• Преподавателю
  • Другое
  • Планирование по казахскому языку на тему Сан есімнің емлесі. Сан есімді қайталау (6 класс)

Планирование по казахскому языку на тему Сан есімнің емлесі. Сан есімді қайталау (6 класс)

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Уақыты: 08.12.2015ж. Пән: Қазақ тілі Сынып:6 «А» сынып

Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің емлесі. Сан есімді қайталау.

Мақсаттары: Сан есімнің емлесі туралы қысқаша айтып түсіндіру, тақырыптары бойынша оқушылардың алған білімдерін анықтау үшін топтық жұмысты ұйымдастыру.

Күтілетін нәтиже : Дәптермен жұмыстанады; мәртебесі төмен және жоғары сұрақтарды қойып үйренеді;

оқушының сыни ойлауы дамиды; оқушы шығармашылығы, ізденісі дамиды; көшбасшылығы айқындалады.

Модульдері: АКТ (ақпараттық коммуникативтік технология), СТО (сын тұрғысынан ойлау), ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері), ТжДОЖ (талантты және дарынды оқушылармен жұмыс). ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық), ОҮБжОБ (оқыту үшін басқару және оқытуды бағалау), ДО (диалогтық оқыту).

Бағалау: Өзін өзі (ӨӨБ), жұптық (ЖБ), топтық (ТБ), жиынтық (ЖБағ).

Деректер: тақта, постерге арналған қағаздар, маркерлер, бағалау парақтары, суреттер.

Әдіс тәсілдер: Дискуссиялық карта, «Құпия сөздің құлпын аш» ойыны, Жұптық әңгіме, «Көрнекілік» әдісі.

Сабақ кезеңдері

Уақыт


Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті


Ұйымдастыру кезеңі

1 мин

Сәлемдесу. Топқа бөлу.

Оқушыларды «Үш», «Жеті», «Қырық» деген топтарға бөлу.

Оқушылар жазылған сандар бойынша топқа бөлінеді.

ТЖ

Білім

Психологиялық ахуал

2мин

«Дискуссиялық карта»

Слайдта көрсетілген сұрақтарға «ия», «жоқ» деп жауап беру.

Оқушылар сұраққа жауап береді.

АКТ

Түсіну

5 мин

Өткен тақырыпты меңгертуде «Құпия сөздің құлпын аш» полиглот ойыны

Сабақта қолданылатын әдіс оқушыларды сыни ойлауына ықпал етеді. Мұнда әр бала, өз ойын айтып, шығармашылығын қалыптастырады. Ол дегеніміз - бала бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, өз ойын дәлелдеуші, ұйымдастырушы рөлін атқарады. Сын тұрғысынан ойлау қабілеттері сабақ үстіндегі проблемалық сұрақтарды шешу кезінде, бір сұраққа бірнеше нұсқада жауап берумен және ситуациялық жағдайлардан жол тауып шығу әрекеттерінен байқалады.

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу, өткен сабақтарды қайталау.

ЖТ

ЖЕ

Қолдану

10мин

«Сан есімнің емлесі» тақырыбын ашу мақсатында «Жұптық әңгіме» әдісін пайдалану бойынша тақырыпты меңгерту, тапсырмалар қолдану.

Бұл әдіс арқылы оқушы мен оқушы арасында «Жақын арадағы даму аймағы» (ЖАДА)(Выготский) қалыптасты. Себебі: әр жұп түсінбеген немесе қиындық тудырған сұрақтарын бір-біріне қою арқылы жұптасып, жауап іздейді, талқылайды, жаңа тақырыпты бір-біріне түсіндіреді.

Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту.

Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады.

СТО

Сергіту сәті

1 мин

«Ойна да ойла»

1- ұяшық.

Аспанда үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Аспанда қанша түйеқұс қалды?

(Түйеқұс ұшпайды)

2- ұяшық. Бір жүз екі құлақ неше адамның құлағы? (Бір)

Оқушылар жауап береді.

Ішіндегі сан есімдердің қай түрі кездесетінін айтады.

АКТ

Талдау

15мин

«Көрнекілік» әдісі арқылы жалпы бүгінгі сабақты меңгерту іс-әрекетін талдау.

Әр топқа тапсырмалар таратылады.

Берілген суреттерден мәтін құрау үшін ықпал жасайды, оқушылар білімдеріне сүйене отырып жеке, жұппен, топпен талқылап, бір- бірлерінің пікірлерін тыңдап тапсырманы өздігінен орындап шығуына ықпал етеді.

Берілген тапсырманы уақытылы орындау, өзара пікір алмасады, топпен, жеке дара тапсырмаларды орындайды.

Әр топ есептің шығарту жолдарын бір біріне үйретеді, көрсетеді.

Жинақтау

5мин

Кітаппен жұмыс.

133-жаттығу.

Әр топ тапсырма орындайды.

Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты оқулықтағы жаттығу жұмыстарын тапсырады.

Оқушылардың мақсаты берілген жаттығуларды дұрыс орындау.

Бағалау

2 мин

Топтық бағалау (2 мин)

Ұшақ ұшыру.

Бағалау парақшасынан жиынтық баға шығару.

Топтар бір-бірін бағалап, бағалау парақшасын ұшақ ретінде бағалаған тобына қарай ұшырады. Топ өз бағаларымен танысады.

СБ, ЖБ

Рефлексия

2 мин

Берілген гүл суретін толтыру.

Оқушыларға өз пікірлерін жаздыру.

Ұсынылған гүлдерге өз пікірлерін жазады.


© 2010-2022