• Преподавателю
  • Другое
  • Есеп беру «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты бірлескен таныстырылым бойынша есеп

Есеп беру «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты бірлескен таныстырылым бойынша есеп

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Нурбекова Гульжан Айдархановна мұғалім портфолиосы В3 есебі

№2 топ 3-деңгей

Алматы қаласы 09.11.2015 ж

«Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты бірлескен таныстырылым бойынша есеп.

Мектептегі тәжірибеден кейін мен екінші бетпе-бетке келгенде әріптестермен тәжірибенің қалай өткені, мұғалімдердің іс-тәжірибесін бір-бірімізбен пікір алмасу барысында көптеген өзгерістерге тап болғаныны туралы пікір алмастық. Әсіресе, орта мерзімді жоспарды бірінші бетпе-бетте құрып аяқтап, жұмыстарымыздың мектептегі тәжірибе барысында әсіресе қысқа мерзімді жоспардағы әдіс-тәсілдер мен сабақтардағы пайдаланатын модульдер өзгергенін айтты. Әріптестеріміздің барлығы өз мектептерінде алдымен мектеп басшысымен кездесіп, пікір алмасқаны және әріптестермен пікір алмасқанда өз ойларымен көзқарастары жайлы айтылды. Мысалы мен өзім мектептегі тәжірибеге келгенімде география пәні мұғалімі Қ.А әңгімелестім. Менің бағдарлама бойынша көзқарасымды тыңдап , екеуміз ой бөлістік. Қ.А менен «өз тәжірибеңде не өзгерткің келеді?» деп сұрағанда, мен оқушыларымның физика пәніне деген қызығушылығын арттырып, сабақ үдерісін жаңа технология бойынша әдіс-тәсілдерді пайдаланып өзгерткім келетінін айттым. Ол үшін оқушылармен алдын-ала дайындық, түсініктеме жүргізгені жайлы әңгіме барысында айтылды. Қысқа мерзіді жоспар құрудағы қиындықта Шолпан есімді әріптесім осы жағынан бірнеше мұғалімдерге мектептерінде әріптестері тарапынан көмек қолын созғаны жайлы айтты. Және сол мұғалімдердің ұсынған ұсыныстарымен жұмыс жасап, семинар сабақтарында өз ұсыныстарын айтқанын жайлы айтылды. Сонымен қатар бастауыш сынып мұғалімдері үшін бұл технологияны іске асыру үшін Айзат өзінің тәжірибесінің бастамасында ата-аналармен сөйлесіп, пікірлерін тыңдап жұмысын бастаған. Айтуынша «көп ата-аналардың осы технология бойынша көзқарастары мен үшін маңызды болды» дейді. Әрбір оқушы бастауыш сыныпта ата-ана тарапынан қатты қадағалауда, яғни күнделікті оқушыларына көңіл бөлетіні аңғарылады. Сонымен қатар топқа бөлу барысындағы бірнеше кездейсоқ сәттер, яғни ситуация туындағанда қандай шара қолдандық? Мысалы: топқа бөлінуде оқушылар арасында бөлінген тобында отырғысы келмейтін оқушы болғанын, бір топта бірнеше төмен деңгейлі деп жүрген оқушы тап болғаны жайлы проблемалық жағдайлар орын алғанда, «бұл сәттен қалай шығу керектігі » жайлы әңгіме болды. Сол жағдайда өз пікірін білдірген тарих пәнінің мұғалімі Мадина есімді әріптесім мұндай жағдайда топқа алдымен топ ережесін түсіндіріп, қағиданы ескеріп өткенін, сол үшін сыныпқа топ ережесін сынып ережесіне енгізіп қою қажеттілігі айтылды. Сонымен қатар Асқар есімді әріптесім мұндай жағдайға оқушыға «кіммен отырғың келеді?» деп ұсыныс жасағанын айтты. Сонымен қатар әріптестермен бағдарламаның сабақ барысында қалай жүзеге асылғанын және осы технологиямен оқушылармен жұмыс істеу оңай болды ма? Әлде қиындыққа тап болдың ба? деген тренер тарапынан сұрақтар орын алды. Бірнеше мұғалімдер бұл технология бұрын оқып келген мұғалімдердің мектепте бірнеше пайызы жұмыс істеп жатқандықтан, оқушыларға енгізу оңай болғаны айтылды. Мөлдір есімді әріптесім топқа бөлінген, сыныптағы деңгейі төмен оқушының ЖИГСО әдісіндегі сарапшы ролін керемет атқарғанын айтты. Әріптесім: «Мұнда сол оқушының бойында бұрын соңды орын алмаған өзгерісті байқадым. Әсіресе бірінші оның сабаққа қызығушылығы пайда болды. Өз ролі мен міндетін орындай алды. Мұнда талантты және дарынды оқушының инклюзивті тәсілі орын алғанын байқадым» деді. Талқы кезінде тура осы жағдай орын алған бірнеше мұғалім өз жағдайларын айтып өтті. Маған әріптестер тарапынан қатты ұнағаны өздерінің сабақ беру барысында сол мұғалімнің шынымен бақылаушы ролін жақсы атқарып, психологиялық ой түйгені. Әрбір мұғалімнің өз пікірі бар. Сонда әрбір оқушыны зерттеп келгені, оны ортаға салып талқыға салғаны, әсіресе үлгерімі төмен, тәртібі төмен оқушылардың сабақ барысында оқуға деген ынтасы оянғаны ұнады. Тәжірибені талқылау барысында мынадай әдістер мен тапсырмалар талқыланды. Атап айтсақ: ЖИГСО, постер