4 сынып Жылы жүрек – жақсы тілек ашық сабақ

Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Өзін-өзі тану

Сыныбы: 4

Сабақтың тақырыбы: Жылы жүрек - жақсы тілек

Мақсаты: балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;

Міндеттері:

  • жақсы тілек, ізеттілік, ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыру;

  • қайырымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

  • мейірімділікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу;

Көрнекіліктері: проектор арқылы презентациялар, дәптер, оқулық, глобус, көгершіндер, гүлдер мен күн суреттері.

Шаттық шеңбері

Мұғалім балаларға шеңбер айналасында жылы лебіздерін білдіруді ұсынады:

  • Балалар, бәріміз ортаға шығып, «шаттық шеңберін» құрайық. Әрбіріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтеріңкі көңілмен, күлімдеген көзбен, жымиған езумен жеткізейік:

  • Сен нағыз доссың; сен ең әдемі қызсың; сен өте мейірімдісің; сен өте ұқыптысың; сен еңбекқорсың т.б. осындай сөздерді оқушылар бір-біріне кезекпен айтып шығады.

  • Жарайсыңдар, балалар! Әрбіріңнің достарыңа деген жылы лебіздеріңді естіп, қатты қуанып тұрмын.

4 сынып Жылы жүрек – жақсы тілек ашық сабақ

Тыныштық сәті

Оқушыларға өз жүректерінің жылулығын сезіндіру мақсатында тыныштық сәті ұйымдастырылады. Мұғалім оны орындау жолын айтып өтеді.

  • Әрқайсысымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей жақсы тілектер тілейік.

Ризашылық әні орындалады.

Оқулықпен жұмыс. Әңгімелеу

Адамның мейірімділігі оның жылы жүрегі мен жақсы ойларынан танылатындығын түсіндіру мақсатында әңгімелеу жұмысы ұйымдастырылады.

Мұғалім әңгімелеп береді.

Түрік жазушысы Енгін Көсеоғлұ

Аударған Сәуле Доғайқызы

Неше мен Айша

Бар екен де жоқ екен.Ертедебір патшаның Неше,Айша есімді қыздары болыпты.Патша қыздарын жақсы көріп,қолынан келгенше олардың бір дегенін екі етпейді екен.Неше мен Айша өсе келе мінездері өзгере бастапты.Неше қаншалықты көңілді болса,Айша соншалықты көңілсіз болыпты.Әр нәрсені,өзіне дерт етіп жылап: «Мені ешкім жақсы көрмейді.Барлығыңыз Нешені жақсы көресіздер» деп мұңын шағады екен.ПатшаАйшаның бұл мінезінен айырылу үшін,жан-жақты ақылды адамдарды шақырып ақыл сұрапты.Бірақ Айшаны ешкім күлдіре алмапты.Соңында патша сарайдағыларға: «Бұдан бұлай Айша мен Нешеге бірдей қарайтын болыңдар» деп әмір беріпті.Патшаның бұл бұйрығына кім қарсы келсін? Сарайдағылардың бәрі патшаның айтқанын орындапты. Бірақ бұл Айшаны бақытты етіп,аз болса да күлдіре алмапты.

Бір күні білімді бір адам сарайға қонаққа келіпті.Патшаның қайғылы түрін көріп,себебін сұрапты.Патша: «Е... сұрама.Күлмейтінбір қызым бар.Дертін ешкім білмейді».Саяхатшы: «Патшам, рұқсат етсеңіз, бір ай сарайыңызға қонақ болайын. Мүмкін қызыңыздың көңілсіз болуының себебін табармын».

Патша қуаныпты. Сол күннен бастап саяхатшы Неше мен Айшаны жасырын аңди бастапты. Қараса, екеуі де жатпай тұрып, жастықтарының астынан бір дәптер шығарып, бір нәрселер жазып, таңертең жазғандарын оқып тұрады екен. Саяхатшы бір түні Неше мен Айша ұйықтағаннан кейін дәптерлерін алып оқыпты. Неше өзіне жасаған жақсылықтарды жазса, Айша өзіне жасалған әділетсіздіктерді жазыпты.

Ертеңіне саяхатшы Нешеден рұқсат сұрап алып, дәптерін Айшаның жастығының астына қойыпты. Таң атысымен Айша жастықтың астынан дәптерді алып оқыпты. Сарайдағылар екеуіне де бірдей қарағандықтан Айша жазылғандарды жатырқамапты. Өзіне жасалған жақсылықтарды есіне түсірісімен жүзі күліп, қуанғаннан ән сала бастапты.

Патша Айшаның ән салғанын естіп, өз құлағына өзі сенбепті.Бірден саяхатшыны шақырып қалайжүзеге асырғанын сұрапты.Саятшы: «Патшам-депті,-өмір-айна сияқты. Оның жақсыжақтарын ойласақ, бізге әдемі көрінер.Айша, өмірінің жаман жақтарын ойлағаны үшін бақытсыз болған». Патша Айшаны шақыртып, оған бұдан кейін дәптеріне тек жақсы жақтарын жазуын, жамандықтарын ұмытуына ақыл-кеңес беріпті.

