Қазақ халқының ерліктері Тәрбие сағаты

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаттың әзірлемесі

Сыныбы: 5 «Б»

Өту уақыты: 01.09.2015жыл

Сынып жетекшісі: Байділда Толқын Қажымұханқызы

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ерліктері

Сабақтың мақсаты:

  • Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанның жетістіктерін насихаттау. Еліміздің мемлекеттік нышандарына, дәстүріне, тарихына, Қазақстан Республикасының Конститутциясына деген мақтаныш сезімді ояту және оларға құрметпен қарау.

  • Қоғамда Қазақстандық патриотизм идеясын дамыту. Балалардың Отанға деген азаматтық жауапкершілікті сезінуіне ықпал ету.

  • Жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген, өз ұстанымы бар өз Отанын сүйетін елінің патриоты болып табылатын ұлттық рухы күшті жастарды тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Н.Ә. Назарбаевтың портреті, нақыл сөздер, суреттер , слайд, бейне фильмдер.

Қамтылатын негізгі бағыттар:

  • 1 қыркүйек- Білім күні; Оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтай отырып, жас мемлекет Қазақстан үшін жас өнеріміз, ертеңгі елдің тұтқасы бүгінгі ұландардың білім, ғылым үйреніп мемлекетіміздің өркендеуіне үлес қосуы және ғылым, білімнің адам өміріндегі маңызы зор екендігін айту;

  • Ұлы жеңістің 70 жылдығын,Қазақ хандығының 550 жылдығын, тәуелсіздік, батырлық, ерлік құндылықтарын дәріптеу;

  • Биылғы 2015 жыл Ата заңымыздың құрылғанына 20 жыл толуы мен Қазақстан Ассамблеясының құрылуына да 20 жыл екендігін айту.

Сабақтың барысы:

Мұғалім сөзі: (жаңа оқу жылымен құтықтау)

Тәуелсіз елім Қазақстаным тәрбие сағатын бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін. Елбасымыздың «Нұрлы жол - болашаққа бастау жол» атты жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп атап өткен болатын. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын ерекше атап өткен болатын. Алтайдан Алатауға дейін ұлан - ғайыр жерді мекен еткен ата - бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Исатай, Махамбет батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана Тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

1 -оқушы:

Бостандық құтты болсын ерікті ел

Айдын көл, көк майсалы, көрікті жер

Бостандықты аңсаған батырлардың

Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.


Мұғалім: 1941 жылы соғыс басталды. Туған елін бүкіл халық қорғады, сондықтан бұл соғыс -Ұлы Отан соғысы деп аталады.Соғыс төрт жылға созылды және әр отбасына көп қайғы әкелді. 630 мың қазақстандық соғыстан қайтып оралмады. 500 Қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Әр жылдың 9 мамырында Жеңіс күнін атап өтеміз. Біз қан мандайда қаза тапқан батырларымызды ұмытпаймыз.

  1. оқушы
    Соғыс деген қайдан шықты,
    Авторы кім алғашқы?
    Есіл адам, есі кетіп,
    Оған несін жармасты?!
    Бүкіл адам тарихының бетін неге қан басты?

Соғыс деген - аққан соры ақсүйектің, құлдың да,
Соғыс деген - төккен ары ұлдың және қыздыі да.
Соғыс деген - Сотқарлардың қолындағы найзасы,
Соғыс деген - соғыс деген - зұлымдықтың айнасы.

3 оқушы

Сен неткен Отан - анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,
Жайнай берғ Ұлы Отаным - қазақ елім.


Атамекен әні орындалады (хор)


Мұғалім сөзі:

Шәкірттерім қазіргі кезде сен ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсың, білім алуға сен үшін мүмкіндік мол. Сен көп уақытыңды достарыңмен, туған - туыстарыңмен өткізесің, көңілді мерекелерді асыға күтесің. Саған қандай мерекелер ұнайды? Оларды қалай тойлайсың? Әрине барлық мейрамдар жақсы. Бірақ олардың арасында біздің мемлекетіміз үшін маңыздылары бар. Соның бірі - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірд
Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды.
Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.16 - желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.
Мерейің құтты болсын Қазақстан!
Ғасырлар тойы болшы келе берер!
Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздер бар. Мемлекеттік рәміздер - Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері. Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.

Кез - келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы - Әнұран. Әнұран мемлекеттік салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған

Сұрақ : Балалар! Қазақстан Республикасының әнұранының авторы кім ?

Сөзі : Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Әні: Шәмші Қалдаяқов Әнұран орындалады.

Мұғалімнің сөзі:

Балалар, өткенге шолу жасайықшы? Өткен жылдар қандай ерекшеліктерімен есімізде қалды? Сол туралы ойымызды ортаға салсақ.


  1. Қызығушылықты ояту

«Миға шабуыл»


1. 1 желтоқсан қандай мереке? (1991 жылы 1- желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың президенті етіп сайлады).

2. 1992 жылы 4 маусымда Президент Қазақстан республикасының мемлекеттік жалауы, елтаңбасы, әнұраны туралы. Қазақстан республикасының заңдарына қол қойды.

3. Төл теңгеміз қашан дүниеге келді? (1993 жылы 15 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді).

4. Конституция қай жылы қабылданды?(1995ж. 30 тамыз жаңа конституция қабылданды).

5. Қазақстан тарихында неше астана болды? (Орынбор, Қызылорда, Алматы, Ақмола).

6. Қазақстанның астанасы қай қала?

7. Астана қай өзеннің бойында орналасқан?

8. Ұлы отан соғысына биыл қанша жыл толды? (70 жыл)

8. Биылғы 2015 жыл қандай ерекшелігімен ерекшеленеді?

Қазақ хандығының құрылғанына - 550жыл»! 1465 жылдары Керей мен Жәнібек Әбілхайыр хандығынан бөлініп шығып, Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян. «Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, Қазақ хандығының іргесін қалағанын баршамыз білеміз. Әлбетте, одан кейін тағдыр сан түрлі сынаққа салды бізді. Үш ғасыр тарихымызбен ар - ожданымыз табанға тапталды. Түрлі нәубетті бастан өткердік. Бірақ, мың өліп мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту - сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрметіміз деп қабыл алыңыздар.

Биыл егеменді еліміздің төлқұжаты Ата заңымыздың қабылданғанына 20 жыл! Ата заңымызды құрметтеу баршамыздың басты борышымыз. Конститутция жеке тұлға және оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын Республиканының ең қымбат қазынасы ретінде танып, Мемлекеттен олардың орындалуына жағдайлар жасауын талап етеді.

Бейне фильм көрсету

Мұғалім сөзі:
Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Бізде қандай ұлт өкілдері тұрады (қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері) тұрады. Олар өздерінің осындай кең байтақ қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтсе де, қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізді. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені - Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
Қасиетті қазақ жерін тең бесік етіп бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы биыл 20 жыл толды.

Слайд көрсету.

Ақ көгершін әнін орындау (хор)
ҮІ.Қорытынды.

Құрметті ұстаздар қауымы және оқушылар бүгінгі іс шараға қатысқандарыңызға үлкен рахмет.Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деген. Сондықтан әр қайсымыз өз еліміз тарихын әрқашанда жадымызда сақтап, мақтан етейік.
Көк аспан түсіндей желбіреп байрағы,
Бір мүдде бір мақсат алдына қойғаны.
Көк түрік отаны бүгінгі қазақтың,
Тәуелсіз мәңгілік ел болу арманы,- деп бүгінгі тәрбие сағатымызды осымен аяқтаймыз. Келгендеріңізге рахмет.

© 2010-2022