Мәнерлеп оқу 5-9 сынып аралығы

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 34 негізгі мектеп



Сабақ жоспары

Тақырыбы:

« Ана тілің алпыс тілге татиды » атты мәнерлеп оқу сайысы







Өткізген: Әбілдинова Г.Ж



2016ж

Күні: 20.02.2016ж

Пәні: әдебиет

Сабақтың тақырыбы: « Ана тілің алпыс тілге татиды » өлеңді мәнерлеп оқу сайысы.
Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүйуге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.
Мұғалім:
Тілім менің қайыршы емес қаңғыбас,
Тілім тұлпар - қуған желге шалдырмас.
Кенже ұлдай үлкен үйге мұрагер
Жер иесі - менің тілім мәңгі жас.
Әуезов, Абайды өткен дәріс тілі,
Тіл қатқан Тоқтар, Талғат ғарыш тілі.
Қанша Заң қабылдаймыз, жетер енді,
Естілсін мемлекеттік әр істе үні!
Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі «Ана тілің алпыс тілге татиды » атты өлеңді мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер.
Қазақ осы ағыл-тегіл көл- көсір,
Қазақ осы « Өнер алды- тіл дейтін»,
Қазақ осы қарасыңба, ақсыңба,
Қоңырсыңба жатырқауды білмейтін,-
деп ақын ағамыз Қ.Мырзалиев айтқандай, ұлы қазақ даласында 130- дан астам ұлт өкілдері татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет.
Әнұран орындалады. Слайд.
Мұғалім: Туған тілім қазынам,алтын кенім,
Жаңа алыпқа өзіңді алып келдім.
Қош келдің туған өлке,бесігіңе,
Қасиетті бабамның тілі менің.
Дұшпандардың талайын қызыл тілмен,
Қылыштай сүйектерден тілімдедің.
Өтсе де талай ғасыр,қилы заман,
Қасиетті тілім менің бүлінбедің.
Ортаға сайысқа қатысушыларды шақырамын.
Сауалнама:
• Сенің атың кім?
• Сен қай сыныпта оқисың?
• Менің жасың нешеде?
• Ана тілің - қай тіл?
• Өлеңнің тақырыбы,авторы?
4-сынып оқушылары өлеңдерін мәнерлеп оқиды. 5-сынып оқушылары өлеңдерін мәнерлеп оқиды

Мұғалім: Туған тілім - бабам тілі - өз тілім
Туған тілім -анам тілі - өз тілім.
Туған тілім - далам тілі - өз тілім
Туған тілім - адам тілі - өз тілім.
Ән:
Мұғалім: Қазақ халқының ана тілі-қазақ тілі. Қазақ екендігімізді көрсететін ұлттық аспап-домбыра, ұлттық өрнек-ою, жігіттің сәні-тұлпар, ұлттық ойын-асық, көкпар,бәйге,т.б, киіз үйіміз,өзімізге тән ұлттық киімдеріміз, әшекейлеріміз, ұлттық зергерлік бұйымдарымыз бар. Слайд.
7-сынып оқушылары өлеңдерін оқиды. 6-сынып оқушылары өлеңдерін мәнерлеп оқиды.
Мұғалім: Астананың Есілі сарқырайды,
Мың бір шырақ түнімен жарқырайды.
Көк аспанмен таласқан «Бәйтерегім»,
Астанамның сұлулығын айқындайды.
Слайд.Астана.
Ана тілім туған тілім, бал тілім,
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім,
Сен өмірде таусылмайтын алтыным.
Ән:
8-сынып оқушылары өлеңдерін оқиды.
Әділ-қазы өз шешімдерін шығарғанша, ана тілі туралы мақал-мәтелдерді жалғастырып көрелік

Әділ-қазылар сөз сөйлейді,мадақтамалар береді.
Мұғалім: Тіл - ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы,тыныс-тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің үні. Оны сендер де құрметтеп, қорғай біліңдер. Ынтымағы жарасқан халықтардың бесігі болған шуақты Қазақстанның бақытты да парасатты, білімді де, еңбекқор ұл-қызы болып өсе беріңдер! Назарларыңызға рахмет!

© 2010-2022