Сценарий. Жақсы мінез - жан азығың

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Жақсы мінез - жан азығың »

Сабақтың мақсаты: мінезге түсінік береу,мінездің өмірлік азықтығы,сонымен қатар мінездің қалптасуына ішкі және сыртқы күштің әсер етуіне дұрыс жол сілтеу.Ұрпағымыздың саналы , әдепті азамат болып өсіп-жетілуіне тәрбиелеу. Оқушылардың тіл байлығын дамытып, шығармашылыққа баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, пікірталас.

Көрнекелігі: нақыл сөздер, бейне көрініс,т.б.

1.Адамның адамшылығы ақыл мен ғылымда, жақсы ата-анадан, жақсы құрбы, ұстаздан. Абай.

2.Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші басым болып, екеуі біріккенде адамшылық қасиеттерге айналады. Әл-Фараби.

3.Адамның басшысы - ақыл, жетекшісі - талап, шолушысы - мінез, сыншысы - халық. Бөгенбай батыр.

Барысы: 1.Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

2.Ұлағатты сөздер.

3.Өлеңдер.

4.Жадыңда сақта!

Кіріспе. Мұғалім: Құрметті ұстаздар,оқушылар! Бүгінгі 10 «А» сынып оқушыларының «Жақсы мінез - жан азығың» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Балалар, өздеріңе алдын ала « мінезге »байланысты үй тапсырмасы берілген. Өздерің жинаған анықтамаларыңды айтып көріңдер.

Сұлтан: Мінез - адамның бүкіл өмір бойғы іс-әрекеттері мен қылықтарына, тәрбиеленуіне байланысты қалыптасып, дамып отыратын өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Гректің «характер» деген сөзінің мәнісі - із қалдыру. Адам мінезінің көріністері оның әрбір жеке оқиғаларға қатысуынан аңғарылады.

М.Айдана: Адам өмірге пәк, ештеңеден хабары жоқ, ақ қағаздай таза болып келеді. Өсе келе адам мінез-құлық, іс-әрекеттері арқылы бір-бірінен ерекшеленеді.

Маржан: Мінез ұғымын алғыш сипаттап жазған грек философы «Треофраст және Лабрюйер» мінез адамның адамгершілік сапасына тән қасиет деп бағаланады.

Дәурен: Ұлы Абай « мен егер закон қуаты қолында бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» деген екен.

Мадина: Француз ғалымы Рибо мінезді «туа пайда болатын икемделу» десе, Млапер,Фулье т.б. мінездің « кейін пайда болатын ерекшеліктері де бар» деп бағалады. Сонымен, мінез туралы екі түрлі көзқарас қазірге дейін талас туғызып келеді.

Алтынай: Мінез - құлық - әр адамның жан дүниесінің айнасы. Адамның мінезіне қарай ішкі дүниесінің қандай екенін бірден ажыратуға болады. Мінезің жаман болса, сол мінезің арқылы айналаңдағы адамдарды өзіңнен бездіресің. Ал мінезің жақсы болса, қандай адаммен болсын тіл табыса аласың.

Сұлтан: Өмірдегі ең қиын нәрсе - адамның тілін табу. Адамның тілін табу үшін, оның мінезін білу керек. Адамның бойындағы екі мұқтаждықты, екі құмарлықты тудыратын екі қуат бар. Ол жан мен тән деп аталады. Оларды нақты өз аттарымен атасақ жан - ол рух. Тән - нәпсі. «Рух пен нәпсінің мұқтаждықтары мен құмарларының ара қатынасынан келіп адамның қалыптасқан мінезі шығады». Адам бойында жақсы қасиет пен міндер қатар жүреді. Осының дәлелі ретінде «Шалкиіз жырау» мынандай өрелі ой айтқан:

Жаманнан туған жақсы бар,

Адам айтса нанғысыз.

Жақсыдан туған жаман бар,

Күндердің күні болғанда,

Бір аяқ асқа алғысыз.

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз ерекше түрде өткелі отыр. Біріншіден, бізге қонақтар келіп, тәрбие сағатымызға қатысып отырса, екіншіден, ары қарай тәрбие сағатымызды Хабар арнасындағы «Сонымен солай дейік және солай болатынына сенейік» атты телебағдарлама ретінде жүргізу мақсатында сөз тізгінін жүргізушілерге беремін.

Сұлтан: Армысыздар, қадірлі ұстаздар!

Алтынай: Құрметті оқушылар!

Сұлтан: Тақырыбымыз жайлы сөз етпестен бұрын жаңа өзіміз анықтама берген мінез-құлықтың озық түрлері мен міндеріне тоқталсақ.

Алтынай: Назарымызды экранға аударайық!

Мінездер

Озықтық

Міндері

Ар-ұят

Адалдық

Әдеп

Борыш

Ождан

Жомарттық

Кешірімділік т.б,

Такаппар,өркөкірек,

Ақымақтық,күншілдік,

Нашақорлық, іштарлық,

Ашушаңдық,

Жауапсыздық т.б.



  • Слайд көрсетіледі. Жақсы мінез-құлық туралы.

