Қазақ әдебиеті пәнінен оқушыларға арналған қорытынды тест жұмыстары

Раздел Другое
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Спандиярова Гульнар Рысбековна

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.


Алматы облысы, Қарасай ауданы

Қаскелен қаласы

Білім беру мекемесі

«Аяжан Қарасай» колледжі



Қазақ әдебиетінен тест жұмысы

I вариант

  1. ХIХ ғ. II жартысындағы қазақ әдебиетіндегі бағыт:

- а) Зар заман;

- ә) Ағартушылық;

- б) Ескіні аңсау;

+ в) Зар заман, ағартушылық бағыт;



  1. Абайдың әжесі:

- а) Айкүміс;

- ә) Ұлжан;

+ б) Зере;

- в) Дүрия;



  1. «Жоңғария очерктері» кімнің еңбегі?

- а) М.Әуезов

- ә) М.Шаханов

- б) М.Жұмабаев

+ в) Ш.Уәлиханов



  1. Көркем шығармада табиғатты суреттейтін көріністі не дейміз?

+ а) пейзаж

- ә) портрет

- б) кейіптеу

- в) теңеу



  1. Лиро - эпостық жырды көрсет

- а) «Ер Тарғын»

+ ә) «Қыз Жібек»

- б) «Алпамыс батыр»

- в) Дұрыс жауабы жоқ.



  1. Шоқан саяхат жасаған тың өлке.

- а) Түркия өлкесі

- ә) Қырғыз өлкесі

- б) Тәжік өлкесі

+ в) Қашқария өлкесі.



  1. «Қамар сұлу» романының авторын белгілеңіз.

- а) С.Көбеев

- ә) М.Жұмабаев

+ б) С.Торайғыров

- в) Ж.Аймауытов.



  1. Ақан сері өмірінің трагедиялық сипатын суреттеп поэма жазған қаламгерді табыңыз.

- а) Т.Әлімқұлов

+ә) І.Жансүгіров

- б) Ғ.Мүсірепов

- в) С.Мұқанов

9. Ақан серінің саятшылық, аңшылық тақырыбына арнаған өлеңін көрсетіңіз.

+ а) Мылтық пен мергеншілік.

- ә) Жазғытұры.

- б) Далада.

- в) Аттың сыны.

10. Абайдың қара сөз санын көрсетіңіз.

- а) 48

- ә) 36

+ б) 45

- в) 40

11. Б.Майлиннің тұңғыш туындысын көрсетіңіз.

+ а) Шұғаның белгісі.

- ә) Талтаңбайдың тәртібі.

- б) Раушан коммунист.

- в) Сары ала тон.

12. Ш.Уәлиханов бойындағы тамаша қабілетті белгілеңіз.

- а) Сазгер

- ә) Ақын

+ б) Суретші

- в) Етікші

13. Ахмет Байтұрсынов аудармалары енген жинақтың атын белгілеңіз.

- а) «Маса»

+ ә) «Қырық мысал»

- б) «Үлгілі бала»

- в) «Үлгілі тәржіма»

14. «Құлагер» поэмасының авторын көрсетіңіз.

- а) Ғ.Мүсірепов

- ә) М.Жұмабаев

- б) Ә.Тәжібаев

+ в) І.Жансүгіров

15. Хайуанаттар туралы ертегіні табыңыз.

- а) «Қыз бен Тазша»

+ ә) «Түлкі, қойшы, аю»

- б) «Тұлпар»

- в) «Аяз би»

16. М.Мақатаевтың поэмасын көрсетіңіз.

- а) «Аққудың айырылуы»

- ә) «Қайырлы түн»

+ б) «Аққулар ұйықтағанда»

- в) «Аққу»

17. «Қамар сұлу» романындағы Қамардың жігітін белгілеңіз.

+ а) Ахмет

- ә) Оспан

- б) Қалтан қажы

- в) Нұрым

18. Ж.Жабаев қай жылы өмірден өткенін белгілеңіз.

+а) 1945

- ә) 1946

- б) 1948

- в) 1944

19. М.Әуезовтың жарты ғасырлық оқиғаны қамтитын туындысын табыңыз.

