Открытый урок на тему Қостанай қаласы

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушылардың облыс орталығы-Қостанай қаласы туралы білімдерін кеңейту, жаңа сөздерді қолдана отырып, ойларын еркін жеткізуге үйрету, сөздік қорларын молайту;

2. Дамытушылық: балалардың ауызша сөйлеу дағдыларын жетілдіру, тілдік құзыреттіліктерін қалыптастыру;

3. Тәрбиелік:туған жерін сүюге, өз елінің атақты адамдарын, көріктері орындарын біліп, мақтан етуге баулу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақта қолданылатын технологиялар:

ақпараттық-коммуникативтік, деңгейлік оқыту, ойын технологиялары.

Қолданылатын әдістер:

сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, т.б.

Көрнекілігі:

интерактивтік тақта, бейнеролик, үлестірме материал, техникалық құралдар т.б.

Грамматикалық тақырып:

Септік, тәуелдік жалғаулары

Сабақтың тақырыбы: Қостанай қаласы
Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Мазмұны

1.

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.

2.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты

Бүгінгі сабақтың тақырыбын сөзжұмбақты шешу арқылы анықтаймыз.

Сөзжұмбақ сұрақтары:
1.Біздің Отанымыз қалай аталады?
2.Астана сөзінің синонимы қандай?
3.Қазақстан Республикасының бүгінгі елордасы қалай аталады?
4.Қазақстанның мәдениет орталығы қалай аталады?
5.Қандай мемлекеттік рәміз жасырынып тұр?
6.Есіл, Тобыл, Ертіс-бұл нелер?
7.Батыс Қазақстанда не өндіріледі?
8.Қазбалар деген сөзге қандай сын есім қосуға болады?
Сонымен, балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай? Қай қала туралы сабақта әңгімелесеміз?

3.

Жаңа тақырып
А. Бейне материалды көру

Ә. Сөздікпен жұмыс





Б. Сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру


В. Суретпен жұмыс



Г. Сергіту сәті

Бейне материалды көріп, Қостанай қаласында қандай көрікті жерлер бар екенін айтасыңдар. (Қ)


Сөздік дәптерлеріне жаңа сөздердің аудармаларын жазып алыңдар. (О)

Жаңа сөздер:

сол жағалау- левый берег
алғашқы, тұңғыш- первый
көрікті орын- достопримечательность
тарихи-өлкетану- историко- краеведческий
орнатылған- установлен
Осы сөздермен енді сөз тіркестерін, сөйлем құарстырайық.

Суреттегі көрікті орын қалай аталатынын тауып алып, қасына жабыстырып қойыңдар (С)


Енді біраз демалып алайық (Т)

4.

Мәтінмен жұмыс

Қостанай қаласы (А)

Қостанай 1879 жылы Тобыл өзенінің сол жағалауында қаланған. Алғашқы атауы - «Николаевка».

Қостанай қаласының көрікті орындары: А. Байтұрсынов атындағы мемлекеттік университет, институттар, колледждер, тарихи-өлкетану мұражайы, мектептер, қазақ және орыс драма театрлары, филармония, кітапханалар, ауруханалар мен емханалар, мешіт, облыстық радио-телестудиялар, стадион және тағы да басқалар. Қалада Қазыбек би, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов сияқты адамдарға ескерткіштер орнатылған.
Қала тұрғындары орталық, «Жеңіс» саябақтарында, «Сити» орталығында демалады. Қостанайлықтар өз қаласын мақтан етеді.

А. Тыңдау

5.

Бекіту

А. Деңгейлік тапсырмалар



Ә.Жұппен жұмыс

Интерактивті тақтамен жұмыс

Б. Ойнайық та, ойлайық

1-ші деңгей: Аудару

2 деңгей: Диалог құрастыру

  1. деңгей: Тірек-сызба жасап, әңгімелеу

-Сөз құрамына талдау: (Н)

өзенінің, жағалауында, қаласын, орындары, демалады


- Сөйлемдер құрастыру

1.Тобылдың, жағалауында,Қостанай, сол
2. көп бар көрікті орындар

3. тұрғындары, қала, демалады, саябақта

Ойнау арқылы енді өткен тақырыптарымызды еске алып көрейік. (А)

Берілген әріптерден қала атауларын анықтаңдар:
Д, У, Н, Ы, Р, Й
Қ, А, Ж, Р, І, А,Т, І
Й, А, Қ, Т, О, Н, С, А
Қ, А, Р, Л, Ы, А, Қ

Осы қалалар қай облыстың қалалары?
Облыс орталығы қай қала?

6.

Қорытындылау.Бағалау

Сабақтың нәтижесін шығарайық (Й)

Үйге тапсырма

Қостанай қаласы туралы әңгімелеу



© 2010-2022