Сұлтан: Ал, ендеше осы туралы ойымызды ортаға салсақ. Кім не дейді?

М.Айдана Ар-ұят-иман тармағының бірі.Ғаламдағы барша іс-әрекеттің үлгі өнегесі ар-ұятқа байланысты. Егер ұят пердесі түрілсе, адам-адамнан тыйым көрмесе, адамдар тәрбиені жоғалтып, адамдар арасындағы татулық, бірлік жоғалар еді. Ар-ұят Алла хош көрмеген нәрселерден сақтайды.

Күнәлі істің әдептен аспауын қалар ұят,

Күнәлі істің жолына тосқауыл болар ар-ұят.

Дәурен: Адалдық - ақиқатшыл адал жан. Шындықты айтады, әділ болады. Шыншылдық пен адалдық алдымен амандық-саулыққа шарапатын тигізіп, істің оңды бітуіне себепші болады.

Аян: Әдеп-өзін орынсыз олақ-салақ сөздерден және қолайсыз, қопал іс-әрекеттерден тыю, сондай-ақ өзіңді де, өзгені де тәлім-тәрбие шекарасынан шығармай, абырой аясынан табылу.

Маржан: Борыш - ұстаз, ата-ана, іні-қарындас, жетім-жесір, міскін-мүсәпір, көрші-қолаң ақысын өтеу- әр адамның айнымас міндеті. Ата-анасы разы болған азаматқа мен де разымын. Ананың өз баласына ризалығы әкенің ақ батасынан да артық. Кемтарларға, кембағалға өзі ауқатты болса шын, адал ықыласпен әр кезде көмек беріп отыру, кім-кімге де уәжіп, парыз. Бағбандай баптап, бағлан кезінен тәлім-тәрбие берген ұстазының ақысын талғаусыз өтеген жандар бұл дүниеде де, ақыретте де Алла тағаланың мархабатына бөленеді.

Балғын буын, ұмытпа ұстаз ұлы бағбаның,

Өміріңе өнеге өшпес тәлім алғаның.

Көкірегіңе ұстаздық жағып кеткен шамымен,

Өлшеусіз бақыты мен дәулетіне ие бөлу деген сөз.

Жамбыл:Ождан -бұл адамзат баласының өнегелі ісінің, ақыл-ойының көрінісі. Ар-ождан пердесі кірлесі, адамдар арасындағы татулық, бірлік жоғалар еді. Ар-ождан рухани қайыршылықтан, топастықтан, мәңгүрттіктен қорғауы тиіс.

Мадина: Жомарттық-жақсылығы мол, қолы ашық кісі, абыройы асып, мұратына жетер.

Атымтай бол, жомарт бол абыройың барында,

Ел-жұртыңмен есе бол, болмашыға тарылма.

Әділ: Кешірімділік- кінәлі адамның өзі кінәсін риясыз түсініп, сезініп, одан арылуы. Кешірімділік жамандыққа ерік бермей, жақсылыққа жетелейді.

Айыпкер мен күнәһар болса, қанша айыпты,

Кешкен жанның сауабы сол шамаға лайықты.

Жақсы менен жаманның Алла берер бағасын,

Күнәһарды кешсең, алғыс аларсың.

Сұлтан: Бәрекелді. Ой жетегі жетелейді алып асу шыңдармен,

Сағым қуған сары дала асау өзен құмдармен.

Өмір деген ұзын жол бар, тарам-тарам бөлінген,

Жауап берем ар алдыңда сұрағыма «Кіммін мен?».

Имандылық кең тараса өсіп-өнген елімде,

Кәмиләсі жүрсе егер, әр пенденің тілінде.

Алтынай: Ұл-қызымды адалдықпен арманына жеткізсең,

Ата жүгі, әке үміті, ана сүті ақталғаны деп білем

Ар алдында жауап бердім «Кіммін» деген сұраққа,

Аруаққа, замандасқа, болашаққа, ұрпаққа

Көпір салып екі дүние есігіне шындықпен,

«Елім үшін» ата-жүгін ақалаған ұланмын мен.

Сұлтан:Мінез-құлық туралы айтқнда, қазіргі кезде адамдар психолгтардың көмегіне жүгінетіні рас.Әңгімемізді ары қарай өрбіту мақсатында мектебіміздің психолгы Жакыпбаева Сәуле Мұқышқызын шақырамыз.

Алтынай: Қош келдіңіз, Сәуле апай! Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Жақсы мінез-жан азығың» деп аталады. Осыған байланысты сіз бізбен темперамент және мінез туралы ой бөліссеңіз. (Сәуле апай 3-4 минут сөйлейді.)

Сұлтан: Ал,ендеше, мінездің міндері туралы айтсақ.

Алтынай: Ия,Сұлтан, адам бойында тек жақсы мінез-құлықтар ғана болмайды, ақ-қара, күн-түн, тәтті-ащы сияқты қарама-қайшы жаман мінез- құлық бар емес пе?

Сұлтан: Ендеше назарларынызды экранға аударсаңыздар.

