Отаншылдық-ұлы қасиет

Өнеге сағатының тақырыбы: Отаншылдық- ұлы қасиетМақсаты: Ұлы Жеңістің 70 жылдық қарсаңында қаһарман қолбасшы , даңқты батыр Бауыржан Момышұлының өнегелі өмірімен таныстыру арқылы оқушыларды отансүйгіштікке баулу, әрбірін өз Отанын сүйетін ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу. Бауыржан өмірін үлгі ету.
Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Отаншылдық- ұлы қасиетАтырау облысы

Құрманғазы ауданы

Дина Нұрпейісова атындағы орта мектеп







Тақырыбы: Отаншылдық- ұлы қасиет

8 «б» сынып


Сынып жетекшісі: Қарасаева Эльмира Тулешқызы





24 ақпан 2015 жы

Бекітемін:

МДТІЖО: Ж. Утепбергенова

Өнеге сағатының тақырыбы: Отаншылдық- ұлы қасиет

Мақсаты: Ұлы Жеңістің 70 жылдық қарсаңында қаһарман қолбасшы , даңқты батыр Бауыржан Момышұлының өнегелі өмірімен таныстыру арқылы оқушыларды отансүйгіштікке баулу, әрбірін өз Отанын сүйетін ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу. Бауыржан өмірін үлгі ету

.

Әдісі: топтық талқылау

Жүру барысы:

Кіріспе:

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар!

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында бүгінгі өнеге сағатымызды даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, жазушы , ғалым, психолог, гвардия полковнигі, аты аңызға айналған жарқын да дара тұлға Бауыржан Момышұлы туралы ой қозғаймыз. Б.Момышұлын еске алып, тілге тиек еткенде , ойымызға сонау сұрапыл соғыс жылдары келеді. Отан үшін жанын аямай , орасан зор қайсарлық , батылдық танытқан Бауыржан сынды атамызды бүгінгі күні еске алу , оның ерлік істерін оқып-үйрену, ұмытпай , тарихымызды жаңғыртып отыру- ұрпақ парызы.

Сыныпты 4 топқа бөлу.

. Көзінің тірісінде -ақ аңызға айналған ірі тұлға Б.Момышұлы туралы не білеміз?

Әрине қазақ тарихында батыр да, даңқты қолбасшы да , қарымды қаламгер де аз болған жоқ. Бірақ олардың ешбірінің даңқы алты алаштан асып кеткен емес, Ал, Бауыржанды төрткүл дүние түгел таныды, оның қаһармандық қайсар тұлғасы мен адамзат баласында сирек кездесетін озық ақыл-ойы, қарағайға қарсы біткен бұтақтай алабөтен мінезі естіген жұртты тәнті етті. Ендеше , оның осынау бірегей болмасының сыры неде?

Бауыржан өмірінен бейнебаян көру

1-тапсырма:

І топ: Өмір белестері, балалық шағы

ІІ топ: Ерлік әрекеттері

ІІІ топ: Бауыржан-ақын , жазушы

ІҮ топ: Нақыл сөздері

«Айналмалы бекет » әдісі арқылы әр топ берілген бөлімдер бойынша білгенін жазады. Постер айналып өз тобына келгенде сол топ қорғайды.


2-тапсырма:

Қан кешкен майданда бабаларым,

«Қан көремесін ұрпағым, балаларым»,

Тілек еткен ұрысқа түсіп талай,

Таңып алып қан жоса жараларын,

Еске алып туған жер, ана, жарын,

Биік ұстап, абырой, намыс , арын,

Отан үшін аянбай соғысты олар

Кеудесінен ұрса да отты жалын.

Ендігі кезекті жауынгердің өмір өткелдерін, майдан өмірін суреттейтін көріністерін суреттейді.

3-тапсырма: «Сандар сыры»

«Мен-саған, сен-маған» әдісі бойынша бір- біріне сандарды жолдайды, осы сандардың Бауыржан ата өміріне байланысын айтады.

1910- Жамбыл облысы, Жуалы ауданында Көлбастау мекенінде қарапайым отбасында дүниеге келген.

27- Мәскеу түбінде 27 рет сәтті шайқас жүргізді.

207- Батыр атамыз 207 рет ұрысқа қатысқан

5- 5 рет өлім құрсауынан қалған

11-11 ай қызыл әскерде болған

14-14 ай взвод командирі

9 -9 ай атқыштар полк штабының бастығының орынбасары

6 -6 ай республикалық әскери комиссиясының нұсқаушысы

5-5 ай батальон орынбасары

8-8 ай атқыштар полкінің командирі

3-3 ай дивизия командирінің орынбасары

6 -6 ай дивизия командирі

5-5жыл әскери академияда әскери профессор

4- тапсырма:

Ел аузында аңыз болған есімі,

Атқан оқтай айтқан сөзі кесімді,

Ерге лайық мінезі оның найзағай,

Ақбоз атпен қолбасы боп көсілді. Кезекті естеліктерге береміз.

«Өз сөзіңмен баянда» әдісі бойынша әр топ естелікті оқып , осы естелік арқылы Бауыржанды қай қырынан танығанын баяндайды.



5- тапсырма:

Қалт еткенде естеліктер қалдырып,

Қоршау бұзған жауды естен тандырып,

Ер Бауыржан ата есмі рух берген

Жүректерде жігер отын жандырып,- деп Б.Момышұлы тақырыбына қалам тербеген, оның ерлігін жырға қосқан ақын-жазушыларымыз көптеп саналады. «батырды жырлау- ел тарихын жырлау» демекші , келесі кезекті ақындар өлеңіне берейік.

Қорытынды .

6-тапсырма : «Бір айналым сөйлем» әдісі бойынша түйгендерін айтады.

Бауыржан Момышұлы жастарға

Үндеген

Жирендірген

  1. Адамгершілікке

  2. Адалдыққа

  3. Батылдыққа

  4. Арлылыққа

  5. Борыштылыққа

  6. Жауапкершілікке

  7. Қайраттылыққа

  8. Ерлікке

  9. Жариялылыққа

  10. Елжандылыққа

  11. Ұлттық мақтанышқа

  12. Табандылыққа

  13. Намысқойлыққа

  14. Әділдікке

  15. Әдептілікке

  1. Арсыздықтан

  2. Қорқақтықтан

  3. Жағымпаздықтан

  4. Жалғандықтан

  5. Қырсықтықтан

  6. Құлықсыздықтан

  7. Жауапсыздықтан

  8. Жігерсіздіктен

  9. Тұрақсыздықтан

  10. Көреалмастықтан

  11. Мәңгүрттіктен

  12. Қанағатсыздықтан

  13. Сатқындықтан

  14. Көрсеқызарлықтан

  15. Мал шашпақтықтан

Қорытынды пікір: Кейінгі ұрпақтың өз тілін, дінін, туған елін қастерлейтіндей ұлтжанды азамат болуын тіледі. Әр әркетін арқылы ұрпаққа өнеге берді.

Айқын аңғарған 15 жақсы қасиеттерді меңгерген, ал 15 жаман қасиеттен жиреніп өскен жас ұландар , яғни сіздер: Ойы жүйрік , ақылы жетік, бәсекеге қабілетті , өзгеріске бейім, білімен қаруланған , жан-жақты , салауатты өмір салтын ұстанатын болашақ «Қазақстан-2050» бағдарламасын іске асырушы көшбасшы болатындарыңа сенімдімін.


© 2010-2022