- Преподавателю
- Другое
- Ашық сабақ Қозғалтқыштардың ақаулары және техникалық қызмет
Ашық сабақ Қозғалтқыштардың ақаулары және техникалық қызмет
Раздел | Другое |
Класс | - |
Тип | Конспекты |
Автор | Джуманов О.Б. |
Дата | 10.11.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Ашық сабақ жоспары
Күні:
Тақырып: Қозғалтқыштардың ақаулары және техникалық қызмет көрсету
Мақсаты: Қозғалтқышқа техник қызмет көрсету және ақауларын жоюды үйрету.
Білімділік мақсаты: оқушының біліп- үйрену белсенділігін, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
Дамытушылық мақсаты: оқушының мұқияттылығын және ұқыптылығын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты:
а) техникалық қызмет кезінде техника кауіпсіздігі ережелерін сақтау.
ә) шығармашылық, еңбекқорлық қасиеттерін дамыту.
Сабақтың материалдық жиһаздалуы: оқулықтар, плакатгар, кілттер жинағы, Москвич М-412 маркалы көлік, технологик-нұсқаулық карта.
Оқу-өндірістік жұмыстар орны: «Автомеханиктер» зертханасы
Сабақ барысы:
-
Ұйымдастырушы кезең: оқушыларды сабаққа қатысуын тексеру, арнайы
киімдерін көріп шығу, сабақ мақсатымен таныстыру. -
Арнайы технология бойынша сұрақтар:
а) Диагностика деген не?
ә) КШМ және ГРМ ның негізгі ақаулары?
б) Қозғалтқыш жүйесін техникалық қарау?
3. Кіріспе нұсқаулық:
а) Әр звеноға жеке тапсырма беру және жұмыс орнындағы техника қауіпсіздігін
қайталау.
ә) Сұрақтар беру арқылы білімі нашар оқушыларды анықтап, ағымдағы нұсқаулық беру кезінде осы оқушыларға баса назар аудару.
б) Оқушыларды жұмыс орнына қойып шығып, оларды технологиялық- нұсқаулық карталар, плакаттар, оқулықтармен қамтамасыз ету.
4. Ағымдағы нұсқау:
Бірінші айналым - оқушылар өз беттерінше жұмысты бастағаннан кейін көп күттірмей бастау керек. Мұнда бөлшектеу технологиясын ТҚ. ережелері бойынша істелуіне баса назар аудару қажет.
Кейінгі айналым - окушылардан жұмыс орнында құрылымы, негізгі ақаулары, ТҚ., диагностика әдістері, механизмдерді реттеу туралы бір қатар сұрақтарға жауап алу. Оқушылардың белсенділігіне, ойлау қабілеттеріне назар аудару.
5. Қорытынды нұсқау:
Соңғы айналым - оқушылардың сабақты қаншалықты түсінгендерін көрсетеді,
а) Сабаққа қорытынды жасауда оқушылардың жұмыс барысындағы қателіктерін айтып өту.
ә) Жақсы жұмыс істеген звеноны және жеке оқушыларды хабарлап өту.
б) Жалпы бағаларды айту.
в) Жұмыс орындарын тазалау.
6. Үйге тапсырма: Арнайы технология оқулықтарынан пайдаланып білімдерді жетілдіру.
Айдаушы оқулығы «Автомобиль ВСДЕ» автор Калисский В.С. 287-304- беттер