Разработка по казахской литературе «Қаздар қайтып барады»

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұғалімі: Ыбыраева Құралай Дүйсенбекқызы

Cабақтың тақырыбы: «Қаздар қайтып барады»

Сабақтың мақсаты: Білімділік: жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы шығарманың мазмұны, тақырыбы мен идеясын ашу;

Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойларын нақты, дәл жеткізе білуге, позициясын қорғай білуге дағдыландыру, сөйлеу тіліне, сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу, дүниетанымын кеңейту, пәнаралық байланыс арқылы пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру;

Тәрбиелік: туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін ояту, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

Сабақтың типі: жаңа білімді өз беттерімен меңгерту сабағы.

Сабақтың түрі: дәстүрден тыс интерактивті, кіріктірілген сабақ.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, топтық жұмыс, сұрақ -жауап, проблемалық сұрақтар, сын тұрғысынан ойлау.

Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, слайд, портрет, плакаттар, түрлі -түсті қалам, әдеби көркем шығармалар жинағы, таратпалы карточкалар.

Техникалық құралдар: компьютер, бейнетаспа, үнтаспа, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, география.

Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты бес топқа бөлу.

  2. Үй тапсырмасын пысықтау.

Жаңа сабаққа көшу.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Балалар, біз бүгін әдебиетімізді өзіндік қолтаңбасы бар жазушы, тарихи шығармалардың шебері Қабдеш Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады» әңгімесімен танысамыз.

Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы Шығыс Түркістанда (Қытай Халық Республикасы) дүниеге келген.1965 жылы Қазақ ұлттық университетінің филология бөлімін тәмамдаған. «Қаздар қайтып барады» әңгімесімен - ақ қазақ әдебиетіне талантты қаламгер келгенін дәлелдеді. Бірнеше әңгіме, хикаяттары, «Атамекен», «Соңғы көш» романдары жарық көрді. «Тағдыр» атты романы үшін жазушы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. «Қабдеш - тілге аса бай және әр сөздің сиқырлы бояуын жан -тәнімен нәзік сезінетін жазушы». 2006 жылы жазушының 70 жасқа толған мерейтойы атап өтілді.

  • Балалар, сендердің ойларыңша қаздар қайда қайтуы мүмкін?

(Интерактивті тақтаға балалар өз ойларын ассоциация әдісімен жазып шығады.)

І. Ассоциация

ұясына

көлге

Разработка по казахской литературе «Қаздар қайтып барады»Разработка по казахской литературе «Қаздар қайтып барады»Разработка по казахской литературе «Қаздар қайтып барады»

суық жаққа

балапанына

жылы жаққа

туған жерінеРазработка по казахской литературе «Қаздар қайтып барады»Разработка по казахской литературе «Қаздар қайтып барады»Разработка по казахской литературе «Қаздар қайтып барады»Разработка по казахской литературе «Қаздар қайтып барады»

мекенінеРазработка по казахской литературе «Қаздар қайтып барады»



  • Дұрыс, олай болса біз шығарманың өзімен танысып көрейік.

ІІ. Әңгіменің мазмұнымен танысу.

( Бес топ оқушылар белгілі уақыт аралығында оқулықтағы әңгіменің мазмұнымен танысады)

ІІІ. Оқығандары жөнінде топта отырып бір - бірімен бөліседі.

ІV. Әр топ оқығандары бойынша суретін салады.

V. Әңгімені салған суреттері бойынша баяндап береді.

VI. Проблемалық сұрақ қою.

  1. Байтас қарт қайда сапар шегіп келеді?

  2. Оның бөтен елге баруының себебі неде, не үшін барған деп ойлайсыңдар? (Оқушылар өз ойларын айтып шығады.)

- Балалар, сол дауылды жылдардағы тарихи жағдайға көңіл аударайық. Сол кездегітарихи оқиғалар жайында тарих пәнінің ұстазы Жадыра Әнуарбекқызы баяндап берсін.

  1. Жазушының өмірі мен әңгіменің арасында қандай байланыс бар?

(Әңгіменің идеясын ашу.)

4. Байтас қарт неге шекараны бұзып өтті?

5. Қабдеш аға тарихи отанына қай жылы оралған еді?

6. Жазушы, Байтас қарт, қаздың арасында қандай ұқсастық бар?

Топпен жұмыс

І топ. Әңгімені оқығанда немесе тыңдағанда ойларыңда не сақталып қалды? Сақталған жерлерін мәтіннен тауып оқыңдар. (Кітаппен жұмыс)

ІІ топ. Жазушы осы әңгімесі арқылы не айтқысы келді? Әңгіменің маңыздылығы неде? Туған жер топырағын аттаған қарттың сезімі, сағынышы, қуанышы қалай суреттелген? (Әңгіменің тақырыбын ашу. Туған жер жайында ой толғау.)

ІІІ топ. Байтас қартқа мінездеме беріңдер. Оның мінезінен қандай ерекшеліктерді байқадыңдар?

