Бб дыбысы мен әрпі

Бб дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты: 1.     Б дыбысының әріптік таңбалануын, айтылуы мен жазылуын таныстыру. Басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, дұрыс буынға бөлуге үйрету. Сөздерді дұрыс оқи білуге дағдыландыру; 2.     Танымдық қабілеті мен қызығушылығын арттыру; 3.     Ұқыптылыққа, таза, әдемі жазуға, дұрыс оқуға тәрбиелеу. Түрі: аралас сабақ Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру Көрнекілігі: әліппе оқулығы, суреттер, кеспе әріптер, үнтаспа Сабақтың барысы 1.     Ұйым...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жалпы білім беретін Жамбыл негізгі мектебі









Тақырыбы:

Бб дыбысы

мен әрпі

(1-сынып)













Өткізген: Б.Б.Тұяқова

2013-2014 оқу жылы





Бб дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

  1. Б дыбысының әріптік таңбалануын, айтылуы мен жазылуын таныстыру. Басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, дұрыс буынға бөлуге үйрету. Сөздерді дұрыс оқи білуге дағдыландыру;

  2. Танымдық қабілеті мен қызығушылығын арттыру;

  3. Ұқыптылыққа, таза, әдемі жазуға, дұрыс оқуға тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: әліппе оқулығы, суреттер, кеспе әріптер, үнтаспа

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, оқу құралдарын түгендеу

  2. Өткен сабақты пысықтау

  • Балалар, біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

  • Е дыбысымен

  • Е дыбысы қандай дыбыс?

  1. Жаңа сабақ

1 слайд.

  • Балалар, біз қай елде тұрамыз?

  • Қазақстанның астанасы қай қала?

  • Астанада не бар?

  • Бәйтерекке шыққыларың келе ме?

  • Балалар, бәйтерек сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?

  • Олай болса біздің бүгінгі жаңа дыбысымыз «Бб» дыбысымен танысамыз

Бб дыбысын дыбыстатып айтқызу

  • Оны дыбыстың қай түріне жатқызамыз, неліктен?

Көк ұяшыққа б әрпін салу. Б- еріннің бір-біріне нық тиіп, артынша кілт ашылуынан пайда болатын қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыс

2 слайд. Балапан, бақа, бота, бөрік сөздеріне дыбыстық, буындық талдау жасау. Б әрпі сөздің қай жерінде тұр?

Бб дыбысы сөздің басында, ортасында және орыс тілінен енген клуб, штаб деген сөздерде ғана сөздің аяғында келеді.

Клуб - түрлі-түрлі ойын сауық кештері өтетін мәдени орын

Штаб - әскери ұйымдарға басшылық беретін жер

Б дыбысына байланысты сөздер айтқызу.

Оқулықпен жұмыс. 3 слайд. Суретте не көріп тұрғанын сұрап, бақа, бақбақ, балық сөздеріне сөйлем құрау

Бақа, бақа, бақ-бақ

Сеніп жүрсем мақтап

Бетің неге сатпақ?

Бақа,бақа, бақ-бақ

Жүру үшін мақтап

Болу керек аппақ

4 слайд.Тақтадан сөздерді оқыту

  1. Хормен оқиды

  2. Жекелеп оқиды

Түсінбеген сөздермен жұмыс

Баба - үлкен кісі, ата-бабаларымыз

Бата - ас қайыру, үлкен тойларда айтылады.

Сергіту сәті

Дәптермен жұмыс

Бб әрпін таныту

«Буыннан сөз құра» ойынын ойнату

Қорытынды

  • Қандай дыбыспен таныстық?

  • Б дыбысы қандай дыбыс?

  • Б дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

  • Балалар, біз бәйтерекке де жеттік

  • Ал, бәйтеректің басында не бар

  • Балалар, біз де өз қолтаңбамызды қалдырайық

  • Ендеше балалар, сендер де осы Нұрсұлтан атамыздай елімізді көркейтетін ел азаматы боп өсіңдер, - деп тілек тілеймін

Үйге тапсырма. Бағандағы сөздерді оқу



© 2010-2022