Конспект урок по казахскому языку на тему Денсаулық

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Конспект урок по казахскому языку на тему ДенсаулықКонспект урок по казахскому языку на тему ДенсаулықКонспект урок по казахскому языку на тему ДенсаулықКүні


Қазақ тілі 5 кл

Тақырыбы

Денсаулық

Сілтеме

Оқулық , Білім стандарты, қазақ тілі пәнінің Бағдарламасы

Жалпымақсаты

Денсаулықтың адам өміріндегі маңызы туралы , денсаулыққа пайдалы нәрселерді тани білуге олар туралы айта алуға үйрету .Мәтінді балалардың

іс- әрекет арқылы түсінуі,балалардың шығармашыдық қабілетін дамыту.Оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

Күтілетіннәтиже

-Өзара диалог құру арқылы әңгімелесе алу, тіл байлығын молайту қажеттіліктің тууы; топта жұмыс жүргізе алуы, интерактивті ортаның пайда болуы, жиналған мәліметтерді жинақтай алуы.

Негізгі идея

Салауатты өмір салтын сақтау. Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, денсаулықтарын нығайту.Өзін-өзі күте білуге үйрету- Сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
Іздемпаздық қасиеттерін дамыту.

Ұйымдастыру кезең

Психологиялық дайындық Тренинг « Жүректен жүрекке » тренингін жүргізу, жүрек макеті арқылы балалар жақсы сөздер мен тілектер айтады .

Мақсаты: жақсы жұмысқа жағдай жасаймыз.

Сыныпты түстер арқылы екі топқа бөлу.

Үй тапсырмасын тексеру

  1. «Менің бөлмем» тақырыбына байланысты сурет салу және сурет бойынша әңгімелеу.. Жаңа сөздерді тақырыпқа байланысты сөйлемдерде қолдану.

Миға шабуыл

Жұмбақты шешіңдер.

Оны күткен адамдар,

Ұзақ өмір сүреді.

Қадірін білген жарандар ,

Байлық осы деседі.

(денсаулық)

-Балалар Денсаулықты сақтау үшін не істеу керек?

Балалар сендер денсаулық, туралы не білесіңдер?

Денсаулық сөзіне ассоциация құрдыру.

Ой бөлісу.

Д е н с а у л ы қ

1)Тиімді, жақсы тамақтану;

2) Спортпен айналысу;

3) Таза ауада серуендеу;

4) Көбірек дәрумендерге бай тамақты жеу.


Жаңа тақырыпты игеру

Жаңа сөздермен жұмыс

Жұптық жұмыс

(жаңа сөздерді қатыстырып, екі топ диалог құрады)

байлық-богатство

жетістік-благополучие

қанағаттану-удовлетвориться

ағза-организм

сезіну-чувствовать

байланысты-зависеть

Мәтін бойынша жұмыс жүргізу

4-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқу.

«Ыстық орындық» стратегиясы.

2-тапсырма.

Өлеңді оқып ,буындарға бөліп,буын түрлерін анықтау.

Ден сау лық ол жү ру дің,

О қу ү шін мек теп те.

Еш бір же рің а уыр май,

Дұ рыс та мақ та ну ү шін де.

3-тапсырма.

Мәтінді оқып өз жауаптарыңды айтыңдар. Сендер қалай ойлайсыңдар, Қайрат дұрыс айтты ма? Өз пікірлеріңді білдіріңдер.

«Ауыспалы микрофон» стратегиясы.

Сергіту сәті.

Ойын «Тез тап»

1Нан--- бар --жерде ---ән ---бар.

2.Ас---- атасы------ -нан.

3.Бірінші -----байлық------- - денсаулық.

4.Ас- -------адамның--------- қуаты.

Топтық жұмыс

Екі топ берілген сұрақтар бойынша постер жасайды

Бағалау критерийін құру.

І.Денсаулығымыз жақсы болу үшін не істеуіміз керек?

2.«Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі»дегенді қалай түсінесіңдер?

Әр топ жұмысты таныстыратын бірнеше спикерді таңдайды.

Формативті бағалау \стикер арқылы \.

Рефлексия

Шағын мәтін дайындау. \эссе жазу\

Денсаулық мықты болу үшін біз не істеуіміз керек?

Өзін -өзі бағалау:

Кім осы сабақта қосқан үлесіне разы?

Саусақтарың арқылы көрсетіңдер.

Үйге тапсырма :

1)Тамақтану ережелерін құру.

2)ІІ деңгей

Бағалау.


© 2010-2022