Сапалы білім беруді басқару: қазіргі көзқарас

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1.Кіріспе.

Республикада білім беру жүйесі қоғам дамуымен байланысты дамып, жетіліп отыруы анық. Қазіргі уақытта мектеп реформасына көптеген біржақты өзгерістер енгізіліп, мектеп ісінің ішкі-сыртқы жүйесі түгелімен жаңаруда. Біз бүгінгі күні әлемдік білім беру жүйесіне негізделген басым бағыттарды ұстануда ең алдымен мұғалімдерді жаңаша оқытуға бағыттауымыз қажет. Дамыған елдерді білім беру жүйесіндгі тенденциялардың бірі - білім беруді басқарудың тиімді жолдарының қарастырылуы. Білім саласында еңбек ететін адамдардың басқару мәдениеті, олардың кәсіптік-педагогикалық мәдениетінің құрамды бөлігі болып табылады. Білім беру реформасы мұғалімнің жаңа мәртебесін -шығармашылық ой-өрісі кең, жаңа жағдайдағы жұмысқа әзір мұғалім-зерттеушіні қалыптастыруды талап етіп отыр. Ол оқытуға бағытталған жеке басқа бағдарланған, өзіндік және білікті тәсілдерінің әдістемелік негіздері мен оны іске асыру тетіктерін, пән бойынша білім беру мазмұнының базалық, кәсіби деңгейін, өткізетін сабақтар мен бейіндік, бейін алдындағы курстарды әзірлеу әдістемелерін білу керек. Сондықтан басқару жүйесінде әдіснамалық жұмыс білім қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін көтерудің және оқу-тәрбие жұмысын басқарудың негізгі құралы болып табылады. Адами қасиеттерді дамыту, бала бойына сіңіру мен қалыптастыруда мұғалімнің алатын орны ерекше десек, мектеп басқарушылары мұғалімнің қоғамдағы белсенділігін арттыру үшін кәсіптік мәртебесі және әлеуметтік беделіне, шығармашылығына көңіл бөлу керек. Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру жағын кеңіне қарастырған жөн.

Ұжымда әдістемелік жұмыстардың мазмұнын, жоспарын, іс-шараларды жүргізу әдістерінің тиімділігін үнемі талдап отыру әдістемелік көмек көрсету жұмысын ары қарай жақсартуға және оны дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан білім беруді басқару жүйесінде келсідегідей жұмыстар үнемі назарда болу қажет:

-жүргізілген іс-шараларға нақтылы баға беру, қабылданған шешім дәлелді болу, жұмысты дұрыс жоспарлау;

  • ұжымның жағдайы мен қажеттілігін ескеру;

  • әдістемелік жұмыстың кезеңдерінің тығыз байланыста болуы;

  • ұжымдық және жекеше жұмыс түрлерінің өзара байланыста дамуы;

  • мұғалідерді мазмұны мен түрі жағынан бір-біріне жақын іс-шараларға қатыстыру.

Яғни, әдістемелік жұмысты ретке келтіруде оның қалыпты жағдайын зерттеп, ұйымдастырушылық құрылымын, мақсат, міндеттерді дұрыс анықтау қажет.

әлеуметтік-педагогикалық

Психологиялық-педагогикалық

Ұйымдастыру-педагогикалық

1.2 Жұмыстың мақсаты: Мектепті басқарудың қазіргі үлгісінің мақсаты-Халықаралық деңгейге дейін білім алуға қабілеттері жететін бүгінгі уақыт талабына сәйкес ғылым және білім жетістіктерін қолдана алатын креативті ойлау қабілеті дамыған интеллектуалдық даму сұранысы өмірге даярлау талабын қанағаттандыратын құзіретті тұлғаны қалыптастыру.

1.3Жұмыстың міндеттері:
Жаңа мемлекеттік білім стандартына сай білім мазмұнын құру;
мектепке құзіретті, жүйелі іс-әрекетке сай жаңа білім ортасын құру;

Оқушылардың жаңа білім көрсеткіштерін әлеуметтендіру және құзыреттілігін ашуға жағдай жасау мақсатында қосымша білім беру мен тәрбие жүйесін жандандыру;
білім беружүйесін мұғалімдерінің жан-жақты даму жүйесін қалыптастыру арқылы құзіретті оқушыны дамытып, моделін жасау.
Жаңа заманның мемлекеттік білім стандартына сәйкес білім сапасын бағалаудың жаңа жүйесін құру;

1.4 Зерттеудің болжамы.