қорғау, автобус аялдамасы, деңгейлік тапсырмалар. Мұғалімдер арасында осының ішінде ЖИГСО әдісін қалай сабақ барысында орын алғаны жайлы Қарашаш есімді әріптесім Ұлжалғас есімді әріптесіме сұрақ қойды «әрбір ЖИГСО әдісінде сарапшы болуы міндетті ма?» деген сұраққа Ұлжалғас әріптесім «міндетті» емес, оны сабақ тақырыбына қарай орындаланытыны жайлы айтылды. Сонымен қатар тренер тарапынан мынадай сұрақ болды, яғни «тәжірибе барысында сіздерді не таң қалдырды? қандай жағдай орын алды?» деген сұрақ болды. Сонда әрбір әріптесімнің инклюзивті тәсілдің сабақ барысында орындалғанын байқадым. Білім беру - адамдардың зерделеп курс үйренуі үшін көрсетілетін көмектер жиынтығы. Мұғалімдер ғана педагогикалық тәжірбиені жақсарту жөніндегі шараларды қабылдай алады. Әрбір сабақтың ең басында қызығушылықты ояту кезеңінде ой сергіту, топқа бөлу, ой толғаныс болады.Ынтымақтастық ахуал қалыптастыру сыныпта бірлескен жұмыс оқытылатын пәнді оқыту ғана емес сонымен қатар ынтымақ орнату табысты оқытуға әкеледі.Сыныпқа кірмес бұрын мұғалім алдымен өзіне мынадай сұрақтар қоюы қажет. Мен оқушыларды қаншалықты жақсы білемін? Сынып тәртіпке бағына ма? Олар сынып ішінде қаншалықты жақсы сезінеді? Әңгімелесуге қаншалықты құлықты? Олардың қызығушылығы қандай? сабаққа қызығушылық ояту үшін не істеуім керек? Деген сауалдарға жауап іздеу қажет. Мен өзім әріптестеріме ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін мынадай ұсыныс айттым: Оқушылардың әрқайсысымен өзара сыйластық пен сенімге негізделген қарым-қатынас орнату маңызды. Ол үшін оқушылардың бірлескен өнімді әрі тиімді жұмыс жасауына қолайлы жағдай туғызу қажет. Сонымен қатар сергіту жаттығуларын жасап, топқа бөлу маңызы зор. Сабақта біз мынадай сергіту сәттерін жасау арқылы орындадық: математикадан «фигуралар әлемі» топқа бөлуде әр түрлі қағаздан жасалған фигуралар оқушылардың ынтасын арттырады, физикадан « тілектер лебізі» бір-біріне тілектерін білдіреді, «ойша сана, байқампаз бол» математикадан 33 санын 3 ке бөлу арқылы әр оқушы санау арқылы қолдарын шапалақтау арқылы ойлау арқылы зейінін дамытатын болса , биологиядан «шаттық шеңбері, тілектер бұрқасыны» бір-біріне тілектер білдіруі оқушыны бірнеше жақсы қасиеттерге тәрбиелейді. Тарих пәнінің мұғалімі әріптесім Мадина өз тобында атмосфералық ахуал қалай туғызғаны жайлы айтып кетті. «Балаға күштеп білім бергеннен көрі баланың білімге деген құштарлық ояту-ең бастысы болып саналады » деп К.Д Ушинский айтқандай сыныпта мынадай әдістермен атмосфера қалыптастыруға болады: тілек айтуға «күншуақ» , «менің көршім» , ой сергітуге «молекула, атом», топқа бөлу үшін «аспан, ауа, жер, толқын» топқа бөлу оқушылардың қызығушылығын оятады. Бастауыш сынып мұғалімі Нұргүл әріптесім « көбінде адамдар көтермелеп пікір білдіреді. Ол күшті болуы мүмкін. Көптеген адамдар өздеріне айтылған сөздердің өз-өзіне деген сеніміне әсер ете отырып, өз естерінде ұзақ сақтайды. Жағымды пікірлер өзіндік тиімділік арттырды» деп айтып айтып өтті. Математика пәнінің мұғалімі әріптесім Назгүл өз сабақтарында «Мен саған сенемін» әдісінде су толы ыдысты төкпей бір-біріне ұсынуы және оны төгіп алмай келесі көршісіне ұсыну, оның сенімін жоғалтып алмау оқушыларды ынтымақтастыққа шақырады. Сол сияқты «Үрленген шарға тілек жазу» әдісі бір-біріне шар сыртына тілек жазып бір-біріне беруі тағы да оқушының сыныптағы жақсы ахуалын қалыптастыру. « Күн, жұлдыз, гүл,» сияқты суреттер арқылы топқа бөліну бастауыш сыныпта жақсы көңіл-күйді көтереді. Атмосфералық ахуал тудыруда оқушынының өзін «еркін ұстау» деген мағынаны тренер былай ашып көрсетті: « әр оқушы жалпы әр адам өз жүрегін тыңдау, өз денесін тыңдау болады. Бұл оқушының өз білгенімен сыныпта отыру дегенді білдірмейді. Онда оқушы еркін отыруды интеллектіге бағыттау керек» деп айтып өтті. Сонымен қорыта келгенде сыныпта дұрыс білім алуы үшін сабақтың бастапқы кезеңінде жағымды психологиялық ахуал орнату қажет болып саналады. Ол оқушыны өзара сйыластық пен сенімге жетелейді. Ол оқушылардың сабақ оқуға деген ынтасын көтереді, жауапкершілігін арттырып, тиімді жұмыс істеуінің бастамасы болады. Мұғалімге арналған нұсқаулықтағы 33 бетте жазылғандай: «Егер білім игеруді бастау нүктесі қолайсыз таңдалынып алынса, онда тіпті ең жақсы оқушылардың өздеріне де алған білімдерін есте сақтау қиындық тудырады» деп ойымды қорытындылаймын.

© 2010-2022