Методы и приемы подготовки к ЕНТ

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Теміртау қаласының №19 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ








БАЯНДАМА

«ҰБТ-ға оқушыларды дайындау барысында қолданылатын әдіс - тәсілдері»










Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі

Исаева Айгиваш Абдрахмановна














Теміртау қаласы. 2012 - 2013 оқу жылы


ҰБТ-ға оқушыларды дайындау барысында қолданылатын әдіс - тәсілдері

«Еліміздің тағдыры - жастардың қолында,

ал сол жастардың тағдыры - бүгінгі таңда білім,

тәлім - тәрбие беріп отырған ұстаздардың қолында»

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.


Мақсаты: Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге сапалы дайындық ұйымдастыру арқылы оқушылардың білім сапасын жоғарылату.

Міндеттері:

  1. Қазақ тілінің салалары бойынша жоспар құрастыру.

  2. Ортақ талдаулар, түзету жұмыстары.

Ел тәуелсіздігінің 20 жылдық тарихында туған тілдің тұғырын биіктетіп, мәртебесін арттыру мәселесі әрқашан басты әрі маңызды мәселе болып көтеріліп келеді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде»,-деп тұжырымдады. Ал, қазақ халқының тіл келешегі - бүгінгі мектеп оқушыларында.

Сондықтан мұғалімге қойылатын талаптар :
- Оқушылардың білім алу себептерін айқындау
- Пәндік оқытуды ұйымдастыру

Осы талаптарды жүзеге асыру үшін оқушылармен әрдайым бірлікте отырып, жаңа тақырыпты меңгеру, әрбір өтілген тақырыпты тест сұрақтарымен байланыстыру, негізгі қажетті деген сөздерді түрлендіре отырып, сұрақтар қойдырта білу, әрбір сұраққа дұрыс жауап бере білуге, дұрыс жауапты есте сақтап қалуға үйретіп - менің негізгі міндетім.

Елімізде білім берудің сапасын арттыру мен сапалы білім беру жүйесін құру мақсатында ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) енгізілгеніне де бірнеше жыл болды.

ҰБТ дегеніміз - мемлекеттің, қоғамның және тұлғаның қажеттілігіне сәйкес келетін бүгінгі білім сапасын көтеру және бақылау үшін жасалған тапсырмалар жүйесі болып табылады.

ҰБТ жаңа технологияларға негізделген мектеп бітірушілерді қорытынды мемлекеттік аттестациялау және жоғарғы оқу орнына түсу емтихандарын қоса атқаратын білім сапасын бағалаудың ерекше жүйесі екені баршамызға белгілі.

Ұлттық бірыңғай тестілеу - жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушылардың қорытынды аттестаттауының бір түрі. Аттестаттауды жақсы тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет. Оқушы білімді меңгеріп қана қоймай, оны іс-жүзінде қолдана алуы керек. Осы себептен ҰБТ-ға оқушыларды дайындауда әдістер мен тәсілдерді үнемі іріктеп отырамын. Қазіргі кезде өзге ұлт өкілдерін қазақ тілінен дайындап шығару мұғалімнің шығармашылығына, жауапкершілігіне, ізденушілігіне байланысты.

ҰБТ тиімділігі мынада деп көрсеткім келеді:

1.Барлық мектеп бітірушілердің біліміне ортақ талап қояды.

2.Мектептердің білім сапасына нақты баға беріледі.

3.Адамның араласуынсыз білімді бағалауды әділетті жүргізуге жұртшылықтың көзін жеткізеді.

4.Тестілеу арқылы бағдарламадағы білім мазмұнын қамту жоғары деңгейге жетуде.

Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау барысында қазақ тілінің салалары бойынша жоспарын құрастырдым.

Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау жоспары

Тақырып

Мерзімі

Ескерту

Фонетика. Дыбыстар. Буын. Тасымал. Екпін.

қыркүйек


    Орфография. Орфоэпия. Үңдестік заңы

    қыркүйек


      Лексика. Сөз мағынасы.

      қыркүйек


        Синоним. Антоним. Омоним.

        қыркүйек


          Морфология. Сөз құрамы.

          қазан


            Жалғаулар.

            қазан


              Сөз таптары. Зат есім. Сын есім. Есімдік. Сан есім.

