Открытый урок на тему Біздіңің отбасымыз

Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ибрагим Ата атындағы жалпы орта мектебінің қазақ және әдебиеті пәні мұғалімі: Қурбаналиева Дияра Рахматуллаевна

Сабақтың тақырыбы: Біздіңің отбасымыз
Сабақтың мақсаты:
Білімділік.Тақырып бойынша өз отбасы туралы таныстыра отырып, оқушылардың сөздік қорын байыту.
Дамытушылық. Жаңа сөздерді игере отырып өз отбасы туралы айтуға дағдыланады.
Тәрбиелік. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» ережесін ескерте отырып, ата -анаға құрметпен қарауға, отбасы мүшелерін жақсы көруге тәрбиелеу.
Сабақтың пәнаралық байланысы: сурет, әдебиет, музыка, орыс тілі.
Көрнекілігі: сюжетті суреттер, «Менің отбасым» DVD диск, сөзжұмбақ, бейнелі суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақтың мақсатын түсіндіру.
Мұғалім сюжетті суретті көрсете отырып лексикалық тақырыпты түсіндіреді.
Менің отбасым. Мынау - менің отбасым. Менің отбасым ...(шағын, орташа, үлкен). Отбасымда атам, әжем, шешем, інім, қарындасым, (сіңілім) бар. Менің отбасым - өте тату.
Мұғалім тақтаға тірек сызбаны іліп жаңа сөздермен таныстырады.

Сурет және тірек сызба арқылы мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беру.
Сұрақтар:
1. Отбасы дегеніміз не?
2. Суретте кімдер бейнеленген?
3. Сенің ағаң бар ма?
4. Сенің сіңілін бар ма?
5. Атасы мен әжесі не істеп отыр?
Лексикалық тақырыпқа арналған жаттығулар.

1. Семья
2. Дедушка
3. Мальчик, ребенок
4. Брат
5. Обращение девочке к младшей сестре
6. Обращение мальчика к младшей сестре
7. Человек
14 бет 3 - тапсырма сурет бойынша әңгіме құрастыру.
ІІІ. Грамматикалық тақырып. Үндестік заңы.
Үндестік заңының екі түрі бар.
1. Буын үндестігі. Тіліміздегі байырғы сөздердің басым көпшілігі не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке айтылады. Мысалы: Жуан сөздер: Аға+лар, қарындас+тар, ата+ға, ұл+дар+ға. Жіңішке сөздер: Іні+лер, әже+ге, сіңлі + ме, әке+мен, шеше+ме.
2. Дыбыс үндестігі.
а) сөздің соңғы дыбысы қатаң болса оған жалғанатын қосымшаның басқыдыбысы да қатаң болады. Мысалы: Бас+тық.
ә) түбір сөздің соңғы дыбысы ұяң болса, оған жалғанатын қосымшаның басқы дыбысы да, көбінесе ұяң болады. Мысалы: Жаз+дық.
б) түбір сөздің соңғы дыбысы дауысты не үнді болса оған жалғанатын ұосымшаның басқы дыбысы, көбінесе ұяң не үнді болып келеді. Мысалы: ауыл+ға, бала+ға.
Грамматикалық тақырыпты бекітуге арналған жаттығулар.
1. Ойын: «Буынды дұрыс тап».
2. Шарты: Киіз үйдің суретіне «ата», «әже», «әке», «ана», «аға», «іні», «сіңілі», «әпке», «қарындас» сөздері ілінген осы сөздерге лайықты буындарды тауып ілу қажет.
ІV. «Отбасы» тақырыбын бекітуге арналған жаттығулар.
1. Теледидардан менің отбасым таспасын көре отырып, оқушыларға сұрақ қою.
2. Оқушылардың өздері алып келген фота суреттермен жұмыс жасау.
3. «Анашым» әнін ән таспасымен қосылып айту.
4. Жаңа сөздерге үндестік заңы бойынша тиісті жағдайларды жалғау (тірек сызбаны пайдалана отырып).
5. «Артық сөзді тап» ойынны арқылы бекіту.
Оқушы әке ана
Әже ата апа
Іні сынып әпке
Сіңлі аға қарындас
V. Оқушылардың білімін бағалау.
VІ. Үйге тапсырма.
1. Жаңа сөздерді жаттау.
2. Отбасы туралы шағын әңгіме дайындау.
3. 15 - бет, 5 - тапсырма аударып жазу.

© 2010-2022