Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімнің портфолиосы

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімнің портфолиосы




«Есіл ауданының білім беру бөлімі

Сайлау Серіков атындағы орта мектебі»









Қазак тілі мен әдебиет пән мұғалімі

Оразалина Әшкен Мұқашқызының

портфолиосы















Есіл қаласы

2014 жыл

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімнің портфолиосы


Түйіндеме. Резюме .


Мұғалімнің аты-жөні

Оразалина Әшкен Мұқашқызы

Туған жылы

06.02.1966 ж.

Білімі

Жоғары,Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты ,2003 ж

Біліктілік санаты

Жоғары, 20.06.2003 жыл,23маусым 2011ж,№81

Педагогикалық өтілі

26 жыл

Диплом(серия,

нөмірі)

ЖБ 0408388

Аталған ұйымда педагогикалық өтілі

01.09.1999 жылдан бастапС.Серіков атындағы орта мектебінде

Бұйрық №75

Біліктілікті арттыру

Көкшетау ИПК и ПРО Сертификат №534 2010ж

«Интерактив тақтамен жұмыс әдісі арнайы курсы»

Кокшетау ИПК и ПРО Сертификат№0250392 2011ж

«12 жылдық мектеп жағдайында оқытуда құзырлылық ісәрекеттік қатынасты ұйымдастыру»

Көкшетау ИПК и ПРО Сертификат 2014ж «4Халықаралық

әлеуметтік-педагогикалық инновациялар Жәрмеңкесі»

Аттестациядан

өткен жылы

2011ж

Марапаттау-

лары

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімнің портфолиосы



Мазмұны. Оглавление.


1. Эссе

(стр1-2 )

2. Педагогтың жұмыс жүйесінің теориялық негіздері .

Теоретическое обоснование системы работы педагога. (стр3-8 )

3. Педагог қызметінің нәтижелерін дәлелдейтін

практикалық қосымшалар.

Практические приложения результатов

деятельности педагога.

(стр9-22 )

4. Оқушылардың білім деңгейін көрсететін құжаттар.

Документация, отображающая результаты образовательной деятельности учащихся.

(стр23-28)

5. Педагог жұмысы нәтижесін ресми түрде

бағалау туралы құжаттар

Документы, отражающие официальную

оценку педагога.

(стр29-32 )

6. Педагогтың білімділігі мен біліктілігін дәлелдейтін құжаттар

Документы, отражающие уровень образованности и квалификации педагога.

(стр33-36 )

7 . Жұмыс тәжірибесімен алмасу

Обобщение и распрстранение опыта работы

(стр 37-40)

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімнің портфолиосы

ЭССЕ

Менің педагогикалық мамандығым


Менің өмірдегі бақытым - жүрек қалауымен ұстаз болуым. Бұл сөзді мен жай ғана айта салмаймын өйткені бұлай айтуым - маған үлкен жауапкершілік жүктейді. Ұстаз болу - жай ғана мамандық емес. Ол - адам бағдарын жасаушы. Егер де өмір қоғамға бейім, білім нәрімен терең сусындаған, тәрбиелі де ізгі жүректі адам өмірге үлкен мақсаттар қойып, талапшылдықпен, мақсаткерлікпен алға аттатсам - бұл менің өмірімнің ең шынайы әрі ғажайып мәні. Өйткені мен ұстазбын, келешек ұрпақтың сәулетшісімін. Мен мұны мақтаныш сезіммен айта аламын. Менің шәкірттерім егемен елдің, Тәуелсіз Қазақстанның толыққанды азаматы болып шықса, одан артық менде қайдан арман болсын. Міне,
Осындайда «Ұстаз - ұлық емес ұлы қызмет» деген Бауыржан Момышұлының керемет дана сөзін әрқашан есіме аламын.

Әрине, ұстаз болу жоғарғы педагогикалық оқу орнын үздік бітіру аздық етеді. Ұстаздық атты ұлы шыңға көтерілу үшін өмір бойы оқисың. Өзің шын мәніндегі үлкен оқушы болғанда ғана кемел ұстаздыққа қол жеткізе аласың деп білемін. Бұл менің ұзақ жылдар ұстаздық еткен қызметімнің алтын арқауы, бәйтеректей биік діңгегі.

