«Менің тілім – қазақ тілі» әңгіме-таным сағаты

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Менің тілім - қазақ тілі» әңгіме-таным сағаты

Мақсаты:

1. Халықтың туелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі, ұлттық мәдениеті екенін түсіндіру.

2. Тіл туралы жазылған мақалаларды талдап, өлең, жаңылтпаштар айтқызу арқылы білімдерін дамыту.

3. «Тілін білмеген - түбін білмейді» демекші, өз ана тілін, халқын құрметтеуге баулу.

Өтілу барысы:

1. «Ана тілім - ардағым» (кіріспе бөлім)

2. «Сөзден асқан байлық жоқ, тілден асқан жүйрік жоқ»

Көрініс: «Тіл» (Ассирия ертегісі)

Кітапханашы: Ата- анамыз әлдилеп,

Уатқан бізді баба тіл.

Сол туған тіл атауы-

Ежелгі біздің қазақ тіл, - демекші, «Тіл айлығын» өткізу кейінгі кезде республика көлемінде кең қолдау тауып, дәстүрге айналған шара . Осы шараның кұрметіне арналған

«Тіл білім мен достықтың кілті» атты таным сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Бұл айлыққа Қазақстанның әрбір азаматы өз үлесін қосса, тіліміздің тағдыры жақсара түсері сөзсіз. Сол себепті, сөзді балаларға берейік.

1 оқушы: Ақ сүтімен ананың,

Дарыған маған ана тіл.

Әлем тілін ұқтырған

Данышпан тіл, дана тіл.

Бұл тілменен тербеліп,

Өсті бөбек күндерім.

Өлең жаттап бұл тілде

Өтті талай күндерім.

Ана тілім болмаса

Кім болар ем білмедім?!

Кітапханашы: Кім болар ем білмедім?! - дегендей, халықтың ең басты белгісі оның ана тілі, ұлттың мәдениеті екені шындық. Өзінің ана тілі, ұлттың мәдениеті жоқ ешқашан да егеменді ел бола алмайды, болуымүмкін де емес. Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек,онда, ең алдымен, қазақ халқының ұлттық мәдениетін, ұлттық салт -дәстүрін, ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн.

2оқушы: О, туған тіл! Дүниеде,

Сен болмасаң не етер ем?

Аң мен бірге аң болып,

Шаңмен бірге маң болып,

Ұстағанның қолында,

Тістегеннің аузында,

Олжа болып кетер ем.

3 оқушы: Өз тілімдей тіл қайда еркін басар?!

Тілім барда еркіме кім таласар.

Туған тілім күрмеліп әлсіресе,

Ыстық қаным суынып, сиқым кашар.

(Ә.Тәжібаев)

4оқушы. Жасымнан жетік білдім түрік тілін,

Сол тілге аударылған барлық білім.

Ерінбей еңбек еттім, еңбек жанды,

Жарқырап қараңғыдан туып күнім.

Оятқан мені ерте -Шыңғыс жыры,

Айнадай айқын болды әлем сыры,

Талпынып орыс тілін үйренумен

Надандықтың тазарып, кетті кірі.

(Шәкәрім Құдайбердиев)

Кітапханашы: Жеті түрлі білім біл, Жеті жұрттың тілін біл, - демекші, екінші ұстаз атанған әл-Фараби бабамыз жетпістен артық тіл білген көрінеді. Қанша тіл білсе де, қандай атақ дәрежеге жетсе де ана тілін, кіндік қаны тамған Отырарын әсте естен шығармағаны бізге тарихи жазбалардан белгілі.

Оқушы: Кеткенім жоқ, елім сенен атақ, бақыт, тақ іздеп,

Шықтым жұртым, шалғай ғылым атты нан іздеп.

Ақтадым мен ақ сүтіңді келгенінше шамамның,

Ассамдағы сексен жастан сәбиіңмін, балаңмын.

Жүзім сынық, көңілсіз күйге түстім мен бүгін,

Саған деген серпе алмаймын ынтызарлық түнді күн,

Айналайын атам қыпшақ, туған жерім сағындым,

Өз атыңнан, үрметіңе қайда жүрсем табындым.

Кітапханашы: Таным сағатымыздың екінші бөлімі

«Сөзден асқан байлық жоқ,

Тілден асқан жүрік жоқ». - демекші, ендігі кезекті халық ауыз әдебиетінің бір түрі - ертегіге беремін. «Тіл» (Ассория ертегісі)

Бір бай дос -жарандарына қонақасы бермекші болады. Жалшысын шақырып алып, «Жұрт таңқаларлықтай қонақасы дайындау үшін қажетті нәрсенің барлығын сатып әкел», - деп бұйырады.

Жалшысы базарды ұзақ аралайды. Ақырында бірыңғай тіл әкеледі де, одан әл түрлі тағамдар жасайды. Қожасының қонақтары жиналып болған соң табақтар тартылады. Бұл тағам тек сиыр тілінен болған соң, ешқайсысының тәбеті болмай, олар тамақтан бас тартады.

Қожасы ашу шақырып: - Әй, бері қара! Мен саған тағамның барлығын тек тәуір еттен даярла деген жоқ па едім? - дейд.

Жалшы: -О. жасаған ием, әрине, солай дедіңіз.

  • Олай болса, мынауың не? Сен неге тіл сатып алғансың?

  • Кешіріңіз, мәртебелі мырзам! Бірақ, мен ғұмырымда тілден

дәмді тағам көрген емеспін. Тіл біздерді, адам мен адамды жақындастырады, онда ғылымның кілті бар, ол -шындық пен данышпандықтың құралы, соның көмегімен халық оқу оқып, білім алады, өмір шаттығын мадақтайды!

Келесі рет тамақ келгенде де барлығы дерлік сиыр тілінен жасалған болып шығады. Қожасы болса ашудан қалшылдап кетеді. Қонақтар жалшысының енді қалай ақталарын білгісі келді.

Жалшы: -Неге осынша ашуланасың, мырзам? Өмірде тілден асқан

улы да жиіркенішті еш нәрсе жоқ. Бәле -жаланың бәрі осы тілден шықпай ма? Ол - зұлымдықтың бастамасы, өтірік пен күнәнің құралы.

Жүргізуші: Таным сағаттың үшінші бөлімі «Өнер алды - қызыл тіл» демекші, ендігі кезекті «Халық даналығы» атты ойынға берейік. Яғни, бұл ойынға ұлағатты сөздер мен жұмбақтардың шешуін табамыз. Мәселен, «Тіл» ертегісінің мазмұнына сай келетін ұлағатты сөзді тап (мақалды) 1. Дүниеде ең ащы да, ең тәтті де тіл;

2. Аталар сөзі -... (ақылдың көзі);

3. Сөздің көркі -... (мақал);

4. Көңіл - гүл,

Тіл - ... (бұлбұл);

5. Ақыл көркі - тіл,

Тілдің көркі - ... (сөз);

6. Сөз қадірін ... (айтқан ) білер,

Жол қадірін ... (жүрген) білер;

7. Таяқ еттен өтеді,

Сөз... (сүйектен) өтеді.

Кітапханашы: Қастерлесең апаңды,

Қастерле ұрпақ тіліңді!

Бізден -ақ шыққан қаншама,

Жұрттан асқан білімді.

Қазақ үшін тіл біреу,

Ойла қамын тіліңнің.

Осы тілде -ақ, ағайын,

Шығасың шыңына білімнің! -дей келе, «Менің тілім қазақ тілі» атты таным сағатымызды аяқтаймыз.



© 2010-2022