• Преподавателю
  • Другое
  • Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану-оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырудың бірден-бір жолы

Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану-оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырудың бірден-бір жолы

Раздел Другое
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану-оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырудың бірден-бір жолы

Махамбетова Хадиша Шагировна

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Қостанай облысы Наурзым ауданы

Жамбыл орта мектебі

Қазіргі заманда жастарға ақпараттық

технологиямен байланысты әлемдік

стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет

Н.Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру» -деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көрсетілген. ХХІ ғасыр -ақпараттық технологиялар ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық -коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. «Жаңа ақпараттық -коммуникациялық технолгиялар» ұғымының пайда болуы білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты. Сондықтан, мұғалімдердің кәсіби құзырлылығы құрылымынан оқытудың ақпараттық -коммуникациялық технологиялары ерекше орын алады. Білім беру жүйесінің басты мәселесі -білім сапасы десек , осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы -түрлі ақпараттық технологияларды қолдану. Келешек қоғамымыздың мүшелері, жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру-қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Мұғалім сабақта ақпараттық және интерактивтік технологияларды қолдану арқылы білімнің тереңіне бойлай алады, әрі оқытудың бүкіл мазмұнының өзгеруіне мүмкіндік береді. Білім берудің кез-келген саласында қол жеткен табыстар Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енуге мүмкіндік туғызатыны анық. Осы мақсатта оқу үрдісін шығармашылықпен ұйымдастыруға еркіндік беру арқылы ұстаздар қауымының белсенділігін арттыру.

Ақпараттық және интерактивтік оқыту технологияларын меңгермегенше, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес. Ақпараттық және интерактивтік технологияны меңгеру мұғалімнің зейіндік -зерделік, кәсіптік, рухани , азаматтың және басқа да көптеген ұстаздық келбеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін -өзі дамытып , оқу т-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Мұны өзіміздің жинаған тәжірибемізден , атқарған істерімізден көреміз. СУРЕТ

Ақпараттық және интерактивтік технологияларды қолдану өздігінен сабаққа дайындалу деңгейін арттырады; оқу үрдісін жүргізуге қызықты етеді; шығармашылық жағынан бұрын болмаған кәсіби дағдыларды қалыптастыратын жаңа мүмкіндіктер туғызады. Компьютерлік модельдердің интерактивтілігі оқыту процесінде бұрын болмаған жаңа мүмкіндіктер береді. Жаңа технология- мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыратын құрал. Сондықтан әрбір мұғалім күнделікті сабағына өмір талабына сай дайындалып, ақпараттық -коммуникациялық технологияларды қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Осы артықшылықтарды сабақ барысында да, сабақ нәтижесінде де көруге болады. Жаңа ақпаратық технологияның басты тиімділігі - бұл мұғалімге оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгертуге , оқытудағы дүниетанымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасайды. Сонымен қатар, жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі- бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне сын көзбен қарауына және ләззат алуға мүмкіндік береді. *Оқушыларға оқылатын құбылыстар мен объектілер туралы толық және дәл ақпарат бере отырып, оқу сапасын арттырады.

* Оқытудың көркемдігі артады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді;

*Оқытудың тиімділігі жоғарылайды және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігін арттырады;

*Оқушылардың ғылыми-дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады.

*Мұғалімдерді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемдеген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды;

*Мұғалім іздену барысында алған (интернеттен) материалдарын слайд түрінде түсіріп, оқушыларға сабаққа қосымша ретінде түсіндіре алады. Жаңа технологиялар мен инновациялардың мүмкіндіктері шексіз, артықшылықтары орасан. Оған onlaine режимінде интерактивті байланыс арқылы көрсетілген сабақтар арқылы анық көз жеткізуге болады. СУРЕТ сабақтан. Мүмкіндігі шексіз интерактивті тақта арқылы мультимедиялық мәтіндер жазылған бейнематериалдар, слайдтар, суреттер, кестелер, диограммалар, анимацияларды қолданып, мұғалім өз пәнінің, түсіндірген тақырыбының мазмұнын ашып көрсетуіне мүмкіндігі зор. Бұл жан-жақты, дарынды әрі қабілетті, білімді шәкірт тәрбиелеудің тағы бір тамаша баспалдағы деуге толық негізі бар.

Оқушы ақпараттық технологияларды қолдану барысында:

*теориялық материалды өз бетімен оқып-үйренуге, зерттеуге мүмкіндік береді;

*сабақты иллюстрациялық материалдар ретінде жабдықтауға көмектеседі;

*сабақта және тыс уақытта өз бетімен әр түрлі деңгейлі, шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкіндік береді;

*емтиханға дайындық кезінде пайдаланады;

Нәтижесі:

*компьютерде еркін жұмыс жасай алады;

*компьютерлік желілермен байланыс жасайды;

*ақпараттарды алады, сақтайды;

*өздігінен ізденіс қабілеті артады;

Мұғалімнің және оқушының шығармашылық жұмыстарының ғылыми деңгейін қалыптастыруда жаңа құндылықтар, ізденістер жасау. Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдау болып табылады. Бүгінгі бала-ертеңгі жаңа әлем. Оқушының дамуына әсер етуші әлеуметтік фактор негізінде оқушы , мұғалім, ата-ана, басқа пән мұғалімдері ынтымақтасуы керек. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар беруші мұғалім. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үдеріспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктейтінін ұмытпауымыз керек.

© 2010-2022