Баяндама Ақпараттық коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№1 Ұзынкөл орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

А.Е.Шынтемірова

Ақырын жүріп , анық бас,

Еңбегін кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас

Үйретуден балаға,

-деп Абай атамыздың өсиетімен орыс сыныптарында қазақ тілін үйретуге бар ықыласымды салып жатырмын.Менің әдістемелік тақырыбым: Сабақта ақпараттық коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану.

Менің алдыма қойған мақсатым: Сабақта жаңа технология әдістерін, ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдалана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі-оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісіне ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады.

Қазақстанның ХХІ ғасырда өркениетті әлемнен орын алып,дамыған елдер деңгейіне жетуіне ықпал етер бірден-бір құдірет-білім,білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ-рухани дүниесі бай,білімі мен біліктілігі жоғары,ақпараттық қоғамда ғылым мен техниканың жетістіктерін игерген,компьютерлік мәдениетті, талап талғамы терең,адамгершілігі биік, парасатты тұлға болуы тиіс.

Білім беру жүйесі алдындағы міндет-технология өзгерістеріне бейімделе алатын атқарушы тұлғасын қалыптастыру. Білім берудің болашақ мұраты ойлауға үйретуге негізделуі тиіс.Ойлау әдістері мен амалдарын саналы түрде игеруге көшу-оқу үрдісіндегі өте маңызды кезең. Жаңа технология негізі-

ізгілендіру және демократияландыру.

Білім берудегі басты нысаны -сапа .Қазіргі уақытта мектеп тек жаңалық енуі арқылы, яғни инновацияны еркін меңгеру арқылы ізденіс, талпыныста болғанда ғана дамиды.

Біздің елімізде оқу барысын ақпараттық-коммуникациялық технологиямен қамту бұл күнде білім жүйесіндегі жұмыстардың біріне айналды.Компьютерлер. интернет, электрондық оқулықтар оқуды мейлінше қызықты ете түседі.Көрнекілік-оқу нәтижесінің сапасына оң әсер етері сөзсіз.Мұндай сабақты ұйымдастыру, сөз жоқ, тәрбие жұмысына зор ықпал етпек. Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқу үрдісін компьютерлендіру, оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын оқу үрдісіне пайдалану мәселелері А.П.Ершов, В.М.Монахов,Б.С.Гершунский, Е.Машбиц, т.б., қазақстандық ғалымдар Ж.А.Қараев, Г.Қ.Нұрғалиева, Д.М.Джусубалиева,т.б.,мектепте ақпараттық технологияны қолдану С.Пейперт, Б.Хантер, Ж.С.Сардарова, т.б. еңбектерінде жазылған.

Білім беру жүйесін ізгілендіруге қажетті ақпараттық технология жабдығын жасау мәселелері (электронды оқулықтарды,электронды-оқу бағдарламаларын,электронды әдістемелік жүйелерді жасау)

Ш.Х.Құрманалина,Е.У.Медеуов, А.І.Тәжіғұлова, т.б.еңбектерінде қарастырылған. Оқытушылардың Ақпараттық коммуникациялық технологияларды меңгеруі-білім беру саласын ақпараттандырудағы артықшылық және анықтаушы бағыт болып саналады.Педагогтардың ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану құзыреттілігін қалыптастыру деңгейінің өлшемдері қандай?

Бұл ұстаздарымыздың:

*ақпараттық кеңістік туралы толық хабардар болуы;

* ақпараттық(компьютерлік) сауаттылығы;

*өз қызметін АКТ-ні пайдалана отырып ұйымдастыра білуі

АКТ құзыреттілігі дегеніміз не? Бұл ақпараттарды іздеу, ақпараттарды тұтыну, ақпараттарды құру, ақпараттарды сұрыптау, ақпараттарды таңдау, ақпараттарды пайдалану, ақпараттарды жіберу,яғни, кез келген ұстаздың аталған үрдістерді меңгере алуы, өз қызметінде пайдалана алуы.

Яғни, педагогтардың ақпараттық коммуникациялық технологияларды меңгеруін қамтамасыз ету-бүгінгі күннің ең басты талабы болып саналады.

Ушинский айтпақшы:-Мұғалім күнделікті оқыса, үйренсе ғана-мұғалім оқымаса, үйренбесе, сол күннен бастап-ақ мұғалімдіктен қалады.

Соңғы кезде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда ақпараттық технологияны қарқынды қолданылуына байланысты оны пайдалану қағидаларының әр түрлері кездеседі.Солардың ішінен оқушылардың оқу икемділігін ақпараттық технология арқылы дамытуда мына қағидалар маңызды деп есептейміз:

теориялық білімдердің жетекші рөлі,

оқушыларды оқуға ынталандыру,

жеке тұлғаның танымдық іс-әрекетіне бағдарланған білім беру,

білім мазмұны мен дидактикалық жүйенің сәйкестігі,

проблемалық, абстрактылы ойлаудыкөрнекілікпен ұштастыру,

кері байланыс,

ұжымдық оқу жұмысын жеке жұмыспен ұштастыру.

Оқытудың ақпараттық технологиясын оқу-тәрбие үрдісінде қолданудың педагогикалық қағидаларына сәйкес «ОҚУШЫ-АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ-МҰҒАЛІМ» өзара қарым қатынасы оқушының ақпараттық икемділігі мен құзыреттілігін қалыптастырудағы тиімділікті көрсетеді.

Ақпараттық технологияның әдісінің бір түрі-интерактивті тақтамен жұмыс, соған аздап тоқтала кетейін. Бүгінгі күні көптеген оқу сыныптары интерактивті тақталармен жабдықталған.Интерактивті технологиялар білім беру жүйесінде мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, оқу үрдісінде терең де сапалы білім беруге жол ашып,ерекше орын алып отыр.

