Конспект по казахскому языку на темуЖеті ата

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жеті ата

Жарияланды 5-11-2013, 00:31 Категориясы: Бастауыш сынып

Әдебиеттік оқу (3 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Жеті ата
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Оқушыларға жеті саны киелі екенін ұғындыру
2. Дамытушылық: сөздік қорын байытып, қабілеттерін арттыру
3. Тәрбиелігі: Ата - баба аруағына тәу етіп, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, шығармашылық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа назарын аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Еңбек, адамгершілік туралы мақал - мәтелдерді жатқа айту.

ІІІ. Жаңа сабақ
- Бір аптада неше күн бар?(санайық)
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі
- Барлығы жеті күн бар. Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымыз 7 санына байланысты «Жеті ата» туралы болмақ.(тақтаға күннің жадысы мен тақырыпты жазу)
Қазақ халқының дәстүрлі салт - санасында жеті атасын үйрету, атадан балаға жалғасады. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы т. б. жеті атасының нақтылы есімдерін жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады. Ал, екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Жеті атаға толмай бір - бірімен қыз алыспайды. Үшіншіден, бір атадан тараған туыстар бір - бірімен туыстық, бауырмалдылық, сыйластық та болады.
Сергіту сәті. «Қара жорға»биі
Видео ролик арқылы оқушыларды билету

ІV. Оқулықпен жұмыс: Берілген мәтінді оқушыларға оқыту

V. Сөздік жұмыс:
Ата - дедушка
Әже - бабушка
Нағашы - родственники по линии матери
Жиен - племянник, племянница по женской линии
Немере - внук
Шөбере - правнук
Туыстар - родственники

VІ. Шығармашылық жұмыс:
«Ғажайып жетілік» берілген 1 - 7 дейінгі сандардың артында сұрақ жасырылған. Сол сұрақтарға жауап беру
Мысалы: 1) 7 саны туралы не білесің?
7 ата, 7 жоқ, 7 қазына, 7 қат, 7 күн т. б.
2) Киелі санды ата
7 саны киелі т. б.

Мақал - мәтелдер

• 1. Ағайын - туыс
• 2. Алты аға бірігіп әке болмас,
• Алты жеңге бірігіп ана болмас.
• 3. Аға - бордан, іні - зордан.
• 4. Ағайын ала болса
• Ауыздағысынан айырылады.
• 5. Ағасы ақылдының ауылы азбайды, Жеңгесі шебердің тоны тозбайды.
• 6. Ағайын бір өліде, Бір тіріде керек.

VІІ. Үйге тапсырма: Жеті атасын жазып келу
VІІІ. Бағалау

Сынып сағатының тақырыбы: Жеті ата

Сабақтың мақсаты: Жеті атаны білудің парыз екенін және де оқушы бойына ұлттық құндылықтарды білуге үйрету. Оқушыларға халқымыздың ұмыт бола бастаған салт-дәстүрі, әдет ғұрпы, арғы бергі тарихы, көне мәдениеті, ескі сөздері, ырымдары мен тыйымдары, жорамалдары, жеті ата жолы туралы түсінік беріп, ұғымдарын қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, брошюралар, кітаптар.

Сабақтың барысы:

Мұғалім: - Бабалықтан тараған ұрпақ жеті атаға толды. Қазақтың жеті атаны қолдауы -өте жақсы заң. Мұны қазіргі Неке заңына кіргізу керек. Мұндай жазылмаған заң әлемде жоқ. Оңтүстік Кореяның ғалымдары дүниежүзіндегі халықтардың қанының құрамын тексеріпті. Сонда ең таза қан-қазақтың қаны деп тауыпты. Жеті атаны ұстанады екен деген. Осында қазақтың қырық үш руының қанын тексергенде, әлгі қырық үш рудың қаны бір әкенің қанындай болып шыққан. Бұл-жеті атаның қасиеті. Жеті атаны ұстайтын қазақтан өзге ел жоқ. Ұйғыр халқы немересін алады. Өзбек немересін алады. Татар мен түрікмен де немересін алады. Немере дегеніміз-туыс. Немерені алған соң адамның қаны бұзылады да, түрлі аурулар көбейеді. Нәсіл өзгереді.

2-оқушы:- «Ақылды болуға жетелейтін үш жол бар: біріншісі-тәжірибе жолы, ол-ащы жол, екіншісі -ұқсау жолы, ол-ең жеңіл жол, үшіншісі-ойлау жолы, ең-таза жол», - дейді қытайлар. Бұл айтқандарымыздың бәрі ақылды адамға ой салады, ақылсыз адамға шыбын шаққандай болмайды. Алма ағашы жемісті көп салған сайын басы төмен иіле береді. Ақылды адам да солай. Тәрбиенің басы ұл мен қыздың теңін тауып, тегін зерттеп отау құруында. Бұл жерде ата-ананың, ағайын-туыстың атқарар ролі зор.

3-оқушы:-«Үйінде бақытты адам -ең бақытты адам» дейді дана халық. Өзіңді қоршағандарды таластырмай, ұрыстырмай, нала қылмай жүргенде ғана жігітсің. Жігіттік те оңай емес. Жігіт деп онымен пікірлескенде өзіңді жігітше сезіне алатын адамды айтуға болады. «Ер жігіттің қадірін, жақын білмес жат білер» деген де мақал бар. Халқымызда бүкіл әулет ұлдан тарайтын болғандықтан, оған қаталдықпен қараған. Жігітті шешімді, парасатты, ойлы, тапқыр болуға баулып отырған. «Әкенің үлгісіздігі-балаға, баланың нашарлығы-әкеге сор» дейді. Тегіңнің нашарлығын ойласаң, арғы -бергі, туыс-нағашыларыңды қатар күйтте. Қазақты не үшін «Қарға тамырлы қазақ» дейді екен дегенге жауап іздеп таба алмадық. Қазақ халқы өз туыстарын атауды бірнеше салаға бөледі. Ата-баба туыстары, жеті ата туыстары, өз жұрты туыстары, нағашы жұрты туыстары, қайын жұрты туыстары жиен туыстары, бабалас туыстар, ұлы аталас туыстар, аталас туыстар, ұлы әкелес туыстар, әкелес туыстар, бала, немере, немерелес туыстар. Шөбере, шөберелес туыстар, шөпшек, шөпшек туыстар, немене, немене туыстар, туажат туыстар, тумайжат туыстар, жүрежат туыстар, жекжат туыстар болып бөлінеді. Бір атадан тараған ұрпақ-үрім-бұтақ, одан әулет немесе зәузат, зүрият, тек, арыс. Арыс-ру, тайпа болады.