- а) «Өске өркен»

- ә) «Қараш-қараш оқиғасы»

+б) «Абай жолы»

- в) «Түнгі сарын»

20. Ақанның махаббат тақырыбына жазған өлеңін табыңыз.

+а) «Ақ көйлек»

- ә) «Заман адамы»

- б) «Жақсы мен жаман»

- в) «Құлагер»

21. Монолог деген сөздің түсінігін көрсетіңіз.

- а) Коп адамның сөйлесуі.

- ә) Екі адамның сөйлесуі.

+б) Бір адамның ұзақ ішкі ойы.

- в) Антитеза.

22. «Ботагөз» (С.Мұқанов) алғашында қандай атпен жарық көрді?

- а) «Өмір мен өлім»

- ә) «Қазақ айнасы»

+б) «Жұмбақ жалау»

- в) «Қазақ солдаты»

23. Маса болып ызыңдап, халқын ойатуды мақсат еткен ақынды көрсетіңіз.

- а) М.Дулатов

- ә) А.Құнанбаев

+ б) А.Байтұрынов

- в) Қ.Аманжолов

24. Ш.Құдайбердіұлының шығармасын көрсетіңіз.

- а) «Ескендір»

- ә) «Әзім әңгімесі»

+ б) «Қалқаман - Мамыр»

- в) «Бақытсыз Жамал»

25. «Өзге емес, өзім айтам, өз жайымды....» («Өзім туралы») деп жырлаған ақын.

- а) Ж.Молдағалиев

- ә) Ә.Тәжібаев

- б) М.Мақатаев

+ в) Қ.Аманжолов







Қазақ әдебиетінен тест жұмысы

II вариант

  1. Жүсіпбек Аймауытов романын көрсетіңіз.

- а) «Шолпанның күнәсі»

+ә) «Ақбілек»

- б) «Күнікейдің жазығы»

- в) «Айша»



  1. «Қазақ хрестоматиясының» авторы.

+а) Ы.Алтынсарин

- ә) М.Жұмабаев

- б) Ә.Тәжібаев

- в) І.Жансүгіров



  1. «Қыз Жібек» жыры қалай аяқталады?

- а) соғыспен;

- ә) кектесумен;

+б) Сансызбай мен Жібектің қосылуымен;

-в) Жібек қазасымен;



  1. Ақан құмай тазысын қалай атаған?

-а) Ақтөс

-ә) Бөрібасар

-б) Жолбарыс

+в) Базарала



  1. Сәкен Сейфуллиннің мемуарлық шығармасын көрсетіңіз.

+а) «Тар жол, тайғақ кешу»

-ә) «Аққу»

-б) «Көкшетау»

-в) «Дала»



  1. Ш.Құдайбердіұлы қанша рет қажылыққа барды?

-а) 5

-ә) 6

+б) 3

-в) 1



  1. Тұңғыш журналист.

-а) С.Торайғыров

+ә) А.Байтұрсынов

-б) М.Жұмабаев

-в) М.Дулатов



  1. Төлеген ажалына себебкер болған кейіпкер.

-а) Қаршыға

-ә) Шеге

+б) Бекежан

-в) Сансызбай



  1. Жазба әдебиеттің ауыз әдебиеттен айырмашылығы.

+а) Авторы болалы.

-ә) Авторы сақталмаған.

-б) Ұжымдық шығарма.

-в) Нұсқасы көп.



  1. Ахмет Байтұрсынұлының аудармасын табыңыз.

-а) «Әліп би»

-ә) «Тіл құрал»

-б) «Анама хат»

+в) «Ала қойлар»



  1. Алғашқы романдарды көрсетіңіз.

-а) «Бақытсыз Жамал», «Ақбілек»

-ә) «Қамар сұлу», «Абай жолы», «Кім жазықты»

+б) «Қалың мал», «Қамар сұлу», «Бақытсыз Жамал»

-в) «Орындалған арман», «Қазақ солдаты»



  1. Мағжан Жұмабаевтың тұңғыш өлеңдер жинағы қалай аталды?