Жаңа ғасырға -жаңа технологиялар.Жаңа ғасырда ақпараттармен алмасу-бұл тек монитор мен клавиатура емес.Біздің алдымыздан интерактивті тақта мен кіріктірілген тест жүйелері сияқты мүлде жаңа өлшемді технологиялар ашылады.Интерактивті тақтамен және проектормен жұмыс кезінде бейне слайдтар және компьтерлік анимациялар жасауға мүмкіндік аламыз, сонымен қатар, тақта алдындағы жұмысыңыз бормен жұмыс істеп отырған секілді қарапайым да жеңіл болады. Интерактивті технологияларды әр сабағымызда пайдалана алсақ, интеллектуалдық қабілеті дамыған, коммуникативтік дағдылары қалыптасқан, алған білімдерін практикада пайдалана білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыра аламыз деп есептеймін. Бүгінгі күні қоғам өмірінің көптеген салаларында интерактивті технологиялар пайданылады. Интерактивті өзара іс-әрекет-бұл компьютермен жұмыс істеуді толық меңгеру,яғни,электронды пошта, электронды хабарландыру тақтасы,онлайн тақырыптық пікір алмасулар,аудиоконференциялар,видеоконференциялар, ақпаратармен және файлдармен алмасу,бірыңғай желілік жүйе.

Соңғы уақытта жаңашыл мұғалімдер оқытудың жаңа технологиясын өз жұмыстарында қолдануда. Менің оқытудың жаңа технологиялық бағытпен жұмыс істегеніме екі жыл болды.Бүгінгі оқытудың басты талабы сабақ сапасын арттыру. Сабақтың сапалы болуы мұғалімнің шеберлігіне, үйретуіне байланысты.Мұғалімнің өз мамандығын сүюі жеке мәдениеті, өзін ұстауы оқушылардың ойлау бағытына, қызығуына көп әсер етеді.Қазір мен электрондық оқулықпен, интернет желісі арқылы сабаққа қажетті қосымша материалдарды аламын.Дәстүрлі сабақтан гөрі мұндай сабақтар оқушының есіне ұзақ сақталады және материалдан тыс мағұлмат алады.Ой-өрісі кеңиді,ойлау қабілеті дамиды.Пәнге қызығушылығы артады.Мен 7,8 сыныптарда бейне көріністер арқылы,презентациялар арқылы табиғатты аялауға ,сүйе білуге, туған жерге деген мейірімі мен ықыласын арттырамын.

Халықтық педагогиканы қазақ тілі мен әдебиет сабағында пайдалану тиімді.Халқымыздың табиғатқа сүйіспеншілікпен және оны көздің қарашығындай сақтап келуі жайында ұрпақтарға өнеге-үлгі боларлық асыл мұралар даналық ұғымдар түрінде мақал-мәтел, нақыл сөз, аңыз әңгіме арқылы жетіп отырған.Әрбір асыл мұраның өзінде қаншама терең ой әрі тәлім тәрбие жатыр.

Ақпараттық коммуникациялық технологиялар оқушыларға шабыт береді және кіші жастағы балаларды жаңа білім алуға,ынталандыруға шақырады.

Интерактивті тақтаның көптеген ресурстары ұстаздарға өз оқушыларын оқытуға, мақсатына жетуге көмектеседі. Экрандағы түрлі түсті бейнелер балалар үшін тартымды.Бұл құралдың көмегі ұстазға сабағын жандандыруға көмектеседі.Мына мүмкіндіктерге көңіл бөлу керек.Мысалы өлеңдер мен ертегілерді тыңдап, есте сақтау қабілеті арқылы жақсы қабылдайды, ал егер оған қоса бейне көрініс болса, баланың есінде көпке дейін жақсы әсер қалдырады. Қазақ тілі сабағында мұғалімдер кестелерді, тест, түрлі грамматикалық жаттығуларды, бейне көріністерді пайдалана алады. Мәтіндегі сөздерді жасыру сияқты жұмыстар да өткізуге болады.Сонымен қатар Мектепшілік сыныптан тыс іс-шаралар, ашық сабақтар, мерекелерді өткіземіз, аудандық, облыстық сайыстарға қатысып дарынды балалармен жұмыс жасаймын.Мысалы Тілдер мерекесіне 6 сыныптар арасында «Тілім -менің тірегім», Наурыз мерекесіне «Ұлттық ойындар» атты сыныптан тыс іс-шара өткізсем, 6 сынып оқушыларым мектептің «Эврика» атты ғылыми одағына кіріп, «Туыстық атаулар» атты тақырыппен ғылыми жұмыс істеп жатыр.Былтыр облыстық «Тіл шамшырақтар»байкауында Кузнецова Олеся сыйлық алcа , аудандық «Тіл шамшырақтары» байқауында бірнеше рет Слесарь Денис, Кузнецова Олеся , Зинченко Юлия , Эдилова Гюняш жүлделі орындарға ие болды.

Қорыта айтқанда,жаңа ақпараттық технологияларды қазақ тілі мен әдебиет сабағында қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:

*Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;

*Тіл байлығын дамытады;

*Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;

*Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді.

*Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.








«№1 Ұзынкөл орта мектебі»ММ

Баяндама-презентация.


Тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында

ақпараттық коммуникациялық технологияларды

пайдалану арқылы білім сапасын арттыру»


Орындаған: қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі:

А.Е.Шынтемірова






2011жыл


© 2010-2022