Авторлық шығармашылық жұмыс Жиынтық есеп

Кітапхана қорының жиынтық есебі Мүлік номерін тағайындап , тұрақты сақтау үшін есепке алуға құжаттың түрі мен тақырыбына қарамастан  ағымдағы және болжамды оқырман сұранысын қанағаттандыруға арналған құжаттар жатады.Тұрақты сақталатын құжаттар мүлік кітабында  есепке алуға жатады. Уақытша сақтау үшін есепке алуға( мүлік нөмерінсіз) қысқа мерзімді мәні бар ақпараттарды қамтитын құжаттар мен көлемі 48 бетке дейінгі басылымдар жатады, осыған байланысты кітапхана қорынан қысқа уақыт кезеңінен кейін ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Авторлық шығармашылық жұмыс Жиынтық есепАвторлық шығармашылық жұмыс Жиынтық есепАвторлық шығармашылық жұмыс Жиынтық есепАвторлық шығармашылық жұмыс Жиынтық есепАқтөбе облысы бойынша педогог қызметкерлерінің

біліктілігін арттыру



Авторлық шығармашылық жұмыс









Орындаған: Жарманова Б.А.

Тексерген: Ермекова Н.Н



Ақтөбе қаласы 2012





Кітапхана қорының жиынтық есебі

Мүлік номерін тағайындап , тұрақты сақтау үшін есепке алуға құжаттың түрі мен тақырыбына қарамастан ағымдағы және болжамды оқырман сұранысын қанағаттандыруға арналған құжаттар жатады.Тұрақты сақталатын құжаттар мүлік кітабында есепке алуға жатады.

Уақытша сақтау үшін есепке алуға( мүлік нөмерінсіз) қысқа мерзімді мәні бар ақпараттарды қамтитын құжаттар мен көлемі 48 бетке дейінгі басылымдар жатады, осыған байланысты кітапхана қорынан қысқа уақыт кезеңінен кейін алынып тасталады (тегін міндетті данадан, аса құнды және сирек басылымдар мен мұрағат құжаттарынан басқасы).Уақытша сақталатын құжаттар тіркеу кәртішкелері мен қызметтік алфавит каталогында есепке алынбайды және оларға мүлік № тағайындалмайды.

Кітапхана қорына енгізілетін құжаттар таңбаланады (штемпель). Осы ретте штемпельдер, мәшинеде оқылатын жеке штрих кодтарпайдаланылуы мүмкін. Негізгі тасығышқа қосымша болып табылатын құжаттардың барлық түрлері таңбаланады, онда негізгі құжаттағыдай реквизитер қойылады.

Жиынтық есеп -кітапқана қорына бір жолдама құжаты (шот фактура,наклодной,акт ж.т) бойынша топпен келіп тусетін немесе алынып тасталатын кітапхана қорын есепке алу түрі.

Жиынтық есеп нысаны дәстүрлі немесе мәшинеде оқылатын түрдегі кіпап(кітапхана қорының жиынтық есебі журналы парағы) болып табылады. Кітапхана қорының жиынтық есебі кітабындағы жазбалар бірлігі кітапхана қорына бір жолдама құжаты (шот фактура,накладной,акт) бойынша түсетін немесе шығарылатын әрбір лек (партия) болып табылады.

Кітапхана қорының жиынтың есеп кітабы.

КҚЖ есеп кітабы үш бөлімге бөлінеді:

-I бөлім «Қорға түскен түсім»

- II бөлім «Қордан шығару»

-III бөлім «Қордың қозғалыс қорытындылары»

Кітапхана қорының жиынтық есебі кітабына жазба кітапханаға құжатттардың алғашқы легінің түсу сәтінен жүргізіледі.

Қордың жиынтық есебі жүргізілмеген кітапханаларда мүлік кітаптары мен тіркеу құжатындағы жазбалар негізінде басылымдардың жалпы саны, оның құны шығарылып,мазмұны,түрлері мен тілдері бойынша бөлінеді.белгілі бір күнге қарай жағыдай бойынша алынған қорытындылар негізгі кітапхана қорынының жиынтық есебі кітабының III бөліміндегі «20... жылға қарай есепте тұр» деген бағанға кіріспе жазба түрінде тусіріледі.

Жиынтық есеп кітабының I бөлімі «Қорға түскен түсім».

Кітапхана қорына түскен құжаттар туралы мәліметтер негізгі кітапхана қорының жиынтық есебі кітабының I «ҚТТ» бөліміндегі мынадай көрсеткіштерде тіркеледі: жазба күні, жазбаның рет құжатының нөмірі (егер құжаттың нөмірі болмаса,құжатта көрсетілген күні,айы, жылы, қойылады); түскен құжаттар саны (барлығы, соның ішінде мазмұны, түрлері, тілдері бойынша); баланста есепке алынатын түскен құжаттардың құны.Баланстың есепке алынбаған журналдардың,көру, тыңдау құжаттарының саналуан түрлерінің,кітапшалар мен басқа да басылымдардың құндық мәні көрсетілмейді,басқа құжаттар мен мазмұны бойынша теңдей бөлінеді. Кітапхана қорының жиынтық есебі кітабының I «Қорға түскен түсім» бөліміндегі түсімдер туралы жазбаның нөмірленуі жыл сайын № 1 ден басталады.

