Сабақты зерттеуде Lesson Study тәсіі3н қолдану

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Lesson Study» тәсілінің қолдану ерекшеліктері

Біз өмір сүріп отырған ақпараттық қоғамда, көпмәдениетті ортада бәсекелестік заманда, жаһандануға қарыштап қадам басқан уақытта халқымыз үшін маңызы аса зор оқу-ағарту ісін халықаралық талапқа сәйкестендіру қажеттігі туындағаны даусыз.

Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрену қажет. Адам бойындағы қабілеттерді дамытып,оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға, адамның өз болмысын тануға ұмтылысына көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін қанағаттандыру, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін рухани күш беру - білім берудің басты мақсаты.

Бұл асқан жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әрбір адамзаттың жеке басының қасиетін, қабілетін дамытып, талантын ұштайтын болып ұйымдастырылуы тиіс. Сонда ғана мектептерден өзгермелі қоғамда өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады. Шынтуайтында, адам баласы өз табиғатында жасырын жатқан рухани күш -қуатын тап басып қайнар бастауына бағыттай білсе, көңіл көкжиегіндегі шектеудің шырмауынан құтылып, рухани дүниесі қыран қанаты талатын шырқау көкке самғай алады.

Сонда ғана Бағдарламаның күтілетін нәтижесіне сәйкес, еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе алатын, ынталы, сенімді, сыни пікір- көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптаспақ. Осы тұста оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Ол мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігімен тікелей байланысты. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі - оның жан-жақты білімінен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Әрбір оқу пәні бойынша білім, білік, дағдыны ғана игеру оқушы құзыреттілігі үшін жеткіліксіз болып отыр. Қазіргі заманның талабы өте жоғары, еліміздің болашақ өкілдері ұрпақтарымызды осы талаптарға сай ету үшін оларды парасатты, білімді, дүниетанымы кең , мәдениетті әрі отансүйгіш етіп тәрбиелеу керек. Ол үшін білім берудің жаңа әдістерін пайдалануымыз керек.

Бүгінгі таңда халықаралық білім кеңістігінде кеңінен танымал жапондық Lesson Study тәсілінің аудан мектептері алдында тұрған бүгінгі кезең міндеттерін шешуге қаншалықты септігін тигізетінін анықтау, оқыту үдерісіне ендіру, одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар ендіру мақсатында аудандағы үш мектептің бірі Шайқорық мектебінде «Lesson Study» - тәжірибеде оқыту мен оқуды жетілдірудің тәсілі» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинарды мектеп директоры Н.Ерғазиева ашық деп жариялап, өз мектептерінде Lesson Study тәсілін қолданудың тиімді жақтары мен кездескен кедергілер жайында айтып таныстырды. Зерттеу тобына қатысқан мектеп мұғалімдері де өз жұмыстарымен таныстырып өтті. Математика пәнінің мұғалімі «Lesson Study» туралы таныстырылым (презентация) жасап, зерттелген оқушылар мен сыныптар жайлы мағлұмат берді.

Семинарға қатысқан мұғалімдер өзара тәжірибелерімен бөлісіп, мына төмендегі сұрақтар аясында пікірталастар жүргізілді.

1) Оқу үдерісінің сапасын арттыру мақсатында өз сабақтарыңызда сынап көргіңіз келген «оқытудағы/оқудағы жаңа тәсілді» айқындаңыз?

2) Оқу жоспарының (тақырыбының) қандай бөлігінде бұл тәсіл аса ықпалды болатынын шешіңіз?

3) Тақырыбына қарай, сіздің оқушыларыңызға лайықты, нақты күтілетін оқу нәтижесін айқындаңыз?

4) Зерттеу сабағы бойынша мұғалімдердің бірлескен жұмысына ықпал ететін жағдайлар?

5) Зерттеу сабағы бойынша мұғалімдердің бірлескен жұмысына бөгет жасайтын кедергілер?

6) Зерттеу сабағы бойынша мұғалімдердің бірлескен жұмысына сіз қалай ықпал ете аласыз?

Семинар соңында қатысушылар өткізілген секция жұмыстары туралы оң пікірлерін айта отырып, сабақты зерттеуде «Lesson study» әдісі туралы теориялық білімдері болғанмен, сол білімдерін тәжірибемен ұштастыруда қиындықтар мен кедергілер туындайтыны назар аудартты.

Осы семинарға қатысып келгеннен кейін біздің мектепте де осы жұмысты іске асыру керектігі ойға келді. Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер арасында «Lesson study» тәсілінің қолдану ерекшеліктері» тақырыбында шағын отырыс өткізілді. «Lesson study» тәсілі арқылы негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру, оқыту мәселесін жетілдіру мақсатында мектепте атқарылатын жұмыстар жайлы пікірлер ортаға салынды. Мұғалімдерді сабақты зерттеуге бағыттау арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруға, пән бойынша білім деңгейін көтеруге болатындығы айтылды. Осы мақсатта мектепте алғашқыда екі сыныпты зерттеуге алу көзделді. Бұл сыныптар бастауыш немесе орта буыннан алынса жақсы болатындығына, бұл сыныптарда ІІІ деңгейлік курс бітірген мұғалімдер сабақ бергені дұрыс болатындығына назар аударылды.

ІІІ тоқсаннан бастап таңдалып алынған сыныптарда зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды.

© 2010-2022