              қазан


                Етістік. Көсемше. Есімше. Етіс.

                қараша


                  Үстеу. Көмекші есімдер.

                  қараша


                    Шылау сөздер: септеуліктер, жалғаулықтар, демеуліктер

                    желтоқсан


                      Оқшау сөздер: одағай, қаратпа сөз, қыстырма сөз

                      желтоқсан


                        Синтаксис. Сөйлем мүшелері

                        ақпан


                          Тұрлаулы мүшелер

                          ақпан


                            Тұрлаусыз мүшелер

                            ақпан


                              Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

                              наурыз


                                Жай сөйлемнің түрлері

                                наурыз


                                  Құрмалас сөйлемнің түрлері

                                  сәуір


                                    Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері

                                    сәуір


                                      Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері

                                      мамыр


                                        Төл сөз. Төлеу сөз. Тыныс белгілері

                                        мамыр

                                        2. Әр салаға байланысты тақырып бойынша түсіндіру жұмыстарын жұмыстарын жүргіземін.

                                        3. Әрбір сала бойынша тест сұрақтарын ұйымдастырамын.

                                        4. Тест сұрақтары арқылы оқушының қай тақырыпты дұрыс меңгере алмағандығын анықтаймын

                                        Тест алынып болғаннан кейін қатемен жұмыс, ортақ талдаулар, түзету жұмыстарын жүргіземін.

                                        5. Мониторинг бойынша қорытынды шығарып отырамын.

                                        Мысалы, фонетика саласында:

                                        1 - сабақта: Қазақ тіліндегі алфавиттік жүйе, дауысты, дауыссыз дыбыстар түрлерін өткенде өзім түсіндіріп өтемін.

                                        2 - сабақта: Осы өтілген тақырып бойынша жаттығу жұмыстары .

                                        Сөйлем ішіндегі сөздерге, дыбыстарға фонетикалық талдаужасаймын.

                                        Сөз

                                        ашық

                                        қысаң

                                        жуан

                                        жіңішке

                                        еріндік

                                        езулік

                                        қатаң

                                        ұяң

                                        үнді

                                        жігіт

                                        і

                                        і

                                        і

                                        т

                                        ж,г

                                        тағдыр

                                        а

                                        а,ы

                                        а,ы

                                        т

                                        ғ,д

                                        р

                                        3 - сабақта тест жұмыстарын өткіземін

                                        4. Сұрақ - жауап ұйымдастырамын.

                                        Әр тақырыпқа арналған тесттер бойынша «Ең қиын сұрақ» деген сәт кезінде әрбір оқушы өзіне қиын сұрақты айтады. Мүмкін ол сұрақ бір оқушыға қиын болғанымен, екінші оқушыға оңай болуы мүмкін. «Мен» деп жауап берген оқушыға тақтаға сол сұрақты жазып, дәлелдеп түсіндіріп беруін айтамыз. Солай ол кемшілікті жоямыз. Оқушының әрбір жазған тест жұмыстарынан кейін, талдау жасалып, білім сапасы, үлгерім сапасы, орта балы есепке алынып отырады. Бұл оқушылардың алға қарай жылжуына негізгі жол болмақ.

                                        ҰБТ нәтижесіне нелер әсер етеді?
                                        - Күнделікті жүйелі жұмыс ұйымдастыру;
                                        - Жеке тұлғаның даралығын дамыту;
                                        - Оқушылардың білім алу себептерін қалыптастыру.

                                        Менің жұмысымда көп қиындық тудыратын орташа оқитын оқушы емес, потенциалды және қауіп тудыратын балалар, өйткені тест сұрақтары орташа оқитын оқушыларға бағытталған. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқу үрдісін ұйымдастыру және білім сапасын көтеру жұмыстарын келесі кезеңдерден көруге болады.

                                        Диагностикалық кезең

                                        Тәжірибелік кезең

                                        Бақылау кезеңі

                                        • Бақылау жұмыстарын өткізу арқылы оқушылардың білім деңгейлерін анықтау,

                                        • Өткен жылдағы ҰБТ нәтижесі мен байқау тестілердің сараптамаларын жасау арқылы қиындық тудыратын сұрақтарды анықтау;

                                        • Тест жинақтарымен жұмыс;

                                        • Күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар;

                                        • Топтық және жеке дайындық;

                                        • Тестпен жұмыс істеуде тәсілдерді қолдану.