5-оқушы: -Қазақ-мұсылман елі. Қазақ елінде ең алғашқы мұсылмандық жыл санауымыз бойынша 642 жылы басталды. Қазақтың Тәңір діні ислам діні қазақтың салт-санасы негізінде, бір-бірімен қабысып, жіктелмейтін дәрежеде үйлестіріледі. Қазақтың ұлттық салт-санасын қайшылықсыз толықтырады. Қазақта Жеті ата заңы тым ерте, тіпті қазақ қазақ болып жіктелместен бұрын бар нәрсе. «Жеті ата» заңы -биологиялық ғылым. Мұны бұзуға болмайды.

6-оқушы:- Қазақ салт-санасында жігіттің үш жұрты болады деп есептейді. Бір ата-бабадан тараған, қандас, тектес, әлі жеті атаға толмаған, өзара қыз алысуға жетпеген өз туыстары-өз жұрты болып аталады. Өзара бірін-бірі мақтайтын, өзара бірін-бірі күндейтін, өзара салыстырғыш, теңдескіш, бықсық, бұлданғыш келеді. Қалай десең де, бұл-өз жұртың. Жігіттің қайын жұрты бар. Қолының ұзын-қысқалығына қарай міншіл, күншіл, сыншыл келеді.Табашыл. Жігіт қайын жұртындағы әйелінен кіші қыздар мен ұлдарға -балдыз, үлкендеріне қайнаға, қайын апа дейді. Жігіттің нағашы жұрты бар. Жақсы болсаң сүйінетін, жаман болсаң күйінетін, жігітке ылғи тілектес болатын нағашы елі- қамқорың.

Сабақты қорытындылау.

Сынып сағатының тақырыбы: Әке көрген - оқ жонар, шеше көрген тон пішер

Сабақтың мақсаты: ата - бабамыздан ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру. Жанұя арасындағы байланыс, әкенің ұлға, шешенің қызға тәрбиесінің ықпалын айтып, балаларды бірін-бірі сыйлай білуге, қамқорлыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, мазмұнды суреттер, асық, сандық т.б

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Атам қазақ «Бала - адамның бауыр еті», «Балалы үй - базар» дейді. Өйткені, бала- өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы - бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін ұлттық тәрбиегі тікелей байланысты.Енді оқушылар осы сынып сағатымызды байқау түрінде өткізіп көрелік.

Байқау 6 бөлімнен тұрады.

  1. «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер»

(әр оқушы өзінің жеті атасын атап шығады.)

  1. «Ата мұраң - асыл қазының»

( мақал - мәтелдің жалғасын табу)

  1. «Әке көрген - оқ жонар, шеше көрген - тон пішер»

(шеберлік сайысы)

  1. «Халық тәлімі - тәрбие бастауы»

(сұрақтарға жауап беру)

  1. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»

(әр оқушы өз өнерлерін көрсету)

  1. «Сән үлгісі»

(әр оқушы аналарының қолынан жасалған киім үлгісін киіп, сән үлгісін көрсетеді)

Келесі кезекте әр бала өз әкесі мен анасынан үйренген үлгі-өнегесін ортаға салады.

Асқар таудың шыңдарына өрлер кім,

Аттанайық қиясына белдердің

Оу, халайық, көрейік біз ендеше,

Әкемізбен анамымыздан алған өнегені.

(балалар қамшы өріп, ағаштан ою ойып, қыздар кесте тігіп, тоқыма тоқып көрсетеді.)

Әдет - ғұрып, салт - дәстүрді қазақтың

Жарасымды,ұнасымды ғажап шық

Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,

Насихаттап жаңартудан қашпайық!

Қорытынды.
Мұғалім: «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей, ата-бабаларымыз ұл-қыздарын жасынан бастап сан алуан іс-әрекетпен, жауапкершілікті талап ететін еңбекпен тәрбиеленген. Ер баланы бес жасынан тай жалын тартып мінуге жарағаннан бастап, оны қолғанат деп есептеген. «Жігітке жеті өнер де аздық етеді» деп халқымыз ер баланы төрт түлік малды бағып-күтуге, жер қыртысын, өсімдік түрлерін білуге, қараңғы түндерде жұлдызды аспанға қарап бағыт-бағдарды белгілеп, қоныс-суды дәл табуға үйреткен.
Әкенің баласына ақыл айтып, жауапкершілікке жүктеп, оны бес-жиырма жасында енші беріп, жастарды өз бетімен шаруа құрып, өмір сүруге дайындаған. Аталарымыз ер жігіттен ауылдың, рудың, елдің мүддесін қорғауға әрқашан дайын болуды талап еткен. Ұлдарға көкпар тарту, бәйгеге шабу, аударыспақ, теңге алу, күрес, сайыс ойындарын үйреткен. Ерлерден садақ тарту, найзагерлік өнерді, сойыл соғуды білуді талап етіп, дайындаған.

Сынып сағатының тақырыбы: Желтоқсан- тұңғыш президент күні.

Сынып сағатының мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу; Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.

Көрнекілігі: слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет « Нұрсұлтан Назарбаев - тұңғыш президент» 1 желтоқсан -Президент күніне орай өткізілген сынып сағаты.

Біздің Президентіміз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі - машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел - ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

Қ.Аманжолов: Қазақстан дейтін менің бар елім .

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп, уанған

Бұл даланы көріп алғаш қуанған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

1-оқушы: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

2-оқушы: Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург -жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

3-оқушы: Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.

4-оқушы: Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

5-оқушы.1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

6-оқушы:1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.

7-оқушы: 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді. Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.

8-оқушы: Шаңырақ -Отан отбасынан басталады.Ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар -үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.

9-оқушы: Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған -суретші Шәкен Ниязбеков.

10-оқушы:1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы -Теңге айналымға енді. Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет, Білдім дербес елімнің үлгісі деп. Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым, Беттерінен көз тартып тұрды сурет. Теңдікті айтып тұр аты теңге деген, Құт-береке болшы бір елге келген. Өз туы, елтаңба, әнұраны бар Айтыңдаршы, енді елім кем де неден?

11-оқушы: 1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР -ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды. «Ата Заң» Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді. Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің. Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз. Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз. Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды. Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды. Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға: "Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!" Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір, Бізде 30 тамыз - Ата Заңның күні бұл. Ермек Өтетілеуұлы.

12-оқушы: Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді. Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.