  • Слайд ( жаман іс -әрекет туралы көрсетіледі)

Алтынай; Мінекей, көріністі көріп, әрқайсысымыз ой түйдік. Осы ойымызды ортаға салып көрейік.

Лаура: Баланы әлсіз,жауапсыз деп айтар болсам. Әр адам өз мінезіне өзі жауапты. Мінездегі ақау адаммен бірге өсе келе, кейін қоғам үшін үлкен кеселге айналады. Болашақта өз достарымды жауапкершілікке, мықтылыққа шақырамын.

Жамбыл: Менің байқағаным ақымақтық пен ақылсыздық сабақта айтып өткендей, адамның мінезінің 2-ерекшелігін игере алмаған уақытта солқылдақ шыбық сияқты күштің басым жағына иіліп кетеді. Сол себепті мінезімізді ақылға жеңдіре білуіміз керек.

Айым: Олай болса, Бөгенбай батыр атамыздың мына өнегелі өсиетін өмірлеріңе азық ретінде жаттап жүріңдер.

Адамның басшысы-ақыл,

Жетекшісі-талап,

Шолуысы-мінез,

Сыншысы-халақ болсын.

Аян: Қарсы ал ерте күн көзін,

Төсегіңді жина өзің.

Ләзиза: Асықпай іш тамақты,

Жаламай табақ-аяқты.

Әкежан: Нанды үгітпе қадірле,

Қабығының бәрін же.

Маржан: Саусағыңды сормағын,

Салдыр-салақ болмағын.

Дәурен: Ашуланбай, долданып,

Жауап бергін ойланып.

Назира: Іштарлыққа жол берме,

Бақталастық білдірме.

Нұрсұлтан: Сыйлап үлкен кісіні,

Қамқорлыққа ал кішіні.

Сұлтан: Өте жақсы айттыңдар,дәл сендердей әрбір бала жақсы мен жаманды сараласа, адамгершілігіміз биіктен көрінеріне сеніміміз мол.Сендердің сөздеріңе, ойларыңа Абай атамыздың мына сөзі куә «Адамның адамшылығы-ақыл мен ғылымда, жақсы ата-ана, жақсы құрбы ұстаздан» -деген.

Алтынай: Бүгінгі пікірталасымызды ары қарай жандандыру үшін ортамызға аға буын 11 «Г» -сынып оқушысы Тұрсыов Аманды шақырамыз.

Сұлтан: Қош келдің, Аман! Біздің бүгінгі тақырыбымызға байланысты айтар ойың бар ма?

Аман: Мен сұрақ қойсам деп келіп отырмын. Бірде Қазыбек би: Шырағым,бір қолың ұрысшы болса, екінші қолың арашашы болсы. Ашу-араз, ақыл-дос, ақылыңа ақыл қос. Жауға сілтер қаруыңды еш уақытта жақыныңа сілтеме,-депті.

Өркенім өссін десең,

Кекшіл болма-

Кесапаты тиер еліңе

Елім өссін десең,

Өршіл болма-

Өркеніңді өшіресің.

Басыңа іс түскен пақырға,

Қастық қылма-

Қайғысы көшер басыңа,

Жанашыры жоқ жарлыға,

Жәрдемші бол асыға,

Қиын-қыстау күндерде,

Өзі келер қасыңа.

Бүгін сағы сынды деп,

Жақыныңды басынба! Осы жерде мінездің қандай түрлерін байқауға болады?

А.Айдана: Бұл көріністен мен сабырлықты көріп тұрмын. Екінші «Бақара» сүресінің 159 аятында(Алладан) жәрдем тілеңдер. Күдіксіз Алла сабыр етушілермен бірге дейді.

Нұрлыжол: Бұл жерде мен Қазыбек бидің әділдігін көріп тұрмын. Ашу-араз, ақыл -дос, ақылыңа ақыл қос. Жауыңа айтар сөзіңді, жақыныңа айтпа деп отыр.

Аман: Абай атамыз «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» деген екен. Өздерің қандай даналардың ұлағатты сөздерін қосар едіңдер?

Ләзиза: Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде - бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Әл-Фараби.

Аян: Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Әл-Фараби.

Нұрлыжол: ...адам мінезінің, ақыл-қайратының әр түрлі болуы-тәрбиенің түрлі-түрлі болуынан. Ж.Аймауытов.

Асыл: Жағдайдың өзгеруі мінезді де өзгертеді. Ж. Аймауытов.

Айым: Тәуір мінез білімнің аздығынан гөрі, жігердің жетіспеуінен көбірек жапа шегеді. Г. Спенсер.

Әкежан: Мінез-құлық- әркім өзінің кейпін көрсететін айна. И.Гете.

Азамат: Жақсы мінез-бүкіл өміріңнің сарқылмас бұлағы. У. Гэзлит.

Назира: Мінезі бірқалыпты адамдардың өмірі де жайма шуақ болады. Демокрит.

Айым: Өзгермейтін, түзелмейтін мінез болмайды. Сондықтан бір жарамсыз қылықты ақтап, аршып алу үшін мінездегі кемістікті сылтау ету тіпті бос сөз. Адам өз мінезіне өзі жауапты. Б. М. Теплов.

