Тарих пәнінен мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Тарих пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың әдіс-тәсілдері»

«№1 Предгорное орта мектебі» КММ

тарих және қоғамтану пәні мұғалімі

Аубакирова Назгуль Уалихановна

Тақырыптың өзектілігі: Еліміздің орта білім саласына енгізіліп жатқан жаңа реформа білімнің берілу сауаттылығы ғана емес, мемлекетіміздің әлемдік деңгейдегі бәсекелестікте алатын орнына да қатысты. Бүгінгі білім саласындағы талап әлемдік озық үлгідегі білім беретін елдермен тәжірибе алмаса отырып оқыту. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру -заман талабына сай өскелең ұрпақтың өмірге бейімділігі, халықаралық стандарт деңгейінде сапалы білім мен тәрбие алуының негізгі құралы. Негізгісі оқушыларды мектеп бітіргеннен кейін өмірге бейім етіп, алған білімін өмірде кез келген жағдайда, қажетті жерде оңтайлы қолдана алатын тұлға ретінде оқыту болып отыр.

Мақсаты: Тарих және қоғамтану сабақтарында оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру тетіктерін зерделеу арқылы оқытудың озық технологияларын тиімді пайдаланып, сапалы білім беру, өмірге бейім тұлға қалыптастыру. Сын тұрғысынан ойлауды дамытуды тарих пәнін оқытуда қолдану және ол арқылы оқушы білімін тереңдетіп, оқушының сабақты шығармашылық ізденіспен меңгеруіне септігін тигізетіндігін дәлелдеу.

Міндеттері:

  • Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау;

  • Оқушылардың білім сапасын арттыру үшін қолданылатын жаңаша әдіс-тәсілдерді меңгеру, игеру.

  • Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын қолдану арқылы оқушылардың өз бетінше ізденудің тиімді жолдарын анықтау.

Зерттеу нысаны: Тарих сабағын меңгертудің ұтымды әдістемесін ұсыну. Сын тұрғысынан ойлауды дамытуды тарих пәнін оқытуда қолдану арқылы оқытудың тиімді амалдарын көрсету.

Зерттеу пәні: Мектепте тарих сабақтарында сын тұрғысынан ойлауды қолдану арқылы тарихты меңгерту.

Таңдалған зерттеу әдістері: Тарих пәні бойынша сыныптағы оқыту процесін бақылау, алдыңғы қатарлы үлгілі ұстаздардың озат іс-тәжірибелерін жинақтау, талдау, салыстыру, қорыту педагогикалық эксперимент жүргізу және оның нәтижесін сұрыптау, диагностика жасау.

Зерттеудің тәжірибедегі маңыздылығы: Жұмыста ұсынылған амал- тәсілдерді орта және жоғарғы сыныптарда тарихи салаларын меңгертуде қолдануға болады. Оқушылардың білім деңгейін көтеруге, жаңа тақырыпты тез меңгеруге мүмкіндік береді.

Кіріспе.

Елбасы Н.Ә Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында білім беру ұйымдары жастарға жалаң білім беріп қана қоймай алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында пайдалана алуды үйретуі керек екендігін баса айтып, үкіметке оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың бес жылға арналған Ұлттық шаралар жоспарын дайындау жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Осы тапсырманың негізінде маусым айында Үкіметтің 25 маусым 2012 жылы №832 қаулысымен бекітілген «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» қабылданды. Ұлттық жоспардың мақсаты-Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау болып белгіленген.

Функционалдық сауаттылық дегеніміз-адамдардың әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі, заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген функционалдық сауаттылықтың мақсаты -оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету. «Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60 жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен зерттеушілердің қолдауына енді. Ол адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдыларының жиынтығынан құралады.

Болашақ азамат өз ұлтының асыл мұрасымен сусындау арқылы туған халқының тарихымен, мәдениетімен жете танысып, білімін кеңейтеді. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде тарих пәнінің алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін таныту, оларға идеялық-саяси, рухани -адамгершілік, этикалық-эстетикалық тәрбие беру, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыру тарих пәнінің басты міндеті болып табылады.

Көбінде балалар бұрын алған білімін өмірде қолдана алмайды; талдау жасап, содан нәтиже шығаруды білмейді; берген мәліметті жинақтай алмайды; сабақ мақсаттарын анықтап, сол мақсатқа жету жолын таба алмайды. Сабақ барысында оқушылардың аз сөйлеп, өз ойын нақты жеткізе алмауы осының барлығы үлкен проблема болып табылады. Яғни оқушыларда функционалдық сауаттылық дағдылары қалыптаспаған.