13-оқушы: 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Көтереді шаңырақ Астанам асқақ, Жаңарып қалам, жасарып далам! Басыңнан серпі бодандық жүгін, Кетпейді ойдан Отандық ұғым. Арыстан жүрек, айбынды елім, Таниды сені бар әлем бүгін. Ән: "Астана - бас қала"

14-оқушы: 2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды. Егемен елім әнұраны жанарды, "Менің Қазақстаным" жер жүзіне таралды. (Әнұран айтылады)

15-оқушы: «Елбасына» Ауыр күнді артымызға тастауы - Қиын сәтте қиындықтан қашпауы. Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, Елбасымыз Нұрағаңның бастауы Туды ұстап тура жолға түсіріп, Жас Отанның өмірін де түсініп, «Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, Бір керемет жасады-ау кісілік!

16-оқушы: Елбасымыз саған мәңгі разымыз, Үлкен-кіші, ағайындар - бәріміз. «Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан, Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

17-оқушы: Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын, Елім айтқан ел көтерер жер даңқын. Президентім, елбасы, аман болғай, Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

18-оқушы: Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.

Уа, халқым, сөз қадірін білесің.

Жаңбыр жаумаса, жер жетім,

Басшысы болмаса, ел жетім.

Көсіле шабар жерім бар,

Тау көтерген елім бар.

Қол бастайтын ерім бар,

Атадан қалған сара жолым бар.

Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізге сезінеміз»

Ән: «Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)

Ән: «Жаса Қазақстан!»

Сабақ жоспары

«Бекітемін» «---»------------------------

Оқу ісінің орынбасары:------------------ Пәні-------------------------------

Күні ------------------------------

Сыныбы ------------------------

Сабақтың тақырыбы:---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Сабақтың мақсаты:----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- --------------------------------------------- -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Құрал - жабдық, көрнекіліктер :-------------------------------------------------------------------------------------------Сабақ түрі:---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------Әдіс - тәсілдері:------------------------------------------------------------------------------------------------------------------І. Сабақтың барысы: ----------------------------------------------------------------------------------------------------------Ұйымдастыру---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------Үй жұмысын сұрау-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------Жаңа сабақ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ІІІ. Тақырыпты бекіту. ------------------------------------------------------------------------------------------------------ -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ІY. Сабақты қорытындылау: ----------------------------------------------------------------------------------------------- ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------Бағалау --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Үйге тапсырма ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Үстірт орта мектебі

2015 - 2016 оқу жылы

7 «Б» сынып оқушыларының тізімі.

Аты - жөні

Туған жылы

Мекен жайы

ЖСН

1

Байсарыев Серик Отесинулы

28.07.2003

Атақозы 17

030728550934

2

Бисенов Ғалымбек Исенбаевич

7.11. 2002

Досат 106

021107550186

3

Дарханова Айгерім Базарбайқызы

21.06.2002

Құрманғазы 22

020621650203

4

Джексенбаева Улданай Юсупбайқызы

25.07. 2003

Сүйеубаев 39 «А

030725650924

5

Естуреева Жазира Турганбаевна

24.07.2003

Досат 84

030724650611

6

Жолдасбаева Нұрсая Серікқызы

9. 07. 2002

Атақозы 48

020709651418

7

Идрисова Ақжарқын Нуртайқызы

3 .04.2002

Шолтаман 84

020403650199

8

Канадилова Айдана Арстанбекқызы

28.10.2003

Шолтаман 59

031028650135

9

Килыбаева Гулдана Сакенқызы

23.04.2003

Шолтаман 95«Г»

030425650795

10

Көпейсинов Нурсолтан Сабыржанович

3. 06.2003

Шолтаман 49

030603550200

11

Қадралы Ақарыс Бейнеубайұлы

26.01.2003

Ерменбет 22

030126550199

12

Мадиева Гулжайна Байзаққызы

22.11.2002

Досат 46

021122650759

13

Максимова Салтанат Ыбраевна

29.12.2002

Досат 109

021229650186

14

Мәндібай Жарас Қайратбекұлы

24.06.2002

Шолтаман 63

020624551589

15

Питкинбаева Жанар Жамбылқызы

16.10.2002

Досат 64

021016650633

16

Рустемова Райса Максатбаевна

1 .09.2003

Шолтаман 95

030901650118

17

Рымбаев Рамазан Қаржауұлы

6.11.2003

Сүйеубаев 26

031106550491

18

Сайлаубаев Айбек Амангелдіұлы

12.01.2003

Тұрманбет 2

030112550043

19

Сайлаубаева Перизат Қазиқызы

2.09. 2002

Шолтаман 97

020902650141

20

Сапарбаева Айгерим Бактыбайқызы

17.12.2002

Тастемір 1 «Б»

021217651030

21

Серікбаева Назерке Асқарқызы

8 .07.2003

Досат 55

030708650179

22

Төлегенов Аслан Талғатұлы

5.02.2003

Шолтаман 72

030205550316

23

Төреханов Нұрбол Сейтбайұлы

20.04.2002

Құрманғазы 36

020420550482

23/14

Мектеп директоры: Ж.Оразайұлы

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: К.Идирисова

Сынып жетекшісі: А.Еңсегенова

«Ата салтым - асыл қазынам»
Мақсаты:
1.Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрлерімен сабақтастығын түсіндіру, кейбір халық әндерін, мақал-мәтелдерін үйрету.
2.Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекілігі:
Қазақ үйінің жасауы, мақал-мәтелдер, даналардан шыққан сөз, қолөнер бұйымдары, ою-өрнек түрлері.

Барысы:
«Дұшпанға қатал,
Досқа адал - халық»
Кіріспе
Мұғалім: Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет - адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт-дәстүріне орай іске асырады. Яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт-дәстүрлерін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген.

Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейтіні анық. Ананың бесік жырынан бастап, адамның жер қойнына берілгенге дейінгі өзі көріп-білген салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар барлығы да адамның дүниетанымын қалыптастыратын өмір сабақтары.
Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі бар. Салт-дәстүрдің пайда болып, қалыптасу тарихына көз жіберсек, олар халықтың әл-ауқат, тұрмыс-тіршілік болмысынан туып қалыптасатынын көреміз. Дүниеден өткен адамды жерлеудің салтын қарайтын болсақ, үнділер өте тығыз орналасқандықтан, көмуге жер жетіспейтіндіктен мәйітті өртеуі, орыстардың ағаш табытқа салуы, топырағына күрек батпайтын жерде тұратын адамдар мәйітті адам жүре қоймайтын айдалаға апарып тастайды. Қоғамдық салт - қоғадық болмыстан туындайды деген осы. Сондықтан халық дәстүрлерінің дұрыс-бұрысы бар деуге болмайды.