Егер, Қазіргі таңда басқару құрылымының ғылыми негізінде қайта құру, жоспарлау мен бақылауда бұқаралық пен ізгілікті күшейту, өкілеттік және билікті бөліп беру арқылы басқаруда бұқараландыру, басты назарда педагогикалық мәдениетті, іздену белсенділігі мен дербестігі жоғары шығармашыл тұлға қалыптастыру мақсаты қойылса, мектепті басқаруда басшыларға және мұғалімдерге басқару әдебін, педагогикалық менеджмент қағидаларын, қарым-қатынас өнерінің психологиялық негіздерін жетілдіріп, оң шешеім қабылдауға, қызметті ішкі мотивация негізінде ұйымдастыруға баулу мазмұнында жаңа сипаттар керек

1.5 Күтілетін нәтижелер:

Мектепті басқарудың құрылымының негізгі мақсатытын анықтай отырып мекептегі педкадрларды диагностикалау арқылы кәсіби шеберлігі мен шығармашылығын дамыту болып саналады. Тұлғалық қасетін талдау, кәсіби біліктілік пен шеберлігін жетідіру, инновацияларды меңгеруге үйрету сынды мазмұндық сипатқа ие болмақ. Мектепті басқару құрылымының ұстанымдары: ынтымақтастық, ізігілік, тұлғалық бағдар, даралау мен саралау, тиімділік пен нәтижелілік болып табылады. Басқару айқындалған мақсатқа жету үшін соған сәйкес міндеттерді және оларды орыдаудың тиімді жолын анықтап, жүзеге асыру қажет.


2. Мектептегі әдістемелік жұмысты үйлестіру. Мектепті басқарудың құрылымының негізгі мақсаты: мекептегі педкадрларды диагностикалау арқылы кәсіби шеберлігі мен шығармашылығын дамыту болып саналады. Тұлғалық қасетін талдау, кәсіби біліктілік пен шеберлігін жетідіру, инновацияларды меңгеруге үйрету сынды мазмұндық сипатқа ие болмақ. Мектепті басқару құрылымының ұстанымдары: ынтымақтастық, ізігілік, тұлғалық бағдар, даралау мен саралау, тиімділік пен нәтижелілік болып табылады. Басқару айқындалған мақсатқа жету үшін соған сәйкес міндеттерді және оларды орыдаудың тиімді жолын анықтап, жүзеге асыру қажет.

2.1 Басқару қызметінің бағыттары.

Қазіргі таңда басқару құрылымының ғылыми негізінде қайта құру, жоспарлау мен бақылауда бұқаралық пен ізгілікті күшейту, өкілеттік және билікті бөліп беру арқылы басқаруда бұқараландыру, басты назарда педагогикалық мәдениетті, іздену белсенділігі мен дербестігі жоғары шығармашыл тұлға қалыптастыру мақсаты қойылып отыр. Мектепті басқаруда басшыларға және мұғалімдерге басқару әдебін, педагогикалық менеджмент қағидаларын, қарым-қатынас өнерінің психологиялық негіздерін жетілдіріп, оң шешеім қабылдауға, қызметті ішкі мотивация негізінде ұйымдастыруға баулу мазмұнында жаңа сипаттар керек. Сөйтіп, мектепті басқару жүйесінде төмендегі құралдарды негізге ала отырып жұмыс жүргізу керек:педагогикалық менеджмент, озат тәжірибелер, маркетинг, рейтинг пен мониторинг, білім беру технологиялары.

Деңгейлі бағдарламаны басшылыққа ала отырып, педагогикалық басқарудың негізгі функцияларын таңдап алуға болады: жобалау-жоспарлау, ұйымдастыру-үйлестіру, бақылау - сараптама жасау.

Басқаруды ұйымдастыру басшы білігіне байланысты екенін ескере отырып, басқарудың барлық буынында менеджмент өнерін меңгеру, қазіргі педагогикалық инновацияның негізгі бағытынан хабардар болу қағидасын ұстану қажет. Жоспарлау барысында негізгі мақсаттар мен міндеттерді нақты белгілей отырып, мақсатқа жеткізетін тиімді әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдау, шешімді қызметкерлердің тапсырманы орындау мүмкіндіктерін ескеріп, қабылдау өте маңызды. Мектеп қызметін жаңаша ұйымдастыру, әр мектеп басшысының өз деңгейіндегі басқару рөлін арттыру, оқушылардың, мұғалімдердің және мектептің қызметін бағалау тәсілдерін басқаша, тиімді негізде қайта құру, үрдіс пен нәтижеге сай қызметкерлердің кәсіби мәдениетіне, қызмет әдебіне, рухани-әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу - мектепті басқару құрылымының негізгі қағидаларының бірі болып табылады.