Осы мәселені шешу үшін білім берудің сапасын жақсарту мақсатында Сын тұрғысынан ойлау технологиясын өз сабақтарымда қолданып жүрмін. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы жұмыс жасағанда оқушылар өз алдына қойған сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесіп, талдау жасап отырады. Сын тұрғысынан ойлау мәселесіне байланысты оқушылар өз пікірін еркін сөйлеу арқылы айтуға, ойын жеткізуге, оны дәлелдей алуға, сонымен қатар қасындағы оқушы пікірін де тыңдауға, сол пікірлерді салыстыруға, қасындағы досына құрметпен қарауға, зер салып тыңдауға, топпен жұмыс істеуге жетелейді, оқушылардың қызығушылығын оятады, барлық ескі ақпаратты басшылыққа ала отырып, мол ақпараттар ағынынан өзіне қажеттісін таңдап алады, мәселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланады, сын тұрғысынан ойлай отырып, өзіндік белсенділіктің болуы да білімге құлшынысты, жаңалықты ашуға, ізденуге, қиындыққа төзуге уйретеді. Технология бойынша әр сабақ үш кезеңнен тұрады.

1-кезең: «Қызығушылықты ояту». Бұл үйрену үрдісі. Оқушының бұрыңғы білетіні мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Сондықтан да сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Бұнда ойды қозғау, ояту арқылы әсер ету жүзеге асады. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты -оқушының белсенділігін, ынта-жігерін арттыру. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады. Жұбымен, тобымен талқылайды.

2-кезең: «Мағынаны тану». Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетінше жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқу стратегиялары бар. Соның бірі INSERT кестесі. Ол бойынша оқу тақырыбымен, мысалы 6 сыныпта «Сақтар тарихы» тақырыбымен танысу барысында,

Ү-білемін;

-- білмеймін;

+- мен үшін жаңалық;

?- мені таң қалдырды;

белгілерін қоя отырып, мәтінді оқу тапсырылады. Оқушылар білетіндерін анықтап, 5 сыныпта өткенді естеріне түсіреді, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді.

3-кезең: «Ой толғаныс». Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Бұл кезеңде оқушыларға «Тарихи диктант», «Венн диаграммасы», «Даталар сөйлейді» т.б осы сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне қарай лайықты қолданылады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы қолданылған сабақтың нәтижесі төмендегідей болады.

Мұғалімнің мақсаты:

Сабақтың нәтижелілігі:

1. Оқушыға жаңа сабақты өз бетінше меңгерту.

1. Қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау.

2. Топпен жұмыс жасауға үйрету.

2. Қарым- қатынас жасауды үйренуі.

3Бір-бірін шынайы бағалауға тәрбиелеу

3. Басқаларды тыңдай білуі.

4. Сабақтың тәрбиелік әсерін жеткізу.

4. Белсенділігінің артуы

5. Өз көзқарасын қалыптастыру.

5. Өз ойын тұжырымдай білуі.

ХХІ ғасырдың жан-жақты, зерделі, дарынды, талантты адамдарды қалыптастыруда білім беру мәселесі, оның оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар қойылуда. Соған орай ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және әрекетке дайын қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Тұлға құзіреттілігін дамыту -ұстаздың құзіретті тәсілдерді меңгертуі, білім беру мазмұнын жетілдіру. Ол үшін баланы субъект ретінде қарап, оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу керек. Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы жүзеге асады. Жоғарыда айтып кеткендей мұғалім-бағыт беруші, ұйымдастырушы. Осы мақсатта мен өз сабағымда Блум таксономиясын да қолдануға тырысамын. Себебі Блум таксономиясы бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесі арқылы оқушылардың білім деңгейлерін жетілдіріп, шығармашылық деңгейге жетуді ұсынады.

Мақсаттар жүйесі

Оқушылардың когнитивтік іс - әрекеті

Білу

Оқушы меңгеретін және берілетін білім негіздері

Түсіну

Оқушы білімді қабылдайды, түсінеді, түсіндіреді.

Қолдану

Алған білімді қолданады

Талдау

Білімді жай қабылдамайды, талдайды, саралайды, салыстырады

Жинақтау

Алған білімнен жаңа өнім жасап шығарады.

Бағалау(сыни өзіндік пікір)

Өз пікірін білдіреді, сынайды, жоққа шығарады, не мақұлдамайды.