Ұстаз ретінде мен тек қана жалаң білім беріп қоюмен шектеліп қалмауға барынша тырысамын. Ешбір сәтте есімнен ұлы ғұламамыз Әбу Насыр Әл - Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы» деген ұлағатты сөзі шыққан емес. Басты өмірлік кәсіби ұстанымым ретінде мақсатымды алтын қазыққа байлап байлап келемін.

Менің ұғымымда, біріншіден ұстаз міндеті өз пәнін шәкірттеріне жақсы үйретуден де тереңірек жатыр. Алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегіне, жан дүниесіне жол таба білу - біздердің, ұстаздардың бұлжытпас борышымыз.
Екінші, ең бастысы, мұғалім шын мәнінде баланы жан тәнімен беріле сүюі керек. Алдымен рухани қуат беруі керек. Мейірімділік, шыдамдылық, кешіре білу, баламен тең жағдайда сырласу, оның мүмкіндіктеріне сену, ойын әрқашан құлақ қоя тыңдау тәрізді қасиеттері арқылы ғана мұғалім өз мәртебесін көтере алады.
Үшінші, балаға үнемі қолдау көрсету - үлкен мәнді гуманиеті ізгі ұстаным. Оның астарында не бір қағидалар бар: баланы жақсы көру, оның адами өмір сүру ортасын шама жеткенше ұйымдастыру, баланың бойынан өзінің балалық шағын зерделі көзбен көру.
Төртінші, мұғалім әр оқушының мінез - құлқын, көз қарасын, талғамы мен әдет дағдыларын зерделеп, әр баланың өз шамасына сай дамуын қамтамасыз ететін тәрбие сағаттарына бейімдеу қажет. Бұл сағаттар - ғибратты да әсерлі болуы тиіс - ақ.













Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімнің портфолиосы











II. Педагог жұмысы жүйесінің теориялық дәлелдемесі.

Теоретическое обоснование системы работы педагога.






















Қазақ тілі мен әдебиет сабағында қолданатын жаңа технологиялар.

«Сабақ - үйреншікті жай нәрсе емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» / Ж. Аймауытов/

Ағартушы, ғалым А. Байтұрсынов жатықта түсінікті тілмен: «Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ, олақтың белгісі бір ғана әдісті болу, шеберліктің белгісі - түрлі әдісті болу және керек орнында жоқ әдісті табу. Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек» деп атап кетті.

Мен осы пікірді өзімнің мамандығымның ұраны етіп алдым, себебі толықтай келісемін.

Олай болса, бүгінгі таңда біздің міндетіміз оқушыны жеке тұлға ретінде дамыту,мұғалім жұмысында жаңа технологияны пайдалану, олар:

  • Сын-тұрғысынан ойлау технологиясы

  • Дамыта оқыту технологиясы

Бұл технологияларды пайдалану мақсаттарым:

1.Жаңашылдық технология негізінде шығармашылық қызметінің тәжірбиесін қалыптастыру.

2.Оқушының жеке тұлғасын, білім, іскерлік дағдысын қалыптастыру, дамыту.

3,Мұғалім шеберлігін арттырудағы жұмысты жүйелендіру, оқушылардың шығармашылық жұмыс істеу қасиеттерін қалыптастыру.

Осы мақсатқа жету үшін жоғарыдағы әдістерді пайдаланып көптеген жетістіктерге жеттім.

1.ДАМЫТА ОҚЫТУ.

Қазіргі кездегі талаптардың бірі оқушыларды тек оқытып қоймай «оқи алуға үйрету»

«Жаман» мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді. / Дистерверг/

Сондықтан осы технология, яғни дамыта оқытылған балалардың шынымен білімге құштарлығы оянып, білімді өз бетімен алуға тырысады.

2.СЫН-ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Бұл технологияның жетістігі қазіргі талаптарға сай жоғары білімді, әсіресе білгенін өмірде пайдалана білетін оқушыларды тәрбиелеу.

Оқушылардың сын-тұрғысынан ойлау қабілеттірі дамыған сайын 4 параметрдің көрсеткіші өседі: 1. Жекеден- жалпыға, 2. диференциалдыдан-сенімділікке, 3.интуициядан-логикаға, 4.бір перспективадан - көп перспективаға.