2.2. Басқаруда ақпаратты сапалы қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда ерекше талаптың бірі - басқаруда ақпаратты сапалы қамтамасыз ету. Басқаруда ақпаратты сапалы қамтамасыз ету мектептің өмір сүруін қолдап қана қоймай, оның дамуын жүзеге асырады. Себебі жүзеге асырылып жатқан кез-келген құжаттың, үрдістің, шараның ақпараты қолда болмаған жағдайда білім мекемесі басшыларының мақсат пен міндеттерін дұрыс қоюы және оның табысты болуы екіталай. Мектеп басқаруды тиімді ұйымдастыру әдістемелік білім-білікпен бірге жеке басының сапалық қасиеттерін де қажет етеді.

3. Басқаруға қажетті қабілеттер.

Мектеп басқару қызметі жүйесінде тиімді ұйымдастырудың тағы бір шарты инновациялық педагогика бағыттарын ескеріп жұмыс жасау болмақ.Ол келесідегідей бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • этнопедагогика және әлемдік интеграция;

  • стандарттау мен технологияландыру;

  • стратегиялық ізденістер мен инновациялық зерттеулер;

  • менеджмент және көшбасшылық;

  • рейтинг және мониторинг.

Сөйтіп, мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру, мектепте оқытудың жаңа технологиясын енгізу, тұлғаның дамуына жағдай жасау және тек білімін арттырып қана қоймай, танымдық қасиеттерін, істеген еңбегінің нәтижесін көріп, саралау - мектеп басқаруда басшылыққа алатын негізгі қағидалардың бірі. Мектеп басшыларының педагогикалық ұжым жұмысына дұрыс және жанды басшылық жасау, оқушылардың білім деңгейін әлемдік стандартқа жеткізу үшін күрес болып табылады.

2.4. Мектепті басқару бағдарламасы мен компоненттері мен басқару құндылықтары.

Мектеп басшыларына мектепті басқару бағдарламасын құру аса маңызды процесс болып табылады. Мектептегі басқаруды жоспарластыру зерттейтін құбылысқа жасалған педагогикалық талдаудың негізінде іске асатын мақсатты бағдарлама деп білеміз. Бұл жерде жоспар түрінде қабылданған шешім ұзақ перспективаға арналуы, шұғыл, адамдағы істерді шешуге бағытталуы мүмкін. Осыған байланысты мектеп жұмысының жоспарын перспективалық, жылдық, ағымдағы деп бөліп қарастырамыз.

Басқару мәдениетінің негізгі компоненттері ретінде білім саласында еңбек ететін адамдардың басқару мәдениеті, олардың кәсіптік-педагогикалық мәдениетінің құрамды бөлігі болып табылады. Дәстүрлі ұғымда кәсіптік-педагогикалық мәдениет негізінен педагогикалық қызметтің нормалары, ережелері, педагогикалық техника және шеберлікпен байланыстырылады. Ал, соңғы жылдардағы психологиялық-педагогикалық зерттеулер педагогикалық мәдениет категорияларына педагогикалық құндылықтар, педагогикалық технология және педагогикалық шығармашылықты да қосатын болды.

Мектепті басқару мәдениеті, оның тұлға ретінде мектеп басқарудың технологиясы мен құндылықтарын жасау, игеру және оны алға жылжытуға бағытталған жұмыстарда өзінің шығармашылық күш-қуатын танытуы. Бұндай жағдайда басқару мәдениетінің компоненттері - аксиологиялық, технологиялық және тұлғалық-шығармашылық болып табылады.

Қазіргі кезде басқару тиімділігін артыруда білім, идея, концепция сияқты басқаруға қатысты педагогикалық құндылықтар үлкен маңызға ие болуда.