Әділ: Күтсең ата-анаңды, кешірер ата қатеңді.

Алғыс алған адам деп халқың алар батаңды.

Назира: Атасыз ұлдың аузы үлкен.

Нұрлыжол: Атадан жақсы ұл туса, елінің қамын жейді,

Атадан жаман ұл туса, елінің малын жейді.

Назира: Әкенің сөзі ой өсірер, ананың сүті бой өсірер

Асыл:Баланың ұяты әкеге, қаздың ұяты шешеге.

Айгерім: Қонақ келсе-құт, оны барыңмен күт

Еңкейгенге еңкей, ол әкеңнің құлы емес,

Шалқайғанға шалқай, ол шадиярдың ұлы емес.

Аян: Ұятсыз адам иттен де жаман.

Ләзиза:Жаман іске үйір болма, ол тұңғиық сияқты батырып жібереді.

Әкежан:Тек жүрсең, тоқ жүресің.

Лаура: Жақсы адамның ашуы-шәй орамал кепкенше,

Жамбыл:Жаман адамның ашуы-жерге басың жеткенше.

А.Айдана:Ақылды болсаң, ақымақпен таласпа.

Атақсыз өзеннің тасуы жаман,

Азамат:Ақылсыз адамның ашуы жаман.

Маржан: Анасын сыйламаған басқаны сыйлап жарытпас.

Нұрсұлтан: Өтірік айтып жұбатқанша, шындығын айтып жылат.

Мадина:Ашуланшақпен дос болсаң, аузыңды бақ.

Сұлтан: Егер адам бойындағы зиянды әдет-дағдыларды түп-тамырымен бір уақытта жою үшін азда болса бар күш -жігерімен кірісссе, одан құтылу да қиынға түспес еді...Бірақ та қиыншылығы сонда - мысқылдап ұзақ уақыт енген жаман әдет-дағдыны құрту үшін, соншама ұзақ уақыт күресу керек.

Алтынай: Яғни, Сұлтан,сен бізге азда болса өз бойымыздағы жаман мінез-құықтан айрылуды айтып тұрсың ғой. Мысалы: мектеп ережесін бұздау, сабақтан кешікпеу, үлкенді сыйлау деген сияқты.

Сұлтан: Алтынай, ортамызға 6 «А» сынып оқушысы Жүнісбаева Іңкәрді шақырайын деп отырмын.

Іңкәр: Жаңадан бері сіздерді тыңдап отырып, өзім көп нәрседен хабардар болдым.Мен өзім мінез-құлық туралы Абай атамыздың бір өлеңін оқып берсем деп едім.

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге,

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің,өмірің алдында,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек,өтірік,мақтаншақ,

Еріншек бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның білсеңіз,

Талап,еңбек,терең ой,

Қанағат рақым ойлап қой-

Бес асыл іс,көнсеңіз.

Жамандық көрсең нәфратлі,

Суытып көңіл тыйсаңыз.

Жақсылық көрсең ғибрәтлі,

Оны ойға жисаңыз.

Іңкәр: Ал, сіздер мінез - құлыққа байланысты қандай өлеңдер білесіздер?

Нұрсұлтан:

Майда бол, жігіт болсаң тал жібектей,

Жақсы емес қатты болу тікенектей.

Ғылымың болса - дағы ұшан - теңіз,

Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей.

Көрген мен көрмегенде көп парық бар:

Ашылмас жігіт адам сыннан өтпей.

Лайықсыз ерсілікке арандама,

Әр істің мазмұнына көзің жетпей.

Дәурен:

Ғибрат ал, жақсыларға жақын жүріп,

Қаша гөр, аулақ шеттей.

Не нәрсе талаптансаң табылады,

Опа жоқ ер жігітке жафа шекпей.

Қанағат, көп білім деп етпе өнерге,

Көре бер, басқалардың азын көптей.

Жасыңда қалсаң мақұрым, сан соғарсың,

Болмайды жаман нәрсе өкініштей.

Аян:

Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,

Адамға бірлік керек болса жолдас.

Біріңнің айтқанына бірі көнбей,

Істеген бәтуәсіз ісің оңбас.

Алыс пен жақын ойлы болмас жолдас.

Қас қылған жолдасына жігіт оңбас.

Бар болса нәсілінде бір шикілік,

Өзге түгіл - өзіңе болады қас.

Назира:

Бақ-дәулет басыңдағы бір гауһар тас,

Жоқ болса бұл екеуі ісің оңбас.

Қызығы жалғанның мал менен бас,

Дараққа миуасы жоқ бұлбұл қонбас.

Дос емес дос сыртынан жамандаған,

Несі дос бір қалтасын жаба алмаған.

Дос қайда досы үшін жан қинайтын,

Әншейін дүние үшін амалдаған.

Айгерім:

Кел жастар, біз бір түрлі жол табалық

Арам айла, зорлықсыз мал табалық.

Өшпес өмір, таусылмас мол берерлік

Бір білімді данышпан жан табалық...