Сын-тұрғысынан ойлау стратегияларына:

Кластер тұрғызу

ЖИГСО

Венн-диаграммасы

РАФТ

ИНСЕРТ

Кубизм т.б.

Кластер тұрғызу әдісі арқылы оқушылар ойларын жүйелейді. Берілген тақырыпқа қатысты зат немесе құбылысты елестетіп ассоциацияларын жазады, айтады.

Венн-диаграмма стратегиясында оқушылар екі затты немесе кейіпкерлерді/ әдебиет сабағында/ салыстырып айырмашылықтарын табады кейін екі затқа қатысты ортақ қасиеттерін табады. Бұл әдіс оқушыларға жақсымен жаманды ажырата білуге үйретеді. Мысалы Ыбрайдың « Асан мен Үсен» сияқты кейіпкерлерді салыстыруда:

Асан Ұқсастығы Үсен

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімнің портфолиосыҚазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімнің портфолиосыҚазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімнің портфолиосы



Міне осындай стратегияларды мұғалімнің жұмысында жиі қолдансақ еңбегіміздің жемісін көру мүмкіндігі арта түседі. Сондықтан мен барлық қазақстандық ұстаздарды жаңа технологияны меңгеріп пайдалануға шақырамын.








Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімнің портфолиосы










Педагог жұмысы жүйесінің

теориялық дәлелдемесі.

Теоретическое обоснование

системы работы педагога.



Дайындаған қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Оразалина Ашкен Мұқашқызы



















Есиль 2013-2014 уг



Нормативтік құжаттар

Государственный образовательный стандарт РК

Бағдарлама 2010

Перспективный план

Календарный план

Әдістемелік тақырып

«Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту»


Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың мемлекеттік тілде еркін сөйлеуге үйретіп жағдай жасау

Дамытушылық: Тіл мен сөйлеу мәдениетін дамыту. Пәнге қызығушылығын, танымдық белсенділігін арттыру;

Тәрбиелік: Мемлекеттік тілді құрметтеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.







ОҚУШЫЛАРДЫҢ АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Оқушыларға сапалы да, тиянақты білім берудің негізі - пәнді жан-жақты игеру, оқушы санасына жеткізе білу, шығармашылық ойлауын қалыптастыру, оқытудың белсенді әдістерін қолдану.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазақ тілін, әдебиетін дамыту дегеніміз - гуманитарлық тұрғыда қуатты қаруды шыңдау, қоршаған ортаны парықтап, бағалаудың бір құралын жетілдіру» деген сөзі тіл мамандарына бағыт - бағдар іспеттес. Ортақ мүддеміз де - осы.

Орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің мақсаты - оқушыларға қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдет-ғұрпын, тарихын танып талаптандыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу, сонымен қатар Отанды, табиғатты, айналадағы құбылысты, тыныс тіршілігімен жан-жақты терең таныстыру. Оқушыларды қазақ тілін оқу барысында мұғалімнің қойған сұрақтарын түсініп, оған жауап беруге, үйренген сөздерін дұрыс айтуға, әсіресе, құрамында қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолданып, сөйлемді дұрыс құруға үйрету қажет. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілі пәнін оқытудың мақсаты оқушылардың қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру және дамыту, яғни тілдік жіне танымдық біліктілікпен қамтамасыз ету екендігі Қазақстан Республикасының жалпы білім берудің мемлекеттік стандартында да көрсетілген.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекеттік тілдің оқыту сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударды: «Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажетті. Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік инновациялық, әдістемелік, тәжірибелік оқу-құралдарын әзірлеу керек»[1]. Қазіргі таңда оқытудың елуден астам технологиясы бар екенін ғалымдарымыз айтып, осылардың кейбіреулері біздің білім беру жүйемізге еніп, тәжірибемізден орын алуда[2]. Осы тұрғыда, қазіргі кезде мемлекеттік тілді игеруде көптеген педагогикалық технологияларды қолданып, оңтайлы жетістіктерге жетуге болады.