Халық педагогикасының тұрмыстық ереже болып, халықтың салтына айналған әдет-ғұрыптардың тәрбиелік мәні ерекше.
Халық тәрбиені балаға ана құрсағында жатқаннан бастайды. Оған куә іштегі сәбидің уақытында дүниеге келуі үшін үлкен аналар түрлі ырымдар жасайды.

1-оқушы:
Шілдехана - сәби дүниеге келген соң бір жеті бойы ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті. Қазақ елінің әр түкпірінде бұл рәсім әр қалай өтеді. Сол күні баланы шілде суына шомылдырып, сыңғырлаған тиындар салады, балаға денсаулықпен бірге байлық та тілейді. Шілдехана өткізілетін күні ана әбден сорпаланып өзінің шілде терін шығаруы тиіс.

2-оқушы:
Қырқынан шығару - бөбек дүниеге келген соң 40 күннен соң оның алғаш рет шашы мен тырнағы алынып, бесікке салу рәсімі орындалады.
40-күннің өзі ананың бой көтеріп, денсаулығы түзелген кезде болады. Жалпы осы уақыт ішінде ананың да, баланың да денсаулығы өте мықты күтімді қажет етеді. Анаға кіндік шеше көмек беруі тиіс. Бұл дастархан басына тек әйел адамдар келіп қатысады.

3-оқушы:
Есімін атау (ат қою) - бұл рәсім ұлағатты кісіге жүктеледі. Қазақ аттарының көптігі басқа халықтардан ерекшелігі. Қыз балалардың есімдері олардың көркемдігі. Ат қою «көз тимесін» деген оймен қойылады. Ат таңдалғаннан кейін баланың құлағына 3 қайтара айтылады.

4-оқушы:
Бесікке салу - бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту, шашу, жоралғыларыналып келеді, бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі. Бесікті түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді, сумен бала шыланады, ыдыстары отырғандарға таратылып беріледі. Баланың «ит көйлегі» жүгіртіледі, яғни тәтті дәм толтырылған кішкене дорба иттің мойынына көйлегімен байланады да жүгіртіледі, соңынан қуып жеткен бала дорбаға ие болады. Бесіктің түбегі орналасқан жерден кішкене бұршақ тәрізді тоқаштар өткізіліп, оны «тыштырма» деп айтады. Осы жерде жиналған аналар бесік жырларын айтады.
Бесік жырының сөздері естияр балалардың ой-қиялына жыр етіп, ананың мейір-шапағатын арттырады. Ондай отты жырларды балалар да жаттап алу керек.

5-оқушы:
Тұсау кесер - бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді. Бөбектің тұсауын ата-ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ болсын деп кілем үстімен жүргізеді.
Тұсау кесер жырлары айтылады.

... Қаз, қаз балам, қаз балам,
Қадамыңды жаз, балам
Әнекей, ақ бесік.
Әлдиіме бақ бесік.
Шүмегіңді салайын,
Сылдырмағын тағайын.
Жібек көрпе жабайын,
Бауық барқыт пүліштей
Балдақтарың күмістей,
Жабдығыңмен сыйлысың.
Жатса бөпем жайлысын,
Көсем сенен өседі
Жайлы болсын төсегі.

6-оқушы:
Баланы атқа мінгізу салты - баланың буыны бекіп, 4-6 жасқа келгенде ат үстінде өзін-өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде, атқа мінгізу салтын жасап, ат құлағында ойнайтын денсаулығы зор, мықты, шымыр жауынгер, еңбекқор, қиыншылыққа төзімді ұрпақ тәрбиелеудің бір түрі.
Балаға ер-тұрмандарын сыйлап (ашамай, жандарба, тоқым, жүген, ноқта), атқа мінгізіп той жасайды.
Бұл әрекет ер баланың ендігі азамат болуға дайындалғанының белгісі болып саналады.

Қорытынды.
Мұғалім: «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей, ата-бабаларымыз ұл-қыздарын жасынан бастап сан алуан іс-әрекетпен, жауапкершілікті талап ететін еңбекпен тәрбиеленген. Ер баланы бес жасынан тай жалын тартып мінуге жарағаннан бастап, оны қолғанат деп есептеген. «Жігітке жеті өнер де аздық етеді» деп халқымыз ер баланы төрт түлік малды бағып-күтуге, жер қыртысын, өсімдік түрлерін білуге, қараңғы түндерде жұлдызды аспанға қарап бағыт-бағдарды белгілеп, қоныс-суды дәл табуға үйреткен.

Әкенің баласына ақыл айтып, жауапкершілікке жүктеп, оны бес-жиырма жасында енші беріп, жастарды өз бетімен шаруа құрып, өмір сүруге дайындаған. Аталарымыз ер жігіттен ауылдың, рудың, елдің мүддесін қорғауға әрқашан дайын болуды талап еткен. Ұлдарға көкпар тарту, бәйгеге шабу, аударыспақ, теңге алу, күрес, сайыс ойындарын үйреткен. Ерлерден садақ тарту, найзагерлік өнерді, сойыл соғуды білуді талап етіп, дайындаған.

Жеті атасын үйрету ескіден қалған аталы сөз, бабалардың өнегесін, ерлігін, азаматтығын балаларға ұғындыру - әке міндеті болып есптелген.
«Қыз өссе - елдің көркі» дегендей, қыз баланың сырт бейнесі, киіне білуі оның ішкі мәдениетімен, тәрбиелік деңгейімен байланысты. Қыз - болашақ ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың береке құты. Қыз баланы жасынан төзімділікке, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиеленген.
Қазақ халқының салт-дәстүрі болашақтың айқын көрінісіне үлесін тигізеді. Сауатты да, салмақты, адамгершілік қасиеті мол жас ұрпақ салт-дәстүр, әдет-ғұрыппен өте тығыз байланыста.

Кері қайту

Ілмек сөздер: Ата салтым, асыл қазынам, тәрбие сағаты, салт дәстүр, әдет ғұрыптар

8 «А» сынып

Тарих және құқық мұғалімі: Нұрмагамбетова Д.М.

Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ.

Мақсаты: Оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету; зиянды заттар мен әдеттердің(ішімдік ішу, шылым шегу, дұрыс тамақтанбау) ағзаға тигізетін әсерін ұғындыру арқылы өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау сезімдерін дамыту; денсаулық сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.

