Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі

Мақсаты       Жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу, шығарманың  тақырыптық - идеялық мазмұнын, күй өнерінің құдіретін ұғындыру. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, әңгіменің мазмұнын меңгерту,талдау, танымдық қабілетін сөздік қорларын арттыру, бір-бірімен жұптаса, топтаса сұхбатқа түсуіне, өз ойын еркін жеткізе алуына бағыт бағдар беру.Әдіс – тәсілдеріІ Ұйымдастыру кезеңіне тоқталу-           Оқушылармен амандасу.-           Оқушыларды түгендеу.-           Сабаққа назар аудар...           3. Күйшілер тобы.
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі

Пән мұғалімі Баймуханова Толғанай Ұзақбайқызы

Уақыты 4.02.2014ж

Мақсаты Жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу, шығарманың тақырыптық - идеялық мазмұнын, күй өнерінің құдіретін ұғындыру. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, әңгіменің мазмұнын меңгерту,талдау, танымдық қабілетін сөздік қорларын арттыру, бір-бірімен жұптаса, топтаса сұхбатқа түсуіне, өз ойын еркін жеткізе алуына бағыт бағдар беру.

Әдіс - тәсілдері

І Ұйымдастыру кезеңіне тоқталу

- Оқушылармен амандасу.

- Оқушыларды түгендеу.

- Сабаққа назар аудару.

- Топқа бөлу.

ІІ Жаңа сабақ

- Үй тапсырмасына шолу.

- Қызығушылығын ояту.

- Жаңа сабақты пысықтау кезеңі.

- Жаңа сабақты бекіту кезеңі.

- Сабақты қорытындылау кезеңі.

- Бағалау.

- Үй тапсырмасы.

Үй тапсырмасына шолу кезеңі.

Мұхтар Әуезов «Қараш - қараш» оқиғасы тақырыбына қысқаша шолу

«Түйе» суреттері арқылы топқа бөлінеміз.

1.Өнер тобы.

2. Күй тобы.

3. Күйшілер тобы.

Қазір балалар экрандағы бейнебаянға көңіл бөлейік. І бөлімі

(Тақтаға күннің жады жазылады)

Жаңа тақырыпты ашу барысында үш топқа тапсырма беріледі

1-тапсырма: Постер қорғау

1-топ. Қыздың әкесіне қолқа салуы. Қыздың сырын қалай түсінесіңдер?

ІІ топ. Естеміс күйшінің өнері. «Нар идірген» күйінің дүниеге келуі.

ІІІ топ: Естемістің жолын жас жігітке беруі.

Бейне баянның ІІ бөлімін қарай отырып сіздердің жауаптарыңызбен салыстырайық.

Қандай тәсіл қолданады: Портрет, эпитет -өткір қоңыр көзді, мүсәпір бейнесі, жұмсақ әуен баяуы, теңеу- жібектей майысып, балшықтан құйғандай, сүйріктей саусақ.

2-тапсырма.

І топқа түсініктеме күнделігін толтыру.

Шығарма Кейіпкерлері Оқиға желісі Не суреттелген? Түйінді ой Қазіргі заманмен салыстыру

ІІ топқа коцептуалдық кесте

№ Кейіпкерлер Өмірге қызығушылығы Адамгершілік қасиеті Кейіпкерлерге баға

ІІІ топқа интервью тесті

1 Естеместің өзіне тән ерекшеліктері қандай?

2 Жаңылдың мінезі ұнады ма? Несімен ұнады?

3. «Екі күйші, өнерлеріңді бірдей салыңдар» деген қыз сөзінің сырын аш.

4. Әңгімеде ұнамсыз кейіпкердің болмауы не себепті деп ойлайсың?

5 Оқиғаның шешімі сен қандай ойға жетеледі?

Сергіту сәті: «Алдар көсе»

3-тапсырма. «Сөздер сөйлейді» ойыны.

І топқа: - Әкемнің ұлы жоқ, айып етпеңіздер. Жаңылға қандай мінездеме берер едіңіздер?

ІІ топқа: - «...Он алты-он жеті жаста болар...», «...ұзатылар уақыты да жеткен екен ғой..», -деп ойлайды ішінен күйші. Қазіргі кезбен салыстырғанда не айтар едіңдер? Қалай ойлайсыңдар?

ІІІ топқа: - Өлімнен ұят күшті . Шалға қандай мінездеме берер едіңдер?

Бекіту сәті:

- Естеміс қарт неге өз өмірін өзгертуден бас тартты?

- «Заманым өткен екен ғой», деп неге күрсінді?

- Жаңылдың іс -әрекетіне көз қарасыңыз?

-

Сабақтың қорытынды кезеңі.

Суреттер тізбегі көрсетіледі: ЖЫЛҚЫ,ҚАМШЫ, ДОМБЫРА.

Үш топқа ортақ сұрақ.

Бұл суреттер кімнің өмірімен байланысты деп ойлайсыңдар?

Үйге тапсырма. «Қазақтың күй өнері» шығарма жазу

Қолданылатын модуль:Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, (Диалогтық оқыту, сұрақ қою стратегиялар), Сыни тұрғыдан ойлау, Оқытуды бағалау, оқыту үшін бағалау. Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды оқыту

Нәтиже:Оқушылар сабаққа белсене қатысады. Жаңа тәсілдерді пайдалана отырып бір -бірімен жұптаса, сұхбаттаса отырып өз ойларын еркін жеткізе алады. Әңгіменің мазмұнын меңгереді, талдайды. Күй құдіретінің өмірде қажетті екендігіне көздері жетеді.

Бағалау Бағалау критерийлері бойынша

Әр сұрақтың дұрыс жауабына 5 балл беріледі.

«5» - 21-25 ұпай

«4» - 14-20 ұпай

«3» - 5-13 ұпай

«2» - 0-4 ұпай

Әңгімеден алған әсерің? Несімен әсер етті?

Ресурстар: Интербелсенді тақтасы. Бағалау тарақтары. Стиккерлер. А3 қағазы. Ғаламтор сайттары. Бейне баян сайты. Қазақ тілі мен әдебиеті журналы



© 2010-2022