Әр мұғалім мектепте жұмыс атқару барысында білім беру мен тәрбиелеуде оңтайлы нәтиже беретін өз әдістемесін құрған жөн. Сол жағдайда ғана жыл сайын оқушыларының білім деңгейінің өсуін байқауға болады.

Мемлекеттік тілді үйретуде басты мақсат - тіл дамыту мақсаты болғандықтан, сабақ барысында көздейтін мақсат - оқушылардың сөйлеу тілін, сауаттылығын таныту, тілді үйретуде әдіс-тәсілдер, оны қызықтырып оқыту амалдары арқылы қазақ тілінде еркін сөйлей білу дағдыларын қалыптастырып, оқушылардың лексикалық қорын байытып, мемлекеттік тілде сөйлей, оқи, жаза білуге үйрету.

Тіл дамыту - тіл үйретудегі қарым-қатынас құралын іске асыру. Оқушының тілін дамыту лексикалық және грамматикалық тұлғаларды меңгерту, оларды сөйлемде қолдану дағдыларын қалыптастыру, сөз, сөз тіркесі, сөйлем арқылы тілдік әрекетке жетелеу болып табылады. Мұндай көзқарасты ғалым З.Ш. Есназарова ұсынып, тиімділігін өз еңбектерінде дәлелдеп жүр. Сөз, сөз тіркесі, сөйлем - байланыстыра сөйлеудің бастапқы алғы шарттары. Сөйлеу үшін оқушының жеткілікті белсенді қоры болу керек, әрі байланыстырып сөйлем құрау заңдылықтарын оқушыға ереже түрінде емес, әр сабақта тәжірибе түрінде меңгертіп, дағды қалыптастыру қажет. Тілдесім әрекетіне жету үшін жеткілікті сөзді қор болуы да маңызды, сөздік қоры мол адам өз ойын екінші адамға жеткізуге қиындық тудырмайды. Сондықтан оқушының сөздік қорын байытуға үлкен мән беру керек[3]. Сабақ барысында оқушылардың міндетті түрде сөздік дәптері болуы тиіс. Сөздік дегеніміз - тілдің қажетті материалы. Қай тілді үйренбейік, алдымен оның сөздік қорын меңгерту қажет. Демек, сөз өзінен өзі жиналмайды, оны жоспармен, белгілі бір жүйемен меңгерген жөн. Басқа да әдістемелік әдебиеттерге шолу жасағанымызда, сөзді меңгеруде тақырыптық жүйенің дұрыстығын айтады. Яғни, әр түрлі лексикалық тақырыптарға байланысты айналаны, қоршаған ортаны бейнелейтін, танытатын сөздерді меңгерген ұтымдырақ. Сондықтан қазақ тілін үйрену барысында оқушылардың міндетті түрде меңгеруге тиісті сөздерінің тізімін жасау керек. Оқушының үйренген сөздерін берік қалыптастыру үшін мына мәселелер ескерілуге тиіс: сөзге дұрыс екпін түсіріп айту, сөздің мағынасын дұрыс түсіну, орфографиялық жағынан дұрыс жазып, сөйлем ішінде пайдалана білу.

Оқушылардың меңгерген сөздік қорларын бекітіп, білімдерін молайтып, сауатты да мәдени-эстетикалық деңгейде сөйлесе алуға үйретуге болады. Сөздік қордың бір жүйемен жүргізілуі, оның тоқсан сайын, жыл сайын артып отырылуы көзделу қажет. Оқушы әр сабақ сайын жаңа сөз үйреніп, оны сабақ барысында бірнеше рет қайталап, жазбаша және ауызша жұмыс түрлерімен байланыстырып, санасына берік сақтаса ғана ол сөздік қорына енеді.

Қазіргі кездегі қоғамның ақпараттану жағдайында ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы адам өмірінің әртүрлі саласына біртіндеп өзгерістер енгізуде. Ақпараттандыру ісі білім беру жүйесінің даму жолына да ықпалын тигізуде[4]. Сондықтан да, қазақ тілін оқытуда интерактивті тақтаның тиімділігі өте зор.