Түрі: тренинг

Көрнекілігі: денсаулық жайлы мақал-мәтелдер, сюжетті суреттер т.б.

Барысы: І. Кіріспе.

ІІ. Сергіту сәті.

ІҮ. Жұмбақ шешу.

Ү. Зиянды әдет - мың бір әдет.

ҮІ. Мақал-мәтел айту.

ҮІІ. Рефлексия.

Мұғалім: - Құрметті оқушылар, ата-аналар, ұстаздар! «Денсаулық - зор байлық» деген мақал тегін айтылмаса керек. Денсаулық болса бәріде болады. Денсаулық - табиғаттың адамға сыйлаған құнсыз сыйлығы. Әйтсе де денсаулық адамға өмірлік болып берілмеген, сондықтан оны сақтау керек. Адамның денсаулық жағдайы адамның тамақтану әдетіне, кәсібіне, өмір сүру салтына, өзіне тікелей байланысты. Әр адам дені сау, күшті, сергек, бақытты болуға ұмтылады. Балалар, бүгінгі тәрбие сағатының «Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ» аталуы тегін емес екенін енді түсінген боларсыңдар (мақсатына тоқталу). «Ас - адамның арқауы» дейді халқымыз, балалар, қалай ойлайсыңдар, дұрыс тамақтанудың денсаулыққа пайдасы бар ма?

- Ал, дұрыс тамақтану дегенді қалай түсінесіңдер?

- Тамақты уақытында ішу;

- Ақ нанды мүмкіндігінше сирек жеу;

- Дастарханға тамақ ішерде ғана отыру;

- Тамақты асықпай әбден шайнап жеу;

- Тамақ мәзірі әртүрлі болуы керек;

- Суды мөлшерден тыс ішпеу керек.

- Қолды жууды ұмытпау керек.

- Жемістер мен көкөністерді жумай жемеу керек.

ІІІ. Сергіту сәті.

- Әйгілі «Қаражорға» биін билейік. Би - қозғалыс. Қозғалыс - денсаулық. Денсаулық - зор байлық.

Би «Қара жорға»

ІҮ. Жұмбақ шешу.

1. Оны күткен адамдар

Ұзақ өмір сүреді.

Қадірін білген жарандар

Байлық осы деседі. (Денсаулық)

2. Бір-бірімен дос туыс,

Тау түбінде қос қуыс. (Мұрын)

3. Жарасы жоқ сыздайды,

Өртенеді, мұздайды. (Жүрек)

4. Ертемен күнде сен

Қолыңа сүйкесең.

Кетіп кір, ласың

Тап-таза боласың.

Бұл не? (Сабын)

5. Шомылған баланы

Аймалап алады:

Сүртеді қолын да,

Сүртеді жонын да.

Бұл не? (Сүлгі)

6. Сырты жаман, іші жын,

Абыройын түсіреді кісінің. (Арақ)

7. Түтін болып кіреді,

Күркіл болып жүреді. (Темекі)

Ү. Зиянды әдет - мың бір індет.

Мұғалім: - Арақ ішіп, темекі шеккен,

Денсаулық түбіне жеткен, - деген нақыл тегін айтылмаған. Маскүнем адамдардың қоғамға тигізер пайдасынан зияны асып кетеді. Олар адамдық бейнеден кетеді. Қоғамда белгілі орны жоқ. Тұрмыс жағдай, ой-өрісі төмен жандар. Өмірі қайғылы аяқталуы мүмкін. Осы зиянды заттар туралы не ойлайсыңдар?

Оқушы: - Спиртті ішімдіктер - адам ағзасын ірітіп-шірітетін заттар.

Оқушы: - Ішімдіктердің құрамында адамға зиянды улы заттар көп болады.

Оқушы: - Бір сөзбен айтқанда, ағзаны улайды, ең соңында ішімдікке салыну өлімге әкеледі.

Мұғалім: - Темекі түтіні тартып тұрған адам ғана емес айналасындағы адамдарға да кері әсер етеді. Темекі құрамындағы негізігі зат - никотин. Осы никотин жүйке жүйесіне, ас қорыту, сондай-ақ тыныс алу және қан тамырлар жүйесіне әсер ететін ерекше «У». Темекі шегу ақырын ғана өлімге жетелейді. Дүние жүзінде жыл сайын 3 млн адам темекі кесірінен қайтыс болады. Балалар арасында да үлкендерге еліктеп темекіге әуестенушілер өте көп. Темекі шегуге әуестенетін достарыңа не айтар едіңдер?

Оқушы: - Темекі шегу - халық арасына кең тараған зиянды әдет және ол адам ағзасын іштей жейтін құрт.

Оқушы: - Әрбір тартылған темекі тартушының өмірін сегіз минутқа қысқартады екен.

Оқушы: - Темекіде смола күйе деп аталатын жабысқақ зат болады. Күнделікті темекі тартатын адамның өкпесінде 1 жылда 1 литр смола жиналады екен.

Мұғалім: - Дені сау ұрпақ - елдің ертеңгі жалғасы. Сондықтан адам ағзасын улайтын әдеттерден аулақ болыңдар. Енді денсаулық жайлы мақал-мәтелдер айтып көрейік.

ҮІ. Мақал-мәтел айту.

- Дені саудың - жаны сау.

- Денсаулық зор байлық.

- Шынықсаң шымыр боларсың.

- Ас адамның арқауы.

- Тазалық - денсаулық кепілі.

- Дана көптен шығады,

Дәрі шөптен шығады.

- Ішің ауырса, аузыңды тый.

Көзің ауырса, қолыңды тый.

- Ауырып ем іздегенше,

Ауырмаудың жолын ізде.

- Ыдысы тазаның - ырысы таза.

- Қотыр қолдан жұғады.

- Ластың досы - шыбын.

- Емнің алды - еңбек,

Еңбек бәрін жеңбек.

- Аурудың жақсысы жоқ,

Дәрінің тәттісі жоқ.

ҮІІ. Рефлексия.

- Балалар, бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?

- Денсаулық сақтау үшін немен шұғылдану керек?

- Денсаулықты әлсірететін қандай жағдайлар?

Мақсатымыз - салауатты өмір сүру,

Үлкенге ізет, кішіге көмек қылу.

Әдеттен жаман жиреніп,

Жақсыны тек үйрену, таза жүру.

Салауатты өмір салтын біздер сақтаймыз,

Жас ұландар ерініп бос жатпаймыз.