Қазақта қай жақсы бар көз саларлық?..

Жалыналық Абайға, жүр, баралық!..

Білімді сол кісіден ізденелік!

Ақылыңды аяма бізге делік...

М.Айдана:

Қой, жігіттер,күн болды ойналалық,

Білім, әдет, ақылды ойға аларлық...

Айла, өтірік, арсыздық өнер емес,

Мен де анаудай болсам деп таласалық...

Жарасымды мінезді жатқа алалық,

Жанға қас жамандықтан сақтаналық!

Арсыз, ғайбат, өтірік, ынсапсыздық -

Бұлардан бой тасалап ақталалық!

Дария:

Ар қайда? Рахым қайда? Әдеп қайда?

Быт-шыт боп неге жүрміз әрбір сайда?

Көз жұмып, «Көппен көрген ұлы той » деп

Береді бұл надандық кімге пайда?..

Жатпалық, жалқауланып тіпті жайға!

Жайлы ақыл ойлалық жанға пайда!

Кейінгінің қалмайық обалына!

Сонда мақұл боламыз бір құдайға.

Алтынай: Дұрыс айтасыңдар, құрбылар! Ойымызды қортындылайтын кезде келді.

Сұлтан: Әркімнің өз биігі бар шығатын

Әркімнің өз білігі бар ұғатын

Әркімнің өз кемшілігі бар әсте

Көкейінде жасырынып тұратын.

Алтынай: «Жақсы мінез-жан азығы, өмірлік азық » екенін ұққандаймыз. Ендеше, Жадыңда сақта! Ойымызды бір-бір ауыз сөзбен қорытындыласақ.

А. Айдана:

Жадыңда сақта! Ей, адам...

Ей, адам! Бойыңнан жаманшылыққа орын берме, жан тазалығы мен тән тазалығын сақта. Өзің ешкімді қорлама, өзіңді ешкімге қорлатпа.

Мақтаншақтық пен көпірме көпсөзділік адамның жан дүниесін улап, оны жақсы қасиеттерден жұрдай етеді. Мықты адам аз сөйлеп, көп іс тындырады.

Ең бастысы өзіңді -өзің алдама. Әйтпесе бірте-бірте басқаларды да алдауға етің тез өліп кектеді. Өтірік пен өрге басып байимын, өркендеймін деп ойлама. Өтіріктің соңы өкінішпен аяқталады.

Асыл:

Ей, адам! Өзіңнің кемшіліктерің мен әлсіз тұстарыңды өзіңнен жасырудың пайдасы аз. Сондықтан өзіңе өзің ащы шындықты мойындатуға тырыс. Өйткені, өзін-өзі алдап үйренген адам арын таза ұстай алмайды.

Нұрлыжол:

Ей, адам! Есіңде болсын, ойламаған жерден бас айналдырарлықтай бақ қонып, жолың болып кетер деп сену - бос далбаса. Әлдебір қолдаушы күштерге сенуден бас тартып, тек өзіңе, өз күшіңе ғана үміт арт. Адамды бақытсыз ететін нәрсе - ерік-жігерінің әлсіздігі мен тәуекелсіздігі. Күтпеген жерден келетін кездейсоқ бақытқа сенбе. Жоқ нәрсеге дәмеленіп, алтын уақытты боска өткізгенше, сол бақыт ауылын өзің іздеп тап.

Лаура:

Ей, Адам! Қолға алған ісіңді тоқтатпа. Бүгін бітіруге болатын шаруаны ешқашан ертеңге қалдырма. Кез келген істі тоқтату немесе сылбырлыққы салыну саған тек қана зиянын тигізеді. Сен үшін әр кезде ең басты іс - ол дәл қазір қолға алған шаруа болуға тиіс. Өзіңе қорқынышты, түбінде түк шықпайтын үмітсіз іспен айналыспа.

Мадина:

Ей,адам! Жаманшылық келмей жақсылықтың қадірін біл. Адамның мінез-құлқын, оның шын мәнінде қандай екенін бақытсыздыққа тап болып, басына іс түскенде анық байқауға болады. Кемеңгер адам тағдырдың салмағын нық тұрып көтере алады. Әрі ғылымға, өнерге, мейірімді істерге деген сүйіспешілігін жоғалтпайды.

Айым:

Ей, адам! Бойыңды үрей мен қорқыныштан таза ұста. Кішкентай ғана бақытсыздық адамды қажытып жіберуі мүмкін. Бірақ, шын мәнінде адамды қажытатын әлгі кішкентай бақытсыздық емес, адамның өз ішіндегі үлкен үрейі мен қорқынышы. Сен басыңа төнген бақытсыздықтан соң адал, мейірімді, жан дүниесі таза адамға айналсаң, басыңа түскен қасіретке де қуана біліуің керек.Өйткені, бұл қасірет сенің өз басыңа үлкен пайда әкелді ғой.