Сабақта оқушылардың сөйлеу тілдерін арттыру барысында жұмыс жүргізудің бірі - мәтінмен жұмыс. Мәтінмен жұмыс - дегеніміз сабақта өтілетін әр түрлі жұмыстардың жиынтығынан құрылады. Мәтінмен жұмыс істер алдында міндетті түрде мәтіндегі кездесетін таныс емес сөздермен тиянақты жұмыс істеу керек. Жаңа сөздердің мағынасын оқушылар түсініп, меңгерулері тиіс. Мәтінмен жұмыс істеуді мынадай түрде меңгеруге болады: толық мәнерлеп оқу, мәтінді екіге бөліп екі қатарға тапсырма беру, оқушыларды өздеріне тиісті мәтінді оқып, бір-біріне мазмұнын айтып беруді дағдыландыру, кейін оларды бір-біріне сұрақ қойып оған жауап беруі тиіс. Бұл жұмыста оқушының сөйлемді дұрыс құрастырып айтуына, сұрақты дұрыс қойғанына, оған жауап беруіне назар аударылады. Осындай жүйелі жұмыс арқасында оқушылар сұрақты еркін қойып, жауап бере алады.

5 сыныпта көбінесе үлестірмелі кәртішкелер, суреттермен, ойындармен жұмыс жүргізуге болады. Мұнда оқушылар ізденеді, олардың әр орындаған жұмыстары бағаланады және бағыт-бағдар беріледі.

Жұмыс барысында мақал-мәтелдерге назар аударған жөн.Алдымен оқушыларға мақал мен мәтелдердің айырмашылығы түсіндіріледі, оларды оңай жаттау үшін сұрақ қойылады, мысалы: Отан неден де ыстық? Жауап: Отан оттан да ыстық. Ағаш немен мықты, адам кіммен мықты? Жауап: ағаш тамырымен, адам досымен мықты. Кейін оқушылар мақал-мәтелдерді меңгергеннен соң, олардың мәнін түсіндіруге, өз пікірлерін айтуға үйреткен дұрыс.

Оқушының ауызша және жазбаша тілін дұрыс дамытуда грамматикалық ережелерді жақсы білуге, тыныс белгілерін дұрыс қоюға үйретіп, көркем әдебиетті көп оқуға шақыру қажет.Осыған орай оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай әр тоқсанда келетін демалыс күндері ертегілер, аңыздар, белгілі жазушылардың әңгімелерін оқуға талап қою керек. Әр мұғалім тіл ұстарту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, білген нәрселерін ауызекі сөздерінде қолдана білуіне жағдай жасайды.

Оқушылардың тілді меңгеру мақсатында, қоршаған ортаны танып білуіне байланысты белгілі тақырыптар бойынша қысқаша мәлімет, бағыт-бағдар беруге болады, ал олар өз бетінше оны толықтырып, кейін сабақта айтып береді, бұл жұмыстың түрі монолог деп аталады...

Тіл дамыту мен оқуға арналған тақырыптар.

1. Біз оқимыз әрі еңбек етеміз.

Бұл тақырыпта жазғы кездегі еңбек түрлері(ауылда, қалада) және адам өмірінде кітаптың алатын орны туралы айтылады.

2.Туған жер.

Мұнда туған жердің табиғаты, байлығы, достық байланыстар, экономикасы, шетелмен байланысы туралы әңгіме қозғалады.

3.Асыл мұралар.

Бұл тақырыпқа тарихи орындар, қалалар, ескерткіштер, Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқановтың мұражайлары, өлкелік мұражайлар жатады.

4. Халық музыка аспаптары.

Белгілі күйші, сазгер, әнші, жыршы, әртістер.

5. Тамаша адамдар өмірінен.

Белгілі ғалым, жазушы, ғарышкер, ақын, спорт жұлдыздары.

6. Республикадағы халықтар достығы.

Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаевтан басталған ұлтаралық достық. Оқушылар арасындағы достық.

7. Ұлттық өнер.

Зергерлік бұйымдар, киіз үй жабдықтары, ұлттық тағамдар. Белгілі күйші, әншілер. Ұлттық киімдер.

8.Ұлттық мерекелер.

Республика нышандары, тәуелсіздік күні, наурыз мейрамы...

9.Ұлттық ойындар.

