Әдебиет сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мамедярова Р.М.

«№23ЖББОМ», Қарағанды қаласы


ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

......Н.Ә.Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім беру ұйымдары жастарға жалаң білім беріп қана қоймай, алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында пайдалана алуды үйретуі керек екендігін баса айтты.

......Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтері белсенді қатысуына, сондай - ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда, - делінген мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарында.

.....Функционалдық сауаттылық - адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші.

.....Шығыстың ұлы ойшылы Әл - Фарабидің «Ұстаз тарапынан барынша ынталылық пен табандылық қажет. Өйткені ұстаз жұрт айтқандай, тамшысымен тас тесетін бейнебір су тәрізді» деген теңеулері бүгінгі күнде де өз мәнін жойған жоқ.Ұстаз алдында тұрған міндет өте үлкен жауапкершілікті талап етеді.

.....Жалпы, қай әдеби жанрда жазылған шығармаларды талдамасын, мұғалім сабақ өткелі отырған тақырыпқа, сынып ерекшелігіне назар аударып, сабақ түрлерін үйлестіруде әдіс - тәсілдерді, көрнекіліктердің тиімді дегендерін сұрыптап ала білу керек./2.104б./

.....Әдебиет сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясын қолдану өте тиімді. «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» - шыңдалған ойлау. Оқушы өз ойын сын тұрғысынан ойлап, дәлелдейді. Ой - өрісін кеңейтеді, еркін ойлай отырып, өз ізденісімен қызығушылық танытып, шығармашылық қабілеттері ұшталады. Сабақтың қызығушылықты ояту кезеңінде «Мысал туралы не білесіңдер?» деп ой тастау арқылы оқушыны жан - жақты ойлануға, ізденуге, өз ойларын ашық айтуға жетелейміз. Сыныпта тәртіп, сыйластық, ұйымшылдық салтанат құрып, оқушылар тақырып бойынша ең негізгіні түсініп, топта «Мысал» бойынша кластерге өз ойларын түсіреді.

Әдебиет сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

.....Спикер жауабы тыңдалады.

.....Сабақтың «Мағынаны тану» кезеңінде өткен материалмен байланыстыра отырып, оқушылардың жаңа материалды өздігінен меңгерулері жүзеге асады. .....Мұғалім мысал жанры, оның өзіндік ерекшелігі туралы, әдеби - теориялық ұғымнан бағдар беріп, толықтыра кетеді. Яғни, мысалда ойдың ашық, айқын берілмейтіні, меңзеумен, астармен берілетіні, мысқыл, әжуә, сын, кекесін т.б. оның негізгі көркемдік тәсілі екендігін оқушыларға әңгімелеу, баяндау әдісімен жеткізген дұрыс. Мысалдарды оқу, талдау барысында бұл түсініктерге қайта оралып, осы ұғымдарды өздеріне түйіндетіп отыру, талдау белсенділіктерін арттырады. /3.110/

.....Ахмет Байтұрсынов бұрынғы ескі - ертегі, хикая үлгілері емес, жаңа өлеңдік форма - мысал арқылы И.А.Крылов мысалын аударып, ұлттық төл туынды жасады. Ендеше, өлеңге анықтама береміз. (Өлең - ырғаққа негізделген, синтаксистік біткен бір ойды білдіретін шумақ жолдарында буын, бунақтары дәл қайталанып, ол аяқтары ұйқасқа құрылған көркем шығарманың бір түрі.) .....Талдау әдісі арқылы өз бетінше жұмыс жасауға жетелейміз. Оқушылар өлеңнің бір шумағын құрлысына қарай талдап, өлеңдік формамен бас бунағы 3 буынды, 3 бунақты, 4 тармақты, 4 шумақты, 11 буынды, қара өлең ұйқасына жазылғандығын дәлелдеді. Мысалы:

3 4 4

/ Жүк алды // шаян, шортан // аққу бір күн,/ А 11б

3 4 4

/ Жегіліп // тартты үшеуі // дүркін - дүркін./ А 11б

3 4 4

/ Тартады // аққу көкке, // шаян кейін,/ Ә 11б

3 4 4

/ Жұлқиды // суға қарай // шортан шіркін./ А 11 б

«Екі түсіндірмелі күнделік» әдісімен оқушылар сөздік жұмыс орындайды.

Машақат - адам басына түсетін бейнет, азап, қиыншылық.

Ғибрат - тәлім - тәрбиелік, өнегелік мәні бар нақыл сөз.

Аллегория - ойды жан - жануарлар бейнесі арқылы беру, тұспалдау.

Сұрақ - жауап әдісі арқылы оқушыларды пікірлесуге, әңгімеге жұмылдырамыз.

- Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанрына ден қоюының мәні не?

- «Аққу, шортан, һәм шаян» мысалында автор көтерген мәселе.