Мерзімді басылымдардың жиынтық есебі

МБЖ есебін жүргізу, мұндай есептің мүмкіндіктері мен шынайы қажеттілігіне сәйкес шешіледі. Жазылым бойынша қорға түсетін мерзімді басылымдарға (газет-журнал) жылына бір мәрте акті әзірленеді және соның негізінде жиынтық есеп кітабына енгізіледі (олардың құнын көрсетпей-ақ) түскен мерзімді басылымдарға жасалған акт бухгалтерияға өткізілмейді.

Кітапхана қорынан шығарылған құжаттар туралы мәліметтер Кітапханадан шығарылған құжаттар туралы мәліметтер негізгі кітапхана қорының жиынтық есебі кітабының II «Қордан шығару» бөлімінде немесе алынып тасталу себебін көрсете отырып жиынтық есептің басқа нысанында көрсетіледі. Есептен шығарылған құжаттарды есепке алу мен бақылау үшін «берілді», «сатылды», «макулатураға өткізілді» деген көрсеткіштер енгізіледі.

Кітапхана қорының жиынтық есебі кітабының II «Қордан шығару» бөліміндегі кордан шығарылу туралы жазбалардың нөмірленуі № 1 басталады және есептен шығарылу себептеріне қарамастан жылдан жылға өсу тәртібімен жалғасып отырады. Қорға түсім және шығарылу туралы әрбір жазба бір жолда жасалады.













  1. Жиынтық есеп дегеніміз не?

Жиынтық есеп дегеніміз - кітапхана қорына бір жолдама құжаты (шотфактура, накладной, акт және т.т.) бойынша топпен келіп түсетін немесе алынып тасталатын кітапхана қорын есепке алу түрі.

  1. Кітапхана қорының жиынтық есебі бөлімдері қандай? Неше бөлімнен тұрады?

Кітапхана қорының жиынтық есебі кітабы 3 бөлімнен тұрады:

  1. «Қорға түскен түсім»

  2. «Қордан шығару»

  3. «Қордың қозғалыс қорытындылары»



  1. Қорға келіп түскен құжаттар туралы мәліметтер қай бөлімде жазылады?

Қорға келіп түскен құжаттар туралы мәліметтер I «Қорға түскен түсім » бөліміне жазылады.

  1. Электрондық басылымдар есеп кітабының қай бөліміне жазылады?

Электрондық басылымдар кітапхана қорының жиынтық есеп кітабының I «Қорға түскен түсім » бөліміне құжаттардың түрлеріне қарай тәптіштеп отырып көрсетіледі.

Қордан шығарылу туралы деректер де кітапхана қорының жиынтық есеп кітабының II «Қордан шығару» бөліміне осылайша тіркеледі.

  1. Мерзімді басылымдарды есепке алу қалай жүргізіледі?

Мерзімді басылымдарды жиынтық есепке алу мұндай есептің мүмкіндіктері мен шынайы қажеттігіне сәйкес шешіледі. Жазылым бойынша қорға түсетін мерзімді басылымдарға жылына 1 мәрте акті әзірленеді және соның негізінде жиынтық есеп кітабына енгізіледі. (құнын көрсетпей-ақ ). Акт бухгалтерияға өткізілмейді.



1.Кітапхана қорына бір жолдама құжаты бойынша топпен келіп түскен немесе алынып тасталатын кітапхана қорын есепке алу түрі?

  1. Жиынтық есеп

  2. Жеке есеп

  3. Бухгалтериялық есеп

  4. Жалпы есеп

  5. Инвекторлық есеп

2. Қорға түскен құжаттар кітапхана жиынтық есеп қорының қай бөліміне жазылады?

  1. «Қорға түскен түсім»

  2. «Қордан шығару»

  3. «Қордың қозғалыс қорытындылары»

  4. «Сатылды»

  5. «Макулатураға өткізілді»

3.Қітапхана қорының жиынтық есеп бөлімдері қанша? Кандай?

1. «Қорға түскен түсім» «Қордан шығару»

2. «Қорға түскен түсім » «Қордан шығару» «Қордың қозғалыс қорытындылары»

3. «Қорға түскен түсім және оларды шығару»

4. «Қордан шығару » «Қордың қозғалыс қорытындылары»

5. «Қордан шығару және қорытындылары»

4. Кітапханадан шығарылған құжаттар туралы мәліметтер кітапхана қорының жиынтық есеп кітабының қай бөліміне тіркеледі?

  1. «Қордың қозғалыс қорытындылары»

  2. «Қордың түсімі»

  3. «Қордан шығару»

  4. «Қордан шығару және қорытындылары»

  5. «Қорға түскен түсім және оларды шығару»

5.Электрондық басылымдардың кітапхана қорының жиынтық есеп кітабына тіркелуі

  1. «Қорға түскен түсім»

  2. «Қордан шығару»

  3. «Қордың қозғалыс қорытындылары»

  4. «Қорға түскен түсім және қорытындылары»

  5. «Қорға түскен түсім және қордың қорытындылары»







© 2010-2022