Шығарманың аты

Авторы

Кейіпкері

Іс - әрекеті

Адами қасиеті

«Қаздар қайтып барады»

Қабдеш Жұмаділов

Байтас қарт

Жолға шықты, қасқырмен алысты, туған жерге асықты, шаршады, қажыды, отбасынан айырылды, немересін бақты, шекарадан асты, туған жеріне жетті.

Қайсар, қажырлы, төзімді, туған еліне деген сағынышы басым, рухы биік, адал жан.

ІV топ. Әңгіменің басты кейіпкері Байтас қарт арманына жетті деп ойлайсыңда ма?Дәлелдеңдер.(Оқушылардың пікірі былайша өрбіді )

Жетті

Жеткен жоқ

Байтас қарт қырық жыл бойы күткен арманына жетті.Ата-бабасы қалған, кіндік қаны тамған жеріне, өз үйіне келіп шамалы болса да ұйықтап, демін алды."Енді өліп кетсем де арманым жоқ" деді.

Байтас қарт жеткен жоқ . Себебі жат жерде оның жақын адамдары қалды . Өзі туған еліне келгенмен, бір өзі қалай өмір сүрмекші? Оның үстіне артынан ит жетектеген шекарашылар түскен жоқ па?

V топ. Шығарманы құрылысына қарай талдаңдар.Әңгімеде кездесетін жер-су, тау аттарын теріп жазыңдар. (Оқушылардың жауабы былайша түзілді)

Разработка по казахской литературе «Қаздар қайтып барады»Разработка по казахской литературе «Қаздар қайтып барады»Разработка по казахской литературе «Қаздар қайтып барады»Разработка по казахской литературе «Қаздар қайтып барады» Етікші, Тарбағатай, Күгейтас, Тентек- Халдай, Айнабұлақ, Арғанаты, Көкшілік, Нұра.



Разработка по казахской литературе «Қаздар қайтып барады»

ОРазработка по казахской литературе «Қаздар қайтып барады»Разработка по казахской литературе «Қаздар қайтып барады»Разработка по казахской литературе «Қаздар қайтып барады»Разработка по казахской литературе «Қаздар қайтып барады»қиғаның шешімі Шарықтау шегі


Басталуы Байланысты Оқиғаның дамуы

Сөздікпен жұмыс: қозыкөш жер-... ұшқат-... мойыл-... зәузат-...

Сұрақ- жауап.

- Әңгіменің " Қаздар қайтып барады " деп аталу себебін қалай түсіндіресіңдер?

(Сабақтың басындағы ассоциациялық аймаққа қайта оралы).

Қортынды. Байтас қартты қырық жылдан кейін шекара астыртып, жолда көрген қиыншылықтарына төзе отырып алып келген бір-ақ нәрсе, ол - туған жерге деген сүйіспеншілік, туған жердің топырағы.

Қасиеті сіңген туған жерін жат елде жүріп бір сәт те ұмыта алмай туған жерге оралған қандастарымыз қаншама! Мұртаза Бұлытай, Майра Мұхамедқызы, Шұғыла Сапарғали қызы сынды қандастарымыз. Туған еліне келіп еңбек етуде.

Тағдыр талайымен кезінде тарыдай шашыраған қазақтарымыз дүние жүзінің 55 елінде өмір сүріп жатыр екен. Назарымызды соған аударып көрейік.


Ресейде 740 000

АҚШ -та 14 000

Разработка по казахской литературе «Қаздар қайтып барады»Разработка по казахской литературе «Қаздар қайтып барады»Разработка по казахской литературе «Қаздар қайтып барады»

Разработка по казахской литературе «Қаздар қайтып барады»

Моңғолияда 100 000

Қырғызстанда 45 000

Қытайда 1 500 000

Ауғанстанда 30 000Разработка по казахской литературе «Қаздар қайтып барады»Разработка по казахской литературе «Қаздар қайтып барады»Разработка по казахской литературе «Қаздар қайтып барады»Разработка по казахской литературе «Қаздар қайтып барады»

Тәжікстанда 10 000

Украинада 15 000

Түркияда 25 000

Өзбекстанда 1 550 000

Иранда 12 000Разработка по казахской литературе «Қаздар қайтып барады»Разработка по казахской литературе «Қаздар қайтып барады»Разработка по казахской литературе «Қаздар қайтып барады»Разработка по казахской литературе «Қаздар қайтып барады»

- Балалар «Өзге елде сұлтан болғанша,өз елінде ұлтан бол» демекші өз туған жеріміз өзімізге ыстық. Қай жерде, қай елде, тіпті гүл жайнаған бөтен елде жүрсең де бәрібір саған туған жерің қымбат. Себебі туған жерің - сенің кіндік қаның тамған жер, ата - бабаң ғұмыр кешкен жер, ағайын - туыс, достарың жүрген жер, тарихи Отаның. Сондықтан туған жердің қадірін біліп, өз Отанына қалтқысыз еңбек ету әрбір азаматтың борышы. Бүгінгі сабағымыздың ұраны «Әркімнің туған жері - Мысыр шаһары» болып қалсын!

Бағалау.

Үйге тапсырма: «Отаным десем ойыма.....» деген тақырыпта шығарма жазып келу.

© 2010-2022