5сынып. сабақ жоспары. Мақал-мәтелдер

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ әдебиеті

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: І

Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға мақал мен мәтелдер туралы түсінік беру, олардың ерекшеліктері мен тәрбиелік мәндері жөнінде мағлұмат беру

2.Тәрбиелік: Еліміздің салт- дәстүрін, әдет-ғұрпын қадірлеуге тәрбиелеу, ұлтжандылыққа, кішіпейілділікке, мейірімділікке баулу

3.Дамытушылық: Сөздік қорын байыту. Өзіндік пікір айтуға дағдыландыру. Мақал мен мәтелді ажырата білуге дағдыландыру, есте сақтау қабілеттерін дамыту..

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: көркем оқу, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Ұлттық салт дәстүрлер кітабы, «мақал-мәтелдер» жинағы

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, музыка, қазақстан тарихы

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

Наурыз -өлеңдері мен салт өлеңдері

ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1.Түсіндірмелі әдіс арқылы Мақал-мәтелдер туралы ұғымды ұғындыру,

Мақал-мәтелдер халықтың ой-санасы, дүниеге көзқарасы, ақыл-өнегесі мол көрініс тапқан. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, мазмұн тереңдігімен, түр жағынан ықшамдығымен ерекшеленеді. Онда өмірдің сан салалы құбылыстарына баға беріліп, ой түйінделіп, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі негізінде пікір айтылады.

Халық терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып, шебер беруге тырысады. Сөйтіп, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» жинақтап, қорытып береді.

Мақал-мәтелдердің тақырыптары. Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан. Ол халықтың әлеуметтік, шаруашылық, рухани өмірінің бар саласын қамтиды. Шаруашылық кәсіпке, тіршілік тұрмысқа байланысты мақал-мәтелдерде төрт-түлік малға, егіншілікке, аңшылыққа, қолөнерге байланысты тәжірибелер жинақталып, қорытылып берілген. Мақал-мәтелдердің бұл түрінде малдың адамға тигізетін пайдасы, өнімі, т.б. қасиеттері сөз болады. Мысалы, «Қойдың сүті қорғасын, қойды соққан оңбасын», «Жылқы - малдың патшасы», «Сиыр судан жериді», «Сиыр алсаң танып ал, танымасаң тарғыл ал», т.б.

Отанды сүю, ерлік тақырыбында «Ерлік тәрбиеден туады», «Ерлік білекте емес, жүректе», «Отанын сүйген ер болар», «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі», «Батыр майданда, болат қайнауда шынығады», т.б. көптеген мақал-мәтелдер туған. Ерлік пен еңбек егіз деп ұққан қазақ халқы бір топ мақал-мәтелдерін еңбектің мән-мағынасын ашуға арнаған. Мәселен, «Еңбек ер атандырады», «Еңбекпенен ер көгерер, жаңбырменен жер көгерер», «Еңбек қылсаң ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Еңбек түбі-береке», т.б. деп, еңбектің адам өміріндегі орнын айқындауды көздеген.

Өнерді пір тұтқан ата-бабамыз «Өнерлі өлмейді», «Өнерді үйрен, үйрен де жирен», «Өнерлі жігіт өрде озар», «Жігітке жетпіс өнер де аз», «Өнерлінің қолы алтын» деп, өнердің тіршіліктің тұтқасы екенін кейінгі ұрпаққа сездіруді мақсат еткен.

Сондай-ақ халқымыз білімді адам өмірін жеңілдету үшін, алға қойған мақсатқа жеткізу үшін қызмет ететін күшті құрал деп білді. Мысалы:»Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ», «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні ғаріп», «Оқу - білім азығы, білім-ырыс қазығы», т.б.

Бір топ мақал-мәтелдер адамның бойындағы жақсы қасиеттерін марапаттауға, адамгершілікке баулып тәрбиелеуге бағытталады. Мысалы: «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Ақ жүрек адам азбас», «Ақылың болса арыңды сақта, ар-ұят керек әр уақытта», т.б. мақал-мәтелдерде кісілік, адамгершілік, достық мәселелеріне ерекше мән беріледі.

«Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің, ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің», «Бала- ата-ананың бауыр еті, көз нұры», «Ана алдында - құрмет, ата алдында - қызмет», «Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі», т.б. көптеген мақал-мәтелдер баланың ата-анаға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуді көздеуден туған.

Мақал-мәтелдердің құрылымдық ерекшеліктері.

Мақал-мәтелдің өн бойында поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздық, ұйқас,ырғақтылық байқалады.Онда басы артық бір сөз болмайды. Барлығы өз орнында, екшелген, сұрыпталған, жымдаса біріккен, ішкі мазмұнына сыртқы формасы сай үндестік тапқан болып келеді. «Ер дәулеті - еңбек» деген мақалды талдап көрелік. Мұндағы негізгі ой - еңбектің құдіретін, бүкіл игіліктің көзі екенін білдіру. Ой қазығы еңбек болған соң, мақалда «е» дыбысы ерекше естіліп тұр. Мақалға саздылық, үнділік беріп тұрған да сол. Дәулет сөзінің мақал бітіміне кіруі де соған байланысты. Оның орнына ырыс, байлық, молшылық т.б сөздерді ала алмайсың

ІV.Жаңа сабақты бекіту.

1.Оқулықпен жұмыс

Халық даналығының айнасы

(Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме)

Халықтың ұрпағына Асыл сөз қазынасы

(алтын, күміс, гауһар т.б.

Бағалы бұйымдар мүліктік қазына

өсиеті (әкенің балаға өсиеті)

Өмір сүру ережесі

(жолда жүру, суда жүзу, қауіпсіздік ережесі)


Ой тиянақты, дәлелді Мақал аяқталған сөйлем

Екі бөлімді

Сөйлем немесе сөз тіркесі

топшылау Мәтел мағына тұспалды

қорытынды пікір дәлелдеу жоқ

ІV.Үй тапсырмасын беру:

Мақал-мәтелдер

V.Оқушылардың жауаптарын бағалау

VІ.Сабақтың аяқталуы.



© 2010-2022