-а) Қорқыт

-ә) Батыр Баян

-б) Қойлыбайдың қобызы

+в) Шолпан



  1. Жамбылдың пір тұтқан ұстазы кім?

-а) Сарбас

+ә) Сүйінбай

-б) Құлмамбет

-в) Бақтыбай



  1. «Көкшетау» (С.Сейфуллин) поэмасындағы қалмақ қызы жұмбағында өзін қай құстың кейпінде жасырды?

-а) қарақұс

-ә) аққу

+б) кептер

-в) бүркіт



  1. Исатай Тайманұлы кім?

-а) Ақын

+ә) Көтеріліс басшысы

-б) Жазушы

-в) Жыршы



  1. Орхон жазуларына тән емес жырды тап.

-а) Күлтегін жыры

-ә) Білге қаған жыры

+б) Алпамыс батыр жыры

-в) Тоныкөк жыры



  1. Абай Құнанбайұлының соңғы туындылар қатарына жататын еңбегі...

-а) Поэмалары

-ә) Өлеңдері

-б) Аудармалары

+в) Қара сөздері



  1. Ш.Құдайбердіұлы поэмасын көрсетіңіз.

-а) «Ескендір»

-ә) «Абылай»

+б) «Қалқаман - Мамыр»

-в) «Мазғұт»



  1. «Қырық мысал» жинағының авторы.

-а) М.Жұмабаев

-ә) Қ.Аманжолов

-б) Б.Майлин

+в) А.Байтүрсынов



  1. Қартқожаның әкесінің атын белгілеңіз.

-а) Дәрмен

+ә) Жұман

-б) Тұңғышбай

-в) Мұқаш



  1. Мағауия Абайұлының «Медғат - Қасым» поэмасындағы өгей қыз.

-а) Ғазиза

-ә) Аиша

+б) Мәрия

-в) Мамыр



  1. «Қазақтың бас ақыны» мақаласы кім жайында?

-а) А.Байтұрсынов

-ә) М.Мақатаев

-б) М.Жұмабаев

+в) А.Құнанбаев



  1. «Құлагер» поэмасының авторы.

-а) Ш.Уәлиханов

+ә) І.Жансүгіров

-б) С.Сейфуллин

-в) Ж.Аймауытов



  1. «Батыр Баян» поэмасы қалай аяқталады?

-а) Баян жауды жеңіп оралады.

-ә) Жау қолына тұтқынға түседі.

+б) Жаумен шайқаста қаза табады.

-в) Елден кетуге мәжбүр болады.



  1. Екі авторы бар шығарма.

-а) «Ақбілек»

-ә) «Көкшетау»

-б) «Әзім әңгімесі»

+в) «Еңлік - Кебек»















Қазақ әдебиетінен тест жұмысы

III вариант

  1. Алғашқы ағартушыларды көрсетіңіз.

-а) А.Құнанбаев; М. Жұмабаев;

-ә) Т.Молдағалиев; Қ.Аманжолов;

+б) Ш.Уәлиханов;А.Құнанбаев; Ы.Алтынсарин;

-в) М.Әуезов; Ш.Құдайбердіұлы; Ә.Нұршайықов;



  1. «Сот реформасы» қай жазушының еңбегі?

-а) А. Байтұрсынов.

-ә) Т.Ахтанов.

-б) І.Жансүгіров.

+в) Ш.Уәлиханов.



  1. А. Құнанбаевтың күнделік түрінде жазған ерекше туындысы.

-а) Сегіз аяқ.

+ә) Қара сөздер.

-б) Қыс.

-в) Жазғытұрым.



  1. Ы.Алтынсарин ашқан алғашқы мектеп қай жерде орналасқан?

-а) Алматы.

-ә) Орынбор.

+б) Торғай.

-в) Семей.



  1. «Бір уыс шие» әңгімесінің авторы.

-а) А.Байтұрсынов.

-ә) М.Мақатаев.

-б) М.Шаханов.

+в) Ы.Алтынсарин.



  1. «Зар заман» ақындарының қатарын көрсетіңіз.

