Абай «Әсемпаз болма әрнеге»

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Абай «Әсемпаз болма әрнеге»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Абай шығармаларын талдай отырып,

білімдерін жүйелеу, жинақтау және

шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды

жан-жақты таныту.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, имандылыққа, асыл

қасиеттерге тәрбиелеу және туған жердің

тарихы мен тілінің қадір-қасиетін ұғындыру.

Дамытушылық: Мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-

өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылық

ізденісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, нақыл сөздер.

Сабақтың әдісі: ой қозғау, сұрақ-жауап,топтастыру, талдау

Сабақтың типі: білімді жүйелеу, жинақтау сабағы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысын, оқу құралын тексеру.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Қызығушылықты ояту. «Кім жылдам?»

  1. Абай кім?

  2. Қашан, қай жерде дүниеге келген?

  3. Абайдың шын есімі кім?

  4. Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?

  5. Қандай әндерін білесіңдер?

  6. Ұлы ақын туралы жазылған роман-эпопея қалай аталады? Оның авторы кім?

  7. Абайдың неше қара сөздері бар?

  8. Қарасөз жазудағы мақсаты нешінші сөзде айтылады?

  9. Отыз бірінші қарасөзі не туралы?

  10. Есте сақтаудың себептерін ата?

  11. Ой кеселдерін ата?

  12. Топтастыру әдісі

  13. Абай

  14. Мағынаны тану.

  15. ІІІ. Жаңа сабақ.

  16. Оқушылар, біз бүгін Абай ақынның «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңімен танысамыз. Бұл өлеңінде ақын өнерге, білімге, биік адамгершілік қасиеттерге баулиды. Адам баласына қайрат пен ақыл, әділет пен мейірім қатар керек қасиеттер екенін жырына арқау етеді. Әділет пен мейірім болмаса, адам баласы алды-жалын, арты-мұз болып қайда барарын білмейді. Пайда іздеп, мақтанға салынбау керектігін, өзімде бар деп біреуден артық болудан, қызғаншақтық қасиеттен аулақ жүру туралы ой айтады

ІV. Оқулықпен жұмыс.

«Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін мәнерлеп оқыту.

Өлең мазмұны жайлы оқушылардың ой-пікірін тыңдау.



  1. Әсемпаз болма әрнеге Өнерпаз болсаң арқалан дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Ақын қандай жақсы қасиеттер туралы айтады?

  3. «Алдың-жалын, артың-мұз» деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?

  4. «Пайда, мақтан, мінін ұрлап, бәйге жасыру» сөздерінің мағынасын ашыңдар?

  5. Осы өлеңде нақылға айналып кеткен қандай өлең жолдары бар?

V. Дәптермен жұмыс.

  1. «Пайда, мақтан, мінін ұрлап, бәйге, жасыру» сөздерінің синонимін тауып, дәптерге жазу.

  2. Ақынның нақылға айналып кеткен өлең жолдарын дәптерге түсіріп алу.

  3. VІ. Сөздікпен жұмыс.

  4. Шапқат (шапағат) - мейірім, жәрдем, көмек.

  5. Ез (езбе) - мезі етуші, мыжыма.

  6. VІІ. Сергіту сәті. Абай-сазгер.

  7. Олай болса, Абайдың бір әнімен көңілімізді көтеріп, сергіп алайық.

  8. Ән: «Көзімнің қарасы».

  9. VІІІ. Ойтолғаныс.

  10. «Сен де бір кірпіш дүниеге». Болашақта кім боласыңдар?

  11. Осы тақырыпта шағын ойтолғау жазу, оқыту, талдау.

  12. ІХ. Өлең құрылысы.

  13. Өлең дегеніміз-белгілі бір өлшеммен, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.

  14. Өлең 6 шумақтан, әр шумақ 4 тармақтан құралған.

  15. Шалыс ұйқаспен жазылған.

  16. Ә-сем-паз//бол-ма//әр-не-ге 8 буын а)

  17. Ө-нер-паз//бол-саң//ар-қа-лан, //-// б)

  18. Сен-де бір//кір-піш//дү-ние-ге, //-// а)

  19. Ке-ті-гін//тап та//бар қа-лан! //-// б)

  20. Х. Үйге тапсырма.

  21. Өлеңді жаттау.







© 2010-2022