Ұлттық ойын түрлері.

10.Жыл мезгілдері.

Жылдың төрт мезгіліне байланысты еңбек түрлері, оған оқушылардың қатынасы.

11. Қазақтың тәлім-тәрбие тарихынан.

Ұлттық тәрбие туралы ауыз әдебиеті үлгілері. Бала тәрбиесі, бата беру, алғыс айту.

12. Біздің тұратын қаламыз.

Аудан орталығы, емхана, мәдени орындары, қаланың көшелері, табиғаты туралы әңгіме құрылады.

Ауызекі сөйлеу әдісінің бірі - диалог. Оны құрастыру үшін бір тақырып бойынша оқушының сөздік қорын дамыту, жаңа сөздер үйретіп, мағынасын түсіндіре отырып, оларды жасайтын формаларды меңгертіп, сөйлем құрауға үйрету, сөз бен сөзді байланыстыруға, ауызша ойларын жүйелі айтуға, әңгімелеуге жаттықтыру керек. Сонда оқушы диалог құру кезінде сауатты сөйлеуге, қазақ тілінің грамматикасын ескере отырып диалог дұрыс құруға тырысады. Бұл оқушының тілін дамытады.

Тіл дамыту жұмыстарында сөздің мағынасын дұрыс түсіну үшін орфографиялық, синонимдік, антонимдік, этимологиялық, түсіндірмелі сөздіктерді пайдаланудың жолдарын үйрету де артық болмайды.

Сөйтіп, жоғарыда аталған әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, мұғалім әр сабақта оқушыға жағдай жасап түрлі технологияларды жүйелі қолданып, оларды шығармашылықпен пайдалана білсе, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады. Сондықтан да осындай әр түрлі тіл дамыту жұмысын жүргізу кезінде оқушылардың ой-өрісін дамытуға, терең білім алуларына мүмкіндік туады. Жұмыс жүргізудің нәтижесін төменгі сызбадан көруге болады:

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімнің портфолиосы Сонымен «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді» - деп Әбу Насыр әл Фараби айтқандай тіл дамыту жұмыстары саналы меңгеріп, байланыстыра сөйлеуде ғана емес, болашақ ұрпақтың ізденімпаздық әрі шығармашылық қабілеттерін дамытуда беретін әсері мол. Оқушыларды қызықтыра, ұғындыра оқыта үйретуді ұйымдастыру әр ұстаздың шеберлігіне, шығармашылығына байланысты. Тілді жақсы білу - толеранттылық мәдениетін қалыптастыруға негіз болатын маңызды фактор. Соңғы жылдары қазақ тілінің мәртебесі өсіп, оның әрекет ету аясы кеңейді. Бұған басты себеп - қазақ тілінде білім беру кеңістігінің ұлғайып, сапалы білім берілуі деп білемін.

Қолданылған әдебиеттер:

1.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Астана «Елорда», 2008ж. 23-бет.

2. «Открытая школа» информационно-методический журнал,2011г. №2 (103), стр.12.

3. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» республикалық ғылыми-педагогикалық басылым, 2007жыл №8, 24-25бет.

4. «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журнал, 2009 жыл №1(43) 16 бет.


Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімнің портфолиосы



2. Педагог қызметінің нәтижелерін дәлелдейтін

практикалық қосымшалар.

Практические приложения результатов деятельности педагога























Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімнің портфолиосы




Мұғалімнің жұмысында колданылаты дәстүрлі емес сабақтардың түрлері



  • Білімді тексеру сабағы

  • Іскерлік ойын сабағы

  • Денсаулық және спорт сабағы

  • Саяхат сабақ

  • Дамыта оқыту сабағы

  • Ән сабақ

  • Интерактивтік сабақ

  • Тест сабақ

  • Сын-тұррысынан оқыту






Қазақ тілі сабағына қойылатын қазіргі әдістемелік талаптар



  1. Жаңа материалды үйрету сабағы

  2. Білім,дағдыларды қалыптастыру, жетілдіру, қолдану.

  3. Жалпылау және жүйелеу сабағы

  4. Аралас сабақ.

  5. Білім, дағдыларды бақылау сабағы









© 2010-2022