Разработка урока на тему Жеңіс күні

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары 7-сыныпКазақ тілі L2Мектеп: НЗМ Көкшетау қаласы


Уақыты:

14.04.2015

Мұғалімнің аты - жөні: Абилхамитова Р.К.

Сынып: 7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім «Жеңіс күні»

Ұлы ерлікке тағзым

Сабақ тақырыбы

А2. Тыңдалған, оқылған мәтінді мазмұндау, дәлелдеу
А3. Мәтіннің негізгі аспектілерін анықтау және талқылау

Оқу мақсаты

Мәтіндегі негізгі ой бөліктерін мазмұндайды, өз көзқарасын білдіріп пікірталасқа түседі.
Шағын көлемді мәтіндегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді сипаттайды және талдайды. Алған білімдерінен өнім шығарады

Тілдік міндеттер

Ойларын жеткізуде қосымшаларды дұрыс қойып айту.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5мин












Сабақтың ортасы


10 мин.














10 мин.







10 мин.







5 мин.

Сабақтың тақырыбын оқушылар суреттерге қарап болжам жасайды.

Разработка урока на тему Жеңіс күніРазработка урока на тему Жеңіс күні

Разработка урока на тему Жеңіс күніРазработка урока на тему Жеңіс күніРазработка урока на тему Жеңіс күні


  • Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабағымыз қандай тақырыпта болмақ?

  • Ардагерлерге үкімет, халық қандай құрмет көрсетуде?

Сабақтың мақсатын қою.

Жаңа сөздерді меңгеру:

қан майдан

құрбандар

өлшеусіз

ерлік

ержүрек

жадында - есінде

майдан

майдангер, жауынгер

жау

тыныштық

«Ерлікке - тағзым, ардагерлерге - құрмет» атты бейнематериалды тамашалау /youtube.com/watch?v=n_qkpjMA-qg/.

Тыңдалымнан кейінгі сұрақтар:

  • Ұлы Жеңісті кім жақындатқан?

  • Ардагер неше жасында соғысқа аттанған?

  • ҰОС ардагерлеріне Қазақстанда қандай құрмет көрсетіледі?

«Шеңбер әдісі».

Сынып оқушылары 2 шеңберге бөлінеді. «Ерлік пен Жеңіс» тақырыбында ішкі шеңбердегілер әңгімелей бастайды, 90 секундтан соң сыртқы шеңбердегілер өз әңгімелерін жалғастырады. Осылайша 2 шеңбер диологта болып, ақпараттармен алмасады.Оқушыларға тақырып бойынша нақты сауал қою:

- Қазақстанда ҰОС ардагерлеріне деген құрмет қалай көрініс табуда?

1-ші сабақты қорытындылау.






























youtube.com/watch?v=n_qkpjMA-qg





20 мин.































































































15 мин.


5 мин.

2-сабақ

«Шығармашылық топ» әдісі

Сынып оқушылары «Батырлар», «Қайсарлар», «Батылдар» болып 3 топқа бөлінеді.

Әр топқа мұғалім дайындап әкелінген материалдар таратылады.

1.ҰОС жылдарынан сыр шертетін суреттер топтамасы.

2. Жауынгер жазушы Баубек Бұлқышевтің сағыныш хаты.

3.А3 парағы

4. Түрлі-түсті қағаздар, маркер, карандаш т.б.

5. Желім

6.Ноутбук

7.Интернет

8. Жаңа әлемдегі Қазақстанның суреттері.

9.ҰОС ардагерлеріне құрмет зор.

Оқушылар топта бірігіп, ақылдасып қолдарындағы мүмкіндікті пайдаланып, тақырыпқа сай өнім шығару қажет. Шығарған өнімдерін топпен немесе спикер қорғап шығады

'ф' топтардың жұмысын бақылаушы-бағалаушы арнайы топтар бағалап отырады.

Мұғалім тек бақылап, бағыт беру керек. Көрінбейтін мұғалім рөліне кіру.

1-топ.ҰОС жылдарынан сыр шертетін суреттер топтамасы.

Разработка урока на тему Жеңіс күніРазработка урока на тему Жеңіс күніРазработка урока на тему Жеңіс күні

Разработка урока на тему Жеңіс күніРазработка урока на тему Жеңіс күніРазработка урока на тему Жеңіс күніРазработка урока на тему Жеңіс күні

Разработка урока на тему Жеңіс күніРазработка урока на тему Жеңіс күніРазработка урока на тему Жеңіс күніРазработка урока на тему Жеңіс күні

Жаңа әлемдегі Қазақстанның суреттері.

Разработка урока на тему Жеңіс күніРазработка урока на тему Жеңіс күніРазработка урока на тему Жеңіс күніРазработка урока на тему Жеңіс күні

2-топ. Жауынгер жазушы Баубек Бұлқышевтің сағыныш хаты.

Разработка урока на тему Жеңіс күні«Бауырым Әбеке!