Болашақтың жарқын тұрған төріне

Дені сау ұрпақ салтанатпен аттаймыз

Тәрбие сағат тақырыбы: Елін сүйген, елі сүйген Елбасы Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларға ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың туып - өскен, оқып білім алған, еңбек жолының басталуы туралы мағлұмат беру, Елбасының еңбек жолынан үлгі алып, еліне деген патриоттық сезімдерін ояту, халқын сүюге, білімділікке тәрбиелеу. Тәрбие сағат әдісі: әңгімелеу, сұрақ - жауап Тәрбие сағат көрнекілігі: Елбасы суреттері, кітаптары, рәміздер, «Халқым аман, елім бірлікте болсын деп...», т.б. І. Ұйымдастыру кезеңі Сынып сағатының өту барысы: ІІ. Сынып сағатын Әнұранмен ашу «Мәні мен мағынасын түсіндір» сынып сағатының атын шығару Елін сүйген Елбасы (суреті) Сөйлесіп бір жүрген қай сөзіңде де халықты биік қоясын, Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың. Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндерін, Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың, - деп Тұманбай Молдағалиев жырлағандай бүгінгі "Елін сүйген Елбасы!" атты сынып сағатымыз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевқа арналады. Сынып сағатымызда президентіміздің өмір жолымен және тындырған істері, Тұңғыш Президент күні туралы әңгімелейміз. І. Өмір жолы Тұрмыс құрғанына 3 жыл өтсе де Назарбаевтар шаңырағында іңгәлаған нәресте үні естілмей қапаланады. Қазақ үшін бұдан артық қасірет бар ма? Әбіш пен Әлжан ата - баба аруағына сыйынып, Алладан бала тілеуді қош көреді. Содан екеуі Райымбек бабаның басына барып құрбан шалып, малдың етін жұртқа үлестіріп беріп, моланы 7 рет айналып шығады. Екеуі де Алладан бір ғана ұл тілейді. Құдай шын тілегенге береді деген рас екен. Сол түні Әлжан ана тамаша түс көреді. Түсінде үлкен теңіз көреді. Буырқанып, дөңбекшіп жатқан мұндай теңізді бірінші көруі. Түсуге жүрексінеді, бірақ бір күш суға қарай дедектете сүйрей жөнеледі. Әуелі су тізесінен келеді. Одан кейін беліне, мойнынан асады. Бір кезде басы көрінбей кетеді «Тұншықтым- ау» деп қорқады. Бірақ бір ғажабы еркін тыныстап келе жатады. Аяғы теңіз түбіне бір тиіп, бір тимейді. Өстіп келе жатып, теңіз түбінен мылтық тауып алады. Кәдімгі аңшының ұзын мылтығы. «Жақсы болды ғой, Әбішке апарып беріп, қуантайын» дейді де, мылтықты иығына асынып алады. Сол кезде мылтық иіліп, екі басы да жерге тиеді. Әлжан мылтықты тастамай, аршындай басып теңіздің екінші жағынан бір- ақ шыққан екен. Бұл түсін еті жақын туыстары «алла жар болсын, түсің жақсы екен, Құдай ұл береді сендерге» деп жориды. Қате айтпапты. Құдай жарылқап Назарбаевтар әулетіне Нұрсұлтандай ұл беріпті. Сөйтіп, 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы, үшқоңыр жайлауында Н. Ә. Назарбаев дүниеге келген. Балалық шағы таршылық жағдайда өткен. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсетіп, шөпшек теріп, отын жарған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алады. Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. 1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98, 7 %) жеңіске жетті. Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, егемендік алғалы бері де жиырма жылдан асты. Осы уақыт аралығында Қазақстанды барша әлем таныды, мәдениетіміз, өнеріміз, экономикамыз, білім мен ғылымымызбен өркениетті мемлекет қатарына қосылдық. Бұл- бабаларымыздан келе жатқан ұлы арман - тәуелсіздігімізді орналастыру жолындағы қиын белестерден халқын аман алып өтіп, тарих төрінен өзіндік қолтаңбасымен көрінген елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың салиқалы саясаты мен сауатты басқаруының нәтижесі. Сондықтан Біздің Елбасымыз - өзінің білім - білігімен, тәжірибесімен парасатты саясатымен түрлі этнос өкілдері кіретін халықты қазақ жерінде бірлік пен ынтымақтықта ұстап, береке тұнған құтты мекенге айналдырып, өз Отанының байлыққа кенеліп, гүлденуі үшін елімізді алға бастаған ұлы көшбасшы. Ел Парламенті қабылдаған заңға сәйкес, 1- желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті Күні - Мемлекеттік мереке ретінде белгіленді. «Қилы кезеңде» осындай көшбасшысы болған қазақ ұлты, Қазақстан халқы шын мәнінде бақытты. Елбасы күні - елдікті еңселетіп, тәуелсіздікті тұғырлы ететін күн болсын деп сынып сағатымызды аяқтаймыз. Пайдаланылған әдебиеттер 1. Қазақстан тарихы: әдістемелік журналы, 7.06.2011ж т.б 2. Сынып жетекші журналы

Дереккөзі: zharar.com/kz/shygarma/2053-president_elbasy.html#utm_source=read?Lik

Сынып сағатының тақырыбы: Желтоқсан- тұңғыш президент күні.

Сынып сағатының мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу; Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.

Көрнекілігі: слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет « Нұрсұлтан Назарбаев - тұңғыш президент» 1 желтоқсан -Президент күніне орай өткізілген сынып сағаты.

Біздің Президентіміз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі - машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел - ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

Қ.Аманжолов: Қазақстан дейтін менің бар елім .

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп, уанған

Бұл даланы көріп алғаш қуанған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

1-оқушы: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

2-оқушы: Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург -жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

3-оқушы: Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.

4-оқушы: Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

5-оқушы.1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

6-оқушы:1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.

7-оқушы: 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді. Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.

8-оқушы: Шаңырақ -Отан отбасынан басталады.Ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар -үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.

9-оқушы: Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған -суретші Шәкен Ниязбеков.

10-оқушы:1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы -Теңге айналымға енді. Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет, Білдім дербес елімнің үлгісі деп. Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым, Беттерінен көз тартып тұрды сурет. Теңдікті айтып тұр аты теңге деген, Құт-береке болшы бір елге келген. Өз туы, елтаңба, әнұраны бар Айтыңдаршы, енді елім кем де неден?

11-оқушы: 1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР -ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды. «Ата Заң» Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді. Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің. Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз. Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз. Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды. Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды. Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға: "Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!" Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір, Бізде 30 тамыз - Ата Заңның күні бұл. Ермек Өтетілеуұлы.

