Қазақ тілі. Синтаксис. Сөз тіркесі туралы түсінік (7-сынып)

Сабақтың мақсаты:Синтаксис саласы туралы мағұлмат бере отырып, сөз тіркесі туралы теориялық білімді меңгерту, түрлерін ажырата білуді үйрету,теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру. Қолданылған әдістері мен тәсілдер: Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдері (Топтық және жеке жұмыс);Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (Ой қозғау,  ББҮ кестесі, эссе жазу);Диалогтық оқыту (  әңгіме-дебат,зерттеушілік әңгіме);АКТ (интербелсенді тақта). Сабақ барысында мақал-мәтелдер арқылы топқа бөлініп,  "Ой қозғау" стратегиясы а...  
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7 сынып


Сабақтың тақырыбы

Синтаксис. Сөз тіркесі туралы түсінік.

Жалпы мақсаты

Синтаксис саласы туралы мағұлмат бере отырып, сөз тіркесі туралы теориялық білімді меңгерту, түрлерін ажырата білуді үйрету,теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру.

Сөз тіркестерін күрделі тіркес пен күрделі сөздерден ажырата білуге дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже

Тіл білімінің саласы синтаксистің зерттеу нысанын біледі. Сөз тіркесі және оның айрықша белгілерін танып біліп, оның сыңарларын ажырата біледі.

Сілтеме

Оқулық: 7 сынып. Қазақ тілі. Оқулық авторлары: С.Исаев, Г.Қосымова Атамұра 2012 ж

Қолданылған әдістері мен тәсілдері

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдері (Топтық және жеке жұмыс)

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (Ой қозғау, ББҮ кестесі, эссе жазу)

Диалогтық оқыту ( әңгіме-дебат,зерттеушілік әңгіме)

АКТ (интербелсенді тақта).

Ресурстар

Оқулық, интербелсенді тақта, постер, маркер, стикер т.б

Сабақтың реті

  1. Ұйымдастыру: 3 топқа бөлу 3 минут

  2. Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша, 37 минут

  3. Үйге тапсырма, 2 минут

  4. Кері байланыс 3 минут


Сабақ барысы:

Сабақкезеңдері

Уақыт

Мұғалімәрекеті

Оқушы әрекеті

Модульдер көрінісі

Үй тапсырмасы

5 минут

Тест жұмысы. Етістіктік райлары.

Тест жұмысын орындайды. Жауаптарын жұптасып тексереді


Топқа бөліну

3 минут

3 топқа бөлу.

1. Оң қолың ұрыс бастаса, сол қолың арашашы болсын.

2.Ақылды жігіт атқа да, таққа да мінер.

3.Аға алдында пейіліңді көрсет, Іні алдында мейіріңді көрсет.

Топқа бөлу. Мақал-мәтелдерді дұрыс құрастыра отырып топтастыру.

Оқытудағы жаңа-әдіс тәсілдер.

Білу

7 минут

Жаңа тақырыпты меңгерту.

Ой қозғау.

Сөздерді дұрыс орналастырмас бұрын берілген сөйлем түсінікті болды ма?

Сөйлем түсінікті болу үшін не істеу қажет?

Берілген мақалдардан сөз тіркесін тауып көрейік.

Оқушының жауаптарын түртіп жазып отыру.

ББҮ кестесі

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Сөз тіркесі туралы білгендерін жазады.

Не білгісі келеді? Сұрақтар жазады.


Оқушылар берілген сұрақтарға жауап іздейді. Сөз тіркесі туралы білімдерін еске түсіреді.

Сын тұрғысынан ойлау.

«Ой қозғау» стратегиясы

Түсіну


8 минут

Жаңа тақырыпты түсіну.

І топ. Синтаксис туралы түсінік.

ІІ топ. Сөз тіркесі туралы түсінік.

ІІІ топ. Сөз тіркесі, күрделі сөздер, тұрақты тіркестер.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Сөз тіркесі туралы білгендерін жазады.

Не білгісі келеді? Сұрақтар жазады.

Не үйренді

соны жазады.

Жеке жұмыс жасайды. Тақырыпты топпен талдайды. Тақтада қорғайды.

Талдаудан кейін «Үйрендім» бөлімін сұрақтарға жауап бере отырып толтыру.

Бірін-бірі ауызша бағалайды.

Сын тұрғысынан ойлау (ББҮ кестесі), топтық жұмыс

Қолдану

5 минут

Түсіндірме сөздікті пайдаланып әр топ сызбаны толтыру.

Күрделі сөз

Тұрақты тіркес

Сөз тіркесі

3 мысал

3мысал

3 мысал

Түсіндірме фразеологиялық сөздіктерді пайдалана отырып сызбаны толтырады.

Диалогтік оқыту (зерттеушілік әңгіме)

Талдау

7 минут

Жаттығу жұмысы

207-жаттығу. «Шөген»

Жаттығуды оқыту.

Шөген қандай ойын түрі?

Ол Европадағы қандай ойынды еске түсіреді?

«Шөген» ойыны туралы деректерді кімдердің еңбектерінен көруге болады?

«Шөген» ойынын қайта жаңғыртуға болады деп ойлайсыздар ма?

3 сөйлемдегі сөздерді өзара байланыстырыпжазу, сөз тіркесіне талдау жасату.

1.Шөген ойынын еске түсіретін спорт түрі бұл күндері Еуропадан кездеседі.

2.Шөген-қазақтың, түркі дүниесінің ежелгі ойынының аты.

3.Жібек матаға салынған суретті ХҮІ ғасырда белгісіз Қытай суретшісі салыпты.

Сөз тіркесі

Басыңқы, бағыныңқы

Есімді, етістікті

1

2

3

2

3

1

3

1

2

Берілген жаттығуларды әр топ мүшелері жеке орындап алады. Топта талдау жұмысын жүргізеді.

Диалогтік оқыту (әңгіме-дебат), Ашық және жабық сұрақтар.

Жинақтау

3 минут

Бастапқы үш мақал-мәтелдерден сөз тіркестерін қайта жасап, басында жіберілген қателіктерді түзету.

Оқушылар мақал-мәтелдерден сөз тіркестерін өздері топпен тауып қөрсетеді.

Сыни тұрғысынан ойлану.

Бағалау

2 минут

Мұғалім оқушылардың өзара бағалауларын бақылайды, қорытады.

Оқушылар өз -өздерін бағалайды.

Оқыту үшін және оқу үшін бағалау

Кері байланыс

3 минут

сабақ ұнады

сәл ұнады

жоқ ұнамады. Тақтаға ілінеді.

Сабақ туралы өз ойларын стикерге жазып, берілген смайликтердің астына апарып жапсырады.

Оқытудағы жаңа-әдіс тәсілдері.

Үй тапсырмасы

2 минут

«Халқын сүйген -салтын сүйер» деген тақырыпта ойтолғау жазу,жазылған мәтіннен үш сөйлемді сөздердің байланысуына, сөз тіркестеріне талдау жасау

Дәптерлеріне жазып алады.

Сын тұрғысынан ойлау. Эссе жазу.






© 2010-2022