Біліктілігі

Оқушы іс-әрекеті

Білу

Тәуке хан. Кімнің баласы, қай жылдары билік етті? «Жеті Жарғы» деген не?

Түсіну

Сызбаға Тәуке хан жайлы білгенінді жаз. Берілген мәтінді түсініп оқы.

Қолдану

Мәтін бойынша тапсырмаларды орындау. (Топпен жұмыс)

Тәуке хан тұсындағы ішкі-сыртқы жағдай қандай болды? Тәукенің «Жеті Жарғы» заңы бойынша ханның құқығы қандай болды? «Жеті Жарғы» заңы мен ҚР Конституциясын салыстыр

Талдау

Сөздікпен жұмыс: «хандық кеңес», «жарғы» т.б

Жинақтауы

Тәуке ханның сүреті бойынша әңгімелеу. Постер қорғау

Бағалауы

Шағын эссе жаз

Қайталау сабақтарында оқушылардың өткен тақырыпты толық меңгергенін білу үшін оқушыларды баяндаушы-сынаушы (критик)-талдаушы (аналитик)-сұрақ құрастырушы деп бөліп тапсырмалар беремін. Оқушылар өздері талдап, өздері бір-бірін бағалауға мүмкіндік алады.

Баяндаушы-әңгімені мазмұндайды;

Сынаушы- баяндаушының жіберілген қателерін айтады;

Талдаушы- баяндаушының жақсы жақтарын айтатып, қорғап шығуы керек;

Сұрақ құрастырушы-сұрақтар даярлайды.

Функционалдық сауаттылықтың тағы бір тетігі ретінде қосымша білім мен мектептен тыс сабақтармен қамтуды жатқызуға болады. Басты назар ғылыми-зерттеу жобаларына, шығармашылық жұмыстарға, дебат сайыстарына аударылады. Мектепте дебат клубын құрып, оның мүшелері мен президентін, жылдық жұмыс жоспарын бекітіп, жүйелі жұмыстың арқасында шығармашылық табыстарға жетуге болады. Оқушылар 6-10 сыныптар аралығында дебат сайыстарына қызығушылықпен қатысады. Дебат клубы өз жұмысын аудандық сайыстарда көрсетіп келеді. Дебат сайыстарына қатысу арқылы оқушылар бір-бірімен қарым-қатынас мүмкіндігіне ие болады, яғни ой, сөз, іс бостандығына жол беріледі. Өзіндік пікір қалыптасады, шығармашылық жұмыстармен айналысады, тарихи білімге синтез жасай алады, сөйлеу мәдениеті артады, өз бетінше ізденеді, зерттеу жұмысын жүргізеді. Оқушының шығармашылық белсенділігі артады. Дебат сайыстарына қатысуға оқу үлгерімі төмен оқушылар да ниет білдіреді. Олардың тіл байлығы жетіліп, тарих пәніне деген қызығушылығы артқанын байқадым.

Қорыта айтқанда тарих сабағында өзім қолданып жүрген оқыту технологиясын қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:

-Оқушыларға еркін ойлауға мумкіндік береді;

- Сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;

- Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;

-Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастыруға көмектеседі;

- Тіл байлығын дамытады;

- Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;

- Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді;

- Өз бетімен білім алатын, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.

Елбасы Н.Ә Назарбаевтың «Біздің міндетіміз-бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу» -деген ойын басшылыққа ала отырып жаңа заман форматындағы құзіретті тұлғаны тәрбиелеу ұстаз міндеті деп есептеймін.

Тұлғаның бейімділігін, қажеттілігін қанағаттандыруды, қызығушылығын, қабілетінің дамуын ескере отырып, функционалдық сауаттылығына қол жеткізуді қамтамасыз етіп, жан-жақты дамыған, мектепте алған білімін өмір бойы пайдалана алатын тұлға өсіру-білім беру мамандарына жүктелген үлкен міндет деп түсінгеніміз жөн.

















Қолданылған әдебиеттер тізімі



  1. Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» akorda.kz.

  2. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.

  3. ҚР Білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы

  4. Селевко Г.К Современные образовательные технологии: Учеб.М:. 1997

  5. С. Қожагелдиева, Н. Нұртазаева.Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі. Бастауыш мектеп, 2009ж №4

  6. Әбдіғұлова Б.К. Қазақстан тарихын оқытуда оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру жолдары. Алматы, 2000.

  7. Бұзаубаева К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Алматы, 2004.

  8. Интернет жүйесі.




10


© 2010-2022