12-оқушы: Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді. Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.

13-оқушы: 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Көтереді шаңырақ Астанам асқақ, Жаңарып қалам, жасарып далам! Басыңнан серпі бодандық жүгін, Кетпейді ойдан Отандық ұғым. Арыстан жүрек, айбынды елім, Таниды сені бар әлем бүгін. Ән: "Астана - бас қала"

14-оқушы: 2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды. Егемен елім әнұраны жанарды, "Менің Қазақстаным" жер жүзіне таралды. (Әнұран айтылады)

15-оқушы: «Елбасына» Ауыр күнді артымызға тастауы - Қиын сәтте қиындықтан қашпауы. Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, Елбасымыз Нұрағаңның бастауы Туды ұстап тура жолға түсіріп, Жас Отанның өмірін де түсініп, «Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, Бір керемет жасады-ау кісілік!

16-оқушы: Елбасымыз саған мәңгі разымыз, Үлкен-кіші, ағайындар - бәріміз. «Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан, Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

17-оқушы: Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын, Елім айтқан ел көтерер жер даңқын. Президентім, елбасы, аман болғай, Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

18-оқушы: Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.

Уа, халқым, сөз қадірін білесің.

Жаңбыр жаумаса, жер жетім,

Басшысы болмаса, ел жетім.

Көсіле шабар жерім бар,

Тау көтерген елім бар.

Қол бастайтын ерім бар,

Атадан қалған сара жолым бар.

Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізге сезінеміз»

Ән: «Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)

Ән: «Жаса Қазақстан!»

1-Желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент Күні

Опубликовано Ноябрь 30, 2012 автором kaznmu

2012 жылдың 29 қарашасында сағат 12.00-де с.ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің Мәншүк Мәметова атындағы 1-дәрісханасында «философия және әлеуметтану» және «Қазақстан тарихы және саясаттану» модульдері тарапынан ұйымдастырылған «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті» күніне арналған студенттік конференция өтті. Конференцияға «философия және әлеуметтану» мен «қазақстан тарихы және саясаттану» модулдерінің меңгерушілері ф.ғ.к., доцент Бисембаева З.У. және Рсалдина Ғ.Т., сонымен қатар модуль оқытушылары Тулентаева К.Ә., Бисембаева Р.И., Баженов Р.А., Нагайбаева З.А., Рыскиева А.А., Жолдыбаева С.Ә., Исаева М.И., Жолдыбаева С.Ә., Абразакова Н.А., Анасова К.Т., Илгидаева С.М., Жусупова К.Н., Тәуекелова Т.Б., Таттібек Н.М. қатысты. Конференцияға қонақ ретінде Қазақ Түрік Сулеймен Демирел атындағы университетінің ректор кеңесшісі т.ғ.д., профессор Мұхтархан Оразбай қатысып, Түркиядан Қазақстанға келген 20 жыл уақыттағы елбасымыз Н.Ә. Назарбаев бастамасымен істеген нақты жұмыстарға өте жоғары баға беріп, аталған мейраммен студенттерді құттықтады.

Конференцияны «философия және әлеуметтану» модулдерінің меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Бисембаева Зинагул Убайдайқызы алғысөзінде бұл іс-шараның студенттер тарапынан тұңғыш рет өткізіліп отырғандығын айтып конференцияны ашық деп жариялады. Одан әрі «Қазақстан тарихы және саясаттану» модулінің меңгерушісі Рсалдина Ғанижамал Төлейқызы өзі сөзінде Республиканың түкпір-түкпірінде Президенттік оқулардың өтіп жатқаны белгілі, біздің бүгінгі өткізіп отырған конференциямыз сол шаралардың сабақтастығы деп баяндады.

Конференцияда студенттер ҚР тұңғыш Президентінің өмірбаяны, қызмет жолдары, ҚР саясатындағы реформалары және оның оң нәтижелері, әлемдік қауымдастықтағы Қазақстанның тәуелсіздік жылдардағы алатын орны, Елбасының ҚР халқына жыл сайынғы Жолдауларының маңызы туралы студенттер тарапынан баяндалды.

Көнференцияда студенттердің жеке шығармашылығынан Елбасымызға деген ыстық ықыластарын жүрек жарды өлеңдерімен білдірді.

Конференция барысында студенттер Ұлт көшбасшысы туралы жан жақты мағлұматтармен таныса отырып, Қазақстан халқына және дүние жүзілік дамудағы үлесін, әсіресе жастарға деген қамқорлығына көз жеткізді.

Поисковые слова::

Сынып сағатының тақырыбы: Әке көрген - оқ жонар, шеше көрген тон пішер

Сабақтың мақсаты: ата - бабамыздан ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру. Жанұя арасындағы байланыс, әкенің ұлға, шешенің қызға тәрбиесінің ықпалын айтып, балаларды бірін-бірі сыйлай білуге, қамқорлыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, мазмұнды суреттер, асық, сандық т.б

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Атам қазақ «Бала - адамның бауыр еті», «Балалы үй - базар» дейді. Өйткені, бала- өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы - бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін ұлттық тәрбиегі тікелей байланысты.Енді оқушылар осы сынып сағатымызды байқау түрінде өткізіп көрелік.

Байқау 6 бөлімнен тұрады.

  1. «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер»

(әр оқушы өзінің жеті атасын атап шығады.)

  1. «Ата мұраң - асыл қазының»

( мақал - мәтелдің жалғасын табу)

  1. «Әке көрген - оқ жонар, шеше көрген - тон пішер»

(шеберлік сайысы)

  1. «Халық тәлімі - тәрбие бастауы»

(сұрақтарға жауап беру)

  1. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»

(әр оқушы өз өнерлерін көрсету)

  1. «Сән үлгісі»

(әр оқушы аналарының қолынан жасалған киім үлгісін киіп, сән үлгісін көрсетеді)

Келесі кезекте әр бала өз әкесі мен анасынан үйренген үлгі-өнегесін ортаға салады.

Асқар таудың шыңдарына өрлер кім,

Аттанайық қиясына белдердің

Оу, халайық, көрейік біз ендеше,

Әкемізбен анамымыздан алған өнегені.

(балалар қамшы өріп, ағаштан ою ойып, қыздар кесте тігіп, тоқыма тоқып көрсетеді.)

Әдет - ғұрып, салт - дәстүрді қазақтың

Жарасымды,ұнасымды ғажап шық

Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,

Насихаттап жаңартудан қашпайық!