«Бағың артқан шағыңда жапалақ салсаң қаз ілер, бағың қайтқан шағыңда лашын салсаң аз ілер» дегені сияқты қазақтың, нағыз бұл бір лашын салсам аз ілетін кезім. Сондықтан да сендердің әрбір хаттарың мен үшін үлкен сүйеу. Бойға қуат. Жүрекке әл.

Сендердің мен келген майданда болғандарың қандай жақсы мен үшін. Менің шығысымда Алатауға сәйкес тау тұрған сияқты, олар - сендерсіңдер. Тек қана сол таудың жыра-жырасын хат арқылы аралағанымда мен екі жерде сияқтымын. Түсінген адамға осындай ғана халім бар.

Бұрынғы болған майдандарда Баубек едім, мұнда оңын, солын білмейтін қара табандарға кездесіп (олар және бастықсымақтар), жалғыздыққа бас идім. Менен бұрын біздің полкте дөкей бір қазақ жігіттері болған екен (Ракеев Шакен, Әжібаев дегендер), жақсы адам біздің халықтың маңдайына сыя ма, ұрыста өліп кетіпті. Солар туралы материал жинап, жазсам ба деп едім. Өліп кетсе де қазақтың атын шығарсын деген оймен жаңа аты аталсын.

Газеттеріңе уақыт болса жазып тұрармын ғой. Әрине, кейде уақыт та болады. Ол уақытта тізені стол орнына пайдаланып, бірдеңе жазып тастайтыным да бар.
Өздеріңнің жағдайларың қалай, газеттерің оқитындар арасында қызықты ма? Елдің жағдайы қалай екен. Үй іші аман ба? Қазақтың жазушылары не жазыпты көзге түсерліктей. Өзіңнің менен кейін жазғандарыңды айтарсың. Өйткені, міне, 4 жыл қазақша кітаптың бетін ашпадым десем, өтірікші емеспін. Қазақша анда-санда, кездескен бір жарым қазақтармен болмаса сөйлеудің өзі де былай қалып бара жатыр. Елшібековті білесің ғой. Екеуміз бір армияда былтыр бір болып, анда-санда кездесіп тұрамыз. «Бала, қазақшылап бір шерімізді тарқатайық» деп мені көрсе қуанып қалатын. Мен одан әрі қазақшылауға жаным құмар. Бауырмалшыл жақсы жігіт. Ақыры тағдыр одан да айырып жіберді.

Әбеке! Сөз дегенің жаза берсең таусылар емес, аман кездесуге тілектеспін. «Өлмеген жанға, апырым-ау, болып та қапты-ау мына жаз» дегеніндей Төлегеннің, Жаңа жыл да келіп қапты-ау. Жаңа жылмен қарсы аламын. Сөз майданында жеңімпаз болуыңа, сөз шебері болуыңа тілектеспін. Әзірше, Баубегің… 30.12.43 ж.

3-топ.

Разработка урока на тему Жеңіс күніҰОС ардагерлеріне құрмет зор

Қан майданда от кешіп, Отанды қорғау жолында опат болған құрбандардың ерлігі өлшеусіз екені түсінікті. Соғыста қолына қару алып, жаумен айқасқа түскен ата-бабаларымыздың ержүрек батырлығы ұрпақтар жадында мәңгі қалатыны ақиқат. Сөз жоқ, қазіргі бейбіт өміріміз сол майдангерлер ерлігінің арқасы.

Ел тыныштығын қорғау аса маңызды міндет еді. Биыл Жеңістің 70 жылдығы болғалы тұр.

Кешегі қан мандайда от пен оқтың арасынан келіп, елдегі тыныштықты қорғауға ат салысқан ардагерлерімізден аздаған адам қалыпты. Окоптарда мұз жастанып, қар жамылып әбден шынығып келген жаны сірі аталарымыздың жастары да ұлғайды. Өң бойында ұлттық рух, ұлттық намыс алаулаған аталардан бүгінгі жастардың үйренері көп.

Тапсырма: мәтіннің мазмұнына сүйене отырып «ҰОС ардагерлері» атты постер жасау.

Шығарған өнімдерін топпен немесе спикер қорғап шығады.

Сабақты қорытындылау.








alashainasy.kz/alashuni/ok-pen-ot-arasyinan-oralgan-baubek-hattaryi--kasiett-de-kasterl-65107/




Қосымша мәлімет

Рефлексия

Сабақ / оқыту мақсаты қолжетімді болды ма? Оқушылар нені білді? Сыныпта қандай ахуал қалыптасты? Уақыт бойынша үлгердім бе? Сабақ жоспарынан ауытқушылық болды ма? Болса неге?

Қорытынды бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру және оқыту жайлы ойланыңыз)?

1:.

2:

Қандай екі жағдай сабақты жақсырақ өткізуге мүмкіндік

берер еді (сабақ беру және оқыту жайлы ойланыңыз)?

1:

2:

Жалпы сынып немесе жеке оқушылар жайлы мен не білдім?

Келесі сабақтарға дайындалу барысында бұл мәлімет қандай көмегін бере алады?







© 2010-2022