Әбіш Кекілбаев Шыңырау

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әбіш Кекілбаев «Шыңырау» 6 «А» сынып
Әңгіменің композициялық құрылымы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Әңгіме мазмұнын меңгеру, әңгіменің композициялық құрылымына талдау жасау, әңгіме кестесін құрғызу
Тәрбиелік: Әңгіме мазмұны арқылы оқушыларды еңбексүйгіштікке, табандылыққа, қиындыққа төзуге үйрету тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушыларға шығармашылық талдау жасатып, өз ойларын пікірлерін жеткізе, дәлелдей білуін, әдеби тілін, ойын дамыту.
Сабақтың типі: Пысықтау сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Ауызша тіл дамыту, сұрақ - жауап, әңгіме кестесін құру, әңгіме композициясына талдау
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылармен амандасу түгендеу
Сынып тазалығына мән беру
Б) Оқушылардың көңіл - күйіне назар аудару
Психологилық дайындық
- Бүгінгі сабақ
- Оқу, білу салауат
- Бүгінгі мақсат
- Ұғыну, ұғу ұлағат
- Бүгінгі тәрбие
- Отанға деген махаббат

ІІ Үй тапсырмасын сұрау
Үйге Ә. Кекілбаевтың «Шыңырау» әңгімесін оқып келуге берілген болатын. Оқушылар әңгіме мазмұнын баяндайды.
Қосымша сұрақтар
- Байсал бай Еңсепке қай жерден құдық қазуға өтініш жасады?
Ала қырдың үстінде, тастау жүлгенің терістігінен
- Олар шеген тастарды қайдан әкелуші еді?
Үш күндік жердегі құлама өрнектен
- Тастарды кесуге Еңсепке кім көмектесті?
Інісі Теңсел
- Шыңырау түбінде Еңсеп қандай жағдайға тап болды?
- Ол неге қуанды?
- Ата кәсібі құдық қазу болған қараш руының адамдарының ауыр еңбегінің елге тигізер пайдасы қандай?
- Еңсептің ерен еңбегі елге қандай пайда тигізді?
Сергіту сәті
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ,
Екеуін қоссақ он саусақ.
ІІІ. Шығармашылық талдау жасау


1. Әңгіме кестесін құру
Р/с ------- Тақырыбы ------ Идеясы ------ Қорытынды ------ Кейіпкерлері
2. Шығарма құрылымына талдау жасау (композициялық құрылымына талдау жасау)
Басталуы Еңсепке Байсал байдың өтініші
Байланысуы: Еңсептің құдық қазуына кірісуі
Шарықтау шегі: Құдықтың тереңдей түсуі
Шиеленісуі: Еңсептің басы тасқа соғылып үні тек өзіне естілуі
Қорытынды: «Еңсеп өлген атанған шыңырау»
ІІІ. Мәтінмен жұмыс
- Қандай тастардың түрлері аталады?
(шеген тастар, сұр тас, қылауытқан тас, тастақ тал, сандық тас, сар кемік тас, тоқаш тастар, көк тас, қиыршық тас, шығар тастар)
ҮІІ Бағалау
Мадақтау әдісі бойынша бағалау
ҮІІІ Үйге тапсырма



© 2010-2022