                                        • Тақырыптар бойынша бақылау тестілері,

                                        • Мониторинг;

                                        • Қатемен жұмыс парағын жүргізу;

                                        • Психологиялық тренинг ұйымдастыру және өткізу.

                                        Мен 11 «А», «Б» сыныбында жұмыс істеймін. 11 «А» сыныпта - 12, 11 «Б» сыныпта - 11 оқушы. ҰБТ-ға қатысқандар - 11 «А» - 10 оқушы, 11 «Б» сыныпта - 8 оқушы. Жұмысты неден бастадым?

                                        Алдын-ала өзім бақылау тест - «Кіріспе тест» өткіздім. Кіріспе тест өткізу арқылы оқушылардың білім деңгейін анықтадым. Жоғарыда көрсетілген кестедегі үш кезең бойынша өткізілетін жұмыстар оқушыларды үш топқа бөлінетінін анықтайды: 1-топ үнемі 18 ұпайдан жоғары алатын оқушылар , 2-топ 12 ұпайдан 18 ұпайға дейін алатын оқушылар, 3-топ 12 ұпайдан төмен алатындар. Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау мақсатында В. Т. Беспалько, В. В. Фирсов, В. М. Монахов, Ж. А. Қараев еңбектерінде зерттелген деңгейлік саралап оқыту технологиясын басшылыққа ала отырып, күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар беріп отырдым.

                                        Өз тәжірибеме сүйене отырып, қазақ тілі пәнінен ҰБТ-ға даярлауда болатын мынадай қиындықтар кездесті:

                                        1. Кейбір оқушылардың сөздік қорының аздығынан (синонимдерді, антонимдерді, омонимдерді таба алмау).

                                        2. Құрмалас сөйлем түрлерін шатастыру.

                                        Тестпен жұмыс барысында оқушылар арасында қолданатын әдістің бірі - «жарыс». Білім деңгейіне қарай оқушыларды жұппен немесе топпен көп ұпай жинауға жарыстыру. Оның өзі оқушылардың белсенділігін арттырады.

                                        Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау барысында алдымен сөздік жұмысын жүргіземін. Сөздік жұмысы: тест тапсырмаларын дұрыс аудару үшін сөздердің аудармасын беремін. Мысалы: аудармасы - перевод, анықтаңыз - определите, табыңыз - найдите, жазылатын - написанное, жалғасын - продолжение, дұрыс - правильно, тиісті - подходящее, дыбыс - звук, дауысты дыбыс - гласный звук; с.с.

                                        Кейін тіл білімінің саласынан грамматикалық тақырыптарын кесте бойынша түсіндіремін, оқушылар арнайы ереже дәптерлеріне немесе папкаларына енгізеді. (дәптерлерді көрсету)

                                        Тест жинақтарын таратып, берілген грамматикалық тақырыпқа сай тапсырмаларын дәптерге көшіріп, аударып, тиісті жауабын табады.

                                        Апта сайын өтетін бақылау тестілеу барлық тест тапсырмаларын қамтиды. Сонда өткен грамматикалық тақырып меңгерілгені байқалады. 2012 жылдың тест тапсырмалары пайда болғаннан кейін белгілі грамматика тақырыбына тапсырмаларды іріктеп алдым, оларды оқушыларға ұсындым.

                                        ҰБТ нәтижелерінің жеке парағы, қателерді талдау парағы, сонымен қатар әр оқушының жеке күнделігі, ереже дәптері бар. Бірінші, әр оқушы мониторинг парағын алғаннан соң, өзіне мақсат қояды. Тест нәтижелерін белгілегеннен соң қатемен жұмыс жасалады. Қатемен жұмыс парағы бойынша түрлі жұмыс жасауға болады. Мысалы:

                                        -грамматикалық ережелерді аудару, жаттау;

                                        -ережелерін еске түсіріп жазу;

                                        -мысалдар келтіру;

                                        -бірін-бірі тексеру;

                                        -өзі-өзін тексеру.

                                        Мектепішілік байқау - тестілеу нәтижелерінің мониторингі өткізіледі. Оқушылардың ұпайлары салыстырылып отырады.