Маржан:

Ей, адам! Таза, сау дене мен орасан зор еңбекке негізделген қанағатшылдық, көргенділік - адам еркіндігінің белгісі. Ешбір істе абыржыма және үмітсіздікке салынба. Егер бүтін жағымсыз, арам істерге жол берсең, онда ертең үлкен жауыздықпен күресуіңе тура келеді.

Төзімділікті, кішіпейілділікті, қарапайымдылықты, салмақтылықты және рух беріктігін өзіңнің ішкі әлеміңнің қасиеті мен әдетіне айналдыр. Бұлар бар болған жерде ашу-ыза сенің ақыл-есің мен санаңды бағындыра алмайды. Сені жағымсыз істер мен қылмыстарға бастайтын долылықтан сақтан.

Шыдамсыздық және асығыстықпен өміріңді бүлдірме. Егер әлдекім сенің сүйеуің мен ықыласыңа ынтық болса, ешқашан ешқандай іс-әрекетіңмен оның көңіл-күйін бұзба және ренжітпе.

Әділ:

Ей, адам! Ұят-иба мен инабаттылық қасиеттеріңді сақта. Қара қылды қақ жаратын әділдікті жақта, жұртты алалама. Адалдық - ең асыл қасиет, одан айнымасаң абыройлы боласың. Айтқан лебізіңді жұтпа, берген уәдеңнен тайма, жасаған мәмілеңді бұзба, сонда адамгершілік бағаң артады.

Ләзиза:

Ей, Адам! Кімге болса да жақсы лебізіңді айтып, жақсы ниетіңді білдір. Қандай жағдайда да сабырлы бол. Қиыншылыққа төзе біл, шыдамды бол. «Болдым», «толдым» деп асқақтама, оған да тосқауыл бар.

Алтынай:

Ей, адам! Қайырымды, мейірімді,кеңпейілді, қанағатшыл, ынсапты бол. «Кең адамның күніне бір үйі кеңиді, тар адамның күніне бір үйі кемиді» деген бар. Ендеше кең болуға тырыс.

«Ұлық болсаң, кішік бол» дейді халық. «Жоқпын», «жарлымын» деп жасыма біреуден тіленбе. Жаныңды салып, аянбай, жалықпай еңбек ет. Өйткені жалқаулық адамды жарлы етеді.

Өз еңбегіңмен тапқан мүлкіңе жаның ашысын. Еңбегіңді қадірле, мал-мүлкіңді көзіңнің қарашығыңдай сақтай біл. Оны тек игілікті іске ғана жұмса.

Біреуге ісеген жақсылығыңды да, жамандығың да өз алдыңнан шығады. Көрген жақсылығыңды ұмытпа, оның қарымын қайтар, көрген жамандығыңды ойыңнан шығар.

Сұлтан:

Ей, адам! Өз басыңды өзің қадірле, өзіңді өзің тәрбиеле. Жақсы мен жаманды айыра біл. Адамның бірінші байлығы - өз денсаулығыңды сақтай біл.

Егер сен осы уақытқа дейін өміріңнің ең жарқын сәттерін, денсаулығыңды, күш-қуатыңды әр түрлі жамандық істермен шұғылданумен жоғалтып келген болсаң, осы жерде кілт тоқта. «Ештен кеш жақсы», алда әлі өмір бар.

Сен өзіңді адамзат үшін іс атқару мақсатымен Құдайдың жерге арнайы түсірген адамымын деп есепте. Соған лайық бол. Сонда сен дүниедегі ең данышпан адамдардың біріне айналасың.

Алтынай: Еңбек етсем, ертеңгі.

Бақытыма сенемін!

Мақсатыма жеткізер,

Уақытыма сенемін!

Достық іспен қасты да

Жеңеріме сенемін!

Сұлтан: Ақыл, сана, біліммен,

Өнеріме сенемін!

Арым - таза, ақ көңіл,

Адалдыққа сенемін!

Абыройлы, ақ ниет,

Адамдыққа сенемін!

Сұлтан, Алтынай: Сонымен солай дейік және солай болатынына сенейік!

Мұғалім: Өте жақсы айттыңдар, дәл сендердей әрбір бала жақсы менен жаманды сараласа, адамгершілігіміз биіктен көрінеріне сеніміміз мол. Әр азаматтың дұрыс азамат болып қалыптасуы тек өзіне байланысты. Бүгінгі тәрбие сағатымыздан көп өмірлік азық алдыңдар деп ойлаймын. Сабақтың «Сонымен солай дейік және солай болатынына сенейік » деп алу мақсатымыз Жаманнан жиреніп, жақсыдан үйреніп, болашаққа сеніммен қарап,жақсы азамат болатынымызға сену. Кеген қонақтар келіп қатысқандарыңызға, ой бөліскендеріңізге көп-көп рахмет! Осымен бүгінгі «Жақсы мінез - жан азығы » атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыңыздар!









Сабақтың тақырыбы:«Зиянды әдеттерсіз өмір сүруді таңдаймын »

Сабақтың мақсаты: Ұрпағымыздың саналы , әдепті азамат болып өсіп-жетілуіне тәрбиелеу. Оқушылардың тіл байлығын дамытып, шығармашылыққа баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, пікірталас.

