Тапқыр достар атты тәрбие сағаты

Раздел Другое
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тапқыр достар атты тәрбие сағатыТапқыр достар атты тәрбие сағатыТақырыбы: «Тапқыр достар».

Мақсаты: Балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу, білімді, жан-жақты болуға үйрету.

Түрі: сайыс сабақ

Әдісі: Сұрақ - жауап, ой қозғау, болжау.
Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу, қазақ тілі, математика, дүниетану.

Ұлағатты сөз:

"Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден ерек."

Жоспары:

1 - айналым «Сөз тапқанға ...»

2 - айналым «Ойлан, тап»

3 - айналым «Сен білесің бе?»

4 - айналым «Мақалды жалғастыр...»

5 - айналым «Білегіңе сенбе, біліміңе сен» (жұмбақ шешу)

Кіріспе сөз: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар: Бүгінгі «Тапқыр достар» атты сайыс сабаққа қош келіпсіздер!
Бұл сайысқа екі топ қатысады.
1 - топ «Білім»
2 - топ «Ғылым»
Ал енді сайысымыз әділ де шыншыл өту үшін әділ - қазылар мүшелерін сайлайық.
Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған, өмірде де озады» деген аталы сөз бар. Ойын ережесі 5 айналымнан тұрады. Ал балалар мен алдарыңа қима әріптер қоямын, сол әріптерді ретімен дұрыс қоясыңдар өте мағыналы сөз шығады. Сол сөз сендердің топтарыңның аты.
- Қане қай топ бірінші құрастырса, сол топ бірінші бастайды.
Ал қанекей сайысты біз бастайық. Өзімізді таныстырып тастайық. Топтар өздерін таныстырып өтсін. Ең жоғары баға - 5 ұпай.

  • « Сөз тапқанға...» І топ

  1. Суды немен ішесің?

  2. Қазақ тілінде қанша әріп бар?

  3. Жыл басын көрген жануар?

  4. Қазақ тіліне тән дыбыстар?

  5. Көптік жалғауы дегеніміз не?

  6. Қандай тағам ұнатасың?

  7. Арманың не?

  8. Мектебің қай көшеде орналасқан?

  9. Қай ауылда тұрасың? ІІ топ

  10. Тәуелдік жалғауына мысал келтір.

  11. Буын түрлерін ата.

  12. Алтын күн астында не бар?

  13. Сүйікті пәнің?

  14. Дауысты дыбыстардың саны қанша?

  15. Дауыссыз дыбыстардың саны қанша?

  16. Қандай ертегі білесің?

  17. «Ойлан, тап»

Ертегінің атын анықтау және қысқаша мазмұнын айту. Екі топқа

«Сен білесің бе?»

  1. Үш бидің атын ата.

  2. Абай Құнанбайұлы қай жерде дүниеге келген?

  3. Ы.Алтынсарин не ашқан?

  4. Тоқтар Әубәкіров кім?

  5. Адамның сезім мүшелерін ата

  6. Б дыбысы қандай дыбыс?

7. Өсімдік қай мүшесімен тыныс алады?

8. Қай аң қысқы ұйқыға жатады?

9. Елбасы күні - қай күн?

10. Үш картоп 10 минут піссе,жалғыз картоп неше минут піседі?

«Мақалды жалғастыр...»

  1. Оқу білім бұлағы, ... ... ...

  2. Оқусыз білім жоқ, ... ...

  3. Әдептілік белгісі, ... ... ...

  4. Аққуды атпа, ... ...

  5. Үлкенге - құрмет, ... ...

6. Дұшпан күлдіріп айтады. ... ... ...

7. Жүз сомың болғанша, ... ... ...

8. Әдепті бала арлы бала, ... ... ...

  • «Білегіңе сенбе, біліміңе сен» «Жұмбақ шешу»

  • Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы. (мектеп)

Ақыл-ойдың шырағы,

Зәулім көктей шынары.

Биігіне бойлаған,

Қанбайды адам құмары. (Білім)

  • Білімнің жол басшысы,

  • Шәкірттің қолбасшысы (Мұғалім)

  • Ұшымен қазық

  • Тор көзді жазық.

  • Үстіне өттім,

  • Асыл сөз жазып. (Дәптер)

  • Қырық екі жауынгер,

  • Сапын түзеп тұрады.

  • Бүлдіршіндер

  • Қауымды ел,

  • Сырын терең ұғады (Алфавит)

Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді. (Ұстаз)

Күміс алмұрт тілі бар

Сыңғырлаған үні бар.

Шақыратын білімге,

Сағаты бар, күні бар. (Қоңырау)

Бар білімнің бастауы,

Бар ғылымның бастауы.

Жас балаға нұр шашқан,

Қандай кітап тіл ашқан? (Әліппе)

Жеңімпаздарды анықтау, марапаттау













Н. Г.Иванов атындағы орта мектебі















Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі: Мырзағалиева

Фарида Шамбылқызы





Торғай - 2016 жыл

© 2010-2022