• Преподавателю
  • Другое
  • Стихи про наркомания «Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ тарапынан жарияланған сайысқа» Достарым, жамандыққа жоламаңдар!

Стихи про наркомания «Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ тарапынан жарияланған сайысқа» Достарым, жамандыққа жоламаңдар!

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Қармақшы аудандық білім бөлімінің» «№277 орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

















«Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ тарапынан жарияланған сайысқа»

Достарым, жамандыққа жоламаңдар!













10 «А» сынып оқушысы

Абдрахманова Айман

Жетекшісі: Абдикалиева Г.С.




«Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ тарапынан жарияланған сайысқа»

Достарым, жамандыққа жоламаңдар!

Аздырған бұл нашақорлық сананы,
Жек көрсетіп жақын-жолдас,ағаны.
Өзің үшін,жоламағын,сыйласаң,
Жарық өмір сыйға берген ананы.

Ойында ағалардың-шылым қою,
Қиын-ақ бұл індеттің күшін жою.
Өкпеде не боп жатыр,беймәлім ғой,
Айқыш-ұйқыш шығар-ау небір ою.

Өсе келе қарадым айналама,
Достарым бөлінгендей тең екіге:
Біреуі білім алып,талаптанса,
Біреуі құрбан боп жүр темекіге.

Құмарлық-құрбандыққа апарар хақ,
Денсаулық-байлығыңа түсіріп дақ.
Біреулер көше кезіп бүлінуде,
Біреулер зор алғысқа бөленуде.

Айтшы, досым,не пайда таптың енді,
Есірткі, темекіге әуес болып.
Жассың ғой, спортпенен шұғылданып,
Кез емес пе жүретін допты қуып?

Өміріңді қысқартып бара жатсың,
Үңіліп ертеңіңе қарамадың.
Темекі мен араққа мас болам деп,
Анаңың жүрегін де жараладың.

Жыл өте, кім боласың, не көресің?
Ұрпаққа еріп келген не бересің?
Өзіңді елестетсең, көрмейсің ғой,
Ата қып, жетектеген немересін.

Өкінесің, сен әлі келешекте,
Уакытыңның өткені-ай, тектен-текке.
Ойлану- өкінуге апарады,
Бұл өмір берілмейді екі ретке!

Ойға алып, есірткіні жерігесің,
Осылайша сан ойға берілесің.
Мүмкін сен түсінбедің өмір мәнін
Мүмкін ерте ауысты сенің есің.

Ата-бабаң қалап па осы жайды?
Айтар сөз, берер ақыл таусылмайды.
Қазіргі ермегіңе есің кетпей
Ойға сал, таразыла, ертең жайлы!

Достарым, жамандыққа жоламаңдар!
Жетісіп жүр деймісің жолағандар?!
Келешек ұрпақтары азат елдің
Тек қана өрге қарай домалаңдар!

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Байқоңыр қаласы

Абдрахманова Айман Болатқызы

Туылған жылы: 21 қаңтар 2000 жыл

Мекен жайы: Байқоңыр қаласы, 6 мөлтек аудан, 31 үй, 41 пәтер

Телефоны: 87715432857

Оқу орнының атауы: «Қармақшы аудандық білім бөлімінің» «№277 орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Сайыскердің сыныбы: 10 «А»



МЕН ӨМІРДІ ҚАЛАЙМЫН!

Мен өмірді сүйемін... Өйткені өмір адамға бір-ақ рет беріледі. Осы дүниеге әкелген әкем мен анама мың алғыс. Өмір сыйлаған ата-анамды кішкене ғұмырымда қуантуға асығамын. Өмірді қазақ ағып жатқан өзенге теңейді ғой.

Өмір - өзен ағып жатыр, тынбайды,
Өмір болмас қасіретсіз, мұң қайғы... Өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей шексіз ағып жатады. Осы өзен ағынында кейбір жандар өз арнасын тауып жатса, енді біреулері өз жолын таба алмай жатады. Өмірді адал, кіршіксіз сүру өз қолымызда. Өмірдегі адам ағзасына жат әдеттерге мойын бұрмай, салауатты өмір салтын қолдап өмір сүру керек. Өмірдегі адамдар бір-бірінің қадірін біліп, сыйлап, үлкенге ізет, кішіге қамқор, қайырымды, мейірімді болуы керек. Өмірдің, жақын бауырларымыздың, жан достарымыздың құндылығын сезінуіміз керек. Өмір деген - Алланың берген сыйы. Сол сыйды қадірлеп, қастерлеп, адам деген атқа лайық сүруге міндеттіміз.



© 2010-2022