• Преподавателю
  • Другое
  • Творческий отчет Аттестациядан өтуші математика пәнінің оқытушысы Әжібай Динараның шығармашылық есебі

Творческий отчет Аттестациядан өтуші математика пәнінің оқытушысы Әжібай Динараның шығармашылық есебі

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Аттестациядан өтуші математика пәнінің оқытушысы

Әжібай Динараның шығармашылық есебі.


Бүгінгі заман талабына сай жан-жақты дамыған ,өз мамандығын терең мергерген, бәсекеге қабілетті білікті маман дайындау үшін оларға жаңашыл бағытта оқыту, тәрбиелеу, дамыту қажет. Сондықтан да қазіргі білім беру саласындағы өзгерістерді дұрыс қабылдап, оқытудың озық технологияларын меңгермейінше бүгінгі жаңашыл қоғам талабына сай оқытушы болу мүмкін емес.

Оқытушы өз білімін үнемі жетілдіру, ізденісте болу, оқыту мен тәрбиелеудегі заманауи әдіс - тәсілдермен, ақпараттық құралдарды қолдану тәсілдерін меңгеру, шығармашылықпен жұмыс жасауды мақсат ете білуі керек. Оқытушының шығармашылық белсенділігін ұдайы арттырып отыруы, оқыту мен тәрбиелеудегі әдістерін ғылыми негізінде жетілдіру - басты міндет.

Шығармашылық тақырыбым:

«Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік технологиясын қолдану арқылы студенттердің білім, білік дағдысын қалыптастыру».

Бұл тақырыпты таңдау мақсаты студенттердің білімді толық меңгеруіне жағдай жасау,ақпараттық жағынан тиімді ұсынылуы, ақпараттық -коммуникациялық технологияларды меңгеруі және болашақ кәсіптік мамандыққа даярлау, математика пәніне деген қызығушылықты ояту, білім сапасын арттыру болды. Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып студент өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуы және өз білімін өзгемен бөлісу, қолдана білуі болып есептеледі.

Сондықтан мен өз сабақтарымда мүмкіндігінше оқушыларды өз беттерімен ақпараттарды іздеуге, қосымша мәліметтерді ақпараттық-коммуникативтік технологиялар көмегімен анықтай алуға үйретемін.

Ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану нәтижесінде:

  • Студенттердің ізденушілік,зерттеушілік қабілеті дамиды.

  • Оқытушы мен студент ынтымақтаса жұмыс жүргізеді

  • Мәтінді меңгертуде топпен , жұппен жұмыста қабілеттерін тиімді қолдану, өздігінен тапсырманы орындауға мүмкіндік береді.

  • Студент білімін өзі тексеріп,өзі бағалай алады

  • Үй жұмысын орындауда ақпараттық көмек ала алады

  • Өз достарымен жылдам ақпарат алмасады

  • Интернет желісінен қажетті ақпаратты алуға, пайдалануға мүмкіндік береді.

  • Қажетті мәліметтері үнемі жанынан табылады.

  • Ізденіс арқылы шығармашылыққа баулиды.т.б көптеген тиімділігін атап өтуге болады.

Пәнді оқыту барысында атқарылған жұмыстар:


  1. Студенттердің шығармашылық презентациялары, бейне тәжірибе жұмыстары жинақталды.

Әр тарауға тақырыпқа байланысты презентациялар үй жұмысына, өздік жұмысқа берілу арқылы электронды нұсқада жинақталды. Бұл жинақтарды өңдеу арқылы сабақ көрнекіліктеріне қолданылады.

2. Сабақтардың әдістемелік әзірлемесі толық жинақталды. Бұл келесі оқу жылы өзгертулер енгізу арқылы сабақ жоспарын қайта пайдалануына мүмкіндік береді.

3. Сабақ көрнекілігі. Бұл әр студентпен жеке жұмысқа, қосымша сабақтарда, ұялы телефонға түсіріп алып, оқуына мүмкіндік береді. Әр тарауға, жеке тақырыпқа, жылдық, аралық білім тексеру жұмыстарына арналған электронды сынақ жұмысы құрастырылды. Әрі «getkahoot.com» сайтында құрастырылған ұялы телефондық сынақнамасын тапсыру арқылы өз білімдерін тексереді, бағаланады.