Педагогикалық жүйені басқарудың құндылықтары сан алуан. Олар: әртүрлі деңгейдегі тұтас педагогикалық процесті басқарудың мәні мен маңызын ашатын құндылық-мақсаттар; білім жүйесін басқару мақсаты, мектепті басқару мақсаты, педагогикалық ұжымды, оқушылар ұжымын басқару мақсаты, тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамытуын басқару мақсаты және бағалау құндылық-мағлұматтарға басқару қызметіне реттеушілік сипат береді; құндылық-білімдер басқару саласындағы мектептің білімінің мәні мен маңызын ашады; басқарудың әдістемелік негізін, мектепішілік менеджментті білу, ауыл және қала мектептері мұғалімдерімен жұмыстың ерекшеліктерін білу, педагогикалық процестерді басқару тиімділігін критерийлерін және т.б.

Құндылық-қатынастар педагогикалық процеске қатысушылар арасында өзара байланыстың, кәсіптік қызметке, өзіне деген қатынастың, педагогикалық және оқушылар ұжымындағы тұлғааралық қатынастардың мәнін ашады.

Құндылық-сапалар басқарудың субъективтігі ретінде басқарушы-менеджердің дербестік, тұлғалық, арасушылық қасиеттерінің көптүрлігінің мәнін ашады. Ол сапалар өз қызметін болжамдап, оның салдарын алдын-ала көре білу қабілеті, өз әрекеті мен мақсатын өзгелердің әрекетімен, мақсатымен салыстыра білу қабілеті, ынтымақтасу және бірлесе басқару қабілетінен және т.б. көрінеді. Мектеп басшысының басқару қызметі өзінің табиғатында шығармашылық болып табылады. Басқарудың құндылықтары мен технологиясын меңгере отырып басшы-менеджер тұлғалық ерекшеліктері мен басқару объектісінің ерекшеліктеріне сай, ол құндылық-тарды өзінше қайта құрып, талдап түсіндіруге ұмтылады. Осылайша, педагогикалық жүйені басқару тұлғалық қабілеттерді іске асыратын және жұмсайтын сала болып табылады. Басқару қызметінде директордың орынбасары тұлға, басшы, ұйымдастырушы және тәрбиеші ретінде өзін-өзі танытады.

3. Сапалы білім беру. Жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы, жалпы болмысы ең алдымен мұғалімге байланысты. Өмір ағымына қарай білім беру жүйесінің моделі күрделі өзгерістерге ұшырады.
ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, қалыптасуына әсерін тигізеді, әрі өзін - өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазіргі заман мұғалімі жаңа технологияны меңгеріп, қолданыста кең пайдалана білуі керек. Білім беру деңгейі экономикалық және ғылыми-техникалық прогрестің ең негізгі көрсеткіші екені белгілі. Ол - мемлекет пен қоғамның табысты дамуының кепілі. Білім берудегі артта қалушылық мемлекеттің бәсекелестік қабілеті мен ұлттың болашағына ықпалын тигізеді. Сондықтан білім берудің дамуы - үлкен ұлттық мәні бар міндет.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізге "қазіргі заманғы экономикалық және қоғамдық модернизацияның сұраныстарына сай келетін білім беру жүйесі қажет" екенін атап көрсеткен болатын.
Біздің мемлекеттің жақын 10 жылдағы стратегиялық міндеті - елімізді мейлінше бәсекелестікке бейім 50 елдің қатарына қосу. Бәсекелестікке бейім 50 елдің қатарына енуді жаһандық бәсекелестікке бейімділік индексінің негізінде бүкіл экономикалық форумның (ИТК) рейтингі бойынша анықтайды. Индекстің 10 көрсеткішінің екі көрсеткіші елдегі білім берудің дамуы мен сапасына қатысты.


