,
Ұстазды шәкірттерімен бірге қарсы алыңыздар!

Олардың алғашқы ұстаздары - Елеуова Күміс Сейілханқызы, Замирайло Инна Анатольевна

(выходят первоклассники 1а, 1б кл. под музыку и аплодисменты)

1-жүргізуші: Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді.

2-жүргізуші: Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.


1 Жүргізуші: «Мектеп - кеме, білім - теңіз» сол білім теңізінде шұғылалы сәуле шашып, нұр құятын - мектеп. Жаңа оқу жылының басталу салтанатының құттықтау сөзін мектебіміздің директоры Биисова Гульмира Исатаевнаға береміз.

Ал енді 2015-2016 жаңа оқу жылына келген жас мамандармен таныс болыңыздар.

1. Казихан Ержан Казиханұлы-ағылшын пәнінің мұғалімі

2. Есимова Мадина Сламовна- технология пәнінің мұғалімі

3. Ахметкалиев Азамат Жалғасханұлы- дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

4. Сабыр Ұлтуған Таубекқызы- биология пәнінің мұғалімі

1-Жүргізуші:

Білім күніне арналған салтанатты жиынымызға қатысып отырған ____________________________ сөз кезегін береміз.

Келесі құттықтау сөзі аудандық білім бөлімінен келген ............................... беріледі.

Келесі сөз кезегі Кемпірсай селолық округінің әкімі Аманжолов Сапарбек Аралбайұлына беріледі.

Слово для поздравления предоставляется директору ТОО «Жосалы -Агро» Биисову С.Л.

Слово для поздравления предоставляется депутату районного маслихата Кудря И.М

Слово для поздравления предоставляется почетному жителю села Демишеву И.Ю.

Ал енді келесі сөз кезегін мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары Мурзабулатова Жанат Мамытовнаға береміз.

1-Жүргізуші: Алғаш келген бүлдіршін,
Құтты болсын қадамың!
Төбеңде бейбіт күн күлсін,
Өрлей берсін талабың.
Нұрын шашып көкте күн,
Өміріңнің көктемі.
Гүлдендірем деп келдім,
Сәлем алтын мектебім!- деп алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерге сөз кезегін береміз.


Хор: «Мектебім»

Хор. Песня «Учат в школе»

2-жүргізуші: Абзал жандар, биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып шәкірттерін қарсы алды.

Өздеріңе жүрекжарды сөз айтып,

Құттықтайды 9-сынып баршаңды.

1-жүргізуші: Қағылмақ , міне, әуенге бөлеп,

Қағылмақ алғаш қоңырау,

Нұр толқып жүзің, гүл толып құшақ,

Шаттыққа толсын омырау.

Алғашқы қоңырау соғу рәсімі 1-сынып оқушысы - Рыбаченко Виталии

мен Жас Ұлан балалар ұйымының мүшесі, мектебіміздің үздік оқушысы-Мақсот Айданаға беріледі.

Алғашқы қоңырау соғылады.

2-жүргізуші: Учащимся 9-11 класса предоставляется право ввести первоклассников на первый урок.

(9-классники за руку выводят 1-классников из зала под музыку и аплодисменты).

(ҚР мемлекеттік туын шығару салтанатты рәсімі)

1-жүргізуші: Осымен «Білім күніне» арналған «Армысың, алтын ұя - мектебім!» атты салтанатты жиынымыз осымен аяқталды.

2-жүргізуші: На этом торжественная линейка подходит к концу. До новых встреч!

© 2010-2022