Қорытынды.
Мұғалім: «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей, ата-бабаларымыз ұл-қыздарын жасынан бастап сан алуан іс-әрекетпен, жауапкершілікті талап ететін еңбекпен тәрбиеленген. Ер баланы бес жасынан тай жалын тартып мінуге жарағаннан бастап, оны қолғанат деп есептеген. «Жігітке жеті өнер де аздық етеді» деп халқымыз ер баланы төрт түлік малды бағып-күтуге, жер қыртысын, өсімдік түрлерін білуге, қараңғы түндерде жұлдызды аспанға қарап бағыт-бағдарды белгілеп, қоныс-суды дәл табуға үйреткен.
Әкенің баласына ақыл айтып, жауапкершілікке жүктеп, оны бес-жиырма жасында енші беріп, жастарды өз бетімен шаруа құрып, өмір сүруге дайындаған. Аталарымыз ер жігіттен ауылдың, рудың, елдің мүддесін қорғауға әрқашан дайын болуды талап еткен. Ұлдарға көкпар тарту, бәйгеге шабу, аударыспақ, теңге алу, күрес, сайыс ойындарын үйреткен. Ерлерден садақ тарту, найзагерлік өнерді, сойыл соғуды білуді талап етіп, дайындаған.

Құрметті ата - аналар сайысымызды бастамас бұрын тілек ағашына жылы жүректен шыққан тілектерімізді жапырақтарға жазып, ағашқа ілейік.

Кері кету есігін біз ашпайық,

Отбасында біз ұранды тастайық

Ең бірінші кезегіміз - танысу

Ал, кәнекей, сайысымызды бастайық

І кезең. «Жеті атасын білген ер,

Жеті жұрттың қамын жер»

Әр отбасы өзін - өзі таныстырады

ІІ кезең. «Ата мұраң - асыл қазынаң»

Әр отбасы тақтада ілулі тұрған шарды жару арқылы, ішіндегі мақал - мәтелдің жалғасын табу.

Ойын: Аналар өздерінің балаларын көздерін жұмып, сипау арқылы тауып беру

ІІІ кезең. «Әке көрген - оқ жонар, шеше көрген - тон пішер»

Асқар таудың шыңдарына өрлер кім,

Аттанайық қиясына белдердің

Оу, халайық, көрейік біз ендеше,

Үлгі берер әкелер мен шешелердің сайысын

(Әкелер қамшы өріп, аналар ою ояды)

Әр отбасының өздерінің қол өнерлерінің көрсетіп, таныстырады.

ІV кезең «Халық тәлімі - тәрбие бастауы»

(сұрақтарға жауап беру)

Әдет - ғұрып, салт - дәстүрді қазақтың

Жарасымды,ұнасымды ғажап шық

Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,

Насихаттап жаңартудан қашпайық!

Әкелер асық иіріп, аналар сұрақтарға жауап береді.

V кезең «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда »

Ат өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай

Ер өнері білінбес

Қоян қолтық алыспай

Әр отбасы өз өнерлерін ортаға салады.

Ойын: «Кім жылдам?»

Әкелер картоптың қабығын үзбей аршып беру.

VІ кезең «Сән үлгісі»

Жарайсыңдар барлығың да өренім,

Асты бір төселсінші кемелің

Ырза болып, біздер қане көрелік

Тамашалап бөбектердің сән үлгісін

Аналар балаларына арнап тіктірген киім үлгілерін кигізіп сән үлгісін көрсетеді.

Білімнің мініп алып тұлпарына,

Қиналмай шықтым бүгін шыңдарына

Отбасы сайысы аяқталды

Сөз кезегі әділқазы алқасында -

деп, қорытынды сөзді әділқазыларға береміз

Әділқазылар қорытындысын шығарып, жеңімпаздар «Алғыс хатпен» марапатталды.

Аяқтау

Осымен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ

Үйрендік білмегенді осы жерден

Тағы да үйренерміз аман болсақ

Жеңістеріңіз құтты болсын! Сау - саламатта болыңыздар! Алтын уақыттарыңызды қиып, қатысқандарыңызға көп - көп рахмет!

Әкелеріміз мына сандық ішінен асық алу арқылы реттік сандарын алады.

Байқаудың шарттарымен таныс болаңыздар

Байқау 6 бөлімнен тұрады.

«Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер»

( әр топ өзін таныстырады)

«Ата мұраң - асыл қазының»

( мақал - мәтелдің жалғасын табу)

«Әке көрген - оқ жонар, шеше көрген - тон пішер»

(шеберлік сайысы)

(Әкелер қамшы өріп, аналар ою ояды)

«Халық тәлімі - тәрбие бастауы»

(сұрақтарға жауап беру)

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»

(әр отбасы өз өнерлерін көрсету)

«Сән үлгісі»

(әр отбасы балалары сән үлгісін көрсетеді)

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылы
№8 «Қызғалдақ» балабақшасының тәрбиешісі
Мектепова Жазира
Тақырыбы: «Әке көрген - оқ жонар, шеше көрген тон пішер»
Мақсаты: ата - бабамыздан ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие
туралы түсінік беру. Жанұя арасындағы байланыс, әкенің ұлға, шешенің
қызға тәрбиесінің ықпалын айтып, балаларды бірін - бірі сыйлай білуге,
қамқорлыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Түрі: отбасылық сайыс
Көрнекілігі: қанатты сөздер, мазмұнды суреттер, асық, сандық т.б
І. Кіріспе
Құрметті ұстаздар, ата - аналар, қонақтар. Бүгінгі «Балапан» тобы ата - аналарының «Әке көрген - оқ жонар, шеше көрген - тон пішер» атты отбасылық сайысына қош келдіңіздер!
Атам қазақ «Бала - адамның бауыр еті», «Балалы үй - базар» дейді. Өйткені, бала- өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы - бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін ұлттық тәрбиегі тікелей байланысты.
Отаға бүгінгі сайысымыздың құрметті қонақтарын шақырамыз.
«Балдырған» отбасылық топ
«Бәйшешек» отбасылық топ
«Раушан» отбасылық топ

Әр жанұя иесі сайыста бағын сынамақ
Салт дәстүрді меңгеріп, сайыс тобын құрамақ
Әділқазы алқасы, өнерлерін көріңіз
Үлкен сенім іздерге, әділ үкім беріңіз- деп,
бүгінгі сайысты әділ бағалайтын, қазылар алқасымен танысайық
Балабақша әдіскері: Г. Исаева
Психолог: Б. Әбілқасымов
Тәрбиеші: С. Елеусінова

© 2010-2022