Педагогикалық мағынада - білім беру өзін-өзі оқытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі дамытуға, адамгершілік, рухани азаматтық талғам жасауға және осы талғам үшін жауапкершілікке, қазіргі әлем ұлттық ұқсастығын және жаһандық проблемаларын мойындауға, өз кәсібін және өзінің тиісті қызметін өзі анықтауға үйрету. Өйткені, мұның бәрі өзгермелі өмірде өзінің орнын табуға және елдің өркендеуі мақсатында болатыны сөзсіз.
Әлеуметтік тұрғыдан - бұл әлеуметтік ең мәнді игіліктердің бірі, ұлттық адам капиталын өсірудің іргетасы және негізгі құралы.
Әлеуметтік-саяси мағынада - бұл азаматтық құндылықтар мен азаматтық сананы, азаматтық және демократиялық қоғамды жасау мен қалыптастырудың бірден-бір құралы.
Әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан - бұл елдің экономикалық өсуінің, оның байлығы мен бәсекелестік қабілетінің қайнар бұлағы және негізгі ресурсы.
Өркениеттік мағынада - мәдениеттер мен өркениеттер жалғастығының негізі, бүгінде қоғамның жаңа қалыпқа - "білім қоғамына" және оған сәйкес "білім экономикасына" өтуді қамтамасыз ететін алтын көпір.
Осы себепті бүкіл әлемдік өркениетте экономикалық прогресс пен әлеуметтік-саяси тұрақтылыққа ұмтылатын мемлекет пен қоғам білімнің дамуына мүдделі болып қана қоймай, онда өздерінің тұрақты қатысуына мүдделі. Бұл елдердегі білім саясаты әлеуметтік саясаттың тек ажырамайтын бөлігі болып қалмай, оның базалық негізін құрайды.
Білім саясатының негізгі мағынасы - ұлттық білім берудегі әлеуметтік идеология мен әлеуметтік басымдықтарды жасау және іске асыру.
Білім - адам сапаларының өзгеруін басқаратын үрдіс болғандықтан, ол педагогикалық мамандықтың кәсіби біліктілік қабілеттерін дамытуға бағытталады. Сондықтан «адамды» өмір сүру барысында өзгеруге әлеуеті жететін ашық жүйе деп қарастырғанымыз жөн. Ол белгілі бір саладағы маман болғандықтан, «адамды» - маман тұрғысынан қарау «біліктілік» ұғымына шығарады. Біліктілік - бұл білімді меңгерудегі, тәжірбиедегі білімділікті, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік. Бүгінгі күн мұғалімнің біліктілігін арттыруды жалпықоғамдық мәселе ретінде қарастыру қажеттігі туған кезең. Себебі білімді тереңдету, молайту, жетілдіру, арттыру жеке басы үшін ғана емес, қазіргі қоғамға қажет әрекет деп қабылдауымыз керек. Бұл мұғалімнің өз қызметінде табысқа жетуін ғана көздемейді, оның аясын одан әлдеқайда кеңірек қарастырған жөн.

Мұғалім - бүгінгі оқушы - ертеңгі қоғамның, елдің тірегін өмірге дайындаушы. Мұғалім мамандығының құндылығы да осында деп түсінгеніміз дұрыс.

Біліктілікті арттыру курстары арқылы мұғалімдерді оқытуда оқытушы жетекшілік, бағыт берушілік, ұйымдастырушылық, түзетушілік әрекеттерді атқаруы керек. Оқытушының осындай әрекетіне білім алушы мұғалімнің өзі де бойындағы бар білімін көрсете байланыс жасағанда ғана сапалы нәтижеге жетуге болады деп ойлаймыз. Мұғалімдердің өз білімдерін жүйелі көтеріп отырулары - олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ететін негізгі фактор. Еліміздің білім беру саясатындағы көкейтесті мәселелердің бірі де осы мұғалімдердің біліктіліктерін жүйелі арттыру болып табылады.

Мұғалімдердің біліктілігін арттыру мәселесін зерттеген ғалымдар бұл саланың даму тенденциясын жан-жақты көрсеткен. 21-ғасыр - ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Елбасымыздың "Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері" еңбегінде 2020 жылға қарай қалалық, сол секілді ауылдық жерлердегі барлық балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылады деп көрсетті.
Бүгінгі ғылым мен техниканың қарыштап даму заманында мектепте дәстүрлі оқыту технологиясының оқушылардың ғылым негіздерін мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрінуде. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісін жандандырудың қазіргі педтехнологияларын жетілдіріп, оны пән сабақтарын оқытуда тиімді қолдану арқылы білім сапасын жоғарлату үшін басты бағыт-бағдар берілуде.
Бүгінгі таңда мектептерде оқу-тәрбие үрдісінде түрлі инновациялық педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір пән сабақтарында қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді ұтымды меңгертуде оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының әрекеті-технологияны қабылдауы, оған деген ынтасы, құштарлығына мұғалім тарпынан көңіл бөлінуі тиіс. Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру - бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі екендігі даусыз. Педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру, қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану, педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.
Әлемдік өркениетке қадам басқан Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдени дамудағы жаңа бастамалар мен түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесіне өз әсерін тигізіп, білім деңгейін, оқыту әдіснамасын жетілдіруде тың ізденістер жасауға мүмкіншілік туғызып отырғандықтан алдыма мынадай мақсаттар қойдық.