Сол күннен бастап Айша да Неше сияқты мейірімді, бақытты болыпты.

Балалардың пікірлерін білу үшін сұрақтар қойылады.

  1. Айшаның көңілсіз, Нешенің көңілді жүруінің себебі неде?

  2. Нешенің күнделігінде қандай сөздер болды?

  3. Айшаныңкүнделігінде қандай сөздер болды?

  4. «Өмір-айна» дегендіқалай түсінесіңдер?

  5. Сендер кімдердің жақсы жақтарын еске түсіресіңдер?

  6. Сол сәтте қандай сезімге бөленесіңдер?

4 сынып Жылы жүрек – жақсы тілек ашық сабақ

Дәйексөз

Балалардың жауаптары мұғалім тарапынан дәйексөздің түсіндірілуімен түйінделеді.

Мұғалім тақтаға «Жақсы сөз - жан семіртер» деген халық мақалын жазып қояды және оның мәнін түсіндіреді:

  • Жақсы ой, жылы лебіз, жақсы тілек адамды шаттандырады, қуантады,бақытты етеді. Ауыр сөз, жағымсыз әрекеттер адамның көңілін түсіреді, мұңайтады, оны уайымға салады.

Оқушылар дәптерге жазады.

4 сынып Жылы жүрек – жақсы тілек ашық сабақ

Сергіту сәті

Балаларды барлық уақытта жақсы ойлап, жақсы тілек білдіріп жүруге дағдыландыру мақсатында сергіту сәті ұйымдастырылады. Мұғалім оны орындау жолын айтады:

  • Бәріміз орнымыздан тұрып, барша адамзатқа, айналамызға деген тілегімізді түрлі қимылдар жасай отырып, көрсетейік.

Тілек

Бейсебай Кірісбаев

Шөліркемей гүл тұрсын, (сол қолын жайып көрсетеді.)

Жерім жайнап құлпырсын,(Оң қолын жайып көрсетеді.)

Нұрын сыйлап біздерге, (Екі қолын жоғары көтереді.)

Көкте мәңгі күн тұрсын,(Екі қолын екі жаққа жаяды.)

Ортақ бізге туыстық,(Екі қолын төбесіне көтереді.)

Нұр сыйлаған күн ыстық,(Қолдарын жаяды.)

Ыстық бізге кең өлке,(Оң жаққа қарайды.)

Ыстық бізге тыныштық. (Солжаққа қарайды.)

Оқып үйренейік

«Жақсы Ата» мәтінін оқу.

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап алу.

1. Немересі атасына қандай жақсы тілек айтты?

2. Атасының немересіне деген ыстық ықыласы қалай байқалады?

3. Өздерің жылы жүрекпен жақсы тілек айтқан кездеріңді естеріңе түсіріңдер.

Ойын жаттығу

Шеңбер құрып мұғалім оқушыларға допты лақтырады, оқушы қағып алып өзінің тілегін айтып, қайта допты мұғалімге береді. Мұғалім келесі оқушыға допты береді. Ойын осылай барлық бала допты алғанша жалғасады. (сынып оқушыларының саны шағын болғанда)

Топтық жұмыс

Оқушылар екі топқа бөлініп, І-топ күннің шуағына, ІІ-топ гүлдің күлтесіне ойында айтқан тілектерін жазады, әр топтан бір оқушы оқиды.

4 сынып Жылы жүрек – жақсы тілек ашық сабақ4 сынып Жылы жүрек – жақсы тілек ашық сабақ

4 сынып Жылы жүрек – жақсы тілек ашық сабақ4 сынып Жылы жүрек – жақсы тілек ашық сабақ

Жеке жұмыс

Оқушылар мұғалім қойған сұрақтарға жеке - жеке жауап береді.

Мысалы: гүлге су құйып тұрған бала. (жақсы, жаман)

Ыдыс жуып тұрған бала; қарияны жолдан өткізіп тұрған бала; құстарға тас лақтырған бала т.б

Жүректен жүрекке4 сынып Жылы жүрек – жақсы тілек ашық сабақ

4 сынып Жылы жүрек – жақсы тілек ашық сабақ

Оқушыларға көгершіндер таратылып беріледі. Тілектерін жазып, глобусқа жапсырады.

4 сынып Жылы жүрек – жақсы тілек ашық сабақ

«Бала тілегі» әні орындалады. Сөзі: С. Молдаспанұлынікі Әні: Ф. Лұқпанованікі

Үйге тапсырма: Оқулық - бет

Дәптерге жүректен шыққан жылы лебіздерін жазу.



© 2010-2022