                                        Мен сынып жетекшісімен, мектеп психологімен, 11-сынып оқушыларының ата - аналарымен тығыз байланыста жұмыс істедім. Психологтің көмегімен төмендегідей тренингтер ұйымдастырып өткізілді:

                                        1. Емтихандарға дайындалу кезінде өзіңнің жақсы тапсырғаныңды көз алдыңа елестет; «Тапсырманы орындай алмаймын», - деп ешқашан ойлама;

                                        2. Ең қиын сұрақтарды қайталау үшін емтихан алдында түнді емес, бір күнді қалдыр.

                                        3. «Сенімділік» жаттығуы. Мақсаты: Оқушыны стрестік жағдайдан арылтып, сенімділікке үйрету.

                                        Шарты: Оқушыларға бос ақ парақ таратылады. Сол парақты қаламсаппен теңдей екіге бөлу ұсынылады. Ол бөліктерді 1,2 деп белгілеп бірінші бөлікке жағымды қасиеттерін,екінші бөлікке жағымсыз қасиеттерін жазу керек те,ортасынан қырқылып алынады.Жағымды қасиеттерін өзінде қалдырып, жағымсыздарын қатты мыжып, қоқыс жәшігіне салады.

                                        11-сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау бойынша жүргізілген жұмыс түрлері:
                                        1. 11-сынып бағдарламасы бойынша әр тарауды қамтыған 25 сұрақтан тест құрастырылды
                                        2. Әр тарауды оқып бітіргеннен кейін тест өткізілді. Тест тапсырмалары қазақ тілі бойынша Мемлекеттік білім беру стандартына сай құрылды.
                                        3.Білімде қалып қоюшылық анықталған тақырыптар бойынша қосымша сабақтар өткізілді.

                                        Келесі кезеңде жекелеген сұрақтарды қалай тез орындауға болатынын талдап түсіндірдім:

                                        -сұрақты асықпай, түсіне оқу

                                        -сұраққа қатысты грамматикалық материалды еске түсірілді.

                                        Мысалы: «Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз» деген тапсырма берілсе, дұрыс жауапты қалай тез табуға болады?

                                        1-қадам: жалғаулық шылауы бар сөйлемді іздеу;

                                        2-қадам: жалғаулық шылауы бар сөйлем жоқ болса, бірінші жай сөйлемнің баяндауышына қараймыз, ол тиянақты формада тұруы керек.

                                        «Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз» деген тапсырма берілсе, дұрыс жауапты қалай тез табуға болады?

                                        1-қадам: жай сөйлемдерді алып тастаймыз;

                                        2-қадам: баяндауышы тиянақты сөйлемдерді алып тастаймыз, себебі бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз формада тұрады.

                                        Тест оқушылардың білімін салыстыруға, білім беру жүйесінде оқушылармен бірге жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік туғызады. Бағдарламалық материалдан тыс өткізіліп отыратын осындай жұмыстар оқушылардың қазақ тілі бойынша сауаттылығын арттыруға біршама септігін тигізеді.

                                        ҰБТ тапсырған оқушылардың өткен және биылғы жылдың білім сапасы мен ҰБТ нәтижесін салыстырғанда мынадай нәтиже көруге болады:

                                        Оқушы саны

                                        Сапасы, %

                                        Орташа ұпай

                                        10-сынып (2010-2011 о.ж)

                                        18

                                        72%

                                        15,8

                                        11-сынып (2011-2012 о.ж)

                                        18

                                        77,7%

                                        16,2

                                        ҰБТ (2011-2012 о.ж)

                                        18

                                        83%

                                        16,4

                                        Методы и приемы подготовки к ЕНТ

                                        Қорытындылай келгенде ұстаздар қауымының алдында тұрған ең үлкен жауапкершілік - мемлекетті басқаратын жастар қазір біздің алдымызда отыр, соларға өз дәрежесінде білім беру, тәлім - тәрбие беру, біліктілігін арттыру, болашаққа жол ашу біздің қолымызда тұрғанын сезініп, тек ерінбей еңбек ету, іздену, шығармашылықпен жұмыс жасау деп түсінемін. Абай атамыз айтқандай: ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға, дей отырып жалықпай еңбек етейік.


                                        © 2010-2022