Етістіктің райларын қайталау (7сынып)

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Уақыты:

Қазақ тілі


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

Етістіктің райларын қайталау

Жалпы мақсат:

Сабақтың мақсаты: етістіктің райларынан алған теориялық білімдерінің деңгейін бақылау.

Сабақтың міндеттері: білімділік - етістікің райларларының өзіндік ерекшеліктерін ажырата білу; дамытушылық - етістіктің райлары туралы білімдерін жүйелеу,жинақтау,талдау жұмыстарын жүргізу;тәрбиелік - сөйлеу мәдениетін қалыптастыру,адамгершілікке,туған жерді сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: білік пен дағдыны жүйелеу,жинақтау сабағы.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып,

оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау


Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақтамен жұмыс, үнтаспа, қима қағаздар, сәйкестендәру тесті, семантикалық карта, сюжетті суреттер.

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық тест орындату. Оқушылар сол сәтте үш жануар ойлайды. Жауабы: Мені адамдар ... ойлайды (бірінші жануар бойынша). Мен өзімді ... ойлаймын (екінші жануар бойынша). Ал шын мәнінде мен ... екенмін (үшінші жануар бойынша).

Сандар арқылы 4 топқа бөлінеді.

I топ«Болашақ»

II топ «Парасат»

III топ «Ұлағат»

IV топ «Шапағат»

Үй жұмысын тексеру

«Миға шабуыл» ойыны

1.Етістіктің райлары дегеніміз не?

2.Етістіктің райлары мен шақтарының арасында қандай ұқсастық пен өзгешелік бар?

3.Етістіктің райларының қандай түрлері бар?

4. Ашық рай нені білдіреді, қалай жасалады?

5.Бұйрық рай дегеніміз не, қалай жасалады?

6. Шартты рай дегеніміз не, қалай жасалады?

7.Қалау рай дегеніміз не?

8. Қалау райдың қандай жасалу жолдары бар?

Оқушылар қарсылас топтың сұрақтарына жауап береді.

Қызығушылықты ояту

Етістіктің райларына байланысты ребус шешеді.

Оқушылар сабақ тақырыбы мен мақсатын ашып береді.

Мағынаны тану

1. Ребусты шешу арқылы әр топ етістіктің райларын постер арқылы қорғайды. «Екі жұлдыз, бір тілек» оқушылар қарсылас топты тыңдап болғаннан кейін тілектері мен ұсыныстарын стикерге жазып, тақтаға жапсырады.

2. Кітаппен жұмыс. 191-жаттығу жұмысы интерактивті тақтада сәйкестендіру тесті арқылы беріледі. Әр топтан оқушылар шығып, сәйкестендіреді және қай райда тұрғандығын, жасалу жолын түсіндіреді.

1. Атадан ұл туса игі, досы көпті жау алмайды.

2. Аспаннан киіз жауса да, «жеті жұтты» көрмегей.

3. Батыр туса, ел ырысы адалдықтың құлы бол.

4. Өзге елде сұлтан болғанша, сары ала қаз көлін аңсайды.

5. Сағынған елін аңсайды, жаңбыр жауса, жер ырысы.

6. «Жеті жұртты» көрсе де, сорлы ұлтараққа жарымайды.

7. Ақылы көпті дау алмайды, ата жолын қуса игі.

8. Адамдықтың нұры бол, өз еліңде ұлтан бол.

3. 1-топ семантикалық картамен жұмыс жасайды.

Р/с

Мысал

Ашық рай

Қалау рай

Бұйрық рай

Шартты рай

1.

Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.

+

2.

Күн ашық болса, тауға шығамыз.

+

3.

Біздің сабақ оқығымыз келді.

+

4.

Анаңа ауыр сөз айтпа!

Атыңа ауыр жүк артпа!

+

5.

Оқушылардың бәрі де жақсы оқығысы келеді.

+

6.

Барса игі еді.

+

7.

Сабақта болса, түсінер еді.

+

8.

Мен ертең қалаға бармақшымын.

+

9.

Ақыл көпке жеткізер.

+

10.

Түсе сала, маған хабар бер.

+

2-топ мәтіннен қалау райды етістіктерді тауып,шарты райға айналдырады.

«Дұғай сәлем бергейсің,

Ағам Есет беренге.

Бекет қайда дегенге,

Бекет кетті дегейсің

Шықпайтұғын тереңге».

Гүлі сұлу орманды

Сусатпағым келеді.

Жүзі жылы жандарды

Құшақтағым келеді.

Атадан ұл туса игі,

Ата жолын қуса игі.

Өзіне келер ұлын

Өзі билеп тұрса игі.

3-топ Абайдың он тоғызыншы қара сөзін естіп, құрамындағы етістіктің райларын табады. Етістіктің райларын қайталау (7сынып)

4-топ сюжетті суреттерге қарап, шағын мәтін құрайды. Құрамында етістіктің райлары болуы тиіс.

Сергіту сәті 2 мин

Күнде аспанға қараймыз,
Қайтқан құсты санаймыз.
Үшбұрыш боп тырналар,
Көк жүзінде сырғанар.
Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан
Қар лақтырып ойнасақ,
Суық өтер қолғаптан.

Оқушылар сергіп, демалады

Ой толғаныс 5 мин

Етістіктің райларын қайталауға арналған тест жұмысын орындайды.



Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Үй тапсырмасын беру 2 мин

Үй тапсырмасы:

  1. 193-жаттығу жұмысы.

  2. Өздерің қалаған тақырыпта етістіктің рай түрлерін келтіре отырып, шағын мәтін құрастыру.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу.

Бағалау 2 мин

Формативті бағалау

Бақылаушы бағалау парағын толтырады.

Рефлексия 3 мин

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша айтады.

Смайликтер арқылы көрсетеді.



© 2010-2022