-Ахмет Байтұрсынов неге аққуды, шортанды, шаянды алған? - Аққу, шортан, шаян туралы не білесіңдер?

Оқушы жауабы: аққу - мойны ұзын, ақ қауырсынды, үлкен ақ құс, нәзіктік, тазалық, сымбаттылық, әдемілік бейнесі.

Шортан - тұрқы ұзын, басы сопақша келген, аузы үлкен, жыртқыш балық.

Шаян - өрмекші тәрізді көп аяқты, денесі бунақ - бунақ улы жәндік.

-Осы кейіпкерлер арқылы қандай адамдарды қөз алдарыңа келтіресіңдер?

-Қай кейіпкерден адам бойында кездесетін жігерсіздік, намыссыздық, жауапсыздық, қастық жасау, сараңдық, алауыздық, күншілдік, көре алмаушылық, жалқаулық т.б. келеңсіз мінездер көрінеді?(иә; жоқ; дәлелдейді)

-«Аққу, шортан, шаянда» мысал жанрына тән мысқыл, әжуә, өткір сын, келемеж кездесе ме? (иә; жоқ; дәлелдейді)

-Ең соңғы шумақтың мазмұнына ой жүгіртейікші.

-Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,

-Әуелі бірлік керек болса жолдас.

«Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,

Істеген ынтымақсыз ісің оңбас,» - деп қорытындылайды.

-Осы қорытындыға келісесіңдер ме? (иә; жоқ; дәлелдейді)

-Автор болсаңдар осы мысалды қалай өзгертіп, қалай жазар едіңдер?

.....Спикер жауабы: Егер біздің арамызда жүкті үш жаққа тартатын алауыздық байқалса, өткір сынап, жігерсіздігін, жауапсыздығын бетіне басып, шенейміз де, бірлікке, ынтымаққа, ауызбіршілдікке, татулыққа, ұйымшылдыққа шақырамыз.

.....Ендеше, «Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей, ынтымақсыз істеген ісің оңбас» деп Ахмет атаның авторлық қорытындысы халық мақал - мәтелдерімен, афоризмдермен «Бірлік болмай тірлік болмас», «Саусақ бірікпей ине ілікпейді», «Бірлеспеген білек әлсіз», «Бірлік жоқ болса ұйым жоқ, ұйым жоқ болса күйің жоқ», «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», «Ырыс алды ынтымақ», «Ынтымақ қайда барасың десе, бірлікке барамын деген екен», «Тірліктің күші бірлікте», «Сен саларда мен салар, атқа жемді кім салар», «Ынтымақ істі тындырар, ұрыс - керіс сағыңды сындырар», т.б. түйіндейді.

.....Ой - толғаныс кезеңі - сабақты бекіту кезеңінде «ВЕНН диаграммасы» әдісі бойынша И.А.Крылов пен А.Байтұрсынов мысалының ұқсастығы мен ерекшеліктерін салыстырамыз:

И.А.Крылов

(1768 - 1844)

орыс ақыны

француз ақыны

Жан де Лафонтеннен

аударған

12 жол

адамгершілік ойы

асында айтылады

ақын А.Байтұрсынов

аллегориялық (1873-1938)

жанр ғалым,

өлеңдік аудармашы

форма

И.А.Крыловтан

сюжет аударды

сақталған 16 жол

адамгершілік адамгершілік ойы

отылған аяғында айтылады




.....Үйге «Еркін жазу» әдісі бойынша алған білімдерін, әсерлерін, өздерінің қорытынды сөздерін, И.А.Крылов мысалындағы «дело пойдет на лад, лезть из кожи вон, воз и ныне там» деген сияқты мысалдар, әртүрлі жағдаят ойлау, оны эссе түрінде жазып келу тапсырылады.

.....«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы арқылы өткен сабақтар оқушының функционалдық сауаттылығын дамытып, алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында пайдалана алу мүмкіндігіне ие болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.

2. Қ.Бітібаева «Әдебиетті оқыту әдістемесі» Алматы, «Рауан» 1997

3. А.Байтұрсынұлы бес томдық шығармалар жинағы, Алматы «Алаш»2003

4. Қ.Жұмалиев Әдебиет теориясы.Алматы,1967

5. Р.Нұрғали,Р.Бердібай,Б. Ыбырайым, Ж. Дәдебаев, Қ.Мәдібай Қазақ әдебиеті,

Алматы: Мектеп,2015

6. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, Алматы 2008.

Сұраныс

  1. Мамедярова Роза Момыновна

  2. «№23жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

  3. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

  4. 8777-006-45-55, [email protected]

  5. Әдебиет сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

  6. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы әдістемелік тәсілдеме

  7. 8707-828-41-88, 32-57-66


© 2010-2022