-а) С.Сейфуллин, А.Байтұрсынов,

+ә) Д.Бабатайұлы; Ш.Қанайұлы;

-б) А.Құнанбаев, М.Мақатаев.

-в) Т.Ахтанов; І.Жансүгіров.



  1. Құлақтан кіріп, бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй!... қай ақынның өлеңінен үзінді?

+а) А. Құнанбаев.

-ә) Т.Ахтанов.

-б) І.Жансүгіров.

-в) Қ.Аманжолов.



  1. Абай Құнанбаевтың қанша поэмасы бар.

-а) 5

-ә) 8

-б) 10

+в) 3



  1. «Ескендір» поэмасындағы ғұлама.

-а) Абай

+ә) Аристотель

-б) Сократ

-в) Шәкәрім



  1. Мұхаммедханафия кімнің азан шақырып қойған есімі?

+а) Ш.Уәлиханов.

-ә) М.Мақатаев.

-б) М.Шаханов.

-в) Ы.Алтынсарин.



  1. Күлдіру мақсатында сахнаға лайықтап жазылған драмалық жанрдың түрін көсетіңіз.

-а) трагедия

+ә) комедия

-б) драма

-в) сатира



  1. Лиро-эпос жырының кейіпкерін көрсетіңіз.

-а) Ақтоты

-ә) Жамал

+б) Баян сұлу

-в) Гүлбаршын



  1. Аңыздағы Жошы ханның өлімін естірткен аспап.

+а) домбыра

-ә) қобыз

-б) сырнай

-в) күйсандық



  1. Мақалды көрсет.

-а) Көп түкірсе көл.

+ә) Жігітті намыс, қоянды қамыс өлтіреді.

-б) Қызым саған айтам, келінім, сен тыңда.

-в) Ерге жаттың тізесі батса, ағайыншыл болады.



  1. Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» атты поэмасының негізгі кейіпкері.

+а) Абдолла

-ә) Ахмет

-б) Адақ

-в) Ғали



  1. Драмалық жанр қай әдебиеттің жемісі, белгілеңіз.

-а) дұрыс жауабы жоқ.

-ә) ауыз әдебиеті

-б) көркем әдебиет

+в) жазба әдебиет



  1. Сәкен Сейфуллиннің адал махаббатты суреттейтін шығармасы.

-а) «Көкшетау»

+ә) «Аққудың айырылуы»

-б) «Қызыл сұңқарлар»

-в) «Айша»



  1. Екі ғасырдың куәгері, ақын, жыр алыбын көрсетіңіз.

-а) Махамбет

-ә) Шәкәрім

-б) Мағжан

+в) Жамбыл



  1. Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы Ноян кім, белгілеңіз.

-а) Ондай кейіпкержоқ.

-ә) Атқозшы.

+б) Баянның інісі.

-в) Қалмақ батыры.

  1. Ұлы ақын қандай тілдерді жетік меңгерген?

-а) ағылшын, француз, неміс.

+ә) араб, парсы, түрік, орыс.

-б) қытай, жапон.

-в) неміс, түрік, парсы.



  1. Мағжан қанша жасында хат таныған?

-а) 7

-ә) 8

-б) 6

+в) 4



  1. Атасы Балқожа бидің немересі Ыбырайға арнап жазған өлеңі қалай аталады?

-а) «Сегіз аяқ»

-ә) «Арман»

+б) «Үміт еткен көзімнің нұры балам»

-в) «Бес нәрседен қашық бол»



  1. І.Жансүгіров қай өңірдің перзенті?

-а) Атырау

-ә) Алтай

-б) Түркістан

+в) Жетісу



  1. Күлкілі, қызықты сюжетке құралған тұрмыстық өлеңнің бір түрі.

-а) жар-жар

-ә) тойбастар

-б) наурыз жыры

+в) өтірік өлең



  1. Ш.С.Бөкеевтің ғылым, білімге шақырған өлеңін көрсетіңіз.

+а) «Эдиссон»

-ә) «Ұршық»

-б) «Өмірдің өтуі»

-в) «Қосаяқ»











© 2010-2022