4. Пәндік апталықтарда сыныптан тыс шараларды өткізуде бейне жазбалар қолдану, арнай ұпайлық сұрақтар, «Математикалық регата» топтық сайысында, шығармашылық жұмыстар қорғау, оқу-зерттеу жұмыстарын орындауда көп мүмкіндік береді. АКТ-ны қолдану арқылы «Білімді ұрпақ - ұлт болашағы», «Математикалық регата» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

5. Тәжірибе алмасу мақсатында колледж ішілік ашық сабақ: «Векторларға амалдар қолдану. Векторларды жіктеу» тақырыбында 2015жылы сабақтар т.б.әзірлемелер орналастырылды.

6. Халықаралық оқытушылармен тәжірибе алмасу мақсатында Жеке сайт: «Учительский сайт» ашылып, әдістемелік әзірлемелер, әдістемелік жұмыстар орналастырылды. Олар «Математикалық регата», «Открытый урок по геометрии», «Интеллектуальное шоу по всем предметам», «Тригонометрические функции. Тесты», «Қиық конус» және т.б түрлі сабақтар жүктелді.

7. Студенттердің шығармашылығы және жетістіктері: 2014 - 2015 оқу жылындағы жаратылыстану пәндер апталығында өткізілген «Математикалық регатада» № 3 топ оқушылары І орынды иеленсе №6 топ оқушылары ІІІ орынды иеленді, 2015 - 2016 оқу жылындағы пән апталығында өткізілген «Білімді ұрпақ - ұлт болашағы» атты сайыста жүлделі І орынды КБ - 1 топ оқушысы Жолдыгалиева Арна марапатталды. Оқушылар мен оқытушыларға арналған «Интербирг» халықаралық шығармашылық конкурсының «үздік презинтациялар» номинациясы бойынша 6 топ оқушысы Рухоллаева Б.Ж ІІІ орынмен марапатталды.

8. Студенттердің білімін тексеру мақсатында өткізілетін аралық аттестациялауға арналған есептер жинағы, сынақ тапсырмалары, сұрақтар мен жауаптар көмекші әдістемелік әзірлемелер құрастырылып, жинақталған.

9. Білім көрсеткіштерін мына сызбалар арқылы көруге болады.

2014 - 2015 оқу жылы ІІ жартыжылдығындағы 3 және 6 топ оқушыларының математика пәнінен білім көрсеткіші



Творческий отчет Аттестациядан өтуші математика пәнінің оқытушысы Әжібай Динараның шығармашылық есебі.Творческий отчет Аттестациядан өтуші математика пәнінің оқытушысы Әжібай Динараның шығармашылық есебі.




2015 - 2016 оқу жылы І жартыжылдығындағы 1, 6 және КБ - 1 топ оқушыларының математика пәнінен білім көрсеткіші



Творческий отчет Аттестациядан өтуші математика пәнінің оқытушысы Әжібай Динараның шығармашылық есебі.Творческий отчет Аттестациядан өтуші математика пәнінің оқытушысы Әжібай Динараның шығармашылық есебі.




Біліктілікті жетілдіру курстар:


  • 27 қараша 2015ж. Сертификаты № 0085497 «Өрлеу» БАҰО АҚ «Техникалық және кәсіптік білім беруде жалпы білім беретін пән оқытушыларының кәсіби құзіреттіліктерін дамыту»;

  • 23 қараша 2015ж. Сертификаты № 07-0131 «Болашақ үшін оқыту» бағдарламасы бойынша курсын тыңдады, «ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына кіріспе»;

  • 19-20 қараша 2015ж. Сертификат Акдемии наук социальных технологий и местного самоуправления «Инновационые технологии управления проектами»;

  • 19-20 қараша 2015ж. Сертификат Общество с ограниченной ответственностью «Центр управленческих инноваций «Перспективы и возможности SMART-образования»;

  • Учительский сайт. Сертификат №135205. Сайтта әдістемелік құжаттарды қарап,жүктеп алуға болады.

  • Республикалық ғылыми-тәжірибелік on - line конференциясына «Иновацияның жүйелі қызметінің бір түрі - пәнаралық байланыс арқылы оқыту» тақырыбында баяндамамен қатысқаны үші сертификат берілді № 0002264 . «Өрлеу» БЖҰО Қызылорда облысы

Білім беруде қолданылатын технологиялардың тиімді әрі қаңдаулы әдістерін жинақтау арқылы әдістемелік ұсыным, электронды оқулық жасау алдағы жоспарда бар. Білім беру барысындағы әдістемелік авторлық әзірлемелерді жоғарғы сайт адресі бойынша көре аласыздар.

«Мәңгілік елеміздің болашағы жарқын болуына қосар үлестеріңіз зор болсын!» Назарларыңызға рахмет!

© 2010-2022