Көрнекелігі: нақыл сөздер, бейне көрініс,т.б.

1.Адамның адамшылығы ақыл мен ғылымда, жақсы ата-анадан, жақсы құрбы, ұстаздан. Абай.

2.Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші басым болып, екеуі біріккенде адамшылық қасиеттерге айналады. Әл-Фараби.

3.Адамның басшысы - ақыл, жетекшісі - талап, шолушысы - мінез, сыншысы - халық. Бөгенбай батыр.

Барысы: 1.Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

2.Ұлағатты сөздер.

3.Өлеңдер.

4.Жадыңда сақта!

Кіріспе. Мұғалім: Құрметті ұстаздар,оқушылар! Бүгінгі 10 «А» сынып оқушыларының «Жақсы мінез - жан азығың» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Балалар, өздеріңе алдын ала « мінезге »байланысты үй тапсырмасы берілген. Өздерің жинаған анықтамаларыңды айтып көріңдер.

Сұлтан: Мінез - адамның бүкіл өмір бойғы іс-әрекеттері мен қылықтарына, тәрбиеленуіне байланысты қалыптасып, дамып отыратын өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Гректің «характер» деген сөзінің мәнісі - із қалдыру. Адам мінезінің көріністері оның әрбір жеке оқиғаларға қатысуынан аңғарылады.

М.Айдана: Адам өмірге пәк, ештеңеден хабары жоқ, ақ қағаздай таза болып келеді. Өсе келе адам мінез-құлық, іс-әрекеттері арқылы бір-бірінен ерекшеленеді.

Маржан: Мінез ұғымын алғыш сипаттап жазған грек философы «Треофраст және Лабрюйер» мінез адамның адамгершілік сапасына тән қасиет деп бағаланады.

Дәурен: Ұлы Абай « мен егер закон қуаты қолында бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» деген екен.

Мадина: Француз ғалымы Рибо мінезді «туа пайда болатын икемделу» десе, Млапер,Фулье т.б. мінездің « кейін пайда болатын ерекшеліктері де бар» деп бағалады. Сонымен, мінез туралы екі түрлі көзқарас қазірге дейін талас туғызып келеді.

Алтынай: Мінез - құлық - әр адамның жан дүниесінің айнасы. Адамның мінезіне қарай ішкі дүниесінің қандай екенін бірден ажыратуға болады. Мінезің жаман болса, сол мінезің арқылы айналаңдағы адамдарды өзіңнен бездіресің. Ал мінезің жақсы болса, қандай адаммен болсын тіл табыса аласың.

Сұлтан: Өмірдегі ең қиын нәрсе - адамның тілін табу. Адамның тілін табу үшін, оның мінезін білу керек. Адамның бойындағы екі мұқтаждықты, екі құмарлықты тудыратын екі қуат бар. Ол жан мен тән деп аталады. Оларды нақты өз аттарымен атасақ жан - ол рух. Тән - нәпсі. «Рух пен нәпсінің мұқтаждықтары мен құмарларының ара қатынасынан келіп адамның қалыптасқан мінезі шығады». Адам бойында жақсы қасиет пен міндер қатар жүреді. Осының дәлелі ретінде «Шалкиіз жырау» мынандай өрелі ой айтқан:

Жаманнан туған жақсы бар,

Адам айтса нанғысыз.

Жақсыдан туған жаман бар,

Күндердің күні болғанда,

Бір аяқ асқа алғысыз.

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз ерекше түрде өткелі отыр. Біріншіден, бізге қонақтар келіп, тәрбие сағатымызға қатысып отырса, екіншіден, ары қарай тәрбие сағатымызды Хабар арнасындағы «Сонымен солай дейік және солай болатынына сенейік» атты телебағдарлама ретінде жүргізу мақсатында сөз тізгінін жүргізушілерге беремін.

Сұлтан: Армысыздар, қадірлі ұстаздар!

Алтынай: Құрметті оқушылар!

Сұлтан: Тақырыбымыз жайлы сөз етпестен бұрын жаңа өзіміз анықтама берген мінез-құлықтың озық түрлері мен міндеріне тоқталсақ.

Алтынай: Назарымызды экранға аударайық!

Мінездер

Озықтық

Міндері

Ар-ұят

Адалдық

Әдеп

Борыш

Ождан

Жомарттық

Кешірімділік т.б,

Такаппар,өркөкірек,

Ақымақтық,күншілдік,

Нашақорлық, іштарлық,

Ашушаңдық,

Жауапсыздық т.б.



  • Слайд көрсетіледі. Жақсы мінез-құлық туралы.

Сұлтан: Ал, ендеше осы туралы ойымызды ортаға салсақ. Кім не дейді?

М.Айдана Ар-ұят-иман тармағының бірі.Ғаламдағы барша іс-әрекеттің үлгі өнегесі ар-ұятқа байланысты. Егер ұят пердесі түрілсе, адам-адамнан тыйым көрмесе, адамдар тәрбиені жоғалтып, адамдар арасындағы татулық, бірлік жоғалар еді. Ар-ұят Алла хош көрмеген нәрселерден сақтайды.

Күнәлі істің әдептен аспауын қалар ұят,

Күнәлі істің жолына тосқауыл болар ар-ұят.

Дәурен: Адалдық - ақиқатшыл адал жан. Шындықты айтады, әділ болады. Шыншылдық пен адалдық алдымен амандық-саулыққа шарапатын тигізіп, істің оңды бітуіне себепші болады.

Аян: Әдеп-өзін орынсыз олақ-салақ сөздерден және қолайсыз, қопал іс-әрекеттерден тыю, сондай-ақ өзіңді де, өзгені де тәлім-тәрбие шекарасынан шығармай, абырой аясынан табылу.

Маржан: Борыш - ұстаз, ата-ана, іні-қарындас, жетім-жесір, міскін-мүсәпір, көрші-қолаң ақысын өтеу- әр адамның айнымас міндеті. Ата-анасы разы болған азаматқа мен де разымын. Ананың өз баласына ризалығы әкенің ақ батасынан да артық. Кемтарларға, кембағалға өзі ауқатты болса шын, адал ықыласпен әр кезде көмек беріп отыру, кім-кімге де уәжіп, парыз. Бағбандай баптап, бағлан кезінен тәлім-тәрбие берген ұстазының ақысын талғаусыз өтеген жандар бұл дүниеде де, ақыретте де Алла тағаланың мархабатына бөленеді.

Балғын буын, ұмытпа ұстаз ұлы бағбаның,

Өміріңе өнеге өшпес тәлім алғаның.

Көкірегіңе ұстаздық жағып кеткен шамымен,

Өлшеусіз бақыты мен дәулетіне ие бөлу деген сөз.

Жамбыл:Ождан -бұл адамзат баласының өнегелі ісінің, ақыл-ойының көрінісі. Ар-ождан пердесі кірлесі, адамдар арасындағы татулық, бірлік жоғалар еді. Ар-ождан рухани қайыршылықтан, топастықтан, мәңгүрттіктен қорғауы тиіс.

Мадина: Жомарттық-жақсылығы мол, қолы ашық кісі, абыройы асып, мұратына жетер.

Атымтай бол, жомарт бол абыройың барында,

Ел-жұртыңмен есе бол, болмашыға тарылма.

Әділ: Кешірімділік- кінәлі адамның өзі кінәсін риясыз түсініп, сезініп, одан арылуы. Кешірімділік жамандыққа ерік бермей, жақсылыққа жетелейді.

Айыпкер мен күнәһар болса, қанша айыпты,

Кешкен жанның сауабы сол шамаға лайықты.

Жақсы менен жаманның Алла берер бағасын,

Күнәһарды кешсең, алғыс аларсың.

Сұлтан: Бәрекелді. Ой жетегі жетелейді алып асу шыңдармен,

Сағым қуған сары дала асау өзен құмдармен.

Өмір деген ұзын жол бар, тарам-тарам бөлінген,

Жауап берем ар алдыңда сұрағыма «Кіммін мен?».

Имандылық кең тараса өсіп-өнген елімде,

Кәмиләсі жүрсе егер, әр пенденің тілінде.

Алтынай: Ұл-қызымды адалдықпен арманына жеткізсең,

Ата жүгі, әке үміті, ана сүті ақталғаны деп білем

Ар алдында жауап бердім «Кіммін» деген сұраққа,

Аруаққа, замандасқа, болашаққа, ұрпаққа

Көпір салып екі дүние есігіне шындықпен,

«Елім үшін» ата-жүгін ақалаған ұланмын мен.

Сұлтан:Мінез-құлық туралы айтқнда, қазіргі кезде адамдар психолгтардың көмегіне жүгінетіні рас.Әңгімемізді ары қарай өрбіту мақсатында мектебіміздің психолгы Жакыпбаева Сәуле Мұқышқызын шақырамыз.

Алтынай: Қош келдіңіз, Сәуле апай! Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Жақсы мінез-жан азығың» деп аталады. Осыған байланысты сіз бізбен темперамент және мінез туралы ой бөліссеңіз. (Сәуле апай 3-4 минут сөйлейді.)

Сұлтан: Ал,ендеше, мінездің міндері туралы айтсақ.

Алтынай: Ия,Сұлтан, адам бойында тек жақсы мінез-құлықтар ғана болмайды, ақ-қара, күн-түн, тәтті-ащы сияқты қарама-қайшы жаман мінез- құлық бар емес пе?

Сұлтан: Ендеше назарларынызды экранға аударсаңыздар.

  • Слайд ( жаман іс -әрекет туралы көрсетіледі)

Алтынай; Мінекей, көріністі көріп, әрқайсысымыз ой түйдік. Осы ойымызды ортаға салып көрейік.

Лаура: Баланы әлсіз,жауапсыз деп айтар болсам. Әр адам өз мінезіне өзі жауапты. Мінездегі ақау адаммен бірге өсе келе, кейін қоғам үшін үлкен кеселге айналады. Болашақта өз достарымды жауапкершілікке, мықтылыққа

© 2010-2022