Қазақ тілінен сабақ жоспары. Тақырыбы: Есімдік

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Қазақ тілі

6 сыныбы

11.12.2015 жыл


Тақырыбы

Есімдік туралы түсінік. Жіктеу есімдігі.

Мақсаты

Есімдік туралы түсініктерін қалыптастыру;

Есімдіктің мағыналық түрлерімен таныстыру;

Жіктеу есімдігін ұғындыру;

Оқушылардың сыни ойлауын, сөздік қорларын дамыту.

Күтілетін

нәтиже

1. Есімдік туралы түсініктері қалыптасады;

2. Ізденеді. Жіктеу есімдігі туралы толық мәлімет алады;

3. Оқушылар сыни ойлайды, өз ойларын нақты жеткізуге дағдыланады;

Сабақтың формасы

топтық жұмыс, жұптық, жеке жұмыс

Сабақтың әдісі

Сұрақ - жауап, талдау, миға шабуыл



1. Амандасу/өлең жолдары/

2. Психологиялық дайындық

3. Топқа бөлу.

4. Үй жұмысы.

Ойлау деңгейі (Б.Блум бойынша)

Түрткі( тапсырма, сұрақ, ресурс)

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Бағалау

Білу

/7 минут/




Сыныппен амандасамын.

Психологиялықдайындық./тренинг/

Оқушыларды қалаған тапсырма түрі бойынша үш топқа бөліп отырғызамын.

І топ- Зат есім

ІІ топ- Сын есім

ІІІ топ- Сан есім

Үй тапсырмасы:

Балалар, сіздер өткен сабақта сан есімдерді қайталадыңыздар. Ал, енді сұрап көрейік.

«Кубизм» Кубикті иіріп, қай сан түссе, сол санның тапсырмасына жауап береді.

1.Сан есім дегеніміз не?

2.Сан есімнің сұрақтарын ата.

3.Сан есімнің құрамына қарай бөлінуі.



1.Оқушының үй тапсырмасын жұмыстануы

на жағдай жасау

2. «Кубизм» әдісі арқылы сұрақтар дайындайды.


1.Сан есім туралы мәліметтерін еске түсіреді.


2.Сан есім туралы білетін мәліметтерімен жолдастарымен бөліседі.


Қолпаштау, қошемет.

Түсіну

/2-минут/

Қызығушылығын ояту:

І топ: Кісі елінде сұлтан болғанша,

... еліңде ұлтан бол!

ІІ топ: Отанға опасыздық еткенің,

... түбіңе жеткенің.

ІІІ топ: Ел- елдің .... бәрі жақсы,

... елің бәрінен жақсы.

/ Өз, өз, бәрі/


Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында әр топқа мақалдар беріледі. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қою керек.

Мақалдарда берілген көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып оқиды. Сөздердің қай сөз табына жататынын анықтайды.

Критериал

ды бағалау.

Формативті /қолмен белгі беру/


Қолдану

/10 минут/


Есімдіктер есім сөздердің / зат есім, сын есім, сан есімнің/ атын да, белгісін де, санын да атамай, тек оларды нұсқап, меңзеп көрсетеді де, солардың орнына қолданылады.Сондықтан да есімдіктерді орынбасар сөздер деп атайды.

Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді:

1/жіктеу есімдігі;

2/сілтеу есімдігі;

3/ сұрау есімдігі;

4/өздік есімдігі;

5/жалпылау есімдігі;

6/ болымсыздық есімдігі;

7/ белгісіздік есімдігі.

-


Топ басшысының жұмысын бақылау

Жаңа сабақпен оқып, танысуға 7 минут уақыт беремін. Мәтінмен жұмыс. Түртіп алу немесе Инсерт. Оқулықта берілген материалдармен өздері танысып шығу тапсырылады. Мәтінді оқи отырып, бұрыннан білетін және жаңалықтармен таныса отырып, өзіне күдікті дәлелдей алмайтын және түсініксіз, әлі де тереңірек білгісі келетін белгілерді қояды.

Жаңа тақырыпты оқып түсінеді.


Осыдан кейін әр топ өздерінің ойларын біріктіре отырып талдау жасайды. Бір-біріне сұрақтар қояды. Түсінбеген жерлерін бір-біріне түсіндіреді. Не түсінгендерін қағаз бетіне түсіріп, таныстырып шығады


Критериалды бағалау



Критериал

ды бағалау

Талдау

/7 минут/


І топ: 192-жаттығу./мәтінді мәнерлеп оқыңдар. Есімдіктер қандай сөздердің орнына жұмсалып тұрғанын айтыңдар./

ІІтоп:194-жаттығу./мәтінді оқып шығып, ат қойыңдар.Жіктеу есімдіктерін теріп жазыңдар, қай септікте тұрғанын көрсетіңдер./

ІІІ топ: 195-жаттығу. / көшіріп жазып, жіктеу есімдіктерінің астын сызыңдар.қай жақта, қай септікте тұрғанын анықтаңдар./


Қаншалықты түсінгендігін байқау.

Берілгін жаттығуларды оқу, жазу, талдау.

Критериалды бағалау.

Жинақтау

/10 минут/


Сергіту сәті. «Кел билейік»

І топ: «Мен және менің елім»эссе жазу.

ІІтоп: «Түйебай» әңгімесінен есімдіктерді теріп жазу.

ІІІ топ Афоризмдардан есімдіктерді теріп жазу


Әр оқушының топ ішінде қалай жұмыстанатынды

ғына назар аудару.

Топта ұйымшылдықпен жұмыстана отырып, тапсырманы ыждағаттылықпен орындау.

Формативті бағалау

"Екі жұлдыз, бір тілек" әдісі арқылы бағалау.

Бағалау

5 минут

Тест


Оқушылардың қаншалықты түсінгенін, нені байқағанын бақылау.

Сабақ туралы өз ойларын жазу.


Формативті бағалау:

Қол шапалақтау.

Қорытынды

/4 минут/

Жапсырма қағаздарға оқушылар өздерінің ұсыныс - пікірлерін, көңіл - күйлерін жазып, смайликтерге жапсырады.

ұсыныс - пікірлерін, көңіл - күйлері

Сабақ туралы өз ойларын жазу.

Смайлик

терді жапсырады.

Үй жұмысы:

Ереже жаттау.

194- жаттығу.





© 2010-2022