- жаңа технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;
- жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу арқылы бiлiм беру мазмұнын жаңарту;
- жаңа технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмiн құру;
- бiздiң елiмiздегi жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;
- мультимедиялық электрондық оқулықтарды пайдалану.
- отандық бiлiм беру жүйелерiн бiртұтас әлемдiк ақпараттық бiлiмдiк кеңiстiкке ену арқылы сабақтастыру және т.б.
Қазір «Ғасырдың мектебі мен мұғалімі қандай болу керек?» деген негізгі сұраққа жауап ізделуде. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазір заман да, қоғам да өзгерген. Бүгінгі балалардың мақсаттары да, құндылықтары да, идеялары да бұрынғыдан мүлде басқаша. Өйткені олар - өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя білетін адамдар.
Олай болса, бұл қоғам кез келген педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік - құқықтық, психологиялық - педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан - жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етіп отыр.
ХХІ ғасыр - техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бүкіл мектеп компьютермен қамтамасыз етілді.
Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютердің қуаттануымен жүргізуді үйрену - бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Біздің №1 орта мектептің жаратылыстану және математика пәндерін оқыту құралы ретінде компьютерді қолдану - оқу үрдісін белсенділігін, оқытуды жекешелендіруге, оқушының өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызып отыр.

Қорытынды:Қазіргі заман жағдайына білікті арттыру жүйесін ақпараттандыру педагогикалық кадрларды дайындаудағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Білім беру ісінде ілгерілей дамудың қоғам өсіп өркендеуінде ғана емес, әр адам үшін де шешуші мәні бар. Табысқа жеткісі келген, уақыт сұранысына сай боғысы келген адам өмір сүріп отырған қоғам талабына жауап беретіндей білім алуы қажет. Осы заманғы қоғам дегеніміз қарқынды дамып отыратын орта, онда әлемдегі игілікті істерге елгезек, ізгілікке жаны құштар, шынайы өмірдің әрін кіргізуге қашада әзір тұратын тұлғаның алар орны айрықша. Қазіргі заман мектептері осындай адамдарды тәрбиелеп шығаруы тиіс. Сондықтан, кез келген педагогикалық процесті басқару мақсат қою мен жоспарлаудан тұрады. Педагогикалық жүйенің үнемі қозғалыста, үнемі даму үстінде болуы оқу-тәрбие жұмысында мақсат қою мен жоспарлауды жетілдіріп отыруды қажет етеді. Әрине, мұғалімдердің бойында белгілі бір қасиеттің қалыптасуын дәл белгілеу, жоспарлау мүмкін емес. Ал жоспарлау жеке тұлғаның барынша және жан жақты дамуына қолайлы объективті жағдай туғызуы тиіс.Сондықтан педагогтардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер қоғамның алдындағы жалпы міндеттер мен мақсаттардың көрінісі болып табылады. Мақсат жоспардың өзегі болғандықтан ол педагогтің де, оқушының да әрекеттін қамтуы керек. Басқару қызметінің мақсаты - жұмыс түрлері мен тәсілдерін, оның жалпы бағыттарын айқындайтын басты орта. Мектепте басқарудың жолдарын жан-жақты қарастыра отырып, өзімнің қызметімде мұғалімдерді ұйымдастырудың түрлі жодарын үздіксіз жетілдіріп отырамын. Әдістемелік кеңестер мен педагогикалық кеңестер отырыстарын түрлі тәсілдермен жүргізіп, мұғалімдерді шыңдауға бағыттауға тырысамын. Мұғалімдер арасында танымдық шаралар, шығармашылық топтар мен әдістемелік бірлестіктер сайысын өткізіп, олардың креативті ойлауын қамтамасыз етуге жетелеймін. Отырыстарда «Миға шабуыл» сұрақтарын, «Х» кестесін шешу, «Мақсатқа жету пирамидасын» құру, «Салыстыру мен шешімін іздеу» сызбасын құрастыру тәрзді сан алуан шығармашылық тапсырмалар жүйесін жүргізіп отыру, мұғалімдерді кәсіби ісіне деген қызығушылыққа, белсенділікке баулиды. Топтар бойынша жұмытар жүйесін құрастыру, бірлесіп шешім қабылдау әр отырыстарда, кеңестерде өз жалғастығын табуда.




© 2010-2022