«Көктем аруы-2014» сайысы

Қызылордаоблысы, Шиелі ауданы ЖШС «Думан» ясли-балабақшасының әдіскері СапароваАйгүл Тақырыбы: «Көктем Аруы 2014Мақсаты:Білімділік: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдікталғамын қалыптастыру. «Қазақ қызы» деген атқа лайық ойы әсем,тәні әсем, ісі әсем болып қалыптасуына баулу.Дамытушылық: оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін,эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.Тәрбиелілік: көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге, әдептілікке,мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.Көрнекілік: үн...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы ЖШС «Думан» ясли-балабақшасының әдіскері Сапарова Айгүл

Тақырыбы: «Көктем Аруы 2014
Мақсаты:Білімділік: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру. «Қазақ қызы» деген атқа лайық ойы әсем, тәні әсем, ісі әсем болып қалыптасуына баулу.

Дамытушылық: оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.

Тәрбиелілік: көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: үнтаспа, нақыл сөздер, сұрақ салынған киіз үй.

Ұйымдастыру бөлімі.
Армысыздар, құрметті әріптестер, аяулы ата-аналар, көрікті қыздар. Бүгін сіздер балабақшамыздағы бүлдіршін қыздарымыздың, асыға күткен «Көктем Аруы 2014» сайысын тамашалауға келіп отырсыздар! Қош келдіңіздер! Емен жарқын болайық. Көңіл сарайларыңыз ашылсын, күлкілеріңізден інжу-маржан шашылсын!


Қазақ қызы - тамсандырған талайды,
Тоғжан болып ғашық қылған Абайды.
Қазақ қызы күлкісі күн, тілі бал,
Ай секілді асқақ ару арайлы
!, -дегендей, қыздарға арнап жыр жазбаған ақын жоқ, ән шығармаған сазгер жоқ. Қызыл гүл, қарақат көз, қиғаш қас, алма мойын - бұлардың барлығы біздің әсем қыздарымызға арналған теңеулер. Ендеше байқауға қатысатын қыздарды ортаға шақырайық.
5 сайыскер.


1) Гүлназ қыз өнерлі

Бойға жиған өнерді.


2) Қарақат қыз білімді
Меңгерген бар ілімді


3) Інжу қыз елгезек
Алады тез тіліңді.


4) Жанель тұр үлбіреп
Көз жанары мөлдіреп


5) Меруерт қыз шығады
Бұрымдары желбіреп.



Жүргізуші: Әділдікпен баға берер аруға
Әділдікпен қара қылды жаруға
Алқасын қазылардың біз сайлайық
Ақ аруды талдап бүгін алуға -

деп бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасын сайлайық.

:
........................


Тәрбиеші: Алдымен байқау шарттарымен таныстырайын. Байқау 7 бөлімнен тұрады.

1 таныстыру

2 сұрақ-жауап

3 оюды ою сайысы

4 құрт жаю, қамыр жаю

5 өз өнерін көрсету (ән немесе би)

6 киім үлгісі ( ұлттық киім, бальный, спортивный)

7 үй тапсырмасы ( өз қолдарымен жасалған түрлі қалдықтарды құрастыра отырып сәндік үлгісін көрсетеді.)


І - бөлім: «Өзін таныстыру»- деп аталады.

Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.

Баурап алар бірақ ауыз сәлемі

Қазақ қызы - әдепті де әдемі
Қазақ қызы - ақылына көркі сай
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.

-дей отырып байқауымыздың бірінші бөлімі «Өзін таныстыру» бойынша аруларымыз өздерін таныстырады.

2 - бөлім. Білім және дәстүр сайысы
Шарты: Билеттегі сұрақтарға кішкентай аруларымыз жауап береді.

1 қазақтардың ұлттық мерекелерін ата(22 наурыз, конституция күні, құрбан айт, тәуелсіздік күні, президент күні, 7 май , біріккен ұлттар күні)

2 наурыз көженің құрамы( май,ет, тұз, сүт, жүгері ,бидай, сұлы, күріш)

3 қазақтың ұлттық киімдерін ата(сәукеле, қамзол, тақия, қамажай көйлек, мәсі,шашбау)

4 ұлттық ойындарды ата(алтыбақан, асық,күрес,қыз қуу, ақсүйек,теңге алу,көкпар,бәйге)

5 киіз үй жабдықтары(кереге, шаңырақ, есік ,уық,киіз,

6 төрт түлік малды ата(төлдері, пайдасы)

7 ұлттық тағамдар және сусындар(айран, бешпармақ,қымыз,қымыран,наурыз көже,шұбат,қуырдақ,қазы-қарта,жал-жая)


3 - бөлім. Оюды ою сайысы. Шарты : оюды ойып ,жапсыру.
4 - бөлім: құрт жаю,қамыр жаю..

5-бөлім: өз өнерін көрсету (ән немесе би )

Жүргізуші:
Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал,сайысқа
Өнер көрсет,құрбылармен жарыс та.

(Қыздарымыз ортаға шығып кезектесіп өз-өнерлерін көрсетеді)

Гүлназ(би «Ерке қыз»)

Қарақат («Ассаламалейкум» әні)

Інжу («Қолшатыр» биі

Анель «Ана туралы жыр» әні

Меруерт (ән «Балапан»)


6-бөлім: киім үлгісін көрсету :ұлттық киім, бальный, спорттық киім.

Қазақ қызы - тамсандырған талайды,
Тоғжан болып ғашық қылған Абайды.
Қазақ қызы күлкісі күн, тілі бал,
Ай секілді асқақ ару арайлы -
деп сән үлгісін көрсетуге аруларымызды

ортаға шақырамыз.

7 бөлім. «Үй тапсырмасы» - деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз үй тапсырмасын орындап, өз қолдарымен жасалған түрлі қалдықтарды құрастыра отырып сәндік үлгісін көрсетеді.


Жүргізуші:

Өнеріміз сайыста,

Жетелейді алысқа.

Бүгінгі күннің жеңісі,

Достық болып қалуда.

-дей келе қорытынды сөзді әділқазыларға беріледі

мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

© 2010-2022