Абай лирикасының бір ұшы

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі апталығында өткізілген Абай кешінің сценариі.

Павлодар қаласының № 29 жалпы орта білім беру мектебі ММ

Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі Р.К. Шалова

Абай лиркасының бір ұшы.

1.Абай суреті (слайд)

1- жүргізуші: Мынау тұрған Абайдың суреті ме?

Өлең - сөздің ұқсаған құдыретіне,

Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған,

Қарсы келер Абайдың кім бетіне!

2-жүргізуші: Ақын атын таратқан әрбір тұсқа,

Соңғыларға қалдырған үлгі-нұсқа.

Арғын, Найман сөзіне таңырқаған

Қандай арман бар дейсің бұл туыста!

2.Ұлы ақын (слайд)

1- жүргізуші:Қазақ халқының ұлы ақыны, көркем сөздің теңдесі жоқ шебері, философ,қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ойшыл-ағартушы, сазгер Абай Құнанбайұлы бір мың сегіз жүз қырық бесінші жылын бұрынғы Семей облысы Шыңғыс тауның баурайында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты-Ибраһим, әжесі еркелетіп Абай деп атап кеткен.

2- жүрізуші: Ұлы ақын, филосов, аудармашы, сыншы, сазгер, суретші, жазба әдебиетінің атасы.Абай тек ақын ғана емес,сонымен бірге жүрек тербеген оқиғалы, ғажайып әндер де шығарған композитор.Қазақ поэзиясы мен қазақ музыкасын шырқау биікке көтерген, әнге де жаңа мағына әкелген ақын.

«Құлақтан кіріп бойды алар» өлең оқылады.

«Желсіз түнде жарық ай» ән шырқалады

3.Абай (табиғат, махабат лирикасы) (Слайд)

1 - жүргізуші: Бүгін біздер Абай лирикасының бір ұшын қозғап, табиғат, махабат лирикасының ғажап, сұлу сезіміне куә боламыз.

2- жүргізуші: Абай лирикасы кең көлемді мол қазына; биігі бітпес, тереңі таусылмас сырлы мұра. Абай лирикасы сала-сала. Жалпы лирика деген ұғымға қандай қасиеттер тән болса, Абай өлеңдеріне соның бәрі бар..

4)Ұлылар үндестігі (слайд Гете,Абай,Пушкин)

"Қараңғы түнде тау қалғып" өлеңі оқылады

1- жүргізуші: Абай лирикасында осының бәрі түгел, тұтас жатыр. Оның сырлы жырларындағы сәл ғана, ең бір жай сезінудің өзі оқырманның жан жүйесін, көңіл күйін түгел тебіренте толқытып, барлық пернені түгел басып, барлық шекті түгел сөйлеткендей сайрайды. Бұл - ғажайып құбылыс.

2-жүргізуші: Табиғат лирикасы - Абайдың ұлы талантын, биік мәдениетін таны татын өлеңдер. Әсіресе жылдың төрт мезгілі туралы жазылған өлеңдер

4.Қыс(слайд)

1-жүргізуші: Қыс табиғатын Абай өзгешелеу суреттейді. Табиғат қозғалысы адамның жанды тіршілігіне ұқсайды.

«Қыс»өлең оқылады

5. Көктем (слайд)

1 - жүргізуші:

Абайдың өз көңіл- күйінен туған өлеңдерінінде кез келген адамның басында болатын психологиялық хал-жай,көңілдің әр алуан толқын күйі, әр адамға тән күйініш- сүініш әр қилы қыр-сырымен тұтас, шебер тартымды, дәл суреттеледі.

2- жүргізуші:

Көк ала бұлт сегіліп

Күн жауады кей шақта

Өне бойың егіліп,

Жас ағады аулақта

Жауған күнмен жаңғырып,

Жер көгеріп,күш алар.

« Жазғытұры» өлең оқылады

6. Жаз (слайд)

1 - жүргізуші:

Әр өлеңінде ақын әуелі табиғат көріністерін суреттейді де, ізінше сол көрініске бөленген қазақ аулының тірлік - кәсібіне, шаруа - жайына көшеді

2 - жүргізуші:

«Жазда» күркіреп жатқн өзеннің көкорай - шалғын жағасына көшіп барып қонып жатқан ауыл,ақ білегін сыбанып үй тіккен қыз-келіншектер көз алдымызға келеді.

«Жаз» өлең оқылады.

7.Күз (слайд)

1 - жүргізуші:

Жыл мезгілдерін сипаттау үстінде алдымен әр түсті ақындық бояу арқылы оқырманның көз алдына түрлі-түрлі табиғат көріністері келеді.Аспанын бұлт торлап, гүлі солған сарғын даласын шық басқан сұрғылт күз де сонда

2 - жүргізуші:

Абай теңіздей терең ойлы ұшқыр қиял сөзге данышпан, сөзінің іші-ғажайып сырлы мүсін.

«Көзімнің қарасы»ән шырқалады. (слайд Махаббат)

8.Махаббат лирикасы.

1 - жүргізуші:

Махаббаты тек сүйген жарына ғана емес, өз перзентіне дос жарандарына махаббатпен қарауға шақырады.Жүрегінде махаббат жоқтарға қайуанға теңеп, махаббатсыз бұл өмірдің мән-мағынасы жоқ екеніне көз жеткізіп тұр.

2 - жүргізуші:

Ғашықтың тілі-тілсіз тіл,

Көзбен көр де ішпен біл.

Сүйісер жастар қате етпес,

Мейлің илан мейлің күл.

9.1 - жүргізуші:(слайд Пушкин-Абай)

Ұлы орыс ақыны Пушкиннің махаббатқа деген сезімі Абайдың аудармасы арқылы ,әні арқылы,халыққа жеткізілген.

"Татьянаның сөзі"ән айтылады (слайд)

2 - жүргізуші:

Абайдың ғашықтыққа деген оның көңлі қандай ыңтық, қайта айналып келіп көңлі ғашықтыққа алып кететін болса жазған әні мен өлеңі адамды сондай тебірентіп алып кетеді.

«Айттым сәлем, Қаламқас»ән шырқалады.

10.Абай суреті (слайд)

1 - жүргізуші:

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Адалдықты көздесең

Жаттап тоқы көңілге.

2-жүргізуші

Абай аға, қадірлім!

"Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы?

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған!"- деп, кешімізді аяқтай отырып, осы асыл сөз атадан балаға мұра бола бермек.

Назарларыңызға рақмет!

Сау болыңыздар!

© 2010-2022