Конспект по самопознанию на тему Мінез адам көрсеткіші

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

Мектебі: Үстірт орта мектебі

Пәні: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Мінез-адам көрсеткіші

Сыныбы: 9 «б» сынып

Пән мұғалімі: Н.Уразниязова


Мақсаты: Оқушылардың мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету;

  • Жақсы мінез қалыптастыруға ықпал ету;

  • Адамгершілікке тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

Мұғалім оқушылармен амандасқаннан кейін олардың көңіл күйлерін көтеріп, сабақта көңілді орта құру мақсатында Қ.Нақысбековтың өлеңін оқуды ұсынады.

Қ.Нақысбеков

Өлеңді тақырыппен байланыстыру мақсатында оқушылардың назарын өлеңінің мазмұнына аударады. өлеңнің сөзі жақсы мінез-құлыққа тән қасиеттерге толы екенін оқушылар өз сөзімен айтып шығады.

Әңгімелесу

Адам өмірі - іс-әрекеттер тізбегінен, басқалардың әрекеттерін қабылдаудан және оларға деген түрлі көзқарастардан тұрады. Кез келген әрекетті дұрыс түсініп, қабылдай білу әркімнің қолынан келмейді. Алайда адамның өзін осы қабілетке баулып, тәрбиелеуге мүмкіндігі мол. Оқулықтағы «Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген сұрақтар мінез-құлықтың адамның қарым-қатынас жасауында алатын орны, адамның өз мінезін өзгерте алатындығы, оның үнемі өзіне-өзі сын көзбен қарай отырып, өзін-өзі тәрбиелеуі жөніндегі тақырып айналасында жүргізіледі.

Мәтінмен жұмыс

Жаңа сабақтың мазмұнын аша түсу үшін және адамдар арасындағы қарым-қатынаста мінез-құлықтың орнын түсіндіру мақсатында оқушыларға А.Құнанбаевтың өлеңін оқу ұсынылады.

Тапсырма

Берілген мәтінді оқып, ойыңызды ортаға салыңыз.

Оқулықта «Тапсырма» айдарымен В.А.Сухомлинскийдің өсиет сөздері берілген. Бұл өсиет сөздердің берілу мақсаты - жақсы мінез-құлық адам өмірін нәрлендіретіндігін, шынайы бақытқа қол жеткізуіне, адами қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретіндігін оқушыларға ұғындыру болып табылады.

В.А.Сухомлинский

Назар аударыңыз

Бальтаср Грасиан

Мінез сұлулығы. Жанның да өз әсемдігі бар, оның кербездігі - істелген қылықтың тартымдылығы жүректі рахатқа бөлейді. Ол жұрттың бәріне берілмеген, бұл рухтың ұлылығына байланысты. Оның алғашқы белгісі - жаратпайтын адамы туралы жақсы пікір айту. Ол әсіресе өш алуды күткен жағдайда жарқырай көрінеді: өш алу былай тұрсын, бәрі жақсылықпен бітеді - енді өш алады дегенде, кенет ақ көңілділікпен қайран қалдырады.

Тапсырма

Ұлағатты сөздерді оқып, олардың мәнін түсіндіріңіз.

Мұғалім оқушыларды мінез-құлық түрлерімен таныстыру мақсатында, ұлағатты сөздерді оқып, олардың мәнін түсіндіру арқылы адамның жағымды, жағымсыз мінез-құлықтардың мәнісін ашуды тапсырма ретінде ұсынады.

Мәтінмен жұмыс

Мұғалім «Мәтіннен қандай ой түюгеболады?», «Өмірде мінезі ауыр адамдармен қалай қарым-қатынас жасауға болады?», «Ауыр мінездің оң және кері қырлары туралы не айтар едіңіз?» деген мәтін соңындағы сұрақтарды қойып, мінез-құлықты, көңіл-күйді өзгерту әр адамның өз қолында екендігіне және өмірде кездесетін мінезі ауыр адамдармен қалай қарым-қатынас жасауға болатынына талқылау барысында бағыт беріледі.

Дән мен тас

(Ертегі)

М.Тиесов

Жаңа ақпарат

Оқушыларды оқулықта берілген: «Мінез - кісінің өзіндік бағыт-бағдарының, жан дүниесі ерекшелігінің бір сыдырғы тұрақталған, тұрлаулы белгісі. Мінез кісінің әр қырынан көрсетіп тұрады... Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасының тарихы бейнеленеді. Мінез иманды, имансыз, тәрбиелі, тәрбиесіз, бірқалыпты, бүтін, кетік, күшті, тұрақты, айқын, салмақты т.б. негізгі сапаларға бөлінеді.

Тәрбиелі мінез - көпшіл, ізетшіл, адамға қамқор, жолдастықты қадір тұту, жұртшылық пікірімен санаса білушілік, өзінің міндетін орындаудағы жауапкершілік пен адалдық қасиеттерінен тұрады.

Толық мінезді адам - рухани дүниесі бай, қажеттері мен қызығушылары, талғамы мен ой-өрісі кең адамдар.

Бірқалыпты мінезді адам құйындай ұйытқып тұрмайды және сөзі мен ісі бір», - деген Қ.Жарықбаевтың сөзін жаңа ақпарат ретінде таныстыра отырып, мұғалім жақсы мінез, адал ниет, ақ көңіл өмірінің нұрлы болуына, басқалармен тез тіл табыса білуге, сол арқылы өзін қоршаған ортамен жарқын жарастыққа, бауырмалдыққа, достыққа, тіпті бақытқа қол жеткізудің алғы шарты болатындығына назарларын аудартады.

Дәптермен жұмыс

Мұғалім оқушы дәптерінде оқушыға арналып, «Мен бүгін:» айдарымен берілген әр сабаққа арналған аффирмациялардың өзіне ұнаған біреуін таңдап алуды ұсынады.

Оны талдау немесе өз ойын білдіруді оқушының өз еркіне қалдыруға болады.

Төмендегі мәтінді оқып, өзіңіздің мінезіңіз туралы ой түйіңіз. Мінездегі міндерді түзеудің жолын белгілеп, жазыңдар.

Ғ.Мұстафин

Біреулерге мінездеме

Уәдесі көп орындауы аз. Болмашы беделін байламсыз сөзі жойып барады.

Сөзі сылдыр, ойы бұлдыр, қолды-аяққа тұрмайды құрғыр.

Күле кіреді, күңірене шығады. Досы кім, қасы кім екені белгісіз.

Дәйексөз

Мұғалім сабақты оқулықта берілген дәйексөзді талдаумен жалғастырады:

Кісіге екі дүниеде де пайдалы (нәрсе) -

Ізгі іс немесе мінезі түзулік.

Екінші - ұят, үшінші - әділдік.

Бұл үшеуі арқылы адам шын бақыт табады.

Дәптермен жұмыс

Мәтіндерді оқыңыз. Берілген тапсырмаларды орындап, ойыңызды айтып беріңіз.

Оқулықтағы берілген тапсырманы мұғалім үй жұмысы ретінде беруіне болады. Оқушылар оны үйде орындап, өз мінездерінің кемшілік, жетістігін анықтауына көмектеседі.

Жүректен жүрекке

Оқушылар осы сабақтан алған әсерлерін Ш.Мұхамеджанов-тың «Сыйластық» өлеңімен жалғастырып, мұғалім сабақты аяқтайды.

Сыйластық

Ш.Мұхамеджанов

Жүрген соң бірге қатар күнде осылай,

Мен сені көріп кеттім бір досымдай,

Сыйладың сен де мені,

Мен де сені

Келеді көңілдерге кір қосылмай.

Екеуміз бірге тойлап ғұрпын жастық,

Тамаша талай сырдың құлпын аштық,

Жүздерден әр тайғанша,

Қартайғанша, қадірін кетірмесін